Alikhan Bokeikhan University СӨЖ №5 Даму психологиясындағы жеткіншек кезеңнен жасөспірім жастық шаққа өту мәселесі. Орындаған


А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация типтері



бет3/3
Дата08.12.2022
өлшемі376.09 Kb.
#466816
1   2   3
психология 14 сро

А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация типтері: 1. Гипертимдік тип. Негізгі ерекшелігі - көңіл-күйі барлық уақытта көтеріңкі болып жүретін, болашағына үлкен үмітпен қарайтын оптимистер. 2. Лабильдік тип. Аффектілі тұрақсыздар, кей кезде ешқандай себепсіз көңіл-күйлері тез және кенет өзгеретін адамдар. 3. Сенситивтік тип. Үлкен компанияларды, дабр-шу шығаратын ойындарды жақтырмайды. Бейтаныстармен қарым-қатынас жасамайды. 4. Шизойдтық тип. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі. Шизойдтық жеткіншектер - тынымсыздықтың өте жоғары сатысындағы меланхоликтер. 5. Эпилептоидтық тип. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. 6. Тұрақсыз тип (Қозғыштық). Көңіл көтеруге, сырапшылыққа, уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсивті, реактивті. 7. Астено-невротикалық тип. Көңіл-күйі айнымалы, ашушаң, ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен ұрыс-қағыс шығарып, агрессиясын анық байқатады. 8. Демонстративтік тип. Эгоцентризмі шексіз, өзіне көпшіліктің көңлін аударып отыруды, олардан мақтау естуді, ең болмаса басқалардың наразылығына бөленіп жүруді қажет етеді. 9. Циклоидтық тип (тұйықталып қалушылық). Балалық шақта гипертимдік типтен айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезеңде көптеген қиыншылыққа кездесумен байланысты көпшіліктен қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленеді. 10. Аффекті-экзальтациялық. Наразылық көрсетуге жақын, экзальтацияға, аффектіге бөленуі оңай, эмоцияға тез бөленетін, дінге берілген, педант, кекшіл, жәбірленгенін, ренжіткенді ұзақ уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш болады.

Жеткiншектердiң агрессиясын диагностикалау. (Басса-Дарки әдiстемесi) Мақсаты: бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау. Акцентуациясын анықтау (Шмишек тесті). Мақсаты: Акцентуация көрініс беруінін анықтап, оның түрін және күшін бағалау. Жеткiншектердiң интеллектуалдық даму деңгейiн анықтау тестi (ШТУР тестiнiң жеткiншектерге арналған модификациясы) Мақсаты: орта буын оқушыларының интеллектуадық даму деңгейiн және жалпы мағлұматтылығын бағалау. "Шульте кестесi" әдiстемесi Мақсаты: зейiннiң тұрақтылығын және жұмысқа қабiлеттiк динамикасын анықтауға арналған. Шульте кестесi зейiндi дамытуға да қолданылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi: 1. Жарықбаев Қ.Б. Психология. , 1993. 2. Тәжiбаев Т. Жалпы психология., 1993. 3. Немов Р.С. Психология 3-х томах. -М., 2002. 4. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. Шымкент, 2007.2-том. 5. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. , 1981.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет