Форматталмаған жолдар
Егер бағдарламаны қамтамасыздандыруды жасақтаушы утилиттік көшіруден бағдарламаны қорғағысы келсе, онда тек диск форматын басқа форматқа өзгертуі қажет, сонда көшіру утилиті оны тани алмайды. Қорғаныстың қарапайым әдісіне дискте бос (форматталмаған) жолдар немесе секторлар сақтау әрекеті жатады. Көшіру утилиті мұндай жолда адасады да ары қарай форматталмайды.
DOS модификациясы
Егер дискті көшіру мүмкін емес болса да одан бастапқы жүктелу орындалады және де ол DOS форматталмаған жолға қол жеткізгенге дейін дұрыс жұмыс істей береді. Стандартты Dosтың модификацияланған тұлғасын пайдаланып оның алдын алуға болады. Дисктен көшірілгенде дәл осы DOS ОЕСҚ-ке орналасады; ол кезкелген модификациядан тұруымумкін. Бірақ, бір талап әрқашан орындалуы қажет: DOS модификациясы диск форматын үнемі ескеруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |