Акт анықтамасы. Акт мәні және оның мақсаттары


Ауыл шаруашылығындағы және азық-түліктік қауіпсіздіктегі АКТ



бет4/5
Дата01.02.2024
өлшемі28.69 Kb.
#490452
1   2   3   4   5
Лекция 1 (каз)

Ауыл шаруашылығындағы және азық-түліктік қауіпсіздіктегі АКТ
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) ауыл шаруашылығының өндірісін жақсарту мақсатында уақытылы және нақты ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетуі мүмкін. Ақпаратқа қолжетімділік, белгілі болғандай, біртекті емес болып табылатын, негізінен туысқандық қатынастарда негізделген еңбекпен, жоғары әртараптандырылған өнімдерді өндірумен байланысты, сондай-ақ өндірістік ресурстарға қолжетімділікке қатысты шектеулері бар отбасылық фермалардағы ауыл шаруашылығының өндірісі үшін шешуші мән-мағынаға ие.
АКТ, әсіресе, мобильді қосымшалар, кембағалдардың осы ресурстарға қолжетімділігін жеңілдетуде шешуші рөлді атқарады. «Цифрлық қаржылық қызметтер» революциясы фермерлер отбасылары үшін зор мән-мағынаға ие. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында АКТ пайдалану мысалы зияткерлік суару жүйелері, агрономиялық карталармен жұмыс жасауға арналған мамандандырылған бағдарламалар, ауыл шаруашылығында жабдықтарды мониторингілеуге арналған бағдарламалық жасақтама болып табылады.
https://www.youtube.com/watch?v=suMI7ntPpBk


АКТ саласындағы стандарттар
Қазақстан Республикасында ақпараттық технологиялар саласында көптеген мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар бар.
АКТ индустриясы қоғамның одан әрі дамуы үшін зор жауапкершілікті тартады. АКТ инновациялық дамуын тиімді мемлекеттік реттеу Қазақстанның ұлттық экономикасының тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін негіз болып табылады. Ақпараттық технологиялар саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық актілер мыналарды қамтиды:
1) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Бизнес-кодексі.
2) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.
Қазақстан Республикасының заңдары мыналарды қамтиды:
1) 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы».
2) 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы».
3) 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Теледидар мен радиохабарлары туралы».
4) 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы».
5) 2000 жылғы 7 маусымдағы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы».
6) 1998 жылғы 9 шiлдедегі «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы».
Қазақстан Республикасының ақпараттық коммуникациялары саласында екі техникалық стандарттау комитеті әрекет етеді:
1) ТК 34 «Қазақстан ИТ-компанилар қауымдастығы» ЗТБ базасындағы «Ақпараттық технологиялар.
2) ТК 63 «Қазақстан Ұлттық телекоммуникация қауымдастығы» ЗТБ базасындағы «Ақпараттық коммуникация жүйелері, құралдары және қызметтері».
Стандарттау бойынша техникалық комитеттер ұлттық, алдын ала ұлттық, халықаралық, өңірлік, мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуде, сонымен қатар ұлттық стандарттау бағдарламасын құруда қатысады. Сонымен қатар Қазақстанда SmartCity саласындағы ұлттық стандарттар бекітілген. Сондай-ақ ISO стандарттары, оның ішінде ISO/IEC 27031: 2011 «Ақпараттық технологиялар. Қорғанысты қамтамасыз ету әдістері. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бизнесті жүргізуге даярлығы бойынша жетекші нұсқаулар» қолжетімді, онда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) әрекет ету тұрақтылығының артуына (ӘТА) даярлығының тұжырымдамалары мен қағидаттары сипатталады, сондай-ақ ӘТА қамтамасыз ету мақсатында кез келген ұйым үшін АКТ даярлығын қалыптастыру әдістері мен процестерінің жүйесі ұсынылады.
https://www.nitec.kz/pages/gosudarstvennyie-standartyi-respubliki-kazahstan--v-oblasti-informatsionnyih-tehnologiy




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет