Алғы сөз Типтік бағдарлама



бет87/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
УМКД. Мәдениет

ПОСТСТРУКТУРАЛИЗМ — структурализмнің екінші тол-қыны, структурализмді сынаумен байланысты және оның алдыңғы шектеушіліктерінен арылуға бағытталған ағым. П.-нің өкілдері — Ж. Деррида, Делез, Бодрийар, Лиотар, Ю. Кристева, М. Фуко т.б. П. басты міндеттерінің бірі — логоорталықтық метафизиканы сынау және мәдениеттегі тіл билігін және билік тілін айқындау. Деррида метафизиканы деконструкция арқы-лы, яғни мәтіндегі жүйеден тыс, маргиналдық элементтердің маңыздылығын көрсету арқылы жеңуге болады деп санайды. Ғылыми айналымға, осыған дейін тек түрмыстық тілде қолда-нылған, сөздер мен үғымдар енгізіледі, бірақ оларға бүрынғы мән-мағынаны толықтыратын және шектейтін жаңа мазмүн
беріледі. Мәтін интерпретациясы — бүл мәтінге тікелей қатысы жоқ нәрсені түсіну. П. үшін адамды сипаттайтын негізгі катего-рия тілек болып табылады. Ол адамның басқамен қарым-қаты-насқа түсуге деген ынтасын айқындайтын әмбебап бітім. Ол индивидуальды және үжымдық іс-қимылдық барлық бітімін, әлеуметтік және мәдени шындық бітімдерін анықтайды. П. қоғам мен мәдениет — «билік — бағыну» қарым-қатынасының жап-пай көрініс табатын орны ретінде көрініс табады. Билік өзін адамдық қарым-қатынастардың барлық деңгейінде — саяси док-тринадан қарапайым қарым-қатынасқа дейінгі аралықта жүзеге асырады. Сондықтан П. биліктің іске асу тәсілдерін анықтап, оған көптілікті, бірегейлікті және ыдыранқылықты қарама-қарсы қоюды өз міндеті деп таниды.


СИМУЛАКРУМ (лат. — жалған, өтірік, жасанды) — бүл термин түрлі мағынада қолданылады. Платон философия-сында С. — көшірменің көшірмесі, бейнелегеннің бейнесі деген мағынада қолданылады. С. — ойдан шығарылған, қолдан жа-салған, яғни нақты шындықтағы затқа «үш қайнаса сорпасы қосылмайтындай» бөлек нәрсе деп анықталады. Бүл С.-ның репрезентативті моделі, яғни көшірмеде көшірме жасалған зат идеясының өзінің референт ретіңде болуын талап ететін мо-дель. С.-ның екінші мағынасын, немесе репрезентативті емес моделін Ж. Бодрийар, Ж. Делез жөне Ж.Дерриданың еңбектерінен кездестіреміз. Олардың түсіңдіруінше, С.-ның мәні оның референтсіздігіңде, яғни көшірмеден көшірме жасалып отырған зат идеясына сай болудың қажет еместігіңде, өйткені С. әуелден болмыс-шындықтың қүрылымында кездеседі. Олар бар нәрсе, түрған нәрсе және оны қайта таныту, қайта көрсету мәселесін керексіз деп табады. Симуляция шындықтың өз бо-йында бар нәрсе болса, онда түпнүсқа туралы сөз болмаса ке-рек деп түсіндіреді С.-ның репрезентативті емес моделін жасау-шылардың бірі — Жан Бодрийар үшін симуляция дегеніміз жа-санды қылық көрсету, қылымсу-тәлімсу, жалғандық емес. Олар-дың арасындағы өзгешелікті Ж. Бодрийар төмендегідей мысал-мен түсіндіреді. Мыс, кімде-кім өзін өтірік аурумын десе, онда оның жалған, жасанды қылық көрсеткені. Ал енді кімде-кім өзін ауырмаса да аурумын деп есептесе, ауруды симуляцияла-са, онда ол адамның бойынан расыңда да аурудың «шынайы» белгілерін табуға болады. С. объективті процесс емес. Әлгі ауруды симуляциялаған адамды объективті түрғыдан не науқас, не сау деп қарастыра алмайсың. Репрезентация белгі мен шындық ара-сында эквиваленттілік принципінен басталады, бірақ ол эквиваленттілік — утопия. Дегенмен де сол утопия негізі акси-ома ретіңце қала береді. Ал С. болса эквиваленттілік принципінің утопиялылығынан басталады, сондықтан да ол белгіні шын-дықты айқын танытатын қүндылық ретінде қарастырмай, оны реверсия (орын ауыстыру, алмастыру) деп түсіндіреді. Шын-дықтың орнына гипершындықты қою керек дейді Ж. Бодрий-ар, себебі шындықты тану тіпті де мүмкін емес. Диснейленд — қиял әлемі — С.-ның шынайы моделі. Диснейлендте жүрген адамға одан сыртқары жатқан территорияның бәрі (Лос-Анд-желес, АҚШ) — шындық емес, гипершындық болып көрінері рас. Сонымен, біздің шындық ретінде қарастыратын шыңдығы-мыздың өзі С.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет