Алдашева камар сагингалиевна


- тапсырманың сипаты жаңа сөздер бойынша оқушылардың теориялық  білімнің көлеміне сəйкес болуы тиіс;  -



Pdf көрінісі
бет63/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

- тапсырманың сипаты жаңа сөздер бойынша оқушылардың теориялық 
білімнің көлеміне сəйкес болуы тиіс; 
- тапсырмалар оқушылардың лексикалық білік-дағдысын қалыптастыруы 
керек; 
- тапсырмалар жүйесі, олардың түрлері оқытудың міндеттерін жəне оқу 
материалының сипатын анықтауы тиіс; 
- тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік 
жасауы қажет; 
- тапсырмалардағы дидактикалық материалдар оқу мақсаттарына жауап 
беріп, тəрбие беру міндеттерін шешуі тиіс. 
Жаңа сөздерді меңгерту бойынша тапсырмалардың мақсаты – ауызша 
жəне жазбаша формада оқушылардың өз ойын дəл жəне анық жеткізе алуын 
қалыптастыру, сөзге назар аударуға үйрету, жаңа сөздер арқылы оқушының 
рухани əлемін байыту, жаңа сөздердің қолданыстағы қызметіне тəн 
ерекшеліктерді анықтау.


126 
Тіл жүйесіндегі жаңа сөздер бойынша жасалатын жұмыстардың мазмұны 
оқушылардың өз ана тілінің лексикалық байлығын теориялық тұрғыдан да, 
практикалық деңгейде де игеруі үшін қажетті лексикалық дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталған лексикалық жаттығулар жүйесін жасауға негіз 
болды. Жаңа сөздер бойынша ұсынылатын жаттығулар жүйесі лексикалық-
семантикалық, лексикалық-грамматикалық жəне лексика-стильдік деп жіктелді. 
Жаттығулар арқылы білімді меңгерту жəне білімнің деңгейін анықтау мəнмəтін 
көлемінде жүргізіледі.
Лексикалық-семантикалық жаттығулар мəтіндегі немесе мəнмəтіндегі 
жаңа сөздердің семантикасын анықтауға бағытталады. Сөздің семантикасын 
түсіну нəтижесінде мектеп оқушысының ұлттық-мəдени болмысты тереңірек 
тануына тиімді жол ашылады, семантикасын танып-түсінген сайын сол 
оқушының жадында сақталып, коммуникативті актіде пайдалануына мүмкіндік 
береді. Сонымен қатар сөздің семантикасын анықтау бойынша жаттығуларды 
орындау кезінде оқушы бірнеше ақпарат көздерін (түсіндірме, этнографиялық, 
этимологиялық сөздіктерді) пайдаланады, лингвоелтаным бойынша басқа 
мəліметтерді 
іздестіреді, 
бұл 
мектеп 
оқушысының 
лингвомəдени 
құзыреттілікке ие тілдік тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Жаңа сөздің 
мағынасын анықтауға арналған тапсырмалар лексикалық бірліктің оқушының 
тілдік санасында бекуіне, белсенділікке ие болуына, сөзді дұрыс қолдану 
дағдысының қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы:

Медицина ғылымындағы «емдәм» және «дәрумен» сӛздерінің 
мағынасы нені білдіреді? Ем, дәм, дәру сӛздерінің ішкі семантикасын 
анықтаңыз. Тілдік мағлұмат беретін ақпарат кӛздерін пайдаланыңыз.

Берілген мәнмәтіндегі кӛп нүктенің орнына мағынасы сәйкес келетін 
сӛзді қойыңыз? ... дәрігерлердің басқосуында адам ... жақсартатын, ..., ... 
ауруларын жеңілдететін ... жасаудың жолдарын кӛрсететін тәжірибелік 
сабақтар кӛрсетілді. Ұсынылатын сӛздер: ағза, демікпе, сусамыр, ота, 
оташы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет