Қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Ережесі Жалпы ереже


Қасбеттердi, ғимарат пен құрылыстарды күтiп ұстау



бет2/3
Дата01.07.2016
өлшемі4.64 Mb.
#170551
1   2   3

7. Қасбеттердi, ғимарат пен құрылыстарды күтiп ұстау
72. Қаптаманың, сылақтың, фактуралық және боямалы қабаттардың бүлiнуi, сылақтағы сызаттар, қаптама, кiрпiш және шағын блок төсеменiң жiктерiнен ерiтiндiнiң боялуы, тұтас жинамалы ғимараттардың жiктерiндегi герметикалық сылақтың бүлiнуi, қабырғалардың шығыңқы бөлiктерiндегi металл жабынның бүлiнуi немесе тозуы, су ағар құбырлардың бүлiнуi, дымқыл және тот басқан орындар, су аққан және тұздалған жерлер, жазықтықтың жалпы ластануы, парапеттердiң бүлiнуi және осыған ұқсас басқа да бүлiнулер анықталуына байланысты, одан әрi дамуына жол берiлмей, ғимарат, құрылыс иелерi және (немесе) пайдаланушыларымен жойылуы қажет.

73. Егер заңды немесе жеке тұлғалардың меншiгiнде, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқаруында, басқа да пайдалануда тұрғын емес немесе тұрғын ғимараттарда жеке үй-жайлар болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың пайдалану ауданына қарай аталған ғимараттардың қасбеттерiн жөндеуге үлестiк қатысады.

74. Ғимараттардың қасбеттерiн және олардың жекелеген элементтерiн қалпына келтiру, жөндеу және қайта жасау жұмыстары белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiлуi қажет. Қасбеттерде орнатылған ақпараттық кестелер, ескерткiш тақтайшалар таза және дұрыс жағдайда болуы қажет.

75. Кiреберiстер, жертөле қабатын, сөрелер, маңдайшалар, сыртқы жарнама орналастыру құралдары ғимараттың және (немесе) құрылыстың иелерi және (немесе) пайдаланушыларымен таза және дұрыс жағдайда ұсталуы қажет.

76. Жол берiлмейдi:

1) балкондар мен лоджияларды өздiгiнен қайта жабдықтауға, терезелер мен балкондардың сыртқы жағына гүлге арналған жәшiктердi орнатуға;

2) белгiленген тәртiпте берiлген рұқсатсыз ғимараттардың қасбеттерiн, олардың құрылымдық элементтерiн өздiгiнен қайта жабдықтауға;

3) балкондарды қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге кедергi келтiретiн үй тұрмысына қатысты заттармен (жиһаз, бос сыйымдылықтар) толтыруға;

4) алдын ала сәулеттiк бөлiктердi қалпына келтiрмей ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерiне сырлау жұмыстарын жүргiзуге;

5) табиғи немесе жасанды тастармен қапталған қасбеттердi сырлауға.

77. Қабырғаға бекiтiлген барлық болат элементтердi жүйелi түрде бояп, тот басудан сақтау қажет. Барлық құбырлардың қабырғалар мен фундамент арқылы өтетiн орындарында ашық орындардың болуына жол берiлмейдi. Коммуникациялар арқылы өтетiн көпiршелер, ғимарат және (немесе) құрылыс иелерi және (немесе) пайдаланушыларымен дұрыс және таза күйде болуы қажет.

78. Меншiгiнде ғимараттар мен құрылыстар бар кәсiпорындардың және ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен құрылыстардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары көрсетiлген объектiлердiң қасбеттерiн күтiп ұстауға, аталған нысандарға және олардың жекелеген элементтерiне (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтiру, жөндеу және сырлау жұмыстарын уақытында жүргiзудi, сонымен қатар қасбеттерде орнатылған ақпараттық, ескерткiш тақтайшалардың тазалығын және дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етуге тиiстi.

79. Дүкендер мен офистердiң, көшелер жағына шығатын сөрелерi жарықпен безендiрiлуi тиiс.

80. Ғимараттар мен құрылыстардың түстiк шешiмi, сондай-ақ олардың қасбеттерi құрылысты есепке ала отырып, бiрыңғай түстiк реңкте орындалуы қажет.



8. Тұрғын мақсаттағы аумақты абаттандыру
81. Тұрғын ғимаратқа жанасатын аумақ абаттандырылуы, көгалдандырылуы, жарықтандырылуы, қоршалуы және аймақтандырылуы қажет, кiреберiс жолдары және жаяу жолдардың қатты жабыны болуы қажет.

82. Объектiлердiң құрылыстан және жолдардан бос аумағы абаттандырылуы және көгалдандырылуы қажет.

83. Ортақ пайдаланудағы көгалдандырылған аумақтар абаттандырылуы және шағын сәулет түрлерiмен: субұрқақтар және қауыздар, сатылар, пандустар, тiрек қабырғаларымен, шатырлармен, шамдармен жабдықталуы қажет. Шамдардың саны аумақты жарықтандыру нормалары бойынша анықталуы қажет.

84. Тұрғын кварталдар, ықшам аудандар аумақтарында, сондай-ақ үй маңындағы аумақта келесi тәртiп сақтау қажет:

1) көпiрше, тротуарлар, жаяужол, квартал iшiндегі өтпе жолдар мен жолдарды дұрыс қалпында ұстау;

2) аулаларда түрлi шаруашылық және қосалқы құрылыстарды (гараждар, сарайлар, қоймалар) өздiгiнен салуға және коммуникацияларды (антенналар, электр, телефон кабелдерiн) өздiгiнен орнатуға жол бермеу;

3) үй маңындағы аумақтарға құрылыс материалдарын үюге жол бермеу;

4) баланстағы (шаруашылық жүргiзудегi немесе жедел және (немесе) басқа басқарудағы) инженерлiк желiлердi дұрыс жағдайда ұстау, құдықтарды уақтылы қарау және тазалау;

5) шағын сәулет түрлерiн, спортқа, ойынға, балаларға арналған алаңшаларының және шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен шарбақтарды дұрыс жағдайда ұстау, олардың сыртқы түрiн таза ұстау.

6) жедел жәрдем және өрт сөндіру автокөліктерінің жүруіне ішкі ауладағы жолдарды дұрыс жағдайда ашық ұстау.


9. Кент және елді мекендер аумағын жарықтандыру
85. Аумақтарды жарықтандыру пайдаланушы ұйымдармен ұсталып, сыртқы жарықтандыру қондырғыларымен (бұдан әрi - СЖҚ) қамтамасыз етiледi, оларға мыналар:

1) электрмен жабдықтау құрылғылары, таратушы желiлер;

2) электр желiлерiн қорғау және жерлендiру құрылғысы;

3) басқару құрылғылары;

4) кронштейндер, тростық аспа тiректерi жатады.

86. СЖҚ күтiп ұстау және қызмет көрсету келесi шараларды қамтиды:

1) шамдарды тазалау, жарық түсiру деңгейiн өлшеу, шамдарды ауыстыру және шамдардағы iстен шыққан шашыратқыштарды ауыстыруды қоса есептегенде, ондағы сандық және сапалық көрсеткiштер берiлген параметрге сәйкес келуiмен СЖҚ техникалық дұрыс жағдайда ұстау;

2) СЖҚ жұмысының регламенттелген тәртiбiн қамтамасыз ету, кесте бойынша уақтылы қосу және сөндiрудi бақылау, жанбайтын шамдарды, ақауларды анықтау, оларды жедел жою.

87. Металл тiректер, кронштейндер және СЖҚ элементтерi жабу жағдайына қарай боялады.

88. Жарықтандыру тiректерiнде, инженерлiк желiлерде олардың иелерiмен және (немесе) пайдаланушыларымен келiсiмсiз жарнамалық қалқандар орнатуға жол берiлмейдi.

89. Кесте бойынша көшелердiң, жолдардың, алаңдардың жаяужол бөлiктерiнiң, жағалаулардың және жарықтандырылатын объектiлердiң сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемiнiң азаюы кезiнде кешкi ымырт кезiнде 20 люкске дейiн, ал сөнуi - таңертең 10 люкске дейiн берiледi.

90. Көшелердегi жанбайтын шамдар 10 пайыз аспауы қажет, алайда iстен шыққан шамдардың бiрiнен кейiн бiрi қатар орналасуына жол берiлмейдi.

91. Металл бағаналар, кронштейндер мен сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желiлерiнiң элементтерi таза, тот баспай ұсталып, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиiстi қызметтер оны анықтағаннан кейiн 24 сағаттың iшiнде ауыстыруы тиiс.

92. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы шамдар - доқалы сынапты шам (әрі қарай - ДСШ), металлдық сынаптық йодидтары бар доқалы шам (әрі қарай - МСЙДШ), доқалы натрийлi (әрі қарай - ДНАТ), люминесценттi шамдарды сақтайтын арнайы орындарда сақталып, одан әрi қайта өңделуi үшiн арнайы кәсiпорындарға жеткiзiлуi қажет. Аталған шамдар түрлерiн қалалық полигон аумағына шығаруға жол берiлмейдi.

93. Жарық және электрлi көлiктердiң байланыс желiлерiнiң құлаған бағаналарын негiзгi магистральдарда кешiктiрiлмей бағана иесi және (немесе) пайдаланушы шығарады, басқа аумақтарда, сондай-ақ бұзылған бағаналар – 12 сағат iшiнде шығарылады.
10. Ортақ пайдаланудағы, демалу мақсатындағы аумақты абаттандыру
94. Саябақтар, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, соның iшiнде оларда орналасқан тротуарлар, жаяужол аймақтары, сатылық құрылымдарды қамтитын ортақ пайдалану аумақтарын тазалауды осы объектiлер қызмет көрсетуде және пайдалануда тұрған ұйымдар мен бекiтiлген аумақ субъектiлерi жүзеге асырады.

95. Ландшафт демалу аумақтарының шегiндегi алаңшалардың, жол-соқпақ жүйелерiнiң жабыны тақташалардан, ұсақ тастан және басқа да берiк минералды материалдардан, сирек жағдайларда асфальт жабынын қолдануға жол бере отырып, қолданылуы қажет.

96. Тоғандар мен басқа да су қоймаларының жағажай жолақтары абаттандырылуы қажет. Су қоймаларының сыртқы сулармен ластануына жол бермейтiн шараларды қарастыру қажет.

97. Алаңдарда, саябақтарда, скверлерде, демалыс аймақтарында, халық көп баратын жерлерде, көшелерде, тұрғын үйлердiң әрбiр кiреберiсiнiң алдында, әкiмшiлiк, қызметтiк ғимараттар, сауда объектiлерiне кiреберiсте, қоғамдық көлiк күту аялдамаларында қоқыс салатын жәшiктер орналасуы қажет.

98. Қоқыс салатын жәшiктер олардың толуына қарай, бiрақ күнiне бiр реттен аз емес мөлшерде тазартылады. Қоқыс салатын жәшiктер олардың ластануына қарай, бiрақ аптасына бiр реттен аз емес мөлшерде жуылады. Қоғамдық көлiк күту аялдамаларында орналасқан қоқыс салатын жәшiктердi аялдаманы тазалауды жүзеге асыратын ұйымдар жуып, тазалайды, ал басқа объектiлердiң маңында орналасқан қоқыс салатын жәшiктердi көрсетiлген объектiлердiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары жуып, тазалайды.

Қоқыс салатын жәшiктердi бояуды иелерi және (немесе) пайдаланушылары жылына бiр рет (сәуiр), сондай-ақ қажеттiлiгiне қарай немесе сәйкес қызметтердiң ұйғарымы бойынша жүзеге асырады.

99. Көшелер, алаңдар, жағажайлар, саябақтар, гүлзарлар мен аулаларды ластауға жол берiлмейдi.

100. Жағажайлар жабылғаннан кейiн жағажайды, киiм ауыстыратын орындарды, дәретханалар мен жасыл жолақты негiзгi тазалау және бос сыйымдылықтарды жуу мен дәретханаларды зарарсыздандыру жұмыстары жүргiзiледi. Күндiз ағымдағы тазалау жүргiзiледi. Жиналған қалдықтар таңертеңгi 8 сағатқа дейiн шығарылуы қажет.

101. Қоқыс салатын жәшiктер жағажай ауданының 1600 шаршы метрiне (бұдан әрi – м2) бiр қоқыс салатын жәшiктен кем емес жәшiк есебiн негiзге ала отырып орналастырылуы және жасыл көшеттер жолағынан 3-5 метр қашықтықта және жағажайдан кем дегенде 10 метр қашықтықта орналастыру қажет, олардың ара қашықтығы 40 метрден аспауы тиiс.

102. Сыйымдылығы 0,75 текше метр (бұдан әрi – м3) жағажай ауданының 3500 - 4000 м2 аумағына бiр контейнер есебiнен орналасуы қажет.

103. Жағажайлардың аумақтарында бiр орынға 75 адам есебiнен қоғамдық дәретханалар орнатылуы қажет, суға шомылатын жерлерге дейiнгi ара қашықтығы кем дегенде 50 метр және 200 метрден артық болмауы керек.

104. Жағажай аумағында ауыз су жеткiзiлген субұрқақтар орналасуы қажет. Су бұрқақтардың ара қашықтығы 200 метрден аспау қажет. Субұрқақтардың ағыны жағажайдың жасыл көшеттерiн суаруға қолданылуы мүмкiн, оларды ағын су қоймаларына жағажай шекарасы бойынша өзен ағысынан 100 метр төмен қашықтықта бұруға болады. Ауыз су iшетiн субұрқақтардан суды осы мақсаттарға белгiленбеген орындарға бұруға жол берiлмейдi.

105. Ауыз су iшетiн субұрқақтар үлгiлiк немесе арнайы әзiрленген жоба бойынша дайындалған болуы мүмкiн, олар демалу аймақтарында орналастырылады, сонымен бiрге спорттық алаңшаларда орналастыру ұсынылады. Ауыз су iшетiн субұрқақ орналасқан орын және оған кiреберiс жер жабынның қатты түрiмен жабдықталуы қажет, биiктiгi ересек адамдар үшiн 90 сантиметрден аспауы, балалар үшiн 70 сантиметрден аспауы қажет. Ауыз су iшетiн субұрқақтардың кем дегенде бiреуi демалыс аймақтарында мүгедектер үшiн қол жетiмдi болуы қажет.

106. Ашық және жабық түрдегi киiм ауыстыратын орындар, гардеробтар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берiлген зарарсыздандыратын ертiндiлердi қолдана отырып, күн сайын жуылуы керек.

107. Жағажайға жыл сайын таза құм немесе шағылтас төгiлуi қажет.

108. Құмды жағажайларда аптасына кем дегенде бiр рет жиналған қалдықтарды жойып, құмның беткi қабатын механикалық қопсыту қажет. Қопсытылғаннан кейiн құм тегiстелуi қажет.

109. Адамдардың суға түсуiне арналған орындарда кiр жууға және жануарларды жуындыруға жол берiлмейдi.

110. Саябақтардың қоқыс жинағыштарды орнату үшiн арналған учаскелерi бар шаруашылық аймағы демалушылардың көп жиналатын орындардан (билеу алаңдары, эстрада, субұрқақтар, басты аллеялар, ойын-сауық павильондары) 50 метрден кем емес ара қашықтықта орналасуы қажет.

111. Қоқыс салатын жәшiктердiң санын саябақтың 800 м2 ауданына бiр жәшiк есебiнен анықтау қажет. Басты аллеяларда қоқыс салатын жәшiктердiң арақашықтығы 40 метрден аспауы қажет. Әрбiр дүкеншенiң, дүңгiршектiң алдында қоқыс салатын жәшiк орнату қажет.

112. Демалушылар көп жиналатын орындардан алыс орналасқан жерлерде қалдықтарды жинау ыңғайлылығы үшiн қалдықтар мен қоқысты уақытша сақтауға арналған аралық жинағыштар орнатылуы керек.

113. Шаруашылық алаңшалары үшiн контейнерлер саны 3 күндiк қалдықтардың орташа жиынтығы есебiнен анықталуы қажет.

114. Қоғамдық дәретханалар демалушылар көп жиналатын орындардан 50 метр қашықтықта, 500 адамға бiр орын есебiнен орнатылуы тиiс. Қоғамдық дәретханалар орналасқан жерлер мен оларға кiру жолдары күндiз және кешкi уақытта көрiнетiн арнайы сiлтемелермен көрсетiлуi тиiс.

115. Қоғамдық дәретханалар қоғамдық ғимараттардың бiрiншi қабаттарында орналастырылуы мүмкiн. Қоғамдық дәретханаларды тұрғын ғимараттарда, балалар, емдеу-сауықтыру, профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердiң ғимараттарында орналастырылуға жол берiлмейдi.

116. Қоғамдық дәретханаларды елдi мекендердiң келесi жерлерiнде орналастыру қажет:

1) алаңдарда, жаяу жүргiншiлер қозғалысы көп көшелерде;

2) теміржол және автостанция станцияларының жанындағы алаңдарда;

3) кенттік скверлерде, бульварларда, жағажайларда, көрмелерде, стадиондарда, адамдардың жаппай демалыс орындарында;

4) сауда орталықтары, базарлар аумақтарында.

117. Негiзгi тазалауды саябақтар жабылғаннан кейiн таңертеңгiлiк 8 дейiн жүргiзу керек. Күндiз қалдықтар мен құлаған жапырақтарды жинап, ағымдағы жинауды жүргiзiп, жасыл көшеттер суарылу керек.

118. Елді мекен аумағындағы бұлақтар су сапасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының оң қорытындысына сәйкес қатты жабынды түрімен тәсіл мен аумақта бұлақ суын алуға арналған құралмен (науа, құбыр, су ағатын құралдың басқа түрi), су жинайтын тостаған, су бұру жүйесiмен жабдықталуы қажет. Маңызды күзетілетін табиғат кешенінің аумағында жоғарыда аталған қорытындысыз бұлақты жабдықтау үшін қоршаған ортаны қорғайтын өкілетті органның рұқсатнамасы талап етіледі.

119. Декоративтiк су қоймалары бедер қолданумен немесе тегiс жазықтықта көгалмен, тақташа жабынмен, гүлзарлармен, ағаш-бұта көшеттерiмен қоса орналастырылады. Су қоймасының түбiн тазалау үшiн ыңғайлы болатындай жазық жасау қажет. Түс және жарықпен ресiмдеу әдiстерiн қолдану ұсынылады.

11. Көркем және жарнамалық безендiру,

шағын сәулет түрлерi
120. Сыртқы жарнама құралдары мен ақпараттары таза күтіп ұсталуы және қалалар мен елді мекендердің эстетикалық бейнесін бұзбай белгіленген тәртіпте орналастырылуы қажет.

121. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде пайдаланылатын материалдар және рәсімделуі экологиялық және санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік нормаларына, аймақтың табиғи-климаттық жағдайына сәйкес заманауи сапа, қауіпсіздік және экология, адамгершілік және мораль талаптарына сай болуы қажет.



122. Сыртқы жарнаманың және ақпарттардың жеке тұрған тұрақты құралдарын орналастыру қала аумағының нақты сәулет-құрылыстық жағдайларымен анықталады. Әр көше бойынша жарнама құралдарының бірыңғай түрі, ақпараттық алаң көлемі белгіленеді. Бұл ретте тұстама тұрған құралдар арасының аралығы 100 метрден кем болмауы қажет.

Қала аумағында ақпараттық алаңы 3х6м және 5х15м көлемдегі билборд орналастыруға рұқсат беріледі, билборд құралдарының түрі және формасы типтәк нобайлық жобаға сәйкес клуі қажет (5 қосымша). Жеке тұрған асқын габаритті сыртқы жарнама және ақпараттың тұрақты құралдарын қаланың негізгі қала құрылыстық тораптарында оналастыру қажеттігі барысы Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы сәулет-қала құрылыстық кеңесінің отырысында әр мәселе бойынша хаттамалық шешімді жеке ресімдеумен қарастырылады.

123. Сәулет-қала құрылыстық жағдайы өзімен тиісті сәулет-кеңістік ортаны және аумақты және құрылысты уақыттың белгілі кезеңінде пайдалану жағдайларын қалыптастыратын нақты аумақтардың элементтерінің сапа жиынтығын (құрылыс салу, табиғи ландшафт, жер учаскелері, көше-жол желісі, инженерлік жағдай жасау және т.б.) қарастырады.

124. Сыртқы (көрнекі) жарнаманың объектілері, түрлері және құралдары және оларды орналастыруға қойылатын талаптар:

1) Әлеуметтік жарнама – бұл қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғауға, жұртшылық мәселелеріне (салауатты өмір салты, денсаулық сақтау бойынша шаралар, тұрғындардың қауіпсіздігі, әлеуметтік қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, мәдениет және өнерді дамыту, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт саласындағы мемлекеттік бағдарламалар немесе өзге де әлеуметтік сипаттағы оқиғалар (ісшаралар) жарнамасы) жеке және заңды тұлғалардың назарын аударуға бағытталған коммерциялық емес жарнаманың түрі.

2) Тұрақты сыртқы жарнама және ақпарат құралдары – бұл тұрақты орны бар (билбордтар, пилондар, стелалар, жарық диодты экрандар және өзге де жарнама объектілері) жарнамалық және ақпараттық хабарламаларды жеткізуші.

3) Сыртқы жарнаманың және ақпараттың асқын габаритті тұрақты құралдары – бұл ақпараттық алаңның 3 кв.м. көлемдегі жарнамалық және ақпараттық хабарламаларды жеткізуші.

4) Уақытша сыртқы жарнама және ақпарат құралдары (штендерлер, көрсеткіштер) – бұл орналастыру уақыты бойынша шектеу шарттарымен қала аумағындағы анықталған учаскелерде орналастырылған жарнамалық және ақпараттық хабарламаларды жеткізуші.

5) Көлемді - кеңістікті құрылымдар – ақпаратты орналастыру үшін құрылымның көлемімен қатар оның беті де пайдаланылатын жарнама объектісі.

6) Билборд – іргетастан, тіректен және ақпараттық алаңнан тұратын ақпаратты орналастыру үшін ішкі беті бар жеке тұрған құрылым.

7) Жарнама стеласы – декоротивтік қырлы қабырғалары бар жеке тұрған жарнама қондырғысы (әдетте қысаң және биік), жапсырма элементтері, шығыңқы жерлері болуы мүмкін.

8) Пилон – іргетас, тірек және ақпараттық алаңнан (жарық қорабы) тұратын, декоротивтік қырлы қабырғаларымен ішкі жарығы бар жеке тұрған жарнама қондырғысы.

9) Пилларс – ішкі жарығымен жарнамалық бейнелерімен екі немесе үш тумба (үш қырлы тумба, домалақ тумба) көрінісіндегі жеке тұрған құрылым.

10) Призматрон – бұл көрнекі беті үш қырлы айналмалы призмадан тұратын, бір уақытта үш жарнамалық бейнені орналастыруға мүмкіндік беретін жарнама жеткізуші. Призматрондар билбордтарға, ғимараттарға және өзге де тұрақты объектілерге орнатылады.

11) Скроллер (роллерлі дисплей) – бұл роллерлі механизмнің көмегімен бейнелер рет-ретімен ауысып отыратын ішкі жарығы бар динамикалық жарнама жеткізуші. Скроллерлер билбордтарға, ғимараттарға және өзге де тұрақты объектілерге орнатылады.

12) Лайтбокс – кестелік және мәтіндік жарнамалық ақпараты бар, жарық тіректерінде, бағандарда, ғимарат қабырғаларында, павильондарда және өзге де объектілерде орналасқан жарық қорабы. Орналасуына байланысты бір немесе екі жақты болулары мүмкін.

13) Шатырлық қондырғылар – ғимараттың деңгейінен жоғары немесе шатырда жартылай немесе толық орналастырылған көлемді немесе жазықтық, жарық құрылымдары. Шатырлық құрылымдар бекіту элементтерінен, қондырғының тірек құрылымынан және ақпараттық қондырғыдан тұрады. Шатырлық қондырғылар электр көзі желілерінен апатты өшіру желісімен жабдықталуы қажет.

14) Транспарант - тартпа - өз тірегімен өз тірегіне бекіту құрылғысынан, керу құрылғысы мен ақпараттық бейнелерден тұратын жеке тұрған құрылым.

Транспарант - тартпалар жарықты (соның ішінде гирляндтар) және жарықтандырылмаған қатты материалдардан және жұмсақ негізді материалдардан дайындалған болуы мүмкін.

15) Брандмауэр – бұл қабырғаға түсірілген бейне (ақпараттық алаң) ретінде ғимараттардың және тұрғын үйлердің бітеу қабырғаларына орналастырылған ақпараттық панно; бекіту элементтерінен және ақпараттық алаңнан тұратын құрылым.

16) Штендер – бір немесе екі жағында жарнамалық ақпарат орналастырылған сыртқы жарнаманың (көшірмелі қалқан) мобильді (тасымалы) құрылымы. Штендерлер өтпе аймақтарда жүргіншілер жолдарында мекеме, ұйым үй-жайларының кіреберісінен 5 метр арақашықтықта орналастырылады. Жүргіншілердің өтуіне бөгет жасайтын, өтпе жол екі метрден кем болғанда, сонымен қатар өтпе жол жақтан қабылдауға бағытталған штендерлерді орналастыруға тыйым салынады.

17) Ту құрылымдары мен қалқалар – бір немесе бірнеше тутұғыр (тірек) және жұмсақ ендік негізінде құралған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері мен құралдары.

18) Сөре мен терезелерді рәсімдеу – сөре, терезелердің мөлдір беттерін рәсімдеу; ғимарат пен имараттардың сөре және терезелерінің шыныланған аралықтарына орналастырылатын көлемді және жазықтықты объектілермен рәсімдеу;

Сөрелер мен терезелерді рәсімдеуге тауар өндірушілер, тауарлар мен қызметтерді жүзеге асыру пункттері, байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайлары бар ақпараттар енбейді.
19) Хабарландыру – бұл оқырманның, тыңдаушының назарын аудару мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, журнал, радио, телеарна, хабарландыру тақтасы) орналастырылған немесе жариялаған қандай да бір нәрсе туралы хабарлау, хабарлама.

125. Жеке тұрған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін монтаждау (демонтаж) кезінде қондырғының іргетасы жер деңгейі белгісінің деңгейінде немесе одан төмен орналастырылуы қажет. Монтаждан кейін (демонтаж) маңындағы аумақ абаттандырылуы қажет. Осы типті орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, сәулет және қала құрылысы органының келісімі бойынша декоративтік рәсімделуі қажет.

Жеке тұрған тұрақты объектілерде және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде меншік иесі және оның телефон номері көрсетілген маркалау болуы қажет. Таңбалау ақпараттық алаңның астына орналастырылуы қажет.

126. Бір немесе одан да көп жағында ақпараттық хабарламасы (жарнама) жоқ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін тұрақты орналастыруға және пайдалануға жол берілмейді. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріндегі түсі кеткен, жыртылған ақпараттық жеткізушілер, сонымен қатар тақырыбы ескірген, соның ішінде әлеуметтік сипаттағы ақпараттық жеткізушілер ауыстырылуы қажет. Көрсетілген іс-шаралар сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері иелерінің есебінен жүргізіледі.

127. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін құрайтын элементтер – іргетас, «тұғыры», тиісті эстетикалық түрде болуы қажет. Іргетас әктелген (боялған) болуы, бетондық негізі түсе бастағанда «қалпына келтірілуі» қажет. «Тұғыры» таза болуы, қағаз - жарнама жеткізушілерінен тазартылған және боялған болуы қажет.

128. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін күтіп ұстау, соның ішінде бес метрлі радиустағы іргелес аумақты жинауды сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің иелері жүргізуі қажет.

129. Жарнама қондырғыларын, жарнама объектілерін монтаждағаннан кейін (демонтаж) жарнама таратушы 5 күннен аспайтын мерзімде аумақты немесе орналастыру объектісін абаттандыру қажет.

130. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің құрылымдары және ақпараттар жарық көзімен тәуліктің қараңғы уақытында жарнамалық - ақпараттық алаңды жарықтандыруды қарастыруы қажет. Жарықтандыру бойынша техникалық қиындық келтіретін немесе бастапқыда сәулет жобасында қарастырылған сыртқы жарнама (көрнекі) құралдары және ақпараттар бұдан басқаны құрауы мүмкін.

131. Тұрақты объектілер және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері немесе олардың жекелеген бөлігі қозғалыс жолағынан 6 метр төмен орналастырылмайды. Инженерлік құрылыстардың үстінде орналасқан объектілер және сыртқы жарнама (көрнекі) құралдары бұдан басқаны құрайды.

132. Тұрақты объектілердің және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің немесе олардың жекелеген бөлігінің ернеу тасы жоқ жол жанынан, жол төсемінің жер жиегінен 2 метрден жақын орналасуына жол берілмейді.

133. Объектілер және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері жүргіншілердің өтуіне және көшелер мен жүргіншілер жолдарын механикаланған тазалауға кедергі келтірмеуі қажет.

134. Жеке тұрған құрылымдар әдетте екі жақты нұсқада орындалады. Бір жақты дайындалған жеке тұрған құрылғылардың екінші жағы декоративті рәсімделуі қажет. Бекіту және қатайту құрылымдық элементтері (бұрандамалы біріктіру, тірек элементтері, технологиялық бекітпе және т.б.) декоративтік элементтермен жабылуы қажет.

135. Қалқанды қондырғыларда құрылымның әр бөлігін біріктіруде көрініп тұратын элементтер (құрылымның шет жақ беті, жарықтандыру арматурасының бекітпесі, негізімен біріктіру) болмауы қажет.

136. Құрылымның шет жақ беті жабық болуы немесе декоративті рәсімделуі қажет.

137. Жарнама қондырғыларындағы бейнелерді (плакаттарды) көгалға автокөлікпен кіріп ауыстыруға жол берілмейді.

138. Маңдайшалар көлемді, аралық элементтер, қатты негіздегі қалқандар, ішкі және сыртқы жарықтандыруымен жарық қораптары (әріптер, эмблемалар, тауар белгілері, логотиптер) түрінде орындалады.



139. Қала ғимараттарында және тұрғын үйлерде орналастырылған жарнама объектілері сол объектілердің эстетикалық бейнесін бұзбай тәртіппен орналастырылуы қажет.

140. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің инженерлік – техникалық шешімі объект бекітілетін ғимараттар мен имараттардың элементтерінің тірек мүмкіндіктерін есепке алуы қажет және де олардың пайдалану сапасына зиян келтірмеу қажет.

141. Жарықты жарнамаларды және маңдайшаларды қолданатын кәсіпорындар оларды күн сайын қараңғы түсе қосуы қажет және жанып кеткен газ - жарықты түтік және электр шамдарын уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуі қажет.

142. Жарықты жарнама немесе маңдайшаның жекелеген белгілері жөндеуге келмеген жағдайда жарықты жарнама немесе маңдайшаны өшіріп тастау қажет.

143. Меншік иесінің не (немесе) баланс ұстаушының жазбаша келісімінсіз қандай да бір хабарландыруларды және ақпараттық хабарламаларды ағаштарға, жарық тіректеріне, қалалық жолаушылар көлігінің аялдамаларына, дуалдарға, ғимараттарға жапсыруға және орналастыруға жол берілмейді.

144. Екі бірліктен жоғары сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін (брандмауэрлер, баннерлер, тартпалар) тұрғын үйлерге орналастыруға жол берілмейді.

145. Жарықты жарнама қалалық кеңістікте автокөліктердің жүргізушілеріне және жүргіншілерге бағыт бойынша көмектесуі және жарық құрылымды міндеттерді шешуге қатысуы қажет. Орналасуы, габариттер, нысандары және элементтердің жарық түсті өлшемдері бойынша ақпарат есепті аралықтан анық көрінетін және нақты жарық ансамбліне үйлесімді енгізілген, қолданыстағы жол ережесіне қайшы келмейтін, тұрғындардың қалыптасқан тірлігін бұзбайтын болуы керек.

146. Бөлшек (көше) сауда (жазғы кафе, көрме, сауда алаңдарын қоршау) және құрылыс объектілерін қоршау, сонымен қатар өзге де уақытша және тұрақты қоршаулар сол объектінің шығармашылық рәсімделуін қамтамасыз етуі қажет.

147. Бөлу жолағы шекарасында орнатылатын сыртқы жарнама, өзге де ақпараттық белгілер және көрсеткіштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дайындалуы және орнатылуы қажет.

148. Тұрғын құрылыс аумақтары, қоғамдық аймақтар, гүлзарлар, көшелер, бақтар, демалыс алаңшалары шағын сәулет нысандарымен – күрке, көлеңкелі бастырма, гүлзарлар, сәкілер, қоқыс сауыттары, субұрқақтар, балалар ойынына, ересектердің демалысына арналған құрылғылар, газет стендтері, қоршаулар, телефон будкалары (бастырмалар), автокөлікті күту павильондарымен жабдықталады.

149. Қоршаулар мен дуалдардың құрылысына және орнатуға келесі талаптар сақталған жағдайда жол беріледі:

1) кірпіштен, бетоннан (екінші жағы көрінбейтін) дуал орнатуға тек өнеркәсіптік кәсіпорындарды, арнайы мекемелерді, тәртіптік объектілерді қоршау үшін рұқсат етіледі;

2) 2 метрге дейінгі биіктіктегі металл (декоративтік, екінші жағы көрінетін) дуал құрылысы немесе жасыл (тірі) қоршау көп пәтерлі тұрғын кешендерді, коттедж қалашықтарын және жеке тұрғын үйлерді қоршау үшін рұқсат етіледі;

3) Биіктігі 2 метрден асатын металл (екінші жағы көрінетін) дуал құрылысы оқу орындарын, балаларға арналған тәрбие және емдеу мекемелерін, базарларды, мамандандырылған мекемелерді қоршау үшін рұқсат етіледі;

4) 0,7 метрге дейінгі биіктіктегі жасыл (тірі) қоршауды коттедж қалашығындағы жеке тұрғын үйлерді, әкімшілік ғимараттарды, банк мекемелерін, сауық және демалыс орталықтарын және өзге де объектілерді (бөлінген аумақ шекарасының шегінде) қоршау үшін орнатуға жол беріледі.

150. Шағын сәулет нысандары тұрақты немесе мобильді болуы мүмкін; олардың саны және орналастырылуы аумақтарды абаттандыру паспорттарымен анықталады.

151. Құрылыс салынатын учаске шегінде жаңа құрылыс кезінде шағын сәулет нысандарын жобалау, дайындау және орналастыруды тапсырыс беруші бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырады.

152. Шағын сәулет нысандарының конструктивті шешімдері олардың тұрақтылығын, пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.

153. Заңды және жеке тұлғалар - шағын сәулет нысандарының иелері және (немесе) пайдаланушылар өз есебінен оларды ауыстыру, жөндеу және бояуға міндетті.

154. Қала аумағында шағын сәулет нысандарын орнату және күтіп ұстау келесі талаптарды сақтаумен жүзеге асырылады:

1) ішкі абаттандырудың барлық элементтері, соның ішінде ғимарат қасбеттерін өңдеу өртке қарсы қауіпсіздік нормалары мен бекітілген жобаға сәйкес атқарылуы қажет;

2) құрылыс иелері не (немесе) пайдаланушылар ғимараттың көше жаққа қараған қасбетін, айналасындағы алаңды және қоғамдық орындарды мерекелік безендіруді келісімсіз жүргізуге құқылы.

155. Мобильді және тік көгалдандыруды рәсімдеу үшін келесі құрылым түрлері қолданылады: трельяждар, шпалерлер, перголдар, гүл бақшалар, вазондар.

1) трельяждар және шпалерлер – шырмауық және тірек қажет ететін өсімдіктермен көгалдандыруға арналған тор түріндегі жеңіл ағаш немесе металл құрылым, тыныш демалыс бұрышын ұйымдастыру, күннен қорғану, алаңшаларды, техникалық қондырғыларды және құрылыстарды қоршау үшін пайдаланылады;

2) перголдар – күрке, галерея немесе бастырма түріндегі ағаштан немесе металдан жасалған жеңіл тор тесікті құрылым, «жасыл тоннель» ретінде қолданылады, алаңшалар мен сәулет объектілері арасындағы өткел;

3) гүл бақшалар, вазондар – гүл өсімдіктері отырғызылатын топырағы бар кішігірім сыйымдылық.

156. Орындықтарды орнатуда жабынның қатты түрі немесе іргетас қарастырылуы қажет. Демалыс аймақтарында, орман-бақтарда, балаларға арналған алаңдарда «жұмсақ» жабын түріне орнатуға жол беріледі. Іргетас болған жағдайда оның бөлігі жер бетіне шығып тұрмауы қажет. Үлкен жастағы адамның демалысына арналған орындықтың жабын деңгейінен отырғыш жазықтығына дейінгі биіктік шамамен 420 - 480 миллиметр болуы қажет. Демалысқа арналған орындықтың үстін суға төзімді өңдеудің түрлерімен (дұрысы – сіңіргіш қабілетімен) ағаштан жасау ұсынылады.

157. Қоғамдық, тұрғын, демалыс аумақтарында таксафондарды орналастыруда оларға электр жарықтандыруды қарастыру қажет. Таксафондарды орналастыру орнын телефон канализациясының және жарықтандыру үшін канал (құбыр) құрылғысының қосылу орынына жақын жобалау қажет. Сонымен қатар бір таксафонды (немесе әрбір қатардан біреуін) монетақабылдағыш қалқанының деңгейі жабын деңгейінен 1,3 метрді құратындай биіктікте орнату ұсынылады. Пошта жәшігінің қабылдау деңгейін жабын деңгейінен 1,3 метр биіктікте орналастыру ұсынылады.

12. Базарлардың аумағын күтiп ұстауға қойылатын талаптар
158. Базарды ұйымдастыру кезiнде мiндеттi түрде өртке қарсы ережелер, сәулет, құрылыс, ветеринариялық, экологиялық және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да талаптар сақталуы қажет, базарлар аумақтары асфальттық жабынмен өнделуi керек.

159. Базар аумағында орналасқан құрылыстар қауiпсiздiк, ветеринариялық, санитарлық, өртке қарсы қағидаларға және сәйкес профильдегi (үлгiдегi) объектiлер үшiн белгiленген талаптарға сәйкес болуы қажет.

160. Базар аумағында құрылыстар мен жабдықтарды орналастыру тұтынушылардың сауда орындарына еркiн қол жетiмдiлiгiн, өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтау және апатты немесе төтенше жағдайларда адамдар мен материалдық құндылықтарды шұғыл көшiру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi қажет.

161. Базардың санитарлық жағдайы санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерi бекiткен талаптарға сәйкес келуi тиiс.

162. Базар аумағында көрiнетiн жерлерге барлық қажеттi объектiлердi көрсете отырып, "Базар жоспары" орналастырылады: сауда қатарлары, анықтамалық бюро, зертханалар, сантораптар, бақылау таразылары, тәртiп сақтау органдарының бөлмесi.

163. Базардың аумағы сауда қатарларына нақты азық-түлiк орындарына, бақылау таразыларына, автобус аялдамаларына, шығу есiктерiне бағыттайтын көрсеткiштермен жабдықталады.



13. Қалдықтар мен қоқыстарды жинау, сақтау, шығару және өңдеу
164. Жоспарлық - жүйелi тазалау қалдықтарды жоюды жүзеге асыратын ұйым және жеке және заңды тұлғалардың арасындағы келiсiм-кестелер бойынша жүзеге асырылуы тиiс.

165. Қалдықтарды полигонға шығарған кезде автомашинаның әр рейсi полигон әкiмшiлiгiнiң жол парағында белгiленуi қажет.

166. Қалдықтарды шығару 7 сағаттан ерте емес және 23 сағаттан кеш емес уақытта жүзеге асырылуы тиiс.

167. Қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды зарарсыздандыру қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес келетiн арнайы құрылыстарда (қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон, ассенизация алаңдары, жер жырту алаңдары, мал қорымдары, кәрiз құрылымдарының жүйесi) жүргiзiлуi қажет.

168. Қалдықтарды осы мақсаттарға арналмаған басқа аумақтарға шығаруға, сонымен қоса ауыл шаруашылық даласында көмуге жол берiлмейдi.

169. Үй иелiктерi, ұйымдар, мәдени - көпшiлiк мекемелердiң аумақтарында, демалыс аймақтарында көлiк өтуi үшiн өтпе жолдары бар қоқыс және қалдық жинауға арналған контейнерлер орнататын арнайы алаңшалар бөлiнуi қажет. Алаңшаның су өтпейтiн жабыны және үш жағынан бұталардан құралған тұтас қоршауы болуы қажет.

170. Контейнерлердi орнатуға арналған алаңшалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, барлық түрдегi ұйымдардан, спорт алаңшаларынан және халықтың демалу орындарынан 25 метрден кем емес және 100 метрден артық емес қашықтықта орналасуы қажет. Алаңшалардың көлемi 5 контейнерден кем емес контейнер қоюға арналуы қажет. Контейнерлерден алаңшаның шетiне дейiнгi арақашықтығы 1 метрден кем болмауы қажет.

171. Аула дәретханаларынан, контейнер алаңшаларынан, бекiтiлген арақашықтықты сақтау мүмкiн болмайтын құрылысы салынған аудандарда осы ара қашықтықты өкiлеттi орган сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-пайдалану ұйымы қызметкерлерiнiң, мемлекеттiк санитарлық -эпидемиологиялық қызметтiң аумақтық органы маманының қатысуларымен комиссия белгiлейдi.

172. Орнатылатын қоқыс жинағыштар (контейнерлер) санын анықтау үшiн қоқыс жинағыштарды пайдаланатын халық саны, қалдықтардың жиналу нормалары, оларды сақтау мерзiмдерiн есепке ала отырып анықталуы қажет. Қоқыс жинағыштардың есептiк көлемi ең көп жиналатын кезеңдегi қалдықтардың нақты жиналу көлемiне сәйкес келуi қажет.

173. Қоқыс жинағыштарда (контейнерлерде) жылдың суық мезгiлiнде қалдықтарды сақтау мерзiмi (0 және Цельсия бойынша төмен градус температурада) үш тәулiктен артық болмауы, жылы кезеңде (плюс температурада) тәулiктен артық емес мерзiмде шығарылуы қажет.

174. ҚТҚ жинау үшiн жақсы жабдықталған тұрғын үй қорында стандартты контейнерлер (0,75 м3), жеке үй иелiктерiнде қақпақтары бар түрлi сыйымдылықтағы құрылымдар (ағаш, металл және пластикалық) қолдану қажет.

175. Жаз уақытында металл контейнерлер арнайы орындарда 10 күнде бiр реттен жиi емес (ауысымсыз жүйеде) және әр төгiлген кезде (ауысымды жүйеде) жуылуы қажет.

176. Екiншi реттiк шикiзаттарды (тоқыма, банкалар, шөлмектер) контейнерлерден, мамандандырылған көлiктен таңдап алуға жол берiлмейдi.

177. Қабаттардың саны бар қайта жасаушы тұрғын үйлерiнде 5 және одан жоғары қоқыс өткiзгiштер түзiлуi керек.Қабаттардың саны бар қайта жасаушы тұрғын үйлерiнде 5 және одан жоғары қоқыс өткiзгiштер түзiлуi керек.

178. Қоқыс қабылдау камераға кiру ғимаратқа кiруi және бөлмеден қамауы керек. Қоқыс қабылдау камерасында ненiң контейнерлерiнiң бiр суткилерiне қоры кемiнде болуы керек.

179. Қоқыстың жиыны үшiн камера кемiнде (қоқыс жинайтын камера) 2 1, 5 метрдегi өлшемдерi алуы керек. Коридор, бастаушы кемiнде 1, 3 метрдiң енiн алуы керек камераға кемiнде 1, 95 метрдiң биiктiгiн алуы керек. Еден асфальтты кiреберiсi бар бiр деңгейде түзiледi. Қоқыс қабылдау камераның еденiне тұрмыстық қалдықтарының тастауына рұқсат етiлмейдi. Қалдықтары бар сыйымдылықтар арнайы автокөлiктiң келуiне дейiн (бұрын бiр сағат) алдын ала камераның сыртына шығарып қоюға рұқсат етiлмейдi.

180. Басқыша бағыторшалардағы қоқыс өткiзгiштердiң жүктеушi клапандарының қақпақтары резеңке төсем жабдықталған тығыз ерiксiз келтiру алуы керек. Қоқыс өткiзгiштер жетi сайын арылып дезинфекциялауы керек, дiңгектер үшiн не тиiстi құрылымдармен жабдықтайды.

181. Қоқыс өткiзгiштердiң дезинфекциясы осы жұмыстарды өткiзудi құқыққа ұйымдармен лицензия болған жағдайда жүргiзiледi. Дезинфекциялар үшiн Қазақстан республикасында қолдану шешiлген құралдарды қолданылады.

182. Кәрiз жүйесi жоқ үй иелiктерiнде сұйық қалдықтарды жинау үшiн су өтпейтiн, қатты фракцияларды бөлу үшiн торы және қақпағы бар жер бетiндегi бөлiгiмен шұңқырлар жабдықталуы қажет. Аулалық дәретханалар болған кезде шұңқыр ортақ болуы мүмкiн.

183. Кәрiз жүйесi жоқ аулалық және қоғамдық дәретханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балаларға арналған алаңшалар мен халықтың демалу орындарынан 25 метрден кем емес қашықтықта орналасуы қажет.

184. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жағдайында аулалық  дәретханалар құдықтар мен бұлақтардан 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы қажет.

185. Аулалық дәретханалардың жер бетiндегi бөлiгi және шұңқыры болуы қажет. Жер бетiндегi үй-жай тығыз орналасқан материалдардан (тақтай, кiрпiш, блоктар) құрылуы қажет. Шұңқыр су өтпейтiн болуы қажет. Шұңқырдың тереңдiгi жер асты суларының деңгейiне байланысты, бiрақ 3 метрден артық болмауы қажет. Шұңқырды жер бетiне 0,35 метрге дейiн ғана толтыруға жол берiледi. Шұңқыр толтырылуына қарай, бiрақ жарты жылда бiр реттен кем емес мерзiмде тазаланады.

186. Аулалық дәретханаларды тазалау күнделiктi жүзеге асырылады. Аулалық дәретханалардың жер бетiндегi бөлiгi кемiргiштер мен жәндiктердi өткiзбейтiндей болуы қажет. Кәрiз жүйесi жоқ аулалық дәретханалар және шұңқырлар 10 күнде бiр рет зарарсыздандырылуы қажет.

14. Құрылыс және монтаж жұмыстарын жүргiзу кезiнде абаттандыру талаптары
187. Құрылыстың барлық мерзiмiнде жүргiзiлетiн жұмыстар қоршаған орта, аумақ, халық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, құрылыс алаңшасында еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, құрылыс алаңшасына жанасатын аумақта тәртiп сақтау бойынша аудан әкiмдерiнiң талаптарын орындауды қамтамасыз етуi қажет.

188. Құрылыс-монтаж жұмыстары басталғанға дейiн құрылыс алаңы және жұмыстардың қауiптi аймақтары қоршалуы қажет.

189. Алаңға кiреберiсте объектiнiң, құрылыс салушының (тапсырыс берушiнiң), мердiгердiң (бас мердiгердiң) атауы, объект бойынша жауапты жұмыс өндiрушiсiнiң аты-жөнi, лауазымы және телефоны көрсетiлiп, ақпараттық қалқандар орнатылуы қажет.

190. Жауапты жұмыс өндiрушiсiнiң атауы және телефоны құрылыс алаңдарынан тыс орындардың қоршауындағы, мобильдi ғимараттар мен құрылыстар, жабдықтардың iрi көлемдi элементтерi, кабель барабандары қалқандарда көрсетiлуi тиiс.

191. Қажеттiлiк жағдайында жергiлiктi атқарушы органның талабы бойынша құрылыс алаңы қоқыс жинауға арналған бункерлер және жабдықтармен, сондай-ақ шығу орындарында көлiк құралдарының дөңгелектерiн тазалау пунктiлерiмен, ал желiлiк объектiлерде - жергiлiктi атқарушы органдар көрсеткен орындарда жабдықталуы қажет.

192. Құрылыстың жоспарымен қарастырылған көшелердi жабу, көлiк қозғалысын шектеу, қоғамдық көлiк қозғалысын өзгерту бойынша шараларды жұмыстарды орындаушы жұмыс басталар алдында жол полициясымен және қала аудандары әкiмдерiмен келiсуi қажет. Шектеулерде қажеттiлiк аяқталғаннан кейiн көрсетiлген органдар хабарландырылуы қажет.

193. Құрылыс алаңына енгiзiлмеген белгiлi-бiр аумақтарды құрылыс мұқтаждықтары үшiн уақытша пайдалану қажеттiлiгi кезiнде пайдалану режимi, қорғау (қажеттiлiгiне орай) және осы аумақтарды тазалау осы аумақтардың иелерi және (немесе) пайдаланушыларының келiсiмiмен анықталады (қоғамдық аумақтар үшiн - жергiлiктi атқарушы органмен).

194. Құрылыс жүргiзiлетiн барлық мерзiмде жұмыстарды орындаушы алаңға қойылатын еңбектi қорғау, қоршаған ортаны қорғау, құрылыс жұмыстарының қоршаған аумақ және халық үшiн қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ осы нормалармен, қолданыстағы басқа нормативтiк құжаттармен құрылысқа келiсу талаптарымен белгiленген әкiмшiлiк сипаттағы түрлi талаптарды орындауға жауапкершiлiкте болады.

195. Құрылыс жүргiзiлетiн барлық мерзiмде жұмыстарды орындаушы уақытша инженерлiк желiлер, жолдар және көлiктiк құрылыстар, қойма алаңдары, тұрмыстық және барлық қатысушылар үшiн ортақ пайдаланудағы басқа да уақытша ғимараттар мен құрылыстарды жайластыру, пайдалану, дамыту және жоюды, сондай-ақ егер басқасы құрылысқа келiсу шарттарымен немесе құрылысқа қатысушылар арасындағы келiсiммен қарастырылмаса, алаң аумағындағы жерлердi қалпына келтiрудi қамтамасыз етедi.

196. Жұмыстарды орындаушы бекiтiлген аумақтың құрылыс алаңы аумағын тазалауды қамтамасыз етуi қажет. Тұрмыстық және құрылыс қоқысы, сондай-ақ қар қала аудандарының әкiмдерi бекiткен тәртiпте және мерзiмдерде уақтылы шығарылуы тиiс.

197. Селитерлі аумақтарда құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргiзу кезiнде қалдықтар мен қоқысты ғимараттар мен құрылыстардың қабаттарынан тастауға жол берiлмейдi.

198. Жұмыстар орындалғаннан кейiн аумақты, бiр ай мерзiмде аумақ абаттандырылуы бұзылуын кешендi қалпына келтiру, соның iшiнде жол жабынын, тротуарларды, жиектастарды және көгалдандыру элементтерiн кешендi абаттандыру жұмыстары орындалуы қажет.

199. Қалпына келтiрiлген аумақ құрылыс немесе қатыстырылған жөндеу ұйымынан оны пайдалануға жауапты ұйыммен акт бойынша қабылданады.

200. Жұмысты алты айдан артық мерзiмге тоқтату немесе тоқтата тұру қажеттiлiгi кезiнде құрылыс салушы (тапсырыс берушi) объектiнi консервациялауды (оны және құрылыс үшiн қолданылған аумақты халық пен қоршаған орта үшiн объектiнiң қауiпсiздiгiн және негiзгi құрылымдардың берiктiгi, тұрақтылығы, сақталуын қамтамасыз ететiн жағдайға келтiру) қамтамасыз етуi қажет.

201. Егер ғимараттың немесе құрылыстың пайдаланылуы тоқтатылса, халыққа және қоршаған ортаға қауiп келтiретiн жағдайларға жол бермейтiн шаралар қабылдануы қажет (коммуникациялар сөндiрiлiп, сыйымдылықтар босатылуы, қауiптi және улағыш заттар жойылуы, тұрақсыз құрылымдар бекiтiлуi немесе бұзылуы) осы ғимаратқа немесе құрылысқа жануарлар мен адамдардың рұқсатсыз кiруiне жол бермейтiн шаралар қабылдануы қажет.

15. Автомобиль жолдарын және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн абаттандыру және күтiп ұстау
202. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары орналасқан жерлер мемлекеттiк меншiкке тиесiлi, олар бөлiнбейді және жеке меншiкке тапсырылуға жатпайды. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары жерлерiнде жерлердi пайдалану үшiн келiсiм тәртiбi бұзыла отырып салынған кез-келген құрылыстар заңсыз деп танылып, заңнамада орнатылған тәртіпте өздiгiнен құрылыс салған тұлға немесе оның қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайдан басқа заңмен белгiленген тәртiпте бұзылуы тиiс.

203. Жол маңындағы жолақтар халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау, жол қозғалысы талаптарын, сондай-ақ жол инфрақұрылымы объектiлерiн қайта құру, жөндеу және күтiп ұстау, орналастыруды жүзеге асыру мүмкiндiгiн есепке ала отырып, орналастырылуы қажет.

204. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының жол маңындағы жолақтарында, жол қызметi объектiлерi мен жол сервисi объектiлерiн қоспағанда, күрделi құрылыс жасауға жол берiлмейдi.

205. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының жол маңындағы жолақтарындағы кiреберiс (өтпе жол, жанаспа жол) және басқа объектiлердi жайластыру, жөндеу және күтiп ұстау бойынша шығындарды осы объектiлердiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары көтередi.

206. Аялдама павильондары және аялдама кешендерiнiң иелерi осы құрылыстарды дұрыс жағдайда ұстауға, қажеттiлiгiне орай оларды қалпына келтiру бойынша шараларды қабылдауы қажет.

207. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын пайдаланушылар көлiк құралдарын жол қозғалысы қауiпсiздiгiн, жолдың және онда орналасқан құрылыстардың сақталуын, сондай-ақ қоршаған ортаны ластауға жол бермейтiндей жағдайда пайдалануы қажет.

208. Жол жабынын, жер қабатын, көпiрлер, өтпе жолдар, су құбырлары құрылымдарын, автопавильондар, жол белгiлерi, жол маңайындағы көшеттер, қорғаныс құрылғылары және автомобиль жолдарын жайластыратын элементтердiң бүлiнуiне жол берген автомобиль жолдарын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болады.

209. Жол жиегiнде, тротуарлар мен жаяужолдарда, ал елдi мекендерде сонымен қоса жүру бөлiгiнен басқа жерлерде көлiк құралдарының қозғалысы рұқсат етiлмейдi. Жол-пайдалану және коммуналдық қызмет машиналарының қозғалысы, сондай-ақ тiкелей жол жиегiнде, тротуарлар мен жаяужолдарда орналасқан объектiлерге, өтудiң басқа мүмкiндiгi болмаған жағдайда, жүк таситын көлiк құралдарына қысқа жол бойынша өтуге жол берiледi. Осы жағдайда қауiпсiздiк қамтамасыз етiлуi қажет.



16. Жолдарды күтiп ұстау
210. Нөсерлiк кәрiз жүйесi жоқ көшелердiң жүру бөлiгi сыпыру-тазалау машиналарымен тазартылуы қажет.

211. Жол төсемін жолдың жиегiнде жиналатын қоқыстардың су ағынымен жасыл көшеттер жолағына немесе тротуарға шықпайтындай етiп жуу керек.



17. Жолдарды қысқы тазалау
212. Көшелердің өтпе жолдары мен кiру жолдарын қыста жинау жұмыстары осы Қағида талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын регламенттерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында бекiтiлген кестеге сәйкес жүргiзiледi.

213. Аймақтарды тазалауға жауапты ұйымдар (тапсырыс берушiлер қызметi және мердiгерлiк ұйымдар) 1 қазанға дейiн тайғаққа қарсы қолданылатын материалдарды қажеттi мөлшерде тасып жеткiзуi, дайындауы және жинауы керек.

214. Көшенiң жүру бөлiгiнiң жиегiндегi қарды жинауды және тасып шығаруды коммуналдық қызмет кәсіпорынының күшімен жүргізіледі.

215. Көшелердiң көлiк жүретiн бөлiгiн және өтпе жолдарды, тротуарлар мен аула аумақтарын тазалау жұмыстарының технологиясы және тәртiптерi ауа райы жағдайына қарамастан, көлiктердiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет болмауы тиiс.

216. Қысқы тазалаудың бiрiншi кезектегi операцияларына:

1) жолдардың жүру бөлiгiн тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;

2) қарды күреу және сыпыру;

3) қар үйiндiсiн тасып шығару үшiн жинастыру;

4) жол тораптарын, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлiк аялдамаларын, әкiмдiк және қоғамдық ғимараттардың кiрме жолдарын, аулалардан шығатын жолдарды қар үйiндiсiнен тазарту жұмыстары жатады.

217. Екiншi кезектегi операцияға:

1) қарды шығару (тасу);

2) қар шығарылғаннан кейiн жол жиегiн тазарту;

3) мұзды уату және қар-мұздан құралған үйiндiнi шығару.

218. Жолдардың жүру бөлiгiн тайғаққа қарсы материалдармен хлоридтердi бекiтуге жеткiлiктi қар қабаты пайда болуы үшiн қар жауа бастағаннан кейiн 20-40 минутта өңдеу қажет.

219. Қар жауа бастағаннан кейiн ең алдымен көлiк бағыты үшiн неғұрлым қауiптi магистральдар және көшелер учаскелерiн - тiк түсетiн және көтерiлетiн жолдарды, көпiрлердi, эстакадаларды, тоннельдердi, жол тораптарын және қоғамдық көлiк аялдамаларын, сондай-ақ шұғыл тежелу қажет болатын және тағы басқа жерлердi тайғаққа қарсы материалдармен өңделедi.

220. Көлiк қозғалысы үшiн ең қауiптi орындарды өңдеу аяқтағаннан кейiн көлiк жүретiн бөлiктi тайғаққа қарсы материалдармен толық өңдеу қажет. Бұл операция алдымен жиектегi тастан бастап жолаушылар тасымалдайтын көлiк қозғалысы бағытына дейiн жүргiзiледi.

Жол тазалаушы кәсiпорынға бекiтiлген барлық аумақты тайғаққа қарсы материалдармен толық өңдеу уақыты - қар жауа бастағаннан кейiнгi төрт сағаттан аспауы қажет.

221. Технологиялық циклда "шашу - сыпыру" үлестерi екеуi де тең болуы керек (реагенттермен өңделiнген аудандардың саны сыпырылған аудандар санына тең болуы тиiс).

222. Жаңадан түскен 5 сантиметр нығыздалмаған қарға тең болатын қар жол төсемiнен 2,5-3,0 сантиметрге биiк болса, жолдың жүру бөлiгiне механикаландырылған сыпыру жүргiзiледi.

223. Қар ұзақ жауса, механикаландырылған сыпырудың циклы қар жаңадан әрбiр 5 сантиметрлiк биiктiкте түскен сайын жүзеге асырылады.

224. Бiр кәсiпорын қызмет көрсететiн жағдайда барлық көшелердi және өтпе жолдарды қажетiне қарай бiр рет тазалау уақыты төрт сағаттан аспау керек.

225. Қар тоқтаусыз жауса технологиялық циклдың саны (шашу - сыпыру) үш реттен кем емес мөлшерде жасалып, қажеттiгiне қарай қайталануы керек.

226. Қар аяқталғаннан кейiн жол төсемдерiне соңғы сыпыру жұмысы жүргiзiледi.

227. Жолдың жүру бөлiгi механикаландырылған сыпырудан кейiн оның көлденең бойына қар және мұз қалдықтарынан тазалануы тиiс.

228. Көшелердiң жүру бөлiгiнен және өтпе жолдардан, сонымен қатар тротуарлардан тазаланған қар көшелердiң жүру бөлiгiнiң және өтпе жолдардың шетiне қарды уақытша жинау үшiн ығыстырылады.

229. Бiр жақты көлiк қозғалысы бар көшелер мен өтпе жолдардан, оның iшiнде гүлзарлар, көгалдар және бетонды блоктар, аймақтар түрiнде бөлiнетiн жолақтары бар магистральдар жағынан қар сыпыруды бастап, қыс бойы тұрақты түрде жиектасқа дейiн қардан және мұздан тазалануы тиiс.

230. Қар үйiндiсiн уақытша жинау кезiнде және жылымықта ерiген сулардың ағуы үшiн жолдың жиек тастарындағы ерiген су ағатын шұңқырлар тазаланып, жиектегi таспен қар үйiндiсi арасында көлденеңi 0,5 метрден кем емес ара қашықтық болуы керек. Нөсер суларын қабылдаушыларға қар үйiндiлерiн жинауға жол берiлмейдi.

231. Жолаушылар тасымалдайтын көлiк аялдамалары және жер үстi жаяу өтпе жолдары қар үйiндiлерiнен тазартылып, жол салынуы керек:

1) аялдамаларда: 30 метрден 50 метрге дейiн;

2) белгiсi бар өтпе жолдарда - белгiнiң көлемiне қарай, ал белгiсi жоқ жерде - 5 метрден кем емес.

232. Қар тасушы көлiктiң әрбiр өтуiнен кейiн жол жиегiндегi және жиектас төсемдерiндегi қар қалдығынан және мұздан тазарту, одан кейiн шығару операциясы өткiзiледi.

233. Көшелерден және өтпежолдардан қарды арнайы дайындалған алаңдар – қар үйетiн орындарға шығару қажет. Белгiленген тәртiппен келiсiлмеген орындарға қар шығаруға жол берiлмейдi.

234. Қар үйiндiсiн жинауға тиым салынады:

1) барлық бiр деңгейдегi жолдардың, көшелердiң және өтпе жолдардың тоғысуында және темiржол өтетiн үшбұрышты аймақ көрiнетiн жерлердiң маңына;

2) жаяу жүргiншiлер өтпе жолдарына 5 метр жақын жерде;

3) қоғамдық көлiк аялдамаларына 20 метр жақын жерде;

4) көлiктiк қоршаулармен немесе биiк жиектастармен қоршалған жолдардың учаскелерiнде;

5) тротуарларда.

235. Троллейбустердiң қозғалысының маршруттары бойынша көлiк жүретiн жолдардың бiр бөлiгiнiң жинасының ерекшелiктерi:

1) троллейбустердiң маршруттары бойынша көшелерде сұйық реагенттердiң қолдануы рұқсат етiлмейдi;

2) массаның тұзды жидкасының жиналып қалуларының троллейбустердiң тоқтауларын аймағында рұқсат етiлмейдi.
18. Жолдарды жазғы жөндеу
236. Жолдың жүру бөлiгi барлық ластану түрлерiнен толық тазалануы және жуылуы тиiс.

Реттеушi сызық болып табылатын осьтiк, резервтiк жолақтар құмнан және әртүрлi ұсақ қоқымнан тұрақты тазаланып тұруы тиiс.

237. Екi метрлiк жол жиегiндегi аймақ және ернеуi, сондай-ақ тротуарлар және онда орналасқан жолаушылар тасымалдайтын көлiк аялдамаларының отырғызу алаңы, трамвай жолдары топырақ-құмды қоқымдардан және әртүрлi қоқыстардан толық тазалануы және жуылуы тиiс.

238. Жолдың жағасы қоқыстардан таза болуы тиiс.

239. Темiр-бетоннан құралған бөлу жолақтарының үстi құмнан, батпақтан және ұсақ қоқыстардан тұрақты тазаланып тұруы тиiс.

240. Ыстық күндерi (ауа температурасы Цельсия бойынша 25 жоғары болса) жолдардың төсемдерiн сулау 12 сағатта 16 сағатқа дейiнгi мезгiлде жүргiзiледi (екi сағат сайын).

241. Жолдың жүру бөлiгiн жуған кезде лайлы суды және қоқысты тротуарларға, көгалдарға, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлiк аялдамаларының павильондарына, көлiкке отырғызатын алаңдарына, жақын жерде орналасқан ғимараттардың, сауда нысандарының қасбеттерiне орындарға шашыратуға жол берiлмейдi.

242. Көшелердiң, алаңдардың жүру бөлiгiнiң жолдық төсемдерiн және өтпе жолдарды жуу түнгi (23 сағаттан 7 сағатқа дейiн) және қажетiне қарай күндiзгi уақытта да жүргiзiледi.

243. Жолдық төсемдердi (осьтiк және резервтi жолақты), көшелердi және өтпе жолдарды алдын ала дымқылдап сыпыру күндiзгi уақытта 8 сағаттан 21 сағатқа дейiн, ал қатты қарқындағы көлiк қозғалысы бар алаңдарды және көшелерді түнгi мезгiлде жүзеге асырылады.

19. Бөлiнген белдеуге iргелес аумақтар
244. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнiң жерлерi жол органдарының немесе жалдаушы ұйымдардың иелiгiнде немесе пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамыту, көрiктендiру және жол сервисi объектiлерiн орналастыруға арналған.

Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнде сәйкес жол органдарының келiсiмiнсiз жұмыс жүргiзуге немесе қандай да бiр құрылыстарды орналастыруға жол берiлмейдi

245. Сауда, қоғамдық тамақтану объектiлерi және сервис объектiлерiн, сондай-ақ олардың жарнамасын ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнде жол органдарының немесе жалдаушы ұйымдардың келiсiмi бойынша сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар анықтаған орындарда орналастыруға болады.

246. Аумақтары автомобиль жолдарына жанасатын жер учаскелерiнiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары және жер пайдаланушылар, мiндеттi:

1) жол органдарымен ортақ пайдаланудағы жолдарға жанасатын жолдар және өтпе жолдар құрылысына келiсiм алуға;

2) ортақ пайдаланудағы жолдарға жанасу жерлерiн және оларға кiреберiстердi техникалық дұрыс және сәйкес санитарлық жағдайда ұстау, қоқыс, ластық және қардан тазалауға;

3) қозғалыс қауiпсiздiгiн нашарлататын және көрудi қиындататын жол маңындағы жолақта материалдар мен құрылымдарды жинауға жол бермеуге.

20. Жер асты және жер үстi коммуникацияларын абаттандыру және күтiп ұстау
247. Магистральдiк коммуникациялар, инженерлiк инфрақұрылымның негiзгi құрылыстарының жобалық құжаттамасын әзiрлеу, құрылыс, пайдалану және кейiннен қайта өңдеу кезiнде, сондай-ақ аумақты инженерлiк дайындау бойынша жұмыстарды жүргiзу кезiнде көршiлес аумақтардың мүдделерiн есепке алатын және халыққа және аумаққа қауiп келтiретiн (зиянды) процестер мен құбылыстардың әсер етуiне жол бермейтiн шешiмдер қабылдануы қажет.

248. Республикалық, аумақ аралық және аймақтық инженерлiк және көлiк жүйелерiнiң бекiтiлген сұлбасы жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы әзiрлеуге, сондай-ақ елдi мекендердi жайластыруға және тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiн дамытуға (дамуға қатысты) бағытталған қызметке негiз бола алады.

249. Жер учаскелерiн құрылыс үшiн иелерi және (немесе) пайдаланушыларының қолдануы (коммуникация төсеу, аумақты инженерлiк дайындау, көрiктендiру, көгалдандыру және учаскенi жайластырудың басқа да түрлерi) заңнамамен белгiленген тәртiпте бекiтiлген жобалық құжаттамаға сәйкес және нысаналық мақсатын немесе сервитут, аумақты аймақтандыру, қызыл сызықтар және құрылысты реттеу сызықтары, құрылыс салу және пайдалану ережелерiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн.

250. Магистральдарда, алаңдарда, көшелерде, жаяужолдарда, балаларға арналған алаңшаларда, спорттық алаңшаларда, контейнер алаңшаларында және инженерлiк коммуникациялардың үстiндегi жерлерде, және желдету шахталарының қорғалатын аймақтарында, сондай-ақ аула iшiлiк жолдарда және тоқтауға арналған "қалташаларда", көгалдандырылған аумақтарда және осы мақсаттарға бөлiнбеген орындарда металл тенттер, "ұлутас", "пенал" гараждарын, автомобильдерге арналған басқа да пана болатын жерлердi орналастыруға жол берiлмейдi.

251. Су желiлерiнiң қоқыспен бiтелiп қалуын болдырмау үшiн су ағатын коллекторларға, жауынқабылдайтын құдықтарға және арық жүйесiне сыпырындыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол берiлмейдi.

252. Су желiлерiнiң нөсер суларын қабылдайтын және байқау құдықтарына профилактикалық тексерудi және оларды жинауды бекiтiлген кесте бойынша, бiрақ айына бiр реттен кем емес мөлшерде мамандандырылған кәсiпорындар немесе балансында осы құрылғылар болатын басқа да ұйымдар жүргiзедi.

253. Нөсер суларын қабылдайтын құдықтардың торлары үнемi жұмысқа жарамды жағдайда болуы керек. Торлардың және құдықтардың өткiзу қабiлетiн шектейтiн бiтелуге, лайлануға жол берiлмейдi.

254. Жер асты инженерлiк коммуникацияларының иелерi және (немесе) пайдаланушылары:

1) жер асты коммуникацияларын күтiп ұстауға және жөндеуге, сонымен қатар уақтылы құдықтар мен коллекторларды тазалауға жауапты болады;

2) жолдардың төсемдерiмен, тротуарлармен, көгалдармен және құдықтардың люктарымен бiр деңгейде, қалыпты жағдайда ұстауды, сонымен қатар коммуникациялардың қанағаттанарлықсыз жағдайынан пайда болған жолдардың бұзылған шегiнде төсемдерiн қалпына келтiрiп жөндеудi қамтамасыз етедi (өз қаржыларымен немесе мамандарылған мекемелермен келiсiм шартқа отыру негiзiнде);

3) құдықтардың люктарын бар болуын және қалыпты жағдайда болуын бақылау және оларды уақытында ауыстыруға және болмаған немесе жоғалған кезде (тәулiк iшiнде) қалпына келтiрудi жүзеге асырады;

4) коммуникацияның жұмысын реттеумен байланысты апатты жоюды тәулiк iшiнде қамтамасыз етедi (қар үйiндiлерi, мұз, лай, сұйықтықтар).

255. Жер үстi инженерлiк құрылғыларының иелерi және (немесе) пайдаланушылары инженерлiк желiлердiң қорғалатын аймағының шекарасындағы iргелес аумақтың санитарлық жағдайына жауапты болады.

21. Қағида бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
256. Осы Қағиданы бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексімен орнатылған тәртіпке сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидасына

1 қосымша
Абаттандыру ПАСПОРТЫ
                          (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
                    (орналасқан мекенжайы)
                    (заңды мекенжайы, телефон)

Қала/аудан _____________________________________________________________

1. Басшының аты-жөнi

                         (СТН)

____________________________________________________________________

2. ҚТҚ шығаруға келiсiм-шарт (нөмiрi, датасы)_____________________________

3. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы қатты жабынның ауданы, м2 _______________________________________________________________________

4. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы газондардың ауданы, м2


5. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы ағаштар, бұталар саны,

(дана)_______________________________________________________________

6. Бөлiнген аумақтардағы кiшi сәулеттiк формалардың болуы, (дана) _______________________________________________________________________

7. Аула тазалаушылардың болуы (адам саны) немесе аумақты тазалауға келiсiм N ________________________________________________

      Осы паспортта көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда заңды тұлғаның басшысы, (жеке тұлға) _____________ кент (ауылдық округ) әкiмiнiң аппаратын хабардар етiп, жаңартылған аумақты тазалау және күтiп ұстау көрiктендiру паспортын алады.

      М.О.         ________________________________________ Т.А.Ә.

                   (заңды тұлға басшысының, жеке тұлғаның қолы)

      "__"__________ 20 ___ жылы берiлдi     

Әкім____________________ (қала/аудан) _______________________Т.А.Ә.

                       М.О.                        (қолы)

бекiтiлген аумақтың СЫЗБАСЫ

Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидасына

2 қосымша

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімі» ММ

________________________________

(қала, аудан)

______________________________ күні

________________________________

мекенжайы___________________________

телефон_________________________

Өтініш
Маған

________________________________________________________________

(жұмыс сипаты)

_________________________________________________мекенжайы бойынша


Автокөлік қозғалысын жаба отырып (жабусыз)

(Қажеттілерін сызу қажет) және егер жабық болса мекенжайды көрсетіңіз

__________________________________________________мекенжайы бойынша жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге ордер беруіңізді сұраймын.

Паспорт (жеке куәлік)





№___________________________





________________________ берілді


______________________ қолы

Салықтөлеушінің

Тіркелу нөмірі____________


Күні «___»____________20___ ж.




Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидасына

3 қосымша


Жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге ордерді беруге арналған

ШАРТ
_________ «___» ________ 20___ ж.
«____________________________ ұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

(қала, аудан) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Алдағы уақытта «Қызмет көрсетуші» деп аталатын, Ереже негізінде қызмет ететін,бір тараптан, және:

____________________________________________________________________

(ұйым атауы, А.Ә.Т. жеке тұлғаның паспорттық мәліметтері)

алдағы уақытта «Тапсырыс беруші», ___________________________ тарапынан

_______________________, ___________________ негізінде қызмет ететін, екінші тараптан, төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1.Шарттың мәні
1.1. Қызмет көрсетуші осы шарттың 1.2 тармақтарында көрсетілген жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге арналған ордерді беруді міндетіне алады.

1.2.Тапсырыс беруші келесі жұмыстарды орындауды міндетіне алады: ____________________________________________________________________

алда «Жұмыс» деп аталатын ___________________________________________

көлік қозғалысын біртіндеп жабуды.

1.3. Жұмыстарды орындау орны: __________________________________

1.4.Аталған жұмыстарды орындау үшін Тапсырыс берушіге жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге арналған ордерін беруге қажетті барлық құжаттарды тапсыруға міндетті.

1.5. Тапсырыс беруші осы шарттың 1.2.тармақтарында көрсетілген жұмыстарды 20___ жылдың «___» __________ нен 20___жылдың «___»___________ дейінгі мерзімде, асфальтбетонды жабындыны қалпына келтіру мен аумақтарды абаттандыру бойынша жұмыстарды 20___ жылдың «___» __________ нен 20___жылдың «___»___________ дейінгі мерзімде жүргізуді міндетіне алады.

1.6. Қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі шартқа қол қойған күннен бастап 2 жыл.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет