93
мен тіл арасындағы қарым-қатынастың өзегін айқындайды. Тілдік
қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде өзіне қажеттісін таңдай отырып,
жеткіншек өз ұстанымын көрсетеді. Бұл ретте біздің тарапымыздан ұсынылып
отырған таңдау пəні жоғары мектеп сатысындағы оқушының жаңа сөз
құбылысы туралы дұрыс əрі жан-жақты көзқарасын қалыптастыруды көздейді.
Сондықтан да аталған мақсатты жүзеге асыру жəне оң нəтиже алу осы жас
кезеңіне сəйкестендіріліп отыр.
Лингвистикалық ілім қалыптаса бастағаннан бері белгілі бір халықтың
тілін, жалпы тіл білімі мəселесін зерттеушілер тілдің философия, логика,
биология, нейрофизиология, психология салаларына
қатысы бар екендігін
мойындап келеді. Өйткені адамның кез келген іс-əрекеті оның жүйке жүйесінің
жұмысына барып тіреледі. Демек, тілші-ғалымдар үшін бұл арада сөйлеу
əрекетіне байланысты мидың қозғалысында қандай мəліметтер болып
жататындығын анықтау маңызды болып саналады. Ми жүйесінің жəне жүйке
тамырларының жұмысы арқылы жеке адам қоршаған ортаны танып, біліп,
алған ақпаратын сөйлеу əрекетіне қосады.
В. Гумбольдттың еңбектерінде лингвистиканың нысанасы адамның жан
дүниесімен, рухымен байланысты болу керектігі көрсетілген болатын [71].
Тілді адамның ойлау қабілетінен тысқары, оқшау қарастырудың мүмкін
еместігі басқа ғалымдар тарапынан да тұжырымдалған. Шындығында да тіл –
белгілі бір халықтың ұлттық ойсанасын, қоршаған ортадағы пайымдауы мен
қабылдауынан қалыптасқан дүниетанымын, осы дүниетанымды
логикалық
тұрғыдан қорытуын көрсететін, ішкі дүниесіндегі психикалық, рухани
қозғалыстардың табиғатын танытатын рухани жеміс. Алайда осы тұтастай
дүниетанымды, логиканы, барша рухани қозғалыстарды тіл арқылы бейнелеуде
адамдардың ойлауы мен жеткізу қабілеті бірдей емес. Аталғандар адам өмір
сүретін қоғамның кезеңіндегі барлық жағдайларға, адамның əлеуметтік
белгілеріне, қоғамның тікелей əсеріне, сондай-ақ қоғам мүшелерінің жас
ерекшеліктеріне байланысты. Осы себепті тілде пайда болған жаңа сөздердің
қоғам мүшелерінің менталды лексиконындағы көрінісі
психолингвистикалық
тұрғыда қызығушылық тудырады.
Жеке адамның сөйлеу, өз ойын жеткізу қызметінде, оның рухани дүниесі
мен ақпаратты жеткізу қызметінің арасындағы байланысты танытатын басты
тілдік бірлік – сөз болып табылады (бұл ретте жеке адам ретінде зерттеу
нысанына байланысты мектеп оқушысы қарастырылады). Ал сөзге қатысты
мəселеге тоқталатын болсақ, бұл – тілдің негізгі категорияларының бірі ғана
емес, сонымен қатар адамдардың көзқарастарына, кəсібіне, сенім-нанымына
қарамастан тікелей пайдаланатын қарым-қатынас құралы.
Жеке адам ретінде
оқушы өз ойын жəне сезімдерін сөз арқылы жеткізеді, сөз арқылы ақпарат
алады, жаңа сөздерді жəне басқа тілдерге тəн сөздерді үйренеді, сөз үйрену
арқылы білімін жетілдіреді. Сөз – материалдық (дыбыстар жəне нысандар)
жəне идеялдық (мағына) факторлардың күрделі бірлігі. Міне, сондықтан да
қазіргі кезде тілші-ғалымдар кез келген тілдегі жеке сөзді басқа ғылыми
94
салалармен, əсіресе психолингвистика аспектісімен тығыз қарым-қатынаста
қарастырудың маңыздылығын мойындайды.
Жаңа сөздерді психолингвистикалық аспектіде қарастыру барысында ең
алдымен əлеуметтік лингвистиканың статистикалар бойынша бүгінгі таңда
қазақ тілді қоғам мүшелерінің
екі тілді қатар меңгергендігін, нақты айтқанда,
кез келген коммуникативтік жағдаятта екі тілді қатар пайдалана беретіндігін
атап өту керек [152, 209]. Бұл көрсеткіштердің құрамында мектеп оқушылары
да қамтылған. Ал нейролингвистика тұрғысынан қарасақ, жоғарыда көрсетілген
пайыздық мəлімет қазақы тілді қоғам мүшелерінің санасында белгілі бір ұғым-
түсініктік атауын айтуда екі тілдегі ақпарат қатар жүріп отыратындығын
көрсетеді. Бұл арада қалай болғанда да орыс тілін білетін тілдік құзыреті 93%-
дан асатын қазақы тілді қоғам мүшелерінің коммуникативтік актіде өз ойын
шапшаң жеткізу үшін бұрыннан қалыптасқан тілдік бірлікті қолдануы дəлелді
болып саналады. Мысал ретінде қазақ тіліндегі баламалары бола тұра, тіпті
олардың кейбіреуі əбден нормаланған болса да,
сотовый телефон, зонт,
Достарыңызбен бөлісу: