Оқу жоспарлары бойынша «География» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:
9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Білім алушыларды әртүрлі географиялық ақпарат көздерімен, олардың ішінен қажетті материалдарды табу, талдау, түсіндіру, бағалау және қойылған мақсатқа жету үшін қолдану. Ақпарат көздеріне байланысты жұмыс түрлерін ұйымдастыру маңызды болып табылады. Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында танымдық белсенділікті жандандыру, оқу материалдарына танымдық қызығушылықты қалыптастыруға және дамытуға баса назар аудару қажет.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны (АКТ) сабақта қолдану ұсынылады, бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру арқылы оқу сапасына ықпал етеді. АКТ ақпаратты әр түрлі формада беруге мүмкіндік береді: тест,графика, аудио, видео, анимация және т.б.; ауқымдық ақпаратты бөліктерге бөлу, нәтижесінде оқу материалы оқулық мәтініне қарағанда оңай меңгеріледі. Танымдық белсенділікті ынталандыратын, пәнге деген қызығушылықты дамытатын, білім сапасын арттыруға ықпал ететін оқытудың әртүрлі әдістеріне, құралдары мен формаларына ерекше назар аудару керек. Осындай оқыту әдістері мен формаларының қатарына картамен жұмыс, шығармашылық жұмыс, тірек конспектілерді қолдану, нақты тақырыптар мен практикалық жұмыстардан тұратын Өлкетану материалдары негізінде оқу материалын саралау, оқулықтардың (оқулық басылымдарының) электрондық нысандарын, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) құралдарын, жеке бөлімдерді терең зерттеу мақсатында бейнематериалдарды пайдалану ұсынылады.«География» пәнін оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру пәннің ерекшеліктеріне байланысты. «География» – табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді бірлікте қарастыратын маңызды пән.Оқу пәнінің мазмұны «Адам – Табиғат – Қоғам – Мәдениет» жүйесіндегі жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге, табиғи байлықтарды, туған өлкені тануға; Жер, қоршаған орта, табиғат, оның алуан түрлілігінің себептері, халқы және шаруашылық қызметі туралы білімді меңгеруге бағытталған. Оқу пәнінің тәрбиелік әлеуетін іске асырудың үш негізгі бағытын атап өтетін болсақ: олар - оқу материалының мазмұнын таңдау; сабақтың құрылымын жетілдіру; қарым-қатынасты ұйымдастыру.«География» оқу пәні білім алушыларға әлеуметтік рөл мен болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі, оқушы тұлғасының жалпы мәдениетін, оның сауаттылығын қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Пәнді оқу нәтижесінде оқушылардың бойында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстанның флорасы мен фаунасын, табиғатын сақтау бойынша практикалық міндеттерді өмірде табысты шешуге мүмкіндік беретін іскерліктер мен дағдылар, құзыреттер қалыптастырылатын болады.
1-кесте. «География» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Достарыңызбен бөлісу: |