Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет42/69
Дата03.12.2023
өлшемі0.7 Mb.
#485291
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69
АЛКА

.

Турағұл ҚҰНАНБАЕВ



ОРТАҚШЫЛ МАРИЯ


(Неверевтен)

Топтан қомдығы шыққан нардай, тояттаған қыран төс, күйе қасы доғадай иілген әйел біздің арамызда болды. Оның шүйкедей байын текешік деп ат қойып кекедік. Бөрікпен ұрсаң бөрік астында бөденедей ұрланатын. Ашуынан құдай сақтасын. Мариямен ұрысқанда, үстелді ұстаның төсіндей тарсылдатады да:


- Өлтірермін, жаныңды шығарармын - деп келеді.
Ал, Мария қу қасақана ондайда ұлықсыта бастап, бейне қорыққан кісімсиді де:
- Пракопий, саған не болды? - дейді.
- Басыңды жұлып алармын! - қатын бұрынғыдан гөрі ардақтанқырап:
- Мен бүгін палау жасап едім, жейсіз бе? - дейді.
Табақты толтыра салып, үстіне май құйғанда палаудың беті жұлдыздай жалтырап, сый құдасын сыйлаған жанша, майысып, өтініп тұрады да:
- Алыңыз, Пракопий Метрич, сізге жазықты болып қалдым - дейді.
Қатынының майысқанына сүйсініп, тұмсығын көкке көтеріп, ханға сәлем бермейтін болып кетіп:
- Жегім келмейді, - дейді.
Мария тағы да, жалшы қатынша су әкеліп береді, темекі салған дорбасын іздейді. Ол үйдің ортасыңда тұрады, шабатасын шешеді. Байпағын пештің шұқырына тығады, түнде білегін жастап, шашын сипап, кұлағына мысықша қорылдай-ды...
Текешік шымшыса, қатыны күлімсірейді де:
- Саған не болды, Пракопий Метріш, қой, ауырып кетті.
- Бәле, ауырады... жаншып кетті... - тағы да шымшып - әрине, өз байың, басқа кісі емес.
Оның жүрегі орнықса, қатыны оған қарай бастап:
- Әй, сен омақ! Бір-екі қымтысам, сен мүлде жоқ боласың... Сен мені жансыз деп ойлайсың ба? Осындай қиқымбақайға шыдауға бола ма? - дейді.


2.

Бұрын ондай мінезді аз көрсетіп, үй ішіндегі көңілсіз істің бәрін өз мойынына арқалап жүруші еді. Балшебек келіп, әйелге теңдік деген соң-ақ, әйелдерге сөз сөйлеп, әйелдерге жел бере бастағанда, Мария да көзін ашып қарады. Бір шешен шығып, сөз сөйлейтін болды-ақ. Жүгіріп топқа барады. Бейне ұятты ұмытып кеткен секілді.


Кейде шешеннің қасына барып, жас қызша көзімен ойнайды:
- Жүріңіз, шешен жолдас, біздікіне барып шәй ішейік!
Байы да сол жерде еді. Өңі қашып кетті. Көзі қарауытқандай болып, танауы желбіреп кетті. Осы жерде қатынына жабысарма екен деп ойлайсың. Сөйтсе де шыдады. Сыналанып келіп:
- Жөнел үйге! - деді.
Ал, Мария қасақана ма... шешеннің орнына шығып бірге сөз сөйледі.
- Қара шекпен жолдастар!
Біздің ішегіміз қатып қалыпты. Байы да сол жерде күйіп кетті.
- Шешен жолдас, ана шайтанды шаужайлашы!
Үйге барған соң жұмырығын түйіп, қатынына ұшып барып:
- Жаныңды шығарармын! - дейді.
Мария мазақтап:
- Бұл бығылдап тұрған кім, Пракопий Метріш? Құбыжық, бірақ қорқынышты емес, - дейді.
- Енді жиынға барсаң дамбалынды сыпырып алармын!
- Қолың батпас!
Байы күйіп кетіп, ұрмақшы болып қару ізденсе, Мария оны қорқытып:
- Тиіп қара, ешкі басыңа бар ыдысты соғып талқандайын!..
Сол күннен барып, текешік күшін көрсетсе, Мария да қарсы күш көрсете бастады. Қатын пештің үстінде, текешік төсекте жатады да, текешік жуықтаспақ болады. Қатын бойын алып қашады.
- Жоқ, шырақ, енді бұрынғы халық болмайды. Еркектер, сіздердің бастарыңа өзгеріс болған...
- Кел бері!
- Бармаймын.
Текешік тыпырлап, тыпырлап ештеңе ете алмай, салқын көрпені жамылып жатады.
Бір күні іс соншалыққа жетті, күлкі: қатын бала табуды қойған! Екі бала тауып еді, өлген. Текешікке үшінші бала керек. Мария артықсынып, бойына теңгермейді.
- Мен бала табу сияқты ойыншықтан жалыққанмын.
- Не қылған ойыншық?
- Осы секілді... сен бір бала тауып көрдің бе?
- Қалай, мен қатын емеспін.
- Ие, мен де сиыр емеспін. Саған жылына бір бұзау таба алмаймын. Қашан, керек екен десем - табармын...
Текешік атып тұрды:
- Басыңды жұлып алармын!
Мария да ыққан жоқ:
- Мен бедеу болғанмын.
- Қалайша бедеу!
- Менің қаным кеуіп кеткен... Көп зорлық қыла берсең кетемін.
Байын түкпірге тықты.
Кейде байы ойнаған болады. Сандалып, онда-мұнда жүріп, сонан соң, қайда барарын білмейді. Пештің үстінде бойдақ кісіше жатады. Келістіріп ұрайын десе, кетіп қалады. Онымен тұрмай сотқа тартады. Балшебектер анық жазалайды. Олардың заңы сондай, қатындарды еркелетіп, бәріне ерік берді. Елден ұят: қайраты жоқ, қорқады - деп айтады. Екі рет балшыға бал аштырды. Бал түзелмейді. Үйіне союздың үйінен Мария газет, кітаптар әкеле бастады. Дастархандай қылып, үстелге жайып салып, бейне бала оқытатын әйелдерше қарап, еріні жыбырлап отырады. Естірте оқымайды. Әрине, текешік үндемейді.
- Жарайды, оқи бер, бірақ үйден шықпа.
Кейде қатынына қалжыңдап:
- Оқығышым-ау! Тілігірамның басын төмен қаратып ұстайсың ғой, — деп кояды.
Мария елең де қылған жоқ. Кітап пен газеттің ісі белгілі, адамға сіңіп, адамды өзгертіп, бұрынғы қалпына ұқсатпай жібереді. Мария да сол қалыпқа түсті. Терезеге қадалып қарайды.
- Менің ішім пысып, жалығып тұрмын, - дейді.
- Сенің не қылғың келеді?
- Бірдеме істегім келеді... Мұндағы емес, өзге бір алуан болғым келеді...
Текешік күйіп-күйіп, ақырында барылдайды:
- Ай, сайтанның сирағы, мен саған көрсетермін, сен әуейілене берме!..
Әйел шынында сөзуарлана бастады. Еркектің ісіне де араласты. Жиылыс болды-ақ, ол дайын. Еркектер ренжи бастады.
- Мария, сорпаңды бер!
Онда не бар, көзімен ғана қарайды. Әйел бөлімі дегенді шығарыпты. Мұндай сөзді естіген емеспіз. Қарасаң, ана жерде қатын, мына жерде қатынды көресің, неткен сайтан! Текешіктің үйіне курс ашты. Жиылып алып, шатырлай бастады. Кеңестің кемесері де бұл үйге келетін бола бастады. Ол біздің қыстақтың бастығы. Бұрын Васька деуші едік, ол балшебекке қосылған соң - Василий Иван ұлы атанды.
Енді текешік әбден жуасыды. Бір ауыз сез сөйлесе, оған қарап он дауыс:
— Ей, ей, ей, сөйлеме! - дейді.
Әрине, кемесар әйелдің қолын ұстап амандасады. Олардың жолы солай, енді.
- Пракопий Метіріш, әйелге ақыруға болмайды, төңкеріс...- дейді.
Ал, байы бейне есалаң кісіше құр мыңқылдайды. Жүрегінде, бұл төңкерісті талқан қылып жіберуге дайын, бірақ қорқады. Бәле шығуға мүмкін. Мария күннен-күнге асып барады. Мен біржолата балшебек партиясына шыққым келеді дейді. Текешік оны ұялтпақшы болады:
- Саған ұят емес пе? Не қылған сенің арың жоқ. Бәрібір, мына сықылды ісіңнің құдай жазасын бе-рер...- деген сықылды сөздер айтып көреді.
- Пішту-у! Құдай? Не қылған құдай? Мұны қайдан шығардың?
Дәл жынды кісідей болды. Кемесермен екеуі ұятты білмейді. Ол қатынга балшебектің кітәптарын тасиды. Басын айналдырады. Мария ырза болғандығынан өңі еніп, беті қызарады. Бір күні екеуі иықтарын түйістіріп, қатар отыр. Үйде кісі жоқ деп ойлайды. Текешік төсектің астында жасырынып жатыр. Қызғаншақтық жүрегін өртеп барады. Төсектің төменгі пердесін еденге шейін түсіріп, інінде тығылған тиінше жатты. Сонда кемесар айтады:
- Гришагина жолдас, сіздің еріңіз көзге де ілінбейді. Соныңмен қайтіп тұрғаныңызды ұқпаймын.
Мария күледі:
- Мен онымен жолықпағалы төрт ай болды, біздің сыртымыздағы жалғыз қабық...
Ол әйелдің қолынан тартып:
- Олай болуға мүмкін емес, мен бұған ешқандай нанбаймын.
Өзі әйелдің көзіне қадала қарап, жақындап, қысады. Жіңішке белден жоғарырақ құшақтап ұстап түрып:
- Мен сіздің халіңізді әбден түсінем! — дейді.
Текешік төсектің астында жатып естіп, естен адасқан адамдай болды. Балтаны алып, екеуін де қиратып тастағысы келсе де қорықты. Басын төсектің пердесінен шығарып қараса, аналар оған қарап күлісіп:
- Біз сенің перде астында отырғаныңды білеміз, - деді.


3.
Біз кеңес адамдарын реттемекші болдық. Қатындар бейне тойға барғандай қаптады. Біз сонда шуылдап кеңесіп жатқанда біреу Марияның атын атап айғайлап:
- Мария, Мария Гришагина! - деді.
Біздің біреуіміз әдейі қуланып:
— Сұраймыз... - дедік.
Бұл жай қалжың деп ойласып едік, іс шынға бет алды.
Қатындар дәл ұзақша еркектерді шұқи бастады. Тұл қатындар, солдаттардың қатындары бұлттай басты. Ал, біздің еркек табы ежелден қызметке әуес етпейтін. Әсіресе осы заманда, қолдарын көтере салды:
- Мария, ия, сол-ақ болсын. Мейлі күйіп кетсін! Марияның дауысын санай бастады - екі жүз онбес!..
Кемесер Иван ұлы Василий сөз сөйлеп құттықтады.
— Ал, Мария, сіз біздің кеңесшіл қара шекпен депутатының бірінші әйелі болдыңыз. Қызмет етіңіз. Мен сізді осы атаумен атап, Кеңес республикасы атынан құттықтаймын. Еңбекшілердің пайдасын көздейді деп сенемін...
Марияның көзі үлкейіп, беті қып-қызыл болып кетті. Күлімсіреді. Тұрды:
— Жолдастар, мен қызмет етемін. Қолымнан келмей қалса айыпқа бұйырмаңыздар, болысыңыздар!..
Сол уақытта текешіктің есі шықты. Әлде мен ұғына алмаған жері:
- Өзімді енді мазақ қылама жоқ, ардақтай ма — деп.
Үйіне келіп ойлады. Енді мұнымен қалай сөйлесемін, қызмет басындағы адам... Бізге де тамаша, бір алуан ойын секілді. Кешегі қатын дегенше болыстық кеңестің мүшесі:
Біздің ісімізді тексеріп шешеді. Біз өзара ұрыса бастап:
- Ақымақтар, қатынды осындай қызмет басына қоюға бола ма? — дестік.
Назаров отағасы Марияның шарай жүзіне:
- Әй, Мария, лайықсыз, кірмес қақпаға кірдің! - деді.
Ол басын шайқап:
- Мені жұрт сайлады, мен өзім кіргенім жоқ, - деді.


4

Кеңеске келіп, Марияның бетіне қарасақ, танырлық емес.


Алдына үстел қойыпты. Қара сауыт тұр. Қарындаш жатыр. Бірі қызыл, бірі көк. Қасында хатшы қағаз жазып отыр. Қатынның үні де өзгеріп кетіпті. Жазылған жазуды көзін қыдыртып оқиды.
- Бұл азық-түлік туралы ма, жолдас, Еремеев?
Қағазға қолын қойып, тағы да бейне ұлықтарша:
- Тізіміңіз сіздің даяр ма? Жылдам, бітіріңіз.
Көзімізге нанбаймыз... Мәссаған, Мария! Биттей қызарып шіміріксе екен-ау!
Біздің бәрімізді «жолдастар» дейді.
Бір күні Климов шалға да жұртпен бірдей:
- Сізге не керек, жолдас? - дейді.
Ол бұл сөзге шыдай алмады:
— Онан да шиқанымды бас! Мейлі сен болыстың мүшесі болсаң да, мен саған жолдас емеспін.
Сөйткенмен оны ұялта аласың ба, бірер айдан соң найзалы бөрік киді. Еркектің көйлегіне, бөрігіне жұлдыз қадады. Текешік қайғырып, қайғырып, ақыры одан талақ берсін. Айырылысуды сұрады:
- Мені мына секілді өмірден босат...Мен шыдай алмаймын. Басқа қолайлы әйел іздеймін - деді.
Мария қолын сілтеп:
- Мен қашан да ырзамын!
Бес айдай ол бізде қызмет етіп, бұл арада азырақ әңгіме туды. Казак-орыстар шабуыл жасады. Мария балшебектермен бірге арбаға кетті. Қайда екенін білмеймін. Басқа қыстақта көрген секілдімін. Әлде ол емес, басқа ұқсас әйел ме?.. Енді ондайлар көбейіп кетті ғой.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет