14.1. Қамтамасыз етудің жалпы талаптарын Банктің Кепіл саясаты орнатады. Банк үшін қабылданатын қамтамасыз етудің тиімділігі туралы шешімін әрбір нақты жағдайда Банктің уәкілетті органы қабылдайды.
14.2. Қарыз ұсыну туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге жазбаша түрде кепіл Шарты жасалады, оның құрамына:
-
кепіл заты, оның бағасы;
-
кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, көлемі мен мерзімі;
-
тараптардың қайсысында кепілге қойылған мүліктің бар екендігін нұсқау және оны пайдалануға рұқсат ету кіреді.
14.3. Кепіл затын бағалау теңгемен көрсетіледі және егер басқалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбесе, тараптардың келісімі бойынша анықталуы мүмкін. Шет ел валютасымен міндеттемені қамтамасыз етуші, кепіл затын бағалау теңгемен көрсетіледі және кепіл туралы шартты жасау күні валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша міндеттеме валютасымен көрсетіледі.
14.4. Банк кепілдік қамтамасыз ету ретінде Банк қабылдайтын мүліктің келесі тізімін басшылыққа алады:
-
жылжымайтын мүлік объектілері:
-
тұрғын үй қорларының құрамына кіретін (тұрғын үйлер, пәтерлер және т.б.);
-
жеке меншік құқындағы жер телімдері немесе алғашқы ұзақ мерзімді (5 жылдан кем емес) қайтарымды жерді пайдалану;
-
өндірістік мүліктік кешендер, өндірістік және қоймалық базалар, коммерцияға тағайындалған басқа объектілер;
-
жылжымайтын мүлікке теңестірілген ауа кемесі, теңіз (өзен, кішкене өлшемді) кемелері;
-
көлік құралдары (жеңіл, ауыр, жолаушы);
-
трактор, ауылшаруашылық, жол-құрылыстық, тау және басқа арнайы техника;
-
теміржол жылжымалы құрамы;
-
табыстау қондырғылары, өндірістік технологиялық желілер, басқа жабдықтар;
-
алты айдан кем емес сақтау мерзімі бар тауарлық-материалдық құндылықтар, оларға қатысты айналымдағы немесе кепілдегі тауарлардың кепіл тәртібі таратылуы мүмкін;
-
құнды қағаздар: Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері эмитирленген мемлекеттік және корпоративті;
-
шаруашылық серіктестіктерге қатысу үлестері;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес кепіл берушінің меншігіне болашақта түсетін мүліктер, келісім-шарттар мен шарттар бойынша талап ету құқығы;
-
мүліктік құқықтар (жерді пайдалану құқығы, жер телімдерін алғашқы ұзақ мерзімді қайтарымды жерді пайдалану (жалға алу) және т.б.);
-
кепілдіктер мен өкілеттіктер;
-
монеталық құнды металлдар;
-
сақтандыру (қайта сақтандыру) мекемелерінің сақтандыру полистері;
-
Банктегі шоттағы ақшалар;
-
Банктегі Клиенттің шоттарына шарттар мен келісім-шарттар бойынша болашақта түсетін ақшалар.
14.5. Кепіл затына ұсынылатын негізгі талаптар:
-
Банктің ішкі нормативті құжаттарында басқалары қарастырылмаған болса, мүлікке кепіл құқын (мүліктік құқықтар) тіркеу және кепіл құнын анықтау, нарықтық құнды анықтау үшін қажетті, ұсынылатын кепілге меншік/иемдену құқын растаушы құжаттардың түпнұсқаларының болуы.
-
Кепіл затының Қамтамасыз ету ретінде қабылданатын кепіл затына нарық конъюнктурасынан туындаған және бағалардың қажетті тұрақтылығын қамтамасыз ететін өтемділігі болуы тиіс.
-
Кепілге ұсынылатын мүліктер мен мүліктік құқықтар үшінші тұлғалардың (алғашқы кепіл ұстаушының жазбаша келісімімен екінші ауыртпалықты салу жағдайынан басқа) талаптары мен ауыртпалықтарынан бос болуы қажет.
-
Ақша, құнды қағаздар, жер телімдері, Кепіл заты болып табылатын мүліктік құқықтар мен талап ету құқықтарынан басқа жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді сақтандыру Банктің ішкі нормативтік құжаттарында анықталған тәртіп бойынша орындалады.
-
Кепілге берілетін (егер кепілге берілетін мүліктің меншік иесі немесе бірге меншіктену иесі кәмелет жасқа толмаған тұлға болса және/немесе сот тарапынан іске жарамсыз деп танылған (іске жарамсыздықпен шектелген) мүліктерді соттан тыс тарату құқын Банкке беру және кепілге қамқорлықшылық және қорғаншылық органдарының белгіленген түрдегі келісімінің болуы.
-
Кепілге мүлікті беру және оны соттан тыс таратуға (Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде қарастырылған жағдайларда) кепіл беруші-жеке тұлға жұбайының белгіленген үлгідегі келісімінің болуы;
-
Кепілге мүлікті беруге және соттан тыс таратуға барлық кәмелет жасқа толған меншік иелерінің келісімін растайтын белгіленген үлгідегі келісімнің болуы.
-
Кепілге қойылатын мүліктің мемлекеттік үлесі болған кезде, ҚР уәкілетті мемлекеттік органдарының келісімі. Егер кепіл беруші заңды тұлға болса – заңды тұлғаның уәкілетті органын соттан тыс таратуға және кепілге беруге келісім беруі.
-
ҚР заңнамасында қарастырылған жағдайларда, ҚР уәкілетті мемлекеттік оргындарының кепіл мүлкін кепілге беруге және соттан тыс таратуға берген келісімі.
14.6. Кепілге қабылданбайтындар:
-
айналымнан алынған мүліктер;
-
шектеулі айналымға қабілетті заттар (мемлекеттік жерлер, ескерткіштер, улы, есірткелік және күшті әсер етуші заттар, қару-жарақтар және т.б.);
-
ҚР заңнамасына сәйкес өндіріп алынбайтын, жеке тұтыну заттары;
-
жеке мүлікке жатпайтын игіліктер мен құқықтар (өмір, денсаулық, жеке адамның абыройы, құрмет, адал аты, іскер беделі, жеке өміріне сұғынбаушылық, жеке және отбасы құпиясы, есімге берілген құқық, авторлық құқығы, шығармаларға сұғынбаушылыққа берілген құқық және басқа бейматериалдық құқықтар);
-
қоғам үшін тарихи, көркем немесе басқа мәдени құндылығы бар мүліктер;
-
зергерлік бұйымдар (құнды металлдар сынығы түріндегі зергерлік әшекей бұйымдарды кепілге қабылдау жағдайынан басқа);
-
істен шыққан, жинақталған, апатты жағдайдағы жабдықтар мен техника;
-
несие берушінің жеке басымен тығыз байланысқан талаптар, оның ішінде алименттер туралы, өмірге және денсаулыққа келтірілген зияндылықтарды өтеу және басқа құқықтар, олардың орнын басқа тұлғаға беру ҚР заңнамалық актілермен рұқсат етілмейді;
-
нарықта кең сұралмайтын, тар өзгешелікке тағайындалған заттар мен объектілер;
-
жеке мүліктер, үй іші заттары (тұрғын үйлерде орналасқан жиһаз, тұрмыстық техника және т.б.);
-
соңғы күнтізбелік ай ішінде осы қағаздар бойынша сауданың ортакүндік көлемінен асатын, көлем бойынша, эмитент рейтингінің болуымен байланысты, әлемдік биржа1 листингі құрамына кіретін құнды қағаздар;
12) 50 жылдан астам пайдалану мерзімі бар немесе 50% астам физикалық тозған, немесе жоспарланған құлату аудандарында орналасқан, коммерциялық жылжымайтын мүліктердің объектілері;
13) тұрғын жылжымайтын мүлік объектілеріне талаптарды жете сипаттау «Альфа-Банк» ЕБ АҚ кепіл саясатында көрсетілген.
14.6. Жер телімінің көлемі жағынан тұрғын үйлер бойынша жалпы шектеулер және инженерлік коммуникациялардың болуы келесілер:
-
алаңы 0,04 га кем жер телімінде орналасқан тұрғын үйлер кепілге қабылданбайды. алаңы 0,02 га болатын жер телімі бар, коттеджді қалашықта орналасқан үйлерден басқа.
-
Орталық электрмен қамтамасыз етудің, сондай-ақ орталық немесе сумен қамту, жылу беру, кәріздердің (ағу арықтарының) автономды желілерінің болмауы.
15 Бөлім. ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ ҚАЛЫПТАРЫ
15.1. Банк аккредитивтермен, кепілдіктермен, инкассомен құжаттық операцияларды орындайды.
15.2. Құжаттық аккредитивтерді пайдаланып ұлттық және шет елдік валютасымен операциялар жүргізгенде Бірыңғайланған ережелер мен Халықаралық Сауда Палатасының құжаттық аккредитивтер бойынша дәстүрін, ҚР заңнамасын, сондай-ақ Банктің ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
15.3. Банк келесі құжаттық операцияларды орындайды:
1) аккредитивтер шығару;
2) клиенттердің өтініші бойынша кепілдіктерді шығару;
3) шет ел банктерінің контр-кепілдіктеріне қарсы кепілдіктер шығару;
4) бірінші санаттағы шет ел банктерін растауымен аккредитивтер, кепілдіктер шығару;
5) басқа банктердің аккредитивтерін, кепілдіктерін растау;
6) құжаттық инкассоға құжаттарды қабылдайды, сондай-ақ құжаттық инкассо бойынша түскен құжаттарды береді.
15.4. Банк келесі аккредитивтердің түрлерімен операцияларды орындайды:
1) қайтарып алынбайтын;
2) трансферабельді;
3) расталған;
4) расталмаған;
5) жабылған;
6) жабылмаған;
7) қор.
15.5. Аккредитивтерді орындау мақсатындағы төлемдер қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана орындалады.
15.6. Банк келесі тәсілдермен аккредитивтер бойынша төлемдерді орындайды:
1) ұсыну жөніндегі төлем;
2) мерзімін ұзарту арқылы төлем;
3) аудармалы вексельдер акцепті (тратт);
4) негоциация.
15.7. Банк ақшаны тура аудару арқылы, корреспонденттік шотқа (егер Банктің орындаушы (растаушы) Банкте корреспонденттік шоты ашылған болса) дебеттеуге өкілеттікті ұсыну арқылы, не нақты аккредитив (орындаушы Банктен осындай өтелімге сұранысын алған жағдайда) бойынша нақты соманы өтеуін тапсырумен Банктің банк-корреспондентке жіберген, рамбурсты нұсқауларын көрсету арқылы аккредитив бойынша төлей алады.
15.8. Банк кепілдіктердің келесі түрлерімен операциялар жүргізеді:
ұсыныс кепілдігі (конкурстық немесе тендерлік);
орындау/төлем кепілдігі;
аванстық төлемді қайтару кепілдігі.
15.9. Құжаттық аккредитивті ашу туралы шешімді Банктің Бас Несие Комитеті қабылдайды.
15.10. Банк инкассалайтын, ұсынушы Банк ретінде шет ел банктерінің инкассалық тапсырыстарын орындайды. Бұл ретте Банк Клиенттерге шет елден импортталатын тауарларды береді және алатындарға қызметтер көрсетеді, олардан төлемді немесе тратт акцептін (мерзімін ұзарту арқылы төлеу міндеттемесін сатып алушының қабылдауы) алуға қарсы құжаттарды, не инкассолық тапсырыстарда анықталған басқа талаптармен береді.
15.12. Барлық операциялар Банктің тарифтері негізінде орындалады.
17 Бөлім. ВЕКСЕЛЬДЕРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУДІҢ ЖӘНЕ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДА ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
17.1. Банк Лицензияларға, ҚР заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес құнды қағаздар нарығында келесі кәсіби әрекеттерді орындауға құқылы: құнды қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде Клиенттердің шоттарын жүргізу құқы бар құнды қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік іс-әрекеттерді; кастодиалды әрекеттерді.
17.2. Брокерлік және дилерлік әрекеттер шегінде Банк ҚР қолданыстағы заңнамасында Банк үшін рұқсат етілген, құнды қағаздармен және қаржылық құралдармен мәмілелер жүргізуге құқылы.
17.3. Банк Лицензияларға, ҚР заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес вексельдермен операциялардың келесі түрлерін орындауға құқылы: есептеу операциялары, инкассоға вексельдерді қабылдау, төлеушінің вексельді төлеу жөніндегі қызметтерін ұсыну, сондай-ақ домицилирленген вексельдерді төлеу, делдалдық тәртіппен вексельдер акцепті, форфейтингтік операциялар (сатып алушының сатушы айналымынсыз вексельді сатып алуы арқылы қырыз міндеттемесін төлеуі).
17.4. Банк сондай-ақ өзінің құнды қағаздарын шығаруға құқылы.
17.5. Осы бөлімде көрсетілген, Банктің жүргізетін операцияларының нақты талаптары Банктің ішкі қалыпты құжаттарында, сондай-ақ Клиенттермен жасалған нақты шарттарда белгіленеді.
18 Бөлім. БАСҚА ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
18.1. Жоғарыда көрсетілген операциялардан басқа, Банк Лицензияға сәйкес, ҚР заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес операциялардың келесі түрлерін орындайды:
-
сейфтік операциялар: құжаттық түрде шығарылған құнды қағаздарды Клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметтер, сейфтік жәшікті (ұяшықты) жалға беруді қоса.
-
қаржылық қызметпен байланысты мәселелер бойынша кеңес беру қызметтерін ұсыну;
-
банктік-қаржылық қызмет саласында мамандардың біліктілігін көтеру бойынша оқытуларды ұйымдастыру;
-
сақтандыру мекемелері – Қазақстан Республикасының резиденттері атынан сақтандыру шарттарын жасау, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының атынан зейнетпен қамтамасыз ету туралы шарттарды жасау.
-
Осы бөлімде көрсетілген операцияларды орындайтын Банктің нақты талаптары Банктің ішкі нормативті құжаттарында, сондай-ақ Клиенттермен жасалған шарттарда бекітіледі.
19 Бөлім. БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕР МЕН ТАРИФТЕР
19.1. Банктік қызметтер көрсеткен үшін Банк ҚР заңында бекітілген шектеулерді ескере отырып, өз еркімен тарифтерді, комиссияларды және сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді. КУАП және Банктің Тарифтік комитетінің шешімі бойынша Клиентке Директорлар Кеңесі бекіткен мөлшерлемелер мен тарифтердің шегінде жеке немесе жеңілдетілген тарифтер (нақты Клиентке/Клиенттер тобына таралған және тарифтік жинаққа қосылмаған тариф) бекітілуі мүмкін.
19.2. Тарифтердің қалыпты мөлшерлемелерін, депозиттердің және несиелердің сомаларын және мерзімдерін бекіту, сондай-ақ олардың өзгеруі Директорлар Кеңесінің құзыреті болып табылады және Банктің басқа органдарына таратылмайды. Банктік операциялар (№ 3-11 Қосымшалар) бойынша тарифтер мен сыйақылардың қалыпты мөлшерлемелері Банк тарапынан корпоративті веб-сайтта орналастырылады.
19.4. Банк Клиенттермен жасалған шарттарда, Уәкілетті орган бекіткен тәртіп бойынша, шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелімдерде (ШЖТСЕ) салымдар мен қарыздар (несиелер) бойынша сыйақы мөлшерлемелерін көрсетеді.
19.5. Банктің ҚР салық заңнамасына сәйкес көрсететін қызметтерінің көпшілігі қаржылық қызметтер ретінде қосымша құн салығынан (ҚҚС) босатылған. Соған сәйкес, қаржылық қызметтер болып табылатын қызметтерге ҚҚС салынбайды және Тарифтік жинақтарда ҚҚС есептеусіз тарифтер ретінде көрсетіледі. ҚҚС есептеумен көрсетілген қызметтердің тарифтері қаржылық қызметтерге жатпайды, және Тарифтік жинақтарда ҚҚС салынатын қызметтер ретінде көрсетілген.
19.6. Банк алған комиссия тапсырысты жоққа шығарғанда (кері шақырғанда) Клиентке қайтарылмайды.
20 Бөлім. БАНК ПЕН КЛИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ
-
Банк пен оның Клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында және жасалған шарттарда анықталады.
-
Банктің құқы:
-
егер Клиенттің ҚР заңнамасының және Банктің ішкі құжаттарының талаптарында қарастырылған басқа құжаттары және жеке басын куәландырушы құжаты болмаған жағдайда, Клиент хабарлаған операцияларды жүргізуден бас тарту.
-
Жүргізілетін операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін, банктік қызмет көрсету туралы Тарифтерді өз еркімен белгілеу;
-
Клиенттің шоттарынан ақшаларды акцептсіз тәртіппен Банк алдындағы берешектерді өтеу шотына заңнамада қарастырылған жағдайлар мен тәртіп бойынша және банктік қызмет көрсету шарты бойынша алу;
-
ҚР заңнамасына сәйкес сот және/немесе сотсыз тәртіппен кепілге қойылған мүлікті тарату;
-
Ертеректе Банк берген несиелерді қайтару мерзімдерін бұзған қарыз алушыларға жаңа несиелер бермеу;
-
ҚР 28.08.2009 жылғы № 191-IV «Заңсыз жолмен, лаңкестікті қаржыландырудан алынған кірістерді заңдастаруға қарсы іс қимыл туралы» Заңында қарастырылған негіздемелер бойынша Клиентпен іскери қарым-қатынастар орнатудан, себебін түсіндірмей-ақ бас тарту;
-
Клиенттің шарт міндеттемелерін (Банктің қарыз алушыларға банктік қарыз шарттарын тиісті жолмен орындамауы жөніндегі талаптарына айып тағу ескілігінің мерзімі таратылмайды);
-
төлемге қабілетсіз Клиент-қарыз алушының ҚР заңнамасына сәйкес банкрот деп тану туралы шағым өтінішпен сотқа келуі;
-
ҚР 28.08.2009 жылғы № 191-IV «Заңсыз жолмен, лаңкестікті қаржыландырудан алынған кірістерді заңдастаруға қарсы іс -қимыл туралы» Заңында қарастырылған негіздемелер бойынша, Клиентке алдын-ала хабарламай және себептерді түсіндірмей шот бойынша операцияларды орындау туралы Клиенттің нұсқауларын орындаудан бас тарту және шот бойынша Клиенттің операцияларын тоқтату.
-
ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғаның Банктегі ақшасына және басқа мүлкіне тыйым салу.
-
Банк ҚР заңнамасында қарастырылған басқа құқықтарды орындай алмайды.
20.3. Банк Клиенттерінің құқы:
-
Банктен операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы және оны өткізумен байланысты мүмкін болатын тәуекелдіктер туралы ақпарат алу;
-
жасалған шарттар негізінде оларды тиісті жолмен қайтаруды қамтамасыз ету арқылы Банктен несиелер алу;
-
өзара келісілген талаптармен Банкте ашылған банктік шоттарда ақшаларды орналастыру;
-
ҚР заңнамасына сәйкес Банкке келтірілген шығынды өтеуін талап ету.
-
сондай-ақ Клиент-жеке тұлға үшінші тұлғаға келесілерге құқық бере алады:
-
өзінің банктік шоттары бойынша банктік операциялар жүргізу;
-
сейфтік жәшікті (ұяшықты) қолдану және пайдалану;
-
Клиенттің мүдделерін басқа банктік операциялар бойынша ұсыну;
оған ҚР заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес ресімделген, нотариалды куаландырылған сенімхат беру, ол Клиенттің Банкте жеке болған кезінде ұсынылады.
20.4. Банктің міндеті:
-
өзінің Клиенттері мен корреспонденттерінің операциялары мен депозиттерінің құпиялығына, сондай-ақ сейфтік жәшіктерде, шкафтарда және Банк бөлмелерінде орналасқан мүліктердің құпиялығына, ҚР заңнамасында қарастырылған жағдайларда және негіздемелер бойынша банктік құпияны құраушы мәліметтерді ұсына отырып кепілдік беру;
-
ҚР заңнамасында қарастырылған мерзімдерде банктік қызметтерді ұсыну үрдісінде туындаған, Клиенттің жүгінулерін қарастыру;
-
Уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімдерінің негізінде, корреспонденттіктерден басқа, шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтату, сондай-ақ ҚР заңнамасында қарастырылған жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімдері негізінде басқа шараларды қолдану;
-
ҚР қалыпты құқықты актілеріне сәйкес құжаттарды сақтауды және қатал есептеуді қамтамасыз ету;
-
уәкілетті органмен келісе отырып, оның аудиторлық растауынсыз, ҚР ҰБ белгіленген тәртіп пен мерзімде, қаржылық есептің халықаралық қалыптарына сәйкес, тоқсан сайын бухгалтерлік балансты, кірістер мен шығындар туралы есепті жариялау;
-
жылдық біріктірілмеген қаржы есебін, сондай-ақ Банктің акционерлерінің жылдық жиналысында бекітілген қаржы есебі мен ұсынылған мәліметтердің шынайылығын, заңнаманың талаптарына сәйкес, аудиторлық мекеменің растауынан кейін, уәкілетті органның келісімі бойынша ҚР ҰБ бекітілген тәртіп пен мерзімде аудиторлық есепті жариялау;
-
ҚР заңнамасында қарастырылған басқа әрекеттерді орындау.
20.5. Банк Клиенттерінің міндеті:
-
Банкпен жасалған шарттарға сәйкес, міндеттемелерді толық көлемде орындау;
-
Банкке келтірілген шығынды ҚР заңнамасына сәйкес өтеу;
-
банктік іс-әрекеттерді орындаудың халықаралық ережелері мен дәстүрінен туындайтын, Қазақстан Ресупбликасы қол қойған және таныған, Қазақстан Республикасының заңнамасында, халықаралық шарттарда қарастырылған басқа міндеттемелерді жүктеу.
20.6. Банк және оның Клиенттері Қазақстан Республикасының заңнамасына және тиісті шартқа сәйкес өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісті жолмен орындамағаны үшін жауап береді.
20.7. Шарттарда тараптардың жауапкершіліктерін шектеуші немесе болдырмаушы, мысалы, еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайлары, кінәсінің жоқтығы, шарттың қарама-қарсы жағының бұрыс әрекеті және т.б. талаптары қарастырылуы мүмкін.
20.8. Банк Клиенттерді тарту, Банктің талаптарына сәйкес тексеру жасау жөнінде, көрсетілген тұлғасы бар Банк шартының (келісімінің) талаптарымен Банкке Клиенттің құжаттарды беру жөніндегі шарт (келісім) негізіндегі Банкке көрсетілетін қызметтер үшін, тұлғаның заңсыз әрекеті (әрекетсіздігі) үшін жауап береді.
20.9. Банк негізделген шағым берген, немесе оны берген адамның мүддесінде, жеке немесе заңды тұлғаға зиян келтіруші шағымдардың жүгінуіне жауап береді.
20.10. Банкке Клиенттердің құжаттарды беру, Банк талаптарына сәйкес тексеру жүргізу жөніндегі, клиенттерді тарту жөніндегі Банкке қызметтер көрсететін тұлға мен Банк арасында жасалған шарт (келісім) Клиентке танысу үшін беріледі және міндетті тәртіппен Клиент алдындағы осы Ережелердің 20.8. тармағында көрсетілген, Банкке қызмет көрсетуші тұлғаның заңсыз әрекеті үшін Банк жауапкершілігін қамтуы тиіс.
20.11. Шарттар тараптардың жауапкершіліктерін алып тастайтын немесе шектейтін талаптарды қарастыруы мүмкін, мысалы еңсерілмейтін күштердің міндеттемелері, мемлекеттік және басқа уәкілетті органдардың әрекеттері және басқалар.
20.12. Банктің, валюталық бақылау агенті ретінде Клиенттерге валюталық операциялар жүргізу кезінде, валюталық заңнамаға сәйкес міндетті түрде валюталық бақылау үрдісі жүргізіледі. Операциялар жүргізу кезінде Клиенттер Банкке валюталық операциялар жүргізумен байланысты құжаттарды ұсынуға міндетті. Клиенттер валюталық заңнаманы бұзған жағдайда, Банк ол туралы валюталық бақылау органына хабарлауға міндетті.
21 Бөлім. БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҮРДІСІНДЕ ТУЫНДАҒАН, КЛИЕНТТЕРДІҢ ЖҮГІНУЛЕРІН ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ КЛИЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ
21.1. Банктің Клиенттерінің жүгінулерін Банктің қарастыруы ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
21.2. Клиенттердің сұрақтарын жедел шешу үшін Басқарма Төрағасының, не филиал Директорының бұйрығымен ББ/Банк филиалының уәкілетті тұлғасы тағайындалады.
21.3. ББ/филиалдардың уәкілетті тұлғалары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың уәкілдерін Банктің Басқарма Төрағасы (ББ), Филиал директоры (Банк филиалында) бекіткен қабылдау кестесіне сәйкес, айына бір реттен кем емес мерзімде жеке қабылдайды.
Қабылдау жеке және заңды тұлғалардың хабарлануына жеткізілген және белгіленген күндер мен уақытта жүргізіледі.
21.4. Банк жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін объективті және жан-жақты қарастыруын қамтамасыз етеді, Клиенттерге олардың жүгінулерін қарастырудың нәтижелері және қабылданған шаралар туралы хабарлайды.
21.5. Банк жұмыстарды Клиенттердің келесі жүгінулерімен орындайды:
1) жазбаша хабарлар, электронды поштаға және Банктің ғаламтор-қорына әдейі түскен пошта байланысы;
2) телефон арқылы түскен және Клиент Банкке тікелей келген кездегі ауызша жүгіну.
Қарастыруға жатпайтындар:
-
жасырын жүгіну, мұндай жүгінуде мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төну туралы дайындалған немесе жасалған қылмыстар туралы мәліметтер болған болса және оларды тез арада мемлекеттік органдарға олардың міндеттеріне сәйкес қайта жіберілуі мүмкін жағдайлардан басқа;
-
сұрақтың мағынасы айтылмаған жүгіну;
-
жүгінуді қараусыз қалдыру үшін негіз болып қалған талаптар одан ары жойылған болса, Банк көрсетілген жүгінуді қарауға міндетті.
21.6. Егер жүгіну қабылдау кезінде Банктің уәкілетті тұлғасының тарапынан рұқсат етілмеген болса, онда ол жазбаша қалыпта Клиент тарапынан баяндалады және онымен жазбаша жүгіну ретінде жұмыс істеледі.
21.7. Клиенттердің жазбаша жүгінулері және Банктің ғаламтор-сайты арқылы түскен жүгінулері банктің ішкі құжаттарына сәйкес тіркеледі. Жүгінуді қабылдаудан бас тарту жіберілмейді.
21.8. Клиенттердің телефон арқылы жүгінулері тіркеледі. Клиентпен телефон арқылы сөйлесуді жазу оның келісімімен ол туралы сөйлесудің басында хабарлаған кезде жүзеге асырылады.
21.9. Банкке ауызша түрде (телефон арқылы немесе Клиенттің Банкке жеке келуі кезінде) түскен жүгінулер тез арада қаралады. Клиенттің ауызша жүгінуіне жауап тез арада беріледі. Егер ауызша жүгіну тез арада шешілмеген болса, ол Клиент тарапынан жазбаша қалыпта баяндалады және онымен жазбаша жүгіну секілді жұмыс жүргізіледі. Клиент жауап алуға қажетті үрдістер туралы және осындай жүгінулерді қарау мерзімдері туралы ақпарат алады.
21.10. Клиенттің жүгінулерін қарау мерзімдері:
21.10.1. Жеке және (немесе) заңды тұлғаның жүгінуі, оны қарастыру үшін басқа субъектілерден, құзыретті тұлғалардан ақпарат алу талап етілмейді, не сол орынға барып тексеру 15 (Он бес) күнтізбелік күн ішінде қаралады.
21.10.2. Жеке және (немесе) заңды тұлғаның жүгінуі, оны қарастыру үшін басқа субъектілерден, құзыретті тұлғалардан ақпарат алу талап етіледі, не сол орынға барып тексеру қаралады және ол бойынша Банктің уәкілетті тұлғасынан түскен күннен бастап 30 (Отыз) күнтізбелік күн ішінде шешім қабылданады.
Қосымша білу немесе тексеруді жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 (Отыз) күнтізбелік күнге созылуы мүмкін, ол туралы өтініш берушіге қарастыру мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (Үш) күнтізбелік күн ішінде хабарланады. Жүгіну бойынша қарау мерзімін ББ/Банк филиалының Уәкілетті тұлғасы созады.
21.10.3. Жүгінуде баяндалған, сұрақтарды шешу ұзақ уақытты талап еткен болса, онда жүгіну оны соңғы орындаған кезге дейін қосымша бақылауға қойылады, ол туралы Клиентке 3 (Үш) күнтізбелік күн ішінде хабарланады.
21.10.4. ҚР заңнамасымен жүгінуді қарастырудың басқа мерзімдері белгіленуі мүмкін.
21.11. Егер Клиенттің жүгінуін қарастыру кезінде ұсынылған ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда, Банк Клиенттен қосымша құжаттар мен мәліметтер сұрайды.
21.12. Клиенттің жүгінуін қарастырудың нәтижелері бойынша келесі шешімдердің бірі қабылданады:
1) жүгінуді толық және ішінара қанағаттандыру туралы;
2) жүгінуді қанағаттандырудан, осындай шешім қабылдаудың негізімен бас тарту туралы;
3) жүгінудің түп-төркіні бойынша түсініктемелер беру;
4) жүгінуді қарастыруды тоқтату туралы.
21.13. Жүгінуді қарастырудың нәтижелері туралы Клиентке жазбаша жауап мемлекеттік тілде немесе қолданылатын тілде беріледі және Клиент баяндаған әрбір сұранысқа, талапқа, қолдаухатқа, нұсқауға дәлелденген дәлелдер және ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес, Банктің ішкі құжаттарына, қаралатын сұраққа қатысы бар шарттарға, сондай-ақ қаралатын сұрақтың нақты жағдайларына оның қабылданған шешімге шағым арыз жазуымен бірге беріледі.
21.14. Егер Клиенттің жүгінуі негізделген және құқыққа сай болса, Банк міндетті тәртіппен бұзушылықтарды жояды және Клиенттің құқықтары мен заң мұқтаждықтарын қалпына келтіреді.
21.15. Жазбаша жүктелімнің жауабына Банктің уәкілетті тұлғасы қол қояды.
21.16. Пошта байланысы арқылы түскен, жазбаша жүктелімге жауапты Клиентке беру пошта арқылы тапсырыс хатпен Клиенттің жүктелімде көрсеткен мекен-жайына хабарлау арқылы жүзеге асырылады, немесе Клиент Банкке келген кезде, оның қол қоюымен қолына жеке беріледі, ол туралы жазбаша жугінуді тіркеу жорналында белгіленеді.
21.17. Жүгінулерді қарастыруда сараптау мен бақылау қызметі Алқалы органдар хатшылығына тіркелген және келесілерді қамтиды:
1) тиісті жүгіну негізі болып табылатын себептерді анықтау және жою үшін Банктің Клиенттерінің жүгінулерін сараптау және жинақтау;
2) Банктердің Клиенттерінің жүгінулерімен жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі Банк үшін нұсқауларды өңдеу;
3) Банк Клиенттерінің жүгінулерін қарастыру нәтижелері бойынша басшылыққа Банктің іс-әрекеттерінде пайда болған бұзушылықтарды болдырмау үшін алдын алу шаралары мен осы қаржылық қызметтердің барлық тұтынушыларына қатысты туындаған бұзушылықтарды жою жөніндегі қажетті шаралар туралы ұсыныстар жасау.
21.18. Банктің жүгінуін қарастыру кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары:
Жеке не заңды тұлға жүгінген кезде, олардың мынадай құқы болады:
1) өз жүгінуін растау үшін қосымша құжаттар мен материалдар ұсыну не оны талап етуін сұрау;
2) жүгінуді қарастырушы, Банктің уәкілетті тұлғасына дәлелдер келтіру;
3) оның жүгінуін қарастырумен байланысты материалдармен танысу, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын бұзған болса, оның жүгінуін қарастыруға қатысу;
4) қабылданған шешім туралы жазбаша немесе ауызша қалыпта дәлелденген жауап алу;
5) жүгінулерді қараудың белгіленген тәртібін бұзудың нәтижелерінен туындаған шығындарды өтеуді талап ету;
6) ББ Банкінің/филиалдың Уәкілетті тұлғасының әрекет етуін (әрекетсіздігін) не жүгінуге қабылданған шешіміне шағым арыз беру;
7) жүгінуді қарастыруды тоқтату туралы қолдаухатпен келу.
21.19. Клиенттің жүгінуін қарастыру кезінде Банктің және уәкілетті тұлғалардың құқықтары мен міндеттемелері:
1. Банк Клиенттің жүгінуін қарастыру кезінде мынадай құқықтарға ие:
1) жүгінуді қарастыру үшін бекітілген тәртіппен қажетті ақпаратты сұрау және алу;
2) көрінеу жалған мәліметтер бар, жүгінуді тексерумен байланысты келтірілген шығындарды шегеру туралы сотқа бару.
2. Банктің Клиенттің жүгінуін қарастыру кезіндегі міндеттері:
1) ҚР заңнамасында және осы Ережелерде бекітілген тәртіп пен мерзімде жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қабылдау және қарастыру;
2) заңды және негізделген шешімдерді қабылдау;
3) қабылданған шешімдерді орындауды бақылауды қамтамасыз ету;
4) жеке және заңды тұлғаларға қабылданған шешім туралы жазбаша қалыпта не электронды құжат түрінде хабарлау;
5) сұрақты әділ шешуге мүдделі тұлғаларға қатысты тексеру жағдайларын алып тастау;
6) жеке және заңды тұлғалардың тұлғаға зиян келтіретін, немесе оның мүддесінде берілген жүгінуді болдырмау;
7) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын тудырушы себептерді жою және жұмыстарды жетілдіру мақсатында олардың құрамындағы сыни ескертулерді, қоғамдық көзқарастарды білу кезіндегі жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін сараптау және дамыту;
8) жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қарастыру жөніндегі жұмыстардың жағдайларын әрдайым тексеріп тұру.
22 Бөлім. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
22.1. Банкке немесе оның жеке жұмысшыларына шағымдар немесе наразылықтар болғанда, сұрақтар мен ұсыныстар болғанда, сондай-ақ Банк өткізетін операциялар туралы қосымша ақпараттар алу үшін, Ережелерде қамтылмаған, операцияларды жүргізу талаптары туралы Клиенттер Call Center қоңырау шалу арқылы, Банкке (Банк филиалына) келе алады, не Банктің корпоративті веб-сайтында хабарлама қалдыра алады:
Корпоративті веб-сайттың мекен-жайы
|
http:// www.alfabank.kz /
|
Call – Center
|
+7 (727) 244-75-75 немесе 8-800-080-0075
|
Банктің бас мекемесінің заңды мекен-жайы
|
050012, Алматы қ., Масанчи көш., 57а үй
|
Қазақстан бойынша филиалдар мен бөлімшелердің мекен-жайлары
|
Call-center телефоны арқылы немесе корпоративті веб-сайтта
|
22.2. Егер ҚР заңнамасының өзгеруі нәтижесінде Ережелердің жеке ережелері заңнамаға қайшы келген болса, мұндай ережелер автоматты түрде өз күшін жоғалтады.
22.3. Осы Ережелер оны Банк Директорлар Кеңесі бекіткеннен кейін қолданысқа енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |