Alikhan Bokeikhan University СӨЖ №5 Даму психологиясындағы жеткіншек кезеңнен жасөспірім жастық шаққа өту мәселесі. Орындаған



бет2/3
Дата08.12.2022
өлшемі376.09 Kb.
#466816
1   2   3
психология 14 сро

Антрополог Р. Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті. a) үздіксіз б) баланың балалық шағында оқып үйренгенімен ересектің рөлін жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзілістер болатын типі. * Антропологтар жеткіншектік шақты бала өзінің қоғамдағы орнына жетер жолда болатын, оның ересектердің қоғамдық өміріне өтуі жүзеге асатын кезең деп қарады. Бұл идеяны дамытуда К. Левин (АҚШ) ерекше орын алады. Левиннің жеткіншектің «өз орнын таппауы» туралы идеясын қазіргі уақытта Д. Коулмен және басқа да шетел психологтары дамытуда.

Сонымен, жеткiншек жастың ерекшелiктерi: - Барлық нәрсенi өз бетiмен орындап, үлкендердiң қамқорлығы мен ақыл-кеңесiнен құтылғысы келедi; - Үйге берiлген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзiмен түсiнiктi етiп айтуға тырысады; - Үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мiнеп, кей кезде өрескiл мiнез көрсетуi, жеткiншек iстi игеру жағынан әлi бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкiншiлiгiн жоғары бағалап, бәрiн өзi iстей алатындай сезiнуi;

Жеткiншектердiң қырсық мiнез көрсетуiне, ересектер талабын оңай орындамауына негiз болатын бiрнеше себептер бар. Олар: * Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы. * Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерiнен ересектерге арналған хабарды көрiп, соған елiктеуi. * Күнi-түнi фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттердi оқып, ондағы кейiпкерлерге елiктеуi. * Өздiгiнен үлкен балалармен танысып, солардың жағымсыз әрекеттерiне елiктейтiндiгi. * Агрессияның анық байқалуы.

Баланың өзін-өзі тану дұрыс қарым-қатынасын дамыту, баланың өзіндік «менің» анықтауға көмектесу, балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, балаларды жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «өзін-өзі тану» пәнінің рөлі зор. Осы міндеттерді бала бойына дарыту мақсатында оқытудың әдіс-тәсілдері қолданысқа енгізіледі: 1. Интерактивтік әдіс 2. Топтық жұмыс 3. Ой – қозғау әдісі 4. Жобалау әдісі 5. Рөлдік ойындар 6. Шешім қабылдау әдісі 7. Қосымша жұмысты орындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет