3.«Тәуелсіз ел – қазағым»
Қазақстан Республикасы дербес ел атанып, тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүре бастаған сәттен халқымыздың ұлттық сана-сезімі, отаншылдық рухы дүр сілкінді. Халқымыздың өзін-өзі тануы жаңаша көзқарастармен толығып, байи түсті.
«Тәуелсіз ел – қазағым» өлеңінде «Тәуелсіздік» бейнесі ақын жырында тау суындай, дария өзендей, арнасынан тасыған бұлақтай бейнеде суреттелген.
Тәуелсіз боп артты халқым сенімі,
Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді.
Жас ақын д ақынның халқының көкейіндегі «мұз боп қатқан арманының орындалуын» емірене жырлауы айқын танылады
Мұндай патриоттық пен сүйіспеншіліктің ақын көкейін жарып шыққан күміс бұлақпен ғана теңестірілетінін айқын анық
Ш.Сариевтің «қазақ» деген қасиетті халықтың қайсар ұлдарының ерлігі туралы жырлаған өлеңдері бізді патриоттық сезімге тәрбиелейді.
Қ.Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңінде
Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім.- "Тәуелсіздік" ұғымы осы сөздермен байланыстырылады.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,қош келдің!
Қалқаман Сариннің өлеңдерінде «тәуелсіздік» деген киелі ұғымның мән-мағынасын үлкен ақындық жүрекпен терең ұғынуы, сол сезімді жан-жүрегімен сезіне отырып жырлауы байқалады
«Өнерпаз көп қой өлмейтін»
Қалқаман өлеңдерін оқи отырып, сен де суреттелген жайларды бірге сезінесің, бірге қуанып бірге қайғырасың. Ақын өлеңдерінің жалпыға ортақ сипаты осында жатса керек. Ол суреттеген сезімдер біздің бәріміз басымыздан өткізген, өткізетін дүниелер. Ең бастысы – ақын өлеңдерінде осының бәрі қарапайым көрініс табады, төгіліп тұрған өлеңге айналады, ойыңды, сезіміңді қытықтап, көкейіңдегіні дәл басады
Қалқаман Сарин «Өнерпаз көп қой өлмейтін» деп басталатын өлеңінде ақындық туралы, оның шарты мен талабы, заңдылығы мен зауалы туралы сөз қозғайды.
Өнерпаз көп қой өлмейтін,
Өресі биік өнерлі аз.
Өлеңнің шумағында айтқысы келген негізгі ойы. Жақсы өлең жазса, ақынның аты өлмейді.Осындай шеберлікпен жазған өлеңдері арқылы Қ.Сарин қазіргі кезде ең танымал ақын.
Достарыңызбен бөлісу: |