Алгоритм әрекеті



бет24/31
Дата08.06.2023
өлшемі0.77 Mb.
#474825
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
алгоритм

5.45.«Таңғыш қою техникасы».
Мақсаты: таңғышты ауыстыру, жараның микробты ластануын азайту, жарақатты микроб түсуден сақтау.
Көрсетілім: Жара жағдайы.
Қоры: 1. 3% сутегі асқын тотығы.
2. 0,5% нашатырь спирт ерітіндісі, 1% йодонат ерітіндісі, 70% спирт, 10% натрий хлор ерітіндісі.
Әрекет алгоритімі:

  1. Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.

  2. Стерильді қолғап киініз.

  3. Ескі таңғышты пинцетпен шешініз, жара аймағында бір басынан екінші басына қарай.

  4. Кепкен таңғышты 3% сутегі асқын тотығымен жібітініз.

  5. Жара мен айналасындағы тіндерді қараныз.

  6. Жара айналасындағы теріні әуелі құрғақ мақта шаригімен, кейін 0,5% нашатырь спирт ерітіндісіне малынған мақта шаригімен жара шетінен переферияға қарай тазаланыз.

  7. Жара айналасындағы теріні антисептиктердің бірімен өңденіз: 1% йодонат ерітіндісімен, кейін спиртпен.

  8. Жараны 3% сутегі асқын тотығымен жуыныз, егер жарада ірің болса мақта қысқышпен.

  9. Жараны кептіріп, жарада 10% натрий хлор ерітіндісіне малынған турунда немесе тампон қалдырыныз.

  10. Стерильді салфетка немесе мақта қолданып жаңа таңғыш қойыныз.

  11. Дәкені лейкопластырь немесе клеол қолданып бекітініз.

  12. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.


5.46. Таза отадан кейінгі жараға таңғыш қою техникасы.
Мақсаты: Жараны тексеру, антисептикалық таңғыш қою.
Көрсетілім: отадан кейінгі жара.
Қоры: стерильді лоток, стерильді резеңке қолғап, стерильді таңғыш, пинцет, 1% йодонат ерітіндісі, КБУ.
Әрекет алгоритімі:

  1. Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.

  2. Стерильді қолғап киініз.

  3. Пинцетпен жарадан лас салфетканы шешініз.

  4. Тігіс айналасына пальпация жасаныз.

  5. Йодонатқа малынған салфетканы пинцетпен алып тігісті өңденіз.

  6. Пинцетпен жараға стерильді салфетка қойыныз.

  7. Дәкені лейкопластырь немесе клеол қолданып бекітініз.

  8. Қолданылған құралды, қолғапты, таңғышты кбу ға тастаныз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет