Электрондық оқулық:
http://lib.tsu.ru/ru/kulturologiya
http://culturolog.ru/
http://culturolog.ru/component/option,com_weblinks/Itemid,14/
http://www.kulturavko.kz/
http://psylib.org.ua/books/levit01/index.htm
https://studentam.net/content/category/1/17/26/
http://webirbis.kgmu.kz/irbis64r_11/books
Оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау
Бақылаудың нысандары мен түрлері
Білім алушылардың білімі мен іскерлігін кіріс бақылау 1 аптада жүзеге асырылады.
Ағымдағы бақылау 2-6, 9-14 аптадағы: БАӨЖ және БАОӨЖ тапсырмаларын тексеру, тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауаптар (жазбаша немесе ауызша), сабаққа қатысу және белсенділік, кейстерді (семинар сабақтарындағы) тапсырмаларды орындау, топтық жұмыстарды орындау, рефераттарды қорғау және т. б.
1 аралық бақылау -7 аптада: Өткен тақырыптар бойынша әр студентке мүмкіндігі бар білім алушыларға презентация ретінде және ал презентация жасай алуға мүмкіндігі жоқ студенттерге реферат, баяндама ретінде тапсырмалар беріледі.
2 аралық бақылау - 15 аптада: Екінші аралық бақылау сұрақтары да жауапсыз тест сұрақтары болып келеді (әр студентке тапсырма ретінде берілер тест сұрақтарының саны білім алушының оқу барысында жинаған балына байланысты қойылады, тест сұрақтарының саны 10-20 сұрақ аралығында болады. Тест сұрақтары тек өткен тақырыптардың аясында болады). Сұрақтарға мейлінше тез жауап беруге тырысу қажет.
Қорытынды бақылау (білім алушыларды аралық аттестаттау, емтихан): Билет түрінде келеді. Қорытынды емтиханнан өту үшін 75 сұраққа дайындалу қажет.
Аралық және қорытынды бақылау тапсырмаларын орындауға қойылатын талаптар:
Аралық бақылау 1-7 аптада: Презентация берілген тақырыптан кез-келгенін дайындауға болады. Тақырыпқа сәйкес қарастырылатын қажетті сұрақтарды анықтау және соған байланысты әдебиеттердің тізімін дайындау керек. Презентация сурет, карта, схема, фото т.б. материалдардан топталып дайындалады. Берілген тапсырманы орындау барысында жеке жеке орындау керек.
- презентацияның көлемі 15-20 слайд беріліп, соңында тақырыпты бекітетін бақылау сұрақтары болу керек (регламент – 10 минут);
- презентацияның құрылымында болуы тиіс: бастапқы (титулка) бет, мазмұны, кіріспе бөлімі, негізігі бөлімі, қорытынды бөлім.
- презентацияны орындау барысында 8-10 әр түрлі әдебиеттерді қолдану;
- презентация талапқа сай, нақты тақырыпқа сай орындалған болуы керек.
Презентация көрсетілген шарттарға сәйкес бағаланады: материалдың тақырыпқа сәйкестілігі, нақты жүйеленуі, иллюстрациялық материалдың болуы, уақытылы тапсырманың орындалуы және тапсырылуы.
Аралық бақылау 2-15 аптада: Реферат жүйелілігі: титул парағы, мазмұны, кіріспесі, негізгі бөлім, қортынды, пайдаланған әдебиеттердің тізімі.
Мазмұнға қойылған талаптар:
1. Кіріспесінде тақырыптың өзектілігін анықтау, зерттеудің мақсат пен міндеттері және әдебиеттерге шолу жасау. (1-2 бет)
2. Негізгі бөлімінде тақырыптың негізгі теориялық ерекшеліктерін толық көлемде ашып, ғылымға жаңа материалдың еңгізілуін көрсету. Негізгі материалды тарауларға бөліну керек (көлемі – 3–5 бет.).
3. Зерттелген тақырыптың қортындысында нәтижесі көзделеді (көлемі – 1-2 бет.).
4. Әдебиеттер тізімі алфавиттік ретте көрсетіледі.
Қорытынды бақылау (білім алушыларды аралық аттестаттау, емтихан): Билет турінде
Достарыңызбен бөлісу: |