Алға аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау



бет2/9
Дата23.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#10809
1   2   3   4   5   6   7   8   9

6. Аналитикалық хат

Экономиканың басты салаларының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады. Сондықтан да, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасының басты бағыты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру, ауылшаруашылық өнімдерін сату және ішкі және сыртқы рынокта оның қайта өңдеу өнімдерінің көлемін арттыру сияқты міндеттерді жүзеге асыру болды.

2012 жылы жалпы өнім көлемі 11785,2 млн теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 91,0 пайызға төмен, оның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімі 3013,8 млн. теңге (78,2%), мал шаруашылығы өнімі 8771,4 млн. теңге (97,4%). Өндірілген өнім көлемінің төмендеуі биылғы жылы ауа-райы жағдайының қолайсыздығы (құрғақшылық) нәтижесінде 32,1 мың га дәнді дақылдардың есептен шығарылуында. Жиналған егіннің жалпы салмағы 4,4 мың тонна құрады. Дегенмен көкөніс өнімдерінің өсу қарқыны өткен жылдан 33 тоннаға артып, 6536 тоннаны құрады.

Мал шаруашылығында мал басы саны мен мал өнімдерінің көлемі тұрақты деңгейде сақталған.

Мал шаруашылығын асылдандырудағы нақты жұмыстар нәтижесінде аудандағы 9 қолдан ұрықтандыру пункттерінде 800 бас сиыр ұрықтандырылды.

Ауыл шаруашылық тауарларын өңдейтін ірі тауарлы өндірістер құру мақсатында ауданда ет және астық өңдейтін кластерлер жұмыс жасайды.

Атап айтқанда, «Парижская Коммуна – ХХI» Бестамақ мал шаруашылық кешенінде 2012 жылы 3119,5 тонна ет өндірілген.

«Айбек» ауылдық тұтыну кооперативі 32,9 млн.теңгеге 32,4 тонна, ал «Алшағыр» селолық өндірістік кооперативі 21,0 млн.теңгеге 18,5 тонна ет өндірді.

«Көктас – Ақтөбе» акционерлік қоғамының «Ақ Құс» құс фабрикасында қазіргі уақытта 14 құсхана жұмыс жасайды. 2011 жыл соңында енгізілген қосымша 2 құсхананың іске қосылуына байланысты 2012 жылдағы өндіріс көлемі 546,7 тоннаға көбейіп, жыл бойы өндірілген құс еті 2382,3 тоннаны құрады.


  1. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді несиемен қамту үшін ауданда қоғамдық қорлармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіліп келеді. Жыл басынан «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 10 шаруа қожалығы («Кайр-А», «Қаршыға» ШҚ, «Шүйініш» ШҚ, «Юрдан» ШҚ, «Құлагер» ШҚ, «Ақжол» ШҚ, «Жақсылық» ШҚ, «Барс» ШҚ, «Арай» ШҚ, «Инкар» ШҚ) 58,95 млн.теңгеге 334 бас ірі қара сатып алды.

«Алға ауданының кәсіпкерлікті дамыту микрокредиттік ұйымы» қоғамдық қоры арқылы жалпы құны 3,4 млн.теңгеге 18 жоба, «Кредиттік серіктестік «Алға» ЖШС арқылы 90,7 млн.теңгеге 12 жоба қаржыландырылды. «МКҰ» Ақтөбе ауыл микрокредит» ЖШС-і арқылы 13 қожалықтары 74,1 млн.теңге көлемінде несие алды.

Машина-трактор паркін жаңғырту мақсатында 8 шаруа қожалықтары мен «АкТеп» ЖШС «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы лизингке құны 237,7 млн.теңге 74 ауылшаруашылығы техникаларын алды.

2012 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 962,6 млн.теңге құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 225,9 %-ға өскен.

Сонымен қатар ауданның 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасына сәйкес Үшқұдық селосында 2,1 млн.теңгеге мал қорымы салынып, пайдалануға берілді.



Алға қаласында 2,6 млн.теңгеге мал қорымы салынып, пайдалануға берілді.


Есепті кезең

2012 жыл

Жүзеге асырылу кезеңі

2011-2015 жылдар

Ұйым

«Алға аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» ММ




(мониторинг жүргізуге және есепті құрастыруға жауапты органның атауы)


1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлш.

бірл.

2012 жылға жоспар

Нақты

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт: Экономика

Мақсат 3. Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту, бәсекелестікті дамыту

Мақсатты индикаторлар:

3. Белсенді шағын бизнес кәсіпорындары санының өсу қарқыны

%

100,0

106,3

2012 жыл қорытындысы бойынша белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2011 жылмен салыстырғанда 83-ке көбейген (1325-тен 1408-ге дейін)

Міндет 1. Кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау

Нәтиже көрсеткіштері:

3.1. Белсенді шағын бизнес кәсіпорындарының саны

Бірлік

41

1408

01.01.2013 жыл жағдайына аудан бойынша белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1408-ді құрады

3.2. 1000 тұрғынға шаққанда шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілер санының өсуі

Бірлік

1,1

36,2

2012 жылы шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілер санының өсімі 1000 тұрғынға шаққанда 36 бірлікті құрады (халық саны 01.12.2012 жылға – 38939 адам)


1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлш.

бірл.

2012 жылға жоспар

Нақты

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт: Экономика

Мақсат 3. Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту, бәсекелестікті дамыту

Міндет 2. Ішкі сауданың тиімділігін арттыру

Мақсатты индикаторлар:

4. Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі

%

109,7

113,1

Жоспарлы көрсеткіштен асып түсті

Нәтиже көрсеткіштері:

4.1. Тұрғындарды сауда алаңдарымен қамтамасыз ету, 1000 тұрғынға шаққанда шаршы метр

Шаршы метр

15300,5

15300,5

Жоспар 100,0 пайыз орындалды


1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлш.

бірл.

2012 жылға жоспар

Нақты

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт: Экономика

Мақсат 4. Инновациялар мен инвестицияларды дамыту

Міндет 1. Қолайлы инвестициялық жағдайлар жасау.

Мақсатты индикаторлар:

5. Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың нақты көлемінің индексі

%

76,0

153,3

Жыл қорытындысы бойынша ауданның негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 4903,3 млн.теңгені құрады

Нәтиже көрсеткіштері:

5.1. Өңдеу өнеркәсібіне негізгі капиталға салынатын инвестициялардың нақты көлемінің индексі

%

231,0

6,5 есеге көбейген

1057,5 млн.теңге инвестиция тартылды (2011 жылы – 160,7 млн.теңге)

5.2. Адам басына шаққанда негізгі капиталға салынатын инвестициялар

Мың теңге

67,3

125,9





6. Аналитикалық хат

Шағын және орта бизнес аудан экономикасын дамытудың және әлеуметтік проблемаларды шешудің басты тетігі болып табылады. Атаулы саланың серпінділігі кәсіпкерліктің даму тенденциясының оң үрдісін сипаттайды.

Ауданда 01.01.2013 жыл жағдайына 1841 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 35 бірлікке азайып, 98,1 пайызды құрағанымен, атаулы салада жұмыспен қамтылғандар саны және өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі ұлғайды. Жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 2 адамға көбейіп, 5458 адамды құрады. Өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі 11058,7 млн.теңгені немесе 131,1 пайызды, бөлшек сауда айналымы 1351,5 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,1 пайызға артты.

Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салықтар мен басқа да төлемдер 1701,4 млн.теңгені құрады немесе 117,3 пайыз.

2012 жылы аудан кәсіпкерлерін дамытуда мемлекеттік механизмдер ұтымды пайдаланылды, әсіресе біздің ауданда кеңінен тараған мемлекеттік қолдау шараларының бірі – «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасы болып табылады. Аталған бағдарламаның бірінші бағыты «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» шеңберінде ауданымызда 6 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде:

«Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» бойынша:


  1. «НитрохимГеоСервис» ЖШС 201,2 млн.теңгеге бұрылғы қондырғылары сатып алды;

  2. «АкТеп» ЖШС 179,0 млн. теңгеге 297 бас ангус тұқымды ірі қара мал сатып алынды;

  3. ЖК Сариева Ж. «Ыстық нан» наубайханасына наубайхананы кеңейту үшін 20,0 млн.теңгеге құрал-жабдық сатып алды.

«Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бойынша:

  1. «АкТеп» ЖШС-гі құны 174,7 млн.теңге, ұзындығы 3,6 км Алға-Самбай жол трассасы қайта жаңғыртылып, 3-тамызда пайдалануға енгізілді;

  2. «Есет» шаруа қожалығы (Бесқоспа с/о) – қымыз өндіру цехын ұйымдастыру үшін құны 21,7 млн.теңгеге 7433 метр электр желілерін өткізуде;

  3. «Кроун Плюс» ЖШС – таза мұнай өнімдерін сақтауға арналған өндірістік қоймаға 103,9 млн.теңгеге ұзындығы 760 метр теміржолдың тұйықталған басының құрылысын, 69,7 млн.теңгеге ұзындығы 1200 м электр желісін тарту, ұзындығы 700 м су және 1600 м газ құбырларын тарту, 210 м автокөлік жолдарының құрылысын жүргізуді жоспарлауда.

Сонымен қатар «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында Қарағаш селолық округіндегі «Ақжол» шаруа қожалығында «мал базасының құрылысына арналған сыртқы желілердің құрылысына (газдандыру және электрмен жабдықтау)» 4,0 млн.теңге бөлініп, нысан қарашада аудан әкімінің өкімімен іске қосылды.

Кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдау шараларын түсіндіру және жобаларды ұсыну бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында келесідей жұмыстар атқарылды:



  • Ауданның шағын және орта бизнес саласын дамыту мақсатында ағымдағы жылы нурыз айында Бағдарлама аясында тұрғындар мен кәсіпкерлерді ақпараттандыру мақсатында Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Ақтөбедегі бөлімі мен басқа да мүдделі қаржылық ұйымдардың қатысуымен 56 кәсіпкерге семинар-кеңес ұйымдастырылды;

  • 30 шілдеде «Grand prof» ЖШС консалтингтік компаниясымен бірлесе отырып Бестамақ, Бесқоспа және Тамды селолық округтерінің тұрғындары мен кәсіпкерлеріне бағдарлама шарттары мен талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді;

  • 31 шілде мен 1 тамыз аралығында «Бизнес-Кеңесші» жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы аясында ауданымыздың кәсіпкерлері мен кәсіпкерлікпен шұғылдануға ниетті тұрғындарға арналған «Кәсіпкерліктің жедел курсы» атты екі күндік семинар өтті. Семинарға 30 адам қатынасып, сертификаттар табысталды;

  • 14 тамыз айында аудан тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттандыру мақсатында Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Даму» КДҚ» АҚ АФ-мен, сервистік компания өкілінің қатысуымен семинар – кеңес ұйымдастырылды. Семинар кеңеске 16 кәсіпкерлік субъектілері қатынасты;

  • Аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 39-40 нөмерінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілеріне тегін сервистік қолдау көрсетілетіні жөнінде хабарландыру жарияланды;

Аудан әкімінің «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша бекіткен іс-жоспарына сәйкес аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп қыркүйек айының 10-нан бастап 17-не дейін ауданға қарасты 12 селолық округтерді аралап түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Есепті кезең

2012 жыл

Жүзеге асырылу кезеңі

2011-2015 жылдар

Ұйым

«Алға аудандық қаржы бөлімі» ММ




(мониторинг жүргізуге және есепті құрастыруға жауапты органның атауы)


1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлш.

бірл.

2012 жылға жоспар

Нақты

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт: Экономика

Мақсат 4. Инновациялар мен инвестицияларды дамыту

Міндет 2. Тауар мен қызметтің жаңа түрлерінің инновациялық өндірісін тез игеру үшін және технологиялық модернизацияға көмектесу үшін жағдайлар жасау

Мақсатты индикаторлар:

6. Тауарларды сатып алудың, жұмыс пен қызметтің жалпы көлемінде қазақстандық мөлшер үлесін ұлғайту

%

70,0

93,0




Нәтиже көрсеткіштері:

6.1. Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың сатып алуында қазақстандық мөлшерлеменің үлесін ұлғайту - тауарларды 60% дейін

%

55,0

93,8




6.2. Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың сатып алуында қазақстандық мөлшерлеменің үлесін ұлғайту – жұмыс пен қызметті 90% дейін

%

85,0

91,9





2. Іс-шаралардың орындалуы



Іс-шара

Аяқталу түрі

Орындау үшін жауаптылар

Орындалу мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

1

Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілерге кеңес өткізуді ұйымдастыру

Кеңес

Аудандық қаржы бөлімі

2011-2015

Осы мақсатта 2012 жылдың желтоқсан айында кеңес өткізілді



Есепті кезең

2012 жыл

Жүзеге асырылу кезеңі

2011-2015 жылдар

Ұйым

«Алға аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ




(мониторинг жүргізуге және есепті құрастыруға жауапты органның атауы)


1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлш.

бірл.

2012 жылға жоспар

Нақты

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт: Әлеуметтік сала

Мақсат 5: Білім сапасы мен оның қолжетімділігін жақсарту және балалардың заңды мүдделерін қорғау және олардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру

Мақсатты индикаторлар:

7. Халықтың білім сапасы мен оның қолжетімділігімен қанағаттанушылық үлесі

%

2013 жылдан бастап




Нәтиже көрсеткіштері:

7.1. Жалпы мұғалімдер санынан жоғары және бірінші санаты бар жоғары білікті педагогика мамандарының үлесі

%

39,7

39,7

Аудан бойынша барлығы 1039 мұғалімнің 413-і жоғары және бірінші дәрежелі педагог мамандар

7.2. Табиғи-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын жақсы (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылар үлесі

%

56,8

56,8

1 мен 11 класс аралығындағы оқушылар жарытылыс-математикалық бағыттағы пәндер бойынша (4 пен 5) меңгерген

7.3. Білім беру ұйымдарының жалпы санынан инклюзивті білім алуға мүмкіндік беретін білім беру ұйымдарының үлесі

%

34,0

28,8

Ауданның 10 мектебінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған пандустар қондырылған

7.4. Аз қамтылған жанұялардан шыққан оқушылардың жалпы санынан сапалы және үйлестірілген ыстық тамақпен және дәрумендендірілген кисельмен қамтылған аз қамтылған жанұялардан шыққан оқушылар үлесі

%

100,0

100,0

Жоспар 100,0 пайызға орындалды

Нысаналы индикаторлар:

8. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту

%

91,6

91,6




8.1. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдар санынан енгізілген мектепке дейінгі ұйымдар санының үлесі

%

3,0

3,0

03.08.2012 жылы Аудан әкімінің қаулысына сәйкес Шибаевка орта мектебінің жанынан 70 орынға шағын орталық ашылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет