Қалықбекова Б. Т. Пән: Қазақ тілі Т1 Сынып: 7В


Өзге елдермен салыстырғанда мұнда қыста минус 40 градус, жазда плюс 40 градус болады



бет7/7
Дата03.01.2022
өлшемі44.35 Kb.
#450251
1   2   3   4   5   6   7
15.10 ТЖБ Қазақ тілі Т1 7-сынып 1-тоқсан 20

Өзге елдермен салыстырғанда мұнда қыста минус 40 градус, жазда плюс 40 градус болады.


[5]


Жазылым

Тапсырма

Төменде берілген деректерді негізге ала отырып, Шоқан Уәлихановтың атынан мемуарлық өмірбаян құрастырып жазыңыз. Өмірбаян мазмұнын шығармашылығыңызбен дамытып, толықтыруыңызға болады. Мемуардың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтауды ескеріңіз. Жазуда орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтаңыз.



[10]

Аты-жөні

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов,

шын есімі – Мұхамедқанафия, Шоқан – әжесінің еркелетіп қойған аты



Туған жылы

1835ж, қараша

Туған жері

Қостанай облысы Құсмұрын бекеті

Әкесі

Шыңғыс - Көкшетау округінің аға сұлтаныАбылай ханның немересі

Анасы

Зейнеп

Әжесі

Айғаным; Шоқан әжесінің тәрбиесінде болған

Алғашқы сауаты

ауылдық бастауыш мектеп, араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйренді

1847 -1853

Омбы кадет корпусына оқуға қабылданады

1856 жылы

Ыстықкөл, Құлжа саяхаты

1856-1857 жж

«Ыстықкөлге сапар күнделіктері», «Іленің арғы бетіндегі өлкенің географиялық очеркі», Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» және т.б. ғылыми еңбектер жазады

1858-1859 жж

Қашқарияға саяхат (Батыс Қытай, ұйғыр халқының ежелгі мекені)


1860 жылы

Петербург сапары, өкпе дертіне ұшарайды


1861 жылы

Ауылына келіп емделеді


Балл қою кестесі

Оқылым


Балл

Ақпараттарды ажырату

5

Мәтіндегі негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды көрсетіп, себебін өте жақсы түсіндіреді.

4

Мәтіндегі негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды көрсетіп, себебін жақсы түсіндіреді.

3

Мәтіндегі негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды көрсетеді, себебін түсіндіруі қанағаттанарлық.

2

Мәтіндегі негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтауда қателеседі, себебін түсіндіруі шектеулі.

1

Мәтіндегі негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтауда қателеседі, себебін түсіндірмейді.

0

Мәтіндегі негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды ажырата алмайды.

Жазылым


Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды көркем әдебиет стиліне сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды. Жанрға сай ресімдейді.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.



7-8

Тақырыптың мазмұнын ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды көркем әдебиет стиліне сәйкес қолданады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай (ресми стиль) бірізділікті сақтайды. Жанрға сай ресімдейді.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.



5-6

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды көркем әдебиет стиліне сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін сақтайды, бірақ жазылу сипатында (ресми стиль) бірізділіктен ауытқу бар.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.



3-4

Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Қолданған тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдары көркем әдебиет стилі талаптарына сәйкес келе бермейді. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін сақтайды, бірақ жазылу сипатында (ресми стиль) бірізділік жоқ.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.



1-2

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Ресми стильге сәйкес тілдік құралдарды қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін сақтамайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет