ҚАҢЛЫ ЕСКЕРТКІШТЕРІ – көне қаңлы (кангюй) тайпалары билік еткен өңірлерде сақталған археологиялық ескерткіштер кешені (қ. Қаңлы мемлекеті). Қ. е-нің жарқын көріністерін қауыншы мәдениеті, отырар-қаратау мәдениеті, жетіасар мәдениетінен көруге болады. Қ. е. Сырдария сағасынан Ферғанаға дейінгі өңірге тараған. 1958 – 63 ж. Шардара археол. экспед. (жетек. А.Г. Максимова) Оңт. Қазақстаннан қауыншы мәдениетіне жататын бірқатар ескерткіштер ашты. Біршама толық зерттелгені Шардараға таяу, Сырдарияның оң жағалауындағы Ақтөбе-2 қонысы. Мұнда жобасы тік бұрышты, аум. 2818,5 м сарай аршылды. Сарай айшық (крест) іспеттес етіп салынған бес үйден, кірмелік кешені мен құрылысты бат.-шығысынан орап жатқан екі дәлізден тұратыны анықталды. Ортасында шаршы зал (3,63,6 м) бар, ол басқа үй-жайлармен доғалап иіп салған арка өткелдермен жалғасқан. Зал қабырғаларының биікт. 6 м-ге жетеді, еденінің ортасында құдық бар. Қоныстан құмыра, саптаяқ, таба, құм, құмған, көзе, жебе ұштары, алтын сырға, пышақ, сүйек айылбас, қола сақина, т.б. заттар табылып, олар б.з. 1 – 4 ғ-ларына жатқызылды. Қаңлылар кезінде Шәушіқұмтөбе (1 – 8 ғ-лар), Сейіттөбе (1 – 12 ғ-лар), Сүткент Байырқұм (1 – 8 ғ-лар) секілді қалашықтар салынды. Мұндай мекенжайлар маңында обалы қорымдар бар. Шардара археол. экспед. 1959 – 63 ж. Ақтөбе, 1963 ж. Жамантоғай, 1958 – 63 ж. Шәушіқұм, 1960 ж. Төребайтұмсық қорымдарында қазба жұмыстарын жүргізген. Мәйіттер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген. Еркектер қабірлерінен қару-жарақтар, әйелдер қабірлерінен түрлі әшекей заттары шыққан. Қаңлылар мәйітті лақыт жасап және жай шұңқырларға жерлеп, үстіне оба үйген, сағана салған. Қабірлерге тамақ салып, су құйылған қыш ыдыстар бірге қойылған. Отырар алқабында Отырар–Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіштер көп шоғырланған. Арыс өз-нің сол жағалауындағы Пұшық-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Сейітман төбе, Ақайтөбе, Шалтөбе сияқты 20 шақты қалашықтар негізі осы қаңлылар кезінде қаланған. Олардың көбін 1969 – 70 ж. Отырар археол. экспед. (жетек. К.Ақышев) тапқан. Ең үлкені – Көкмардан. Онда 1977, 1978 – 83 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспед. (жетек. К.Ақышев) қазба жұмыстарын жүргізген. Мұнда негізінен 6 – 7 ғ-ларға жататын 10 махалла қазылды. Бір бөлмелі үйлер, іргесі жартылай жер астынан басталады. Оған екі-үш тепкішекті басқышпен кірген. Үй есіктері бұрыштарға жақын салынған. Есікке қарама-қарсы, бөлме ортасына таяу жер ошақ бар. Қабырғаларға тақау сәкі-төсектер салынған. Ошақ басында еденде дәнүккіштер мен диірмендер қойылған. Шаруашылыққа қажетті түрлі ыдыстар қазып алынған. Көкмардан, Пұшық-Мардан, Қостөбе, т.б. қалашықтарда жүргізілген археол. қазба жұмыстары Оңт. Қазақстанның ежелгі қалалары сонау қаңлылар дәуіріне барып тірелетінін көрсетеді. Қалалар маңындағы Көкмардан, Қыркескен, Мардан, т.б. қорымдарында 1971 – 76 ж. Оңт. Қазақстан кешенді археол. экспед-ның отряды (жетек. Б.Нұрмұханбетов) қазба жұмыстарын жүргізді.
Жетіасар мәдениеті Қуаңдария мен Жаңадария аңғарын қамтиды. Бұл кездегі қала орындары біртектес. Құрылыс салуға көл. үлкен (603010; 402510) шикі кірпіш, күйдірілген кесектер пайдаланылған. Есік үй қабырғасының ортасынан немесе шетінен шығарылған. Қалалар мен обалардан Жетіасар мәдениетіне жататын түрлі бұйымдар табылды. Археол. жұмыстар барысында алынған әшекей бұйымдар, шаруашылық заттар қаңлылардың егіншілікпен, мал ш-мен, қолөнер кәсібімен, саудамен айналысқанын және ірі мемлекеттермен саяси, экон., мәдени байланыста болғанын дәлелдейді.
Қорытынды
Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар.
Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады.
Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған.
Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан.
Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы.
Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған.
Шаруашылығы.
Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Олар дәнді дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан.
Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты.
Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды.
Қаңлылар қоғамында әр түрлі кәсіптер,қол өнер, сауда және ақша айналысы дамыды.
Олардың қоныстарында ондаған тұрғын үй мен қора – қопсылар болды. Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда болсын дән, астық сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан, толып жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік құралдары да пайданылған.
Қаңлылардың діні.
Қаңлылар табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Әр жылдың маусым айында барлық тайпалар жиналып, ата-бабаларына шектік беріп отырған. Олардың бір бөлігі будды дінін қабылдады. Көп құдайға табынушылық болды. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған.
Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады.
Сонымен қаңлы тайпаларында сонау ерте кезден бастап мемлекеттік дәрежесіне дейін көтерілген тайпа бірлестіктері болды деп айтуға болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Қазақстан тарихы.1-т. - Алматы, 1996. – 275-б.
Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. - М., 1962. – 117-б.
Бахаддин Ө. Ұлы Хүн империясының тарихы. 2 кітап. - Алматы, 1998. – 25-б.
shalekenov.idhost.kz
https://el.kz/news/archive/a-ly_eskertkishteri/
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |