Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет48/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

коммуникативтік сана ұғымдарын анықтап, одан кейін тіл бірліктерінің, соның 
ішінде лексикалық инновациялардың санадағы көрінісін бірқатар əдістер 
арқылы анықтауға болады. 
Классикалық ғалымдар – В. фон Гумбольдттың «тілдік сана – ақылдың 
интеллектуалды түйсігі» [71]Ф. де Соссюрдің «сөйлеу əрекетінің жүзеге асуы 
бізге табиғаттан берілген, олай болса тіл игерілген жəне шартты нəрсе» [72] – 
деген пікірлерінің негізінде қазіргі əлемдік лингвистикада жоғарыда аталған 
сана түрлері біршама анықталған. Зерттеу пікірлерге қысқаша тоқталу жаңа 
сөздердің қазіргі қоғам мүшелерінің санасында орнығуы жəне осы орнығу 
арқылы қолданысқа түсуі туралы тұжырымдар айту үшін маңызды.
Тілдік сана ұғымы И.А. Бодуэн де Куртенэнің қолданысында – «тілдік 
сезгіштік» (―языковое чутье‖), Е.В. Ухмылинада – «тілдік түсінушілік» 
(―языковая сознательность‖), Л.В. Щербада – «лингвистикалық түйсік» 
(―лингвистический инстинкт‖) деп қолданылған. 
Сонымен қатар қазіргі зерттеушілер жеке адамның тілдік санасы дегенді: 
а) «тілдік сана – тілді меңгеру қабілеті; ə) тіл туралы білімдердің жиынтығы» 
[153]; б) «тілдік кеңістікте коммуникативтік қарым-қатынаста тілде орныққан 
стериотипті тілдік бірліктерді қолдану» [154]; в) «күнделікті қарым-қатынаста 
тілдік білімге қажеттіліктің болуы»; «тілге деген қоғамдық сұраныстың болуы 
арқылы тілге саналы көзқарастың қалыптасуы» [155]; «тілдік сана – тілдік 
құралдар – сөз, еркін жəне тұрақты сөз тіркестері, сөйлем, мəтін жəне 
ассоциативті өрістің көмегімен қалыптасқан санадағы бейнелердің жиынтығы» 
[156]; «тілдік сана – тілді иеленушінің түйсігіндегі ерекше тілдік құрылымдар» 
[157] – деп түсіндіреді. Бұл пікірлер, біздің байқауымызша, қазіргі ұлт 
тілдерінің сипаттарын зерделеудің нəтижесінде қалыптасқан жəне осы 
зерттеушілер когнитивтік сананы біртұтас қарастырады. Осы пікірлер қазақ 
тілін, оның ішінде жаңа сөздерді жан-жақты анықтауда маңызды.
Қазіргі пайда болып жатқан жаңа сөздер қоғам мүшесінің, соның бір 
мүшесі ретінде оқушының тілдік санасында қалай орнығады деген сұрақ пайда 
болады. Өйткені ұлттың когнитивтік санасындағы өзгерістер, қоғамның саяси-
əлеуметтік құрылымындағы жаңа сипаттар жеке адамның тілдік санасына 
тікелей əсер етпей қоймайды. Тілдік сана да өзгереді. Қазіргі жағдайға 
байланыстыра айтқанда, тұтас қазақстандық қоғам мүшелерінің, соның ішінде 
мектепте білім алушылардың тілдік санасында қазақ тілінің қоғамдық 
маңыздылығын түсіну, қарым-қатынас үшін қажеттілігін мойындау, қазақ тілін 
меңгерудің қажеттілігін мойындау сияқты параметрлер бар. Қазақстандық 
қазіргі қоғам мүшелерінің тілдік санасын одан əрі бекіте түсу, қазақ тілінің 
қажеттілігін мойындату мақсаттарында пайда болған жаңа сөздерді түсіндіру, 


97 
насихаттау, білім жүйесіне енгізу арқылы қазақ тіліне деген жоғары 
саналылықты қалыптастыру керек.
Егер қоғам мүшесінің – жеке адамның тілдік санасын нақтылай түсетін 
болсақ, онда жеке бірліктердің семантикасын (семантикон) жəне тілдік 
бірліктердің образды-прагматикалық қызметін (прагматикон) қамтитын білім 
болуы керек. Бұл жиынтық əрбір жеке адамда əртүрлі деңгейде. Өйткені жалпы 
сана жəне тілдік сана онтогенезде жəне филогенезде тілдің қатысуы арқылы 
қалыптасады, мұнда таңбалар санадағы концептілердің жасалу үдерісінде 
қорытудың материалдық сүйеніші ретінде қызмет етеді, алайда сана қызмет ету 
үшін тілге бағынышты емес, сана өз қызметін əмбебап кодтар арқылы жүзеге 
асырады.
Тілдік сана – жеке адамның психикасына байланысты сөйлеуді жүзеге 
асыратын тетіктердің жиынтығы жəне лексикон, семантикон, прагмтатикон 
жиынтықтарының тілдік санада сақталуы; коммуниканттардың сөйлеу 
хабарламаларын айту жəне қабылдау кезінде пайдаланылатын білімі. 
Қазіргі психолингвистика, сондай-ақ коммуникативтік лингвистика немесе 
қатысымдық 
лингвистика 
жəне 
когнитивтік 
лингвистика 
үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет