Қалалық білім бөлімінің басшысы Г. Б. Азанның тамыз маслихатына арнаған баяндамасы



бет4/4
Дата24.02.2016
өлшемі299.5 Kb.
#15159
1   2   3   4

Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлынан: «Неден қорқасыз?» -  деп сұрағанда, Баукең: «Баласына бесік жырын айтпаған анадан, немересіне ертегі айтпаған ата-әжеден қорқам», -  деген екен. Осы жиынға  жиналып отырған әрбіріміз ата-анамыз! Тәрбие ұлға да қызға  бірдей. Тәрбие бесік пен босағадан басталады. Өсе келе ұлым дарақы, қызым сорақы деп қалмау үшін бала жүрегіне әкенің жылы қабағы, ананың мейірімі айрықша  мәнге ие болатыны психологиялық, ғылыми тұрғыда да дәлелденгенін айтып өткім келеді.

Сондықтан, бүгінгі жастарға тәрбие беру мәселесінде отбасы мен қоғамның мектеппен ынтымақтастығы аса қажет. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың» дейді халық даналығы. «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» рейдтері тоқсан сайын ұйымдастырылып, нәтижесінде 51 ата-анаға ескерту жасалып, 5 ата-анаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, 3 ата-ананың материалдары ата-аналық құқығынан айыру үшін сотқа жолданған,   6 баланы арнайы мектепке орналастыру үшін материалдар әзірленіп, 20 жасөспірімнің ісі жергілікті жерлердегі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияларға жіберіліп, оқу жылы ішінде мектептерде құрылған құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі профилактикалық кеңестер отырысы өткізіліп, 96 оқушының тәртібі қаралды.

Біздің қаламызда білім бөліміне қарасты «Оқушылар шығармашылық үйі» және 5 аула клубы жұмыс істейді. «Оқушылар шығармашылық үйі» мұғалімдері мен оқушылары Республика, облыс көлемінде көптеген жетістіктерге жетті. Осындай жетістіктерінің нәтижесі бойынша Ұлттық бизнес - рейтинг орталығының сараптауымен мектептен тыс мекемелер арасында ең үздік «Салалық көшбасшы -2013» қатарына еніп, марапаттауға шақырылды.

Жаңаөзен қаласында 2010 жылға дейін мектепке дейінгі ұйымдар саны 20 болса, қазіргі таңда «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар саны 38-ге жетіп қамту 78,1% құрады (мектеп алды даярлық пен, бастауыш сыныптардағы балаларды қосқанда). Оның ішінде мемлекеттік балабақшалар саны 20, мемлекеттік шағын орталықтар саны 4, жекеменшік балабақшалар саны 14

Қала атауы

3-6 жас бала саны

3-6 қамтылған бала саны

Оның ішінде

Қамту %

МДҰ бала саны

МАД бала саны

Бастауыш сыныптағы бала саны

Жаңаөзен қаласы

11983

9366

4960

2230

2176

78,1%

«Балапан» бағдарламасы аясында балабақша құрылысын салу есебінен 840 орындық 3 балабақша пайдалануға берілсе, 2012 жылдың желтоқсан айына дейін Қазақстан Темір жолы акционерлік қоғамының демеушілік жасауымен «Рауан» шағын ауданынан 320 орындық №17 «Балауса» балабақшасы және Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Кешенді жоспарға сәйкес республикалық бюджеттен (РБ-дан) қосымша «Рахат» шағын ауданынан 280 орындық №13 «Ақмарал» балабақшасы іске қосылды және 2013 жылдың сәуірінде «Рауан» шағын ауданынан 60 орындық №19 «Алтын күн» балабақшасы, «Бостандық» шағын ауданынан 320 орындық №18 «Мереке» балабақшасы, маусымда «Жұлдыз» шағын ауданынан 320 орындық «Нұршуақ» балабақшасы берілді. Қыркүйекте Қазақстан Темір жолы акционерлік қоғамының демеушілік жасауымен Теңге ауылынан 320 орындық «Назерке» балабақшасы пайдалануға беріледі. 2012 жылдың қараша айынан «Өркен» шағын ауданындағы №11 бастауыш мектеп ғимараты кері қайтарылып, жергілікті бюджет қаржысымен күрделі жөндеу жүргізілуде. Алдағы уақытта ағымдағы жылы №21 орта мектеп жанынан шағын орталық ашу және «Самал» шағын ауданындағы бұрынғы 280 орындық «Солнышко» балабақшасының ғимаратын өз мақсатында пайдалану жоспарлануда.



Қолданылып жатқан шараларға қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарға деген үлкен кезек жалғасуда. 2012 жылдың қорытындысы бойынша 6906 бүлдіршін балабақша кезегінде тұрған болса, 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында 2185 бүлдіршін балабақшамен қамтылып, бүгінгі таңда 8702 бүлдіршін кезекте тұр. Кезектің арту себебі ай сайын бүлдіршіндердің кезекке тіркелу мәліметінен анықталып отыр.

Халыққа қызмет көрсету орталығының мәліметі бойынша

2013 жылдың жеті айы бойынша

Тууды тіркеу бойынша

Балабақша кезегіне тіркелу бойынша

15.12-30.01.2013ж

500

233

Ақпан. 2013ж

312

413

Наурыз. 2013ж

329

205

Сәуір. 2013ж

340

488

Мамыр.2013ж

352

337

Маусым.2013ж

334

373

Шілде. 2013ж

424

433

Мектепке дейінгі білім беру  жүйесін жаңарту  жолдарын ұсынамын:

1. Білім берудің жаңарған мазмұны жағдайында мектепке дейінгі тәрбие    мен  оқытудың аймақтық компоненттерін жүзеге асыру.

2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жағдайында инклюзивті білім беруді   қолға алу.  

3. Балабақшаның білім беру процесінде ақпараттық   технологияны пайдалану.

4. Балалар, ата-аналар үшін қолжетімділік, жариялылық, тартымдылық жолдары арқылы мектепалды білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз ету.

5. Педагог кадрлардың  кәсіби  дайындық деңгейін арттыру жұмыстарын қолға алу. Білімін жетілдіріп келгеннен кейін мұғалімнің  жұмыс сапасына мониторингтер жүргізілу. Сапасыз кадрлар жұмысы педагогикалық кеңестерде үнемі қадағалауда ұстау.

«Білекке сенген заманда есемізді бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмейік!» - дегендей құрметті ұстаздар, өзімізге сын көзбен  қарай отырып, болашақ үшін аянбай  еңбек етейік, сауатты да салауатты  азаматтарды тәрбиелейік.

Тәрбие үш нәрсені қажет етеді  -  ол  имандылық, білім, тәжірибе екенін ескере отырып қиын да қызықты жұмысымызда Тәуелсіз еліміздің жарқын ертеңі үшін Рухы биік, саналы, білімді  азаматтар  тәрбиелей берейік!
Жаңа оқу жылын жаңа бастамалармен бастайық!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет