Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет9/69
Дата03.12.2023
өлшемі0.7 Mb.
#485291
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69
АЛКА

«АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІ ТУРАЛЫ
Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!

Ресей Комиунистік (Большевиктер) Партиясы Орталық Комитеті


Баспасөз бөлімі (Ұлтбаспасөз1 бөлімшесі)
№ 5128/с РК/б/П Қырөлкекомының2 баспасөз бөлімі
7 сәуір 1925 ж. Көшірмесі: Сырдария Обкомына3
Құпия 4 Шымкент қ.

РК/б/П ОК5 Баспасөз бөлімі өзінің қаулыларында және арнайы пікірлерінде «Ақжол» газетінің — Түркістан облысындағы РК/б/П Өлкекомының Ұйымбюросы6 органының жетекшілерінің саяси ұстамсыздықтарын және соңғыларға партияға қарсы ұлттық интеллегенциясының ықпал етіп отырғанын әлденеше атап көрсеткен еді. Бірақ осыған қарамастан, «Ақжол» қазіргі кезеңге дейінгі бүкіл Киргизиядағы7 ең ұстамсыз газет болып қалуда. Оның саяси бағыты, әсіресе соңғы айларда, мүлде төзуге болмайтындай болып кетті. Газеттің бас мақаласында «коммунистік партияның мүшелері болуға лайықты барлық кедейлер партиядан тыс қалуда, ал көптеген адал емес және өзінің жағдайын теріс пайдаланатын жалақорлар партияда. 4-5 жылдар бойы қырғыз (қазақ —С. Қ.) кедейлеріне пайдалы ешнәрсе де жасамаған осындай элементтер тағы да үкіметте... қырғыз халқы кездеспейтін жерлерде мансап үшін орыстармен саудаласу өте оңай. Сондықтан да үкімет билігіндегілердің көпшілігі және барлық қырғыз басшылары қырғыздардан аулағырақ отырғанды қалайды...» (№529) — дегендей нәрселерді редакция пайымдап жазады. Мұндай партияның беделін түсіретін, жол беруге болмайтын және партияға қарсы пікірлер бас мақалаларда, фельетондарда және белдеу мақалаларда аз кездеспейді. (қараңыз: № 535, 542 және т. б.). Мұндай нәрселерге сөз жоқ жол беруге болмайды.


РК/б/П ОК-нің Баспасөз бөлімі Қырөлкекомынын8 Баспасөз бөлімшесіне мына шараларды ұсынады:
1). Қырөлкекомының және сондай-ақ РК/б/П Қырөлкекомының жергілікті үйымдық бюросы тарапынан «Ақжол» газетіне партиялық басшылық күшейтілсін:
2). «Ақжол» газетінің редакторы орнынан алынып, ұстамды, даярлығы бар партияшылмен ауыстырылсын.
3). Редакция құрамы жаңартылсын және бірінші кезекте партияшыл әдеби қызметкерлермен толықтырылсын.
4). Партияда жоқ ингеллигенция «Ақжол» газеті редакциясында оларға партия тарапынан жетекшілік қамтамасыз етілген жағдайда ғана пайдаланылсын.
Қолданылған шаралар туралы РК/б/П ОК Баспасөз Бөліміне мәлімделсін10
РК/б/П ОК Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Н. Варейкис
Хатшысы: А. Грачев.
Мәскеу қ., 29 мамыр 1925 ж11-
Қырөлкеком бюросының барлық мүшелеріне
көшірмесі Ж. Варейкиске

Құрметті жолдастар!


1. Жуырда менің «Ақжол» журналымен12 танысуға мүмкіндігім болды. Мен осыған байланысты белгісіз емес Шоқаевтың13 ақгвардияшыл баспасөздегі кейбір мақалаларын еске түсірдім және өзімді шошытқан осы макалалармен «Ақжол» журналының рухани «ынтымағы» деуге болатын кейбір жаңалықты аштым. Ақылға сыймаса да бұл факт.«Ақжол», әрине, өзі де аңғармастан Шоқаевқа көлемді материал берді. Тіптен де аңғармай қалмайтын Шоқаев болса бұл материалдарды қорытады және жұртқа ұсынады. Мен сынды түсінемін, мен коммунистердің қызметін сынау мүмкіндігін және қажеттігін толық ұғамын. Бірақ табалаушы және кекшіл сын, бұл біздің сынымыз емес. Мұндай сынға кеңестер елінде орын болуға тиіс емес. Мүңдай сын буржуазияның қолына коммунизмге қарсы, Кеңестерге қарсы, Кеңестер Одағында өмір сүріп және тіршілік етіп жатқандардың бәріне қарсы құрал ғана ұсына алады. Осыған байланысты «Ақжол» журналын түбірінен жедел түрде қайта ұйымдастыруды, одан партияда жоқ интеллигенттерді қуып және оны коммунистік насихаттың органы етуге байланысты шаралар қолдануды сіздерден сұрауды мен өзімнің міндетім деп санаймын.


2. Мен партияда жоқ интеллигенттерді кеңес жұмысына тартуды барынша жақтаймын. Егінхалкомы, ХШК14- кооперация және басқа да шаруашылықтық органдар бұл адамдарды, оларды біртіндеп кеңестендіре отырып, мейлінше пайдалануы тиіс. Мен сондай-ақ, партияда жоқ интеллигенттерді қырғыз (қазақ — С. Қ.) мәдениетін орнықтыру ісіне тартуды да жақтаймын. Қырғыз тілінде оқулықтар құрастыру - мәдениет саласы бұл адамдардың пайдаланылуы тиіс басты майдан. Бірақ та мен партияда жоқ интеллигенттердің саяси және идеологиялық майдандағы күрес ісіне жіберілуіне мүлде қарсымын. Мен партияда жоқ интеллигенттердің қырғыз жастарына саяси және идеологиялық тәрбие берумен айналысуларына қарсымын. Біз өкіметті жастар тәрбиесін партияда жоқ буржуазиялық интеллигентгерге тапсыру үшін алғанымыз жоқ. Бұл майдан толығымен және түгелдей коммунистерге қалдырылуы керек. Онсыз Киргизияда (Қазақстанда — С. Қ.) Шоқаевтардың жеңісі сөзсіз жүзеге асады. Ал бұл Киргизиядағы коммунизмнің идеологиялық және саяси күйреуіне сәйкес келеді.
Осы мәселе бойынша өздеріңіздің пікірлеріңізді, сіздердің мәлімдеулеріңізді аса өтініп сұрар едім.
Коммуннстік сәлеммен:
И. Сталин.
РК/б/П Қырөлкекомның 1925 ж. 10 маусымдғы бюро мәжілісінің № 69 хатта-масы15
Тыңдалды:
5. Жол. Сталиннің «Ақжол» газеті туралы хаты (жол. Нанейшвили)16
Қаулы етілді:5.а)Жол. Сталиннің нұсқаулары еске және басшылыққа алынсын.
б) Ұлттық баспасөзге басшылық жасау туралы және онда ұлттық партияда жоқ интеллигенцияны пайдалану тәртібі жөнінде жарлық хат даярлансын және РК/б/П Губкомдарына жіберілсін.
Бұл жарлық РК/б/П ОК-нің Баспасөз Бөлімінің 1925 жылғы 7 сәуірдегі ұсыныстары, РК/б/П ОК Секретариатының Қазбаспасөзін жақсарту шаралары туралы 1925 ж. 2 наурыздағы және Баспасөз Бөлімі жанындағы Кеңестің 1924 жылғы қазандағы қаулысы негізінде және соларға сәйкес жасалынсын.
в) Жетекшілік сипаттағы материалдарды жергілікті газеттерге беру саласындағы ҮНБ (үгіт-насихат бөлімініц - ќұрастырушы) қызметі күшейтілсін.
г) «Ақжол» газеті қайта ұйымдастырылсын, ол губерниялық органға айналдырылсын, бірақ бұқаралық шаруалар газеті сипатын алсын.
«Ақжол» редакциясының Шымкент қал. көшіп келуі жөн саналсын.
д) РК/б/П ОК-не «Ақжол» газетінде партиялық-ұстамсыздық сипаттағы мақалалардың пайда болуы соңғы жарты жылдықта күшейе түскені мәлімделсін. Мұны Орта Азияны ұлттық межелеп бөлуге байланысты РК/б/П Сырдария Губкомының және Қырөлкекомының Ұйымдық бюросының Ташкенттен Шымкентке көшуінен, «Ақжол» газетінің соңғы кезге дейін Тәшкентте қалып қоюынан партиялық басшылықтың сол тұста әлсіреп кетуімен түсіндіруге болады.
Сондай-ақ, 1925 жылдың 7 сәуіріндегі Баспасөз Бөлімінің «Ақжол» газетінің жағдайын жақсарту туралы ұсыныстары орындалғаны да мәлімделсін.
е) Қазақтың жауапты партия қызметкерлерінің және әсіресе Парткомдар мүшелерінің баспасөз жұмысына үздіксіз қатысуларының әлсіздігі атап көрсетілсін.
Осы кемшіліктерді жоюға шаралар қолданылсын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет