Алғы сөз Типтік бағдарлама



бет65/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91
УМКД. Мәдениет

Эссе жазу әдістемесі
Эссе жазу үшін ұсынылған әдебиеттермен қатар басқа деректермен де танысып, берілген мәселе бойынша өз көзқарасын білдіру керек. Эссе көлемі 200 сөзден болу керек. Эссе өзіндік жұмысты орындау студенттің аудиториялық және аудиториядан тыс білімін жанама тексеруге арналынған оқу процессін жүргізу түрі. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың мақсаты бұл студенттің оқу процессінде және одан тыс берілетін материалдар мен деректерді меңгеруі арқылы өзінше ойлау қабілетін дамыту, ғылыми мазмұндағы материалдарды игеруіін және сол алынған білімнің негізінде өзін өзі тәрбиелеуін қамтамасыз ету, білімін арттыру.
Эссені бағалау критерийлері
Эссе бөлімдері белгіленген талаптар тұрғысынан негізінен 20 балдық жүйеде бағаланады:
- Эссе тақырыбының сәйкестігі, мағыналық тұтастық, ой байланысы, мазмұндаудың жүйелілігі – 5 балл;
- Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу, өзіндік тұжырымдардың берілуі – 4 балл;
- Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты дәйексөз, сандық деректер, ғылыми мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді рәсімдеу талаптарының сақталуы – 4 балл;
- Ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті, ойлау ерекшелігі, күтпеген пікір немесе сауал туындауына ықпал ету, пікірдің шынайылығы – 5 балл;
- Мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелерінің сақталуы – 2 балл.


Реферат жазу әдістемесі
Реферат жүйелілігі: титул парағы, мазмұны, кіріспесі, негізгі бөлім, қортынды, пайдаланған әдебиеттердің тізімі.
Мазмұнға қойылған талаптар:
1. Кіріспесінде тақырыптың өзектілігін анықтау, зерттеудің мақсат пен міндеттері және әдебиеттерге шолу жасау. (1-2 бет)
2. Негізгі бөлімінде тақырыптың негізгі теориялық ерекшеліктерін толық көлемде ашып, ғылымға жаңа материалдың еңгізілуін көрсету. Негізгі материалды тарауларға бөліну керек (көлемі – 3–5 бет.).
3. Зерттелген тақырыптың қортындысында нәтижесі көзделеді (көлемі – 1-2 бет.).
4. Әдебиеттер тізімі алфавиттік ретте көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет