66
Ал мəселеге норма тұрғысынан қарайтын болсақ, сөздіктің қай түрінде де
болмасын, оның ішінде электронды сөздіктерде де синонимдердің орналасу
тəртібіне қойылатын талаптар – доминант сыңарының бірінші орналасуы, яғни
əдеби тілде функционалды жағынан бекітілген доминант сөздің алдыңғы
қатарда тұруы, сақталуы шарт болып есептеледі. «Sozdik.kz» версиясында жаңа
сөздерді беруде бұл жайт сақталмаған. Бұның бірнеше объективті себептері
бар: «Sozdik.kz» версиясы «қағаз жүзіндегі» лексикографиялық еңбектерді жəне
бекітілген терминдерді басшылыққа алғанын жоғарыда атап өткен болатынбыз;
бірақ кейінгі жылдары жарық көрген «қағаз жүзіндегі»
лексикографиялық
еңбектерде жаңа сөздер толықтай қамтылмаған; екіншіден, əрбір пайдаланушы
өз бетінше толықтырып
отыратын болғандықтан, электронды сөздіктерде
синонимдерді беру талаптарының сақталмауы заңды; үшіншіден, бірақ бұл
жайт пайдаланушы, айталық, аударма жасайтын адам өзіне ұнаған сөзді немесе
синоним парадигмалардың біріншісі болып тұрған лексеманы пайдалана береді
дегенді білдіреді. Бұған мына мысалдар дəлел бола алады: «
Арқақоржыныңды
ал да, сапарға шық!» (телеарнадан); «
При заказе особых закусок вы получите 3
литра янтарной напитки бесплатно – Ерекше тіскебасарларға тапсырыс
кезінде кәріптас сусынның 3 литрін тегін аласыз» (жарнамадан).
Өйткені
орысша-қазақша электронды сөздікте
арқақоржын (рюкзак),
тіскебасар
(закуска) сөздері бірінші қатарда тұр; ал
кәріптас «янтарь» деген сөздің
қазақша атауы болып берілген. Ал пайдаланушы өзіне ұнаған, өзі қолайлы деп
тапқан, яки болмаса алдыңғы қатарда тұрған сөзді ресми-іскери мəтіндерде,
аударма жасау ісінде қолданатын болса,
бұл нақты бір заттың, ұғымның
ақпараттық, семантикалық көлемін дəл бере алмауы мүмкін, осының
нəтижесінде қазақ сөйлеу мəдениетіне кедергі келтіретін жарнамалық мəтіндер,
мазмұны түсініксіз аударма мəтіндер пайда болады. Осы себепті орысша-
қазақша электронды сөздікте орыс тіліндегі немесе интернационалдық
терминдерді бірнеше қазақша
баламамен көрсеткенімен, тіркес құрамында
көбінесе орыс тіліндегі баламасы пайдаланылады: Мысалы, «подставка» сөзі
үшін
астына қойылатын сүйемел / түпқойма / тығырық / үйкек қатарлары
көрсетілген; бірақ жарнама жасаушы немесе «подставка» сөзі қатыстырылған
мəтінді қазақ тіліне аударушы осы аталғандардың бірін таңдауда қиындықтарға
тап болады; бірінші балама – түсіндірме мазмұнында; екінші балама – түпнұсқа
тілдегі сөздің семантикасына сəйкес келмейді; үшінші баламаның негізгі
мағынасы – «тупик»; соңғы балама – «қағаз жүзіндегі» лексикографиялық
еңбектерде, оның ішінде түсіндірме сөздікте мағынасы анықталмаған;
«зат /
Достарыңызбен бөлісу: