Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің саяси тарихы мен рөлі бойынша деректер



бет2/2
Дата16.12.2022
өлшемі40.25 Kb.
#467355
1   2
Алаш партиясы мен Алаш Орда кіметіні саяси тарихы мен р лі бой

Бірінші топқа - «Алаш» партиясының либералды -демократтар тобы жатады. Партияны былай деп атап және оның негізін салған адам, ол қазақтың көрнекті саяси қайраткері Әлихан Бөкейханов болатын. Оның мақсаты Ресей аясында қазақтардың автономиялық тәуелсіздігіне қол жеткізу. Алаш зиялылары ұлт бай, билер мен ауқатты малшылар мен жер иеленушілер отбасынан шыққан адамдардан құралған. Олардың басым көпшілігі Санк-Петербургте, Мәскеуде және т.б. Ресейдің орталықтарында жоғары білім алған, сонымен бірге отаршыл әкімшілікте – дәрігер, мұғалім, қорғаушы т.б болып қызмет атқарған еді. Бұл топты («батыстықтар» деп атаған) мынадай адамдар құрайды: А. Байтұрсынов – «Қазақ» газетінің бас редакторы, а қын, жазушы, лингвист тілтанушы; Ж. Ақаев – заңгер; М.Тынышпаев- инженер; М.Дулатов-ақын, жазушы, М.Жұмабаев-ақын, жазушы; Х.Ғаббасов-жазушы, Ж.Аймауытов –жазушы, ақын; Х.Досмұхамедов – дәрігер; Ж. Досмұхамедов – экономист; А.К. Кенжин – мамандығы мұғалім. И. Мустамбаев – геолог; А.Ә. Ермеков – ұстаз, ғалым, математик және сол секілді көптеген т.б.
Ұлт зиялы қауым өкі лдерінің екінші тобын мұсылман қозғалысының өкілдерімен қарым-қатынаста болған ұлт зиялылары құрайды, олардың көбі кейін Түркияға бағыт ұстанады және соған байланысты «түрікшілдер» атауын алған болатын. Бұл топтың өкілдері М. Шоқай, С. Лапин, У. Хожа, А. Махмұд, Х. Юрғули -Ағаев, С. Герцфельд, Ш. Шағиахметов, Ә. Оразаев, К. Қары, С. Ақаев, А. Бадин, Кішкенбаев, Кәрімбаев, М. Бехбуди [62, 52 б.] және тағы басқа өкілдер бар.
Үшінші топты, саны жғаынан аз және әлсіз топты көзқарастары социалистік бағытты ұстану шы ұлт зиялылары құрады, оларда тек сирек ерекшелік болмаса, өкбі кедей малшылар мен жериеленушілерден шықты.
Олар: Мұқан Әйтпенов, Көлбай Төгісов, Шаймерден Әлжанов, Қасен -Қожа Бекхожин, Махмұт Уәлиханов, Қазы Торсанов, Байсейіт Әділов, Әлиасқар Қуанышев, Үсен Қосаев, Нұрғали Құлжанов, Ыбырай Төлебаев, Сұлтан Аблаевтар және т.б. болды.
Тарихи деректерге сүйенсек С. Сейфуллин «Қырғыз зиялылары туралы мақаласында былай деп келтіреді: «Қырғыз интеллигентері екі лагерге бөлінді: І-ші лагерге жататындардың басым көпшілігі реакциялық топтағы қазақтар, кадеттер және оңшыл эссерлер болашақ партия ұйымдастырып, оның атын тапқырлықпен дәстүрлі ұлттық күрес үрдісімен «Алаш» деп атады.
Ал, ІІ-ші лагерге жататындар орыс большевиктерін қолдап азшылдық топ өкілдерін құрады, олар қазан төңкерісі жеңіске жеткен соң «Үш жүз» партиясы төңірегіне топтасты.
«Алаш» партиясының көшбасшысы, ақсүйектер (сұлтан) отбасынан шықан Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов Омбыдағы техникалық училищені, 1894 жылы Санк-Петербургтегі Императорлық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факультетін тамаша бітіріп шыққан болатын. Мұғалім. журналист, этнограф, публицист, әлуметтанушы ғалымның маңдайына ауыр тарихи миссия – қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының өкілі және ең алғашқы қазақ автономиясының басшысы болу жазылыпты. Ә. Бөкейхановтың ең принципті саяси мұрасы – ұлттық- мемлекетік өз-өзін ұйымдастыру идеясы. Бұл идеяны ол және оның жақтастары өздерінің бүкіл күш-қайратын іске асыру үшін жұмсады және Алаш -Орда мемлекетін жариялаған соң, сол үшін ақырында өмірлері құрбан болған.

1.2 Алаш партиясының құрылу мақсаты мен тарихы


«Алаш» партиясы (1917—1920) — Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.


Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқаев өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: «Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» - дейді. Бірінші жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24-маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді.
Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі.
Қазақ қоғамының осы қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты.
Олар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавасының қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.
1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды.
Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:

    1. Мемлекет билеу түрі

    2. Қазақ облыстарында автономия;

    3. Жер мәселесі;

    4. Оқу мәселесі және т.б.

    5. Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында.

Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды. Бірақ бұл съезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай съезіне қалдырылды.
Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған. Сьездің нәтижесінде автономияның астанасы ретінде Жаңа-Семей қаласы таңдалды. Кейін қаланың аты Алаш деп ауыстырылды.
1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген.
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..
Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы съезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының
Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген.
Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды [9].
Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі – XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады.
Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған [10].
«Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай [12] тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаштың арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынов «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді,» - десе [13], Күнбатыс Алашордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», - деген.
Батыс Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», - деген пікірді айтқан [15].


1.3 Алаш Орда үкіметінің саяси рөлі және құлдырауы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет