Қолөнер
Қаңлылардың қалалары мен қоныстары жергілікті базарларды не қажеттінің бәрімен қамтамасыз ететін қолөнер орталықтарына айналады. Қоныстар мен қорымдарды қазғанда керамика мейлінше көп табылды. Зерттеушілер шаруашылықта түрлі қажеттерді камтамасыз ететін ыдыстардың ондаған түрін атайды. Металл ыдыспен бірге, керамика ыдыс тамақ дайындау үшін пайдаланылған. Сұйықгы тасу және сақтау үшін тұтқалы құмыралар тұтынылған. Азық-түлік жерге қазып орнатылған үлкен ыдыстар — көзелерде сақталған. Ақырында, әсемдеп жасалған ас ішетін сапты- аяқтар, құмыралар, кеселер де болды. Әдетгегі бұйымдар ішінде зор көркемдік талғаммен істелгендері кездеседі. Мысалы, тұтқасы жануар мүсіні түрінде жасалған қакпақ сондай бұйым. Ол жануардың тұмсығы дөңес, құлақтары тік әрі шұнақ сауыры шөпкөректілерге тән, қысқа құйрығы жоғары қайырылған. Тегі, мүсінде киік бейнеленген болса керек. Бұл кезде керамика дайындау ісіңце қыш үршықшасы әлі таралмаған. Ыдыстар айналып тұратын тұғырда таспалау әдісімен жапсырып жасалған. Безендіру және сапасын жақсарту үшін антобтық қаптама, жылтырату, ойып өрнектеу қолданылған. Күйдіру көбінесе қыш күйдіретін пештерде жүзеге асырылды. Жалпы алғанда, зерттеушілер Сырдариядағы керамика өндірісінің әдеттен тыс қарапайымдылығын, дәстүрлілігін үнемі атап көрсетеді. Қаңлылар заманындағы қорымдар мен қоныстардан алуан түрлі металл бұйымдардың табылуы жергілікті жерде металлургия қолөнерінің дамығанын көрсетеді. Қаңлы үшін металлургия өндірісінің жетекші орталықтары Шаш - Илақ аймағындағы қоныстар мен қалалар болды. Нақ сол кезде осында, тауларда, жергілікті кен негізінде темір және полиметалл өндіру, алтын мен күміс өндеу дамиды. Алдыңғы қалалық ірі металлургия орталықтарының бірі қираған Құлақта қаласының орнындағы қала болған. Оның көлемі 50 гектарга жеткен, металлургия өндірісінің іздері айқын сақталған. Әдетте құрамы бай кеніштерден кен алынды. Олар опырылып, ашық өңірлеу мен аралас топырақты өңдеу жолымен өндірілді, бұл кенді аз бергенімен, оған шығын да аз жұмсалатын еді. Кеңді балқыту, байьтту, тегінде, кеніштерге жақын жерде жүргізілсе керек. Дөңгелек пештер де, төрт бұрышты пештерде пайдаланылған. Металл бұйымдардың құрамы мен шеберханалардың қалдықтарды ме- таллургияның түрлі салалары — темір ұсталығы, қола құю, зергерлік істің дамығаның дәлдейді. Шеберханалардың өніміне қорғаныс және шабуыл жасау қарулары, ат әбзелдерінің болшектері, ауыл шаруашылық кұралдары, темірден соғылған бұйымдар кірген. Қаңлылардың қабірлерінен әдетте қанжарлар, семсерлер, пышақтар, жебелердің үштары, сауыт табақшалары табылды. Темір тағалар, шегелер, ілмектер, қапсырмалар, түсті металдан істелген бұйымдар — сырғалар, алқалар, білезіктер, айылбастар, инелер, біздер ұшырасады.
1.2. Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері
Достарыңызбен бөлісу: |