ДЗЕНДІК ОЙЛАУ — будда дінінің бір тармағы дзен-будда-ның негізіңде қалыптасқан ұғым-термин. Дзен-будда класси-калық үнді буддасының Қытайға, одан Жапонияға өтіп үлттық дін мен философияның бірі ретіңде қалыптасты. Д.о. — негізгі идеясы адамның өмір сүруінің, жалпы табиғатының ішкі әлеміңде өтіп жатқан процесімен байланысқа түсу арқылы тану. Д. о.-дың негізгі мақсаты сананы сәулелендіру, оны «сатори» деп атайды. Д. о. Аналитикалық, логикалық ойлау жүйесіне қарама-қарсы санаға инстинкті түрде ықпал ету деп аңықтама беруге болады. Д. о. бағыты, оның мәселесі әр қырынан К. Юнг, Д. Судзуки т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
ИНТЕРМӘТІН — бір мәтіннің өзге мәтінге кіруі, мәтіндердің кірігуі. Бүл үғымды әдеби мәтінді көп дауысты қүрылым ретінде қарастырған М. Бахтиннің ықпалымен Ю. Кристева кіргізген. Ол үшін мәтін дегеніміз мәтіндер мен таңбалардың өрімі, өзге мәтіндердің өзгеріске түскен нүсқасы. И. мәтін шекарасын бүлдыратып, оны жаңаша пайымдауға жол аша түседі. И. негізгі қасиеті оның ішкі әртектілігі, ашықтығы, көпнүсқалығы. Мәтін өзге мәтіндерден, өзге мәтіндерге қатысты шығарылады. Және тек бүрынғы мәтіндерге қатысты емес. И.-дік аталатын құбы-лысқа кейде шығармадан кейін жазылған мәтіндерді енгізеді. Мәтіннің қайнар көздері тек мәтіннен бүрын емес, онан кейін де тірлік етеді, — дейді Р. Барт. Бұл тұрғыда кез келген мәтін езге мәтіндер кеңістігінде жанданып, қосымша мағына тудыра-ды. И.-дік құбылыс семиотикалық жүйе ретінде бүкіл мәдениетті қамтиды. И. тұрғысынан мәтін мен оқырман, оқу мен хат ара-сындағы айырмашылық және қарсы тұру жоққа шығарылады.
ИНТЕРСУБЪЕКТІЛІК — таным субъектілері арасындағы ар-найы қарым-қатынас, өзара араласу мен білімін өзгемен бөлісудің негізі. XX ғ. дейін танымның нанымдылығы таным жасаушы субъектінің әмбебап қүрылымына байланысты еді. И. мәселесін алғаш рет Гуссерль Бесінші картезиандық медитация-сында қояды. Гуссерль феномендық ойлау тәжірибесін санадан бұрынғы әлемге сүйенуден бас тартудан бастағандықтан, оған
ойлау тәжірибесінің маңыздылығын қамсыздандыру үшін жаңа негіз керек болады деп таниды. Сондықтан ол ойлауды ойлау арқылы түсіндіруді жөн көреді. Ойлану барысында әрбір субъект әлемді өзінше зейіндейді, бүл дүние — жеке тұлғаның тек өз танымына тәуелді жеке тәжірибесі. Демек, мәселенің шешімі субъектердің, немесе, Мен және Өзгенің қарым-қатынасыңда. Гуссерльдің тұжырымдауынша. Мен табиғи түрде өз санасында Өзгелерді қалап шығарып, мүмкіниятта бар субъекті-лер — интерсубъектілер қауымын құрайды. Бұл қауымдағылар әркім әлемді өз тәжірибесінен түсінеді. Міне, осыған байла-нысты Меннің жеке тәжірибесінің негізі ретінде әлем барлық үшін бар болып қарастырылуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар И.-те Мен өз тәжірибесінің өзгелермен салыстырғанда айырықша екенін кескіндейді. Интерсубъектілер қауымы негізінде, үғыну мүмкіндігінің көкжиегіне және қауымның шексіз кеңістігіне үмтылған интенционалдық қауым қалыптасады. Бірақ, білім сапасын анықтау мәселесі ашық қалады, себебі өз-өзіңе шексіз үңіле беруге болады. Кейін Гуссерль жеке түлғаның рухани тәжірибесіне сүйенген Өмірлік Әлем үғымын енгізіп, оны И.-ке негіз ретінде қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |