Ойлау
дағдыларының деңгейі
|
Сипаттама
|
Тапсырмалар түрлері
|
Білу және түсіну
|
Білу:
бүтін көрсеткішті дәреженің; бірмүшенің, көпмүшенің және оның элементтерінің; функцияның; басжиынтықтың, кездейсоқ таңдаманың, варияциалық қатардың, нұсқалықтың анықтамаларын;
бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін;
cанның стандарт түрде жазылуы мен оның элементтерін;
функцияның берілу тәсілдері мен қасиеттерін;
көпмүшенің стандарт түрде жазылуын;
Түсіну:
санды стандарт түрде жазудың қажеттілігін;
көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу тәсілдерін;
теңдеулер жүйесін графиктік әдіспен шешуді;
алгебралық бөлшектің айнымалыларының мүмкін мәндер жиынын;
|
Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
|
Қолдану
|
Қолдану:
сандық және әріпті өрнектерді түрлендіру үшін, бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін;
санның стандарт түрде жазылуын;
стандартты түрде жазылған сандарға амалдарды;
өрнектерді түрлендіру үшін көпмүшелерге амалдарды;
көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу
|
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
|