Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы


«Бывшие виднейшие руководители Алаш-орды...» (Заявление Ауэзова) -



бет65/69
Дата03.12.2023
өлшемі0.7 Mb.
#485291
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
АЛКА

«Бывшие виднейшие руководители Алаш-орды...» (Заявление Ауэзова) - жоғарыдағы ашық хаттың орысша аудармасы «Казахстанская правда» газетінің 1932 жылғы 10 маусым күнгі санында басылған.
«В борьбе с голодом» - Қазақстанның солтүстік және батыс облыстарындағы ашаршылыққа байланысты өткен мәжілістің хаттамасы. Осы отырыстан кейін кеңес өкіметінің қыр еліне деген өктемдігі мен бшығып кетті. Аштарға көмектесу үшін жер-жерге кетті. Кейін осы мәжілісте сөйлеген сөздері айып ретінде тағылғандықтан да хаттаманы беріп отырмыз әрі мұның деректік мәні де құнды. Алғаш рет «Абай» журналының 1997 жылғы №1 санында тарих ғылымының кандидаты А.Игенбай мен С.Жұртбайдың ұсынуымен жарияланды.
«Ермекұлы Әлімханның хаты» - Ә.Ермеков түрмеден шыққан соң «Социалды Қазақстан» газетінің 1932 жылғы 10 маусым күнгі санында М.Әуезовтің хатымен бірге жарияланған. Тұңғыш жарияланымы.
«Заявление Ермекова» - М.Әуезовтің ашық хатымен бірге «Казахстанская правда» газетінің 1932 жылғы 10 маусым күнгі санында басылған. Баспасөзде тұңғыш рет жарияланып отыр.
«Докладная записка» - ОГПУ-дің Қазақстандағы құпия-саяси бөлімінің ерекше өкілетті өкілдерінің 1933 жылы 11 қыркүйек күнгі БКП(б) Өлкелік комитетінің хатшысы Л.Мирзоянға жолдаған өте құпия баян хаты. ҚР Президенті архивінің бөлім меңгерушісі Ж.Сүлейменов пен журналист Райхан Ахметова «Абай” журналының 1997 жылғы №2-3 сандарында жариялады. 20-30 жылдардағы әдебиет саласындағы саяси қысым мен жазалау науқанының кезекті бір қорытындысы есебі ретінде ұсынылған құпия мәліметті біз де жоғарыдағы пікір таластарына берілген „саяси баға” орайында жинаққа енгізуді жөн көрдік.
«Жазығым не?» - А.Байтұрсыновтың хаты. Тұңғыш рет «Ақиқат» журналының 1996 жылғы №9 санында жарияланған. Сол нұсқа бойынша ұсынылып отыр.
«Ұлтшылдық» - Ж.Аймауытов пен М.Әуезов шығарған «Абай» журналының 1918 жылғы №2 санында пікір алысу ретінде жарияланған. Оған ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы журналдың келесі санында өзінің «Бір ауыз сөзін» қосқан. М.Тұрғамбаевтің өмірін зерттеуші С.Тәбәріковтің ұсынуымен «Абай» журналының 1992 жылғы №2 санында қайталанып басылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет