Жоғарғы жақ сүйегінің екінші кіші азу тісінің сауытын гипстен мүсіндеу. Шайнау бетінің сыртқы контурларын белгілеу, сызылған өрнек бойынша гипстің артықтарын алып тасту. Осыдан кейін вестибуляр бетінің сыртқы контурын белгілеу және гипсті кесу, апроксималды беттерін белгілеп, гипс артықтарын алып, шайнау бетіндегі сызаттарды және төмпешіктерді мүсіндейді. Сауытты соңғы рет пішіндеу тіс мойныны мен үшкір қырларын тегістеумен аяқталады.
Гипстен жоғарғы екінші кіші азу тістің сауытының мүсінін алу, оның шайнау бетінің сыртқы пішінін белгілеуден және осы белгілер арқылы гипстің артық жерлерін алып тастаудан басталады. Вестибулярлы апроксималды беттерінің белгілерін белгілеп, гипстің артық жерлерін алып, шпйнау бетінің фиссуралармен төмпешіктерін мүсіндейді. Содан кейін сауыттың мойын бөлігінің пішінін мүсіндейді.
Гипстен төменгі жақтағы екінші азу тістің сауытының мүсінін алу. Мүсіндеуді шайнай бетінен бастайды. Осыдан кейін вестибулярлы бетті, бүйір және тіл беттерінің белгілерін анықтап, гипстің артығын жону жолымен мүсіндейді.
11.Жаңа тақырыпты бекіту. 15мин(16%)
1.Жоғарғы сүйір тістердің анатомиялық пішіні.
2.Жоғарғы кіші азу тістердің анатомиялық пішіні.
3.Ғаныштан жоғарғы жақтың сүйір тістерін мүсіндеу.
4.Ғаныштан жоғарғы жақтың кіші азу тістерін мүсіндеу.
12.Сабақты қорытындылау. 5мин(6%)
- оқушылардың білім деңгейін бағалау;
- келесі сабақтың тақырыбын бағалау;
13.Үйге тапсырма беру. 5мин(6%)
Н-1, бөлім -2,бет 55-58
Н-2, бөлім -2,бет 35-39
Қ-1, бөлім -3,бет 24-26
Сабақ №6
1.Сабақтың тақырыбы: Ғаныштан төменгі жақтың сүйір тістерін мүсіндеу және үлкен, кіші азу тістерін мүсіндеу.
2.Сағат саны: 1 сағат 45 мин(100%)
3.Сабақ түрі: теориялық
4.Сабақтың мақсаты:
-
оқыту : Ғанышқа байланысты негізгі технологиялық процестер түрлерімен және оны қолдануда керек құрал-жабдықтармен мен таныстыру және оқыту.
-
тәрбиелік : Ғанышпен жұмыс істеуге арналған құрал-жабдықтармен жұмыс істеп машықтану оларды қолдану амал-әдістерін меңгеру.
-
дамыту : Ғанышпен жұмыс істеу ережелерін меңгеру, төменгі жақтыңсүйір тістерін мүсіндеу және үлкен, кіші азу тістерін мүсіндеу ерекшеліктерін меңгеруді жетілдіру, дамыту
5.Оқыту әдісі: Муляждар, фантомдар
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекті және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер,сөзжұмбақ.
б)оқыту орны:
7. Әдебиеттер:
Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.
Негізгі:
1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы» (Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)
2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)
3. Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)
Қосымша:
1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )
2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)
3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)
8. Ұйымдастыру кезеңі 5мин(6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 20мин(22%)
1.Жоғарғы сүйір тістердің анатомиялық пішіні.
2.Жоғарғы кіші азу тістердің анатомиялық пішіні.
3.Ғаныштан жоғарғы жақтың сүйір тістерін мүсіндеу.
4.Ғаныштан жоғарғы жақтың кіші азу тістерін мүсіндеу.
10.Жаңа сабақты түсіндіру. 40мин(44%)
Төменгі жақ сүйір тісінің сауытын гипстен мүсіндеу. Гипс бағанада вестибулярлы және кесуші беттердің өрнектерін сызып алады. Вестибулярлы бетін вертикал сызықпен теңдей емес екі бөлікке бөледі, кішісі медиалды, ал үлкені дисталды. Кесуші қырында мезиалды және дисталды сызықтарды жүргізеді. Гипстың артығын алып тастап, кесуші қырмен вестибулярлы беттің сызбасын жүргізіп, оның дөңестігін береді. Бүйір және тілдік беттерінде тістің мойны мен төмпешігін мүсіндейді.
Үстіңгі және төменгі кіші азу тістердің ортақ белгілері. Бірінші кіші азу тістердің сауыт бөліктерінің вестибулярлық беттері сүйір тістің вестибулярлы бетіне ұқсас. Тістің вестибулярлы бетінің ортасында білік өтеді де, кесу қырында төмпешік түзейді. Ол шайнау бетіне ауысады. Төмпешік сауыттың вестибулды бетін бірдей екі бөлікке бөледі, дисталды бөлік, оның бұрышының дқғалдануына байланысты ұзындау көрінеді. Экватор-сауыттың ортасында орналасады.
Бүйір бетінің пішіні трапеция тәрізді, мойын сызығы доға тәріздес.
Сауыттың шайнау беті ұрт-тілдік бағытта созыңқы, пішіні сопақша болады. Шайнау бетінде – ұрттық және тілдік төмпешіктері болады. Ұрттық төмпешік тіл жаққа қисайып, сауыт ортасына қарай төмендейді де тіл төмпешігіне ауысады.
Екінші кіші азу тіс бірінші кіші азу тіске пішіні жағынан ұқсас, бірақ көлемі жағына кішірек. Шайнау бетіндегі төмпешіктері бірдей деңгейде, мезиалды және дисталды бұрыштары доғалданған.
Күрек және сүйір тістердің таңдай немесе тіл бетіндегі төмпешіктер, кіші азу тістерде шайнау процесіне қатысатын төмпешіктер түріне ауысқан. Осылайша күрек және сүйір тістермен салыстырғанда, бұл тістерде «түйісу беті» немесе «шайнау беті» деп аталатын бесінші бет пайда болады. Түйісу бетіндегі (V) вестибул және (L)тіл төмпешіктерінің арасында мезиалды-дисталды бағытта орналасқан сызат болады. Осы сызат немесе жарық, V және L төмпешіктерінің ішкі беттерінде екі жақ шетінде мезиал дистал бағытта тереңдейді. Бұл тереңдіктер «окклюзиялық бетте мезиалды және дисталды шеттерінде қабырға сияқты ұзарған» кенере шығыңқылары – «crista marginalis mesialis» және «distalis»-пен шекараласып жатады. Бұл қырлар, шайнау кезінде түсетін қысымға қарсы тістердің мықтылығын арттырады. Вестибул төмпешігінің окклюзия беті, төмпешіктің төбесіне басталатын қыр арқылы мезиал және дистал еңістіқ беткейлерге бөлінеді.
Сауыт бөлігінің вестибул беттері сүйір тістерге ұқсас: ұрт төмпешіктен мойынға қара бағытталған бір шығыңқы, сауыттың вестибул бетін мезиалды және дисталды бөліктерге бөледі.
Үстіңгі және төменгі кіші азу тістердің өзара айырым бел гілері. Кіші азу тістердің вестибул беттері бір-біріне ұқсас, шайнау беттерінің пішіндері, төмпешік сандары бір-біріне ұқсас және шамалас келді. Төменгі бірінші кіші азу тісінің тіл төмпешігі үлкендігі жағынан кіші азу тістерінің ішіндегі ең кішкентайы болып саналады. Төменгі екінші кіші азу тісінің тіл төмпешігі екі айқын көрінетін төмпешіктерден тұрады. Осылайша екінші асыңғы тіс басқа кіші азу тістерге салыстырғанда үш төмпешік болып келеді.
Кіші азу тістер түбірлері бір-бірімен ұқсамайды. Үстіңгі кіші азу тістерінің түбірлері бүйір жақтарынан қысыңқы келеді, олардың мезиал және дистал беттерінің ортасында, мойын сызығынан басталып, түбірдің ұшына дейін созылған сай болады. Үстіңгі бірінші кіші азу тісте бұл ойық немесе сайша, түбірді екіге бөлуге дейын барады. Осы себепті көпшілік жағдайда бірінші кіші азу тістің екі түбірі болады, ұрт және таңдай жақта. Таңдай түбірі жіңішке және қисайған. Төменгі кіші азу тістердің түбірлері конус түрінде бір данадан болады.
Жоғарғы жақ сүйегінің бірінші кіші азу тіс сауытын гипстен мүсіндеу. Гипстік бағанада шайнау бетінің контурларын белгілеп, ұрт, жанасу және беттерінің өрнектерін сызады. Сауыттың ұрт бетін теңдей емес екі бөлікке бөледі: кіші бөлігі медиалды, ал үлкені дисталды. Жанасу беттері мойын бөлігінде жіңішкеріп қосылады. Таңдай төмпешігінің контуры кесілген конус түрінде келеді.
Гипс бағананың вестибуляр бетінде тіс мойнының, ұрт төмпешікті, мезиалды және дисталды еңіс беткейлерді алу үшін контурлар сызады. Сызылған белгілер бойынша, шайнау бетінде гипсті кесіп, таңдай және жанасу беттерін мойын деңгейіне дейін жеткізеді.
Жоғарғы жақтағы екінші үлкен азу тісті мүсіндеу. Тік бұрыш пішінді гипс бағананың бүйір бетінде, оның жоғарыдан қарағандағы сұлбасын кескіндейді, яғни ұрт төмпешіктерінің мезиалды қырын дисталды қырлардан қысқарақ жасайды. Ось нысаналар бойынша гипсті кесіп, сауыттың биіктігін белгілейді. Сауыттың биіктігі оның мезиалды-дисталды ұзындығынан сәл кішілеу болады. Содан кейін гипс бағананың бүкіл периметрі бойынша тіс мойынының сызығын белгілейді. Ал таңдай бетіндегі төмпешіктер айқын пішінді, олардың тістеу қырлары ұрт төмпешіктермен салыстырғанда өткірлеу болады.
Бүйір жақтан қарағанда тіл төмпешіктері ұрт төмпешіктерінен биіктеу көрінеді. Шайнау бетінін төмпешіктерін пішіндеуді төмпешік аралық сайлардың мезиалды және дисталды беттерін тереңдетіп жасаудан бастайды. Содан соң төмешіктің қырларын пішіндейді. Яғни әр төмпешіктің ортаңғы қыры сауыттың ортасына бағытталған. Төмпешіктердің ұрт мезиалды және дисталды төмпешіктер оның ұрт бетінде ылди жасаумен аяқталады. Содан кейін сауыттың бүйір беттерінде дөңгелетіп экватор жасайды.
Төменгі жақ сүйегінің екінші үлкен азу тісінің сауытын гипстен мүсіндеу. Мүсіндеуді шайнау бетенің контурын өлшеп белгілеуден бастайды. Сызылған контур бойынша гипстен артықтарын алып, сауыттың вестибулярлы бетін өңдейді. Тіл төмпешігінің контуры вестибулярлы төмпешіктің контурының деңгейінде орналасады.
Айырмашылығы сауыттың вестибуляр бетінде шайнау бетінен өтетін ойықтар нашар көрінеді немесе мүлдем болмайды.
11.Жаңа тақырыпты бекіту. 15мин(16%)
1.Төменгі сүйір тістердің анатомиялық пішіні.
2. Жоғарғы және төменгі сүйір тістердің анатомиялық пішінінің айырмашылықтары.
3.Төменгі кіші азу тістердің анатомиялық пішіні.
4.Жоғарғы және төменгі кіші тістердің анатомиялық пішінінің айырмашылықтары.
5.Ғаныштан төменгі жақтың сүйір тістерін мүсіндеу.
6.Ғаныштан төменгі жақтың кіші азу тістерін мүсіндеу.
12.Сабақты қорытындылау. 5мин(6%)
- оқушылардың білім деңгейін бағалау;
- келесі сабақтың тақырыбын бағалау;
13.Үйге тапсырма беру. 5мин(6%)
Н-1, бөлім -2,бет 58-65
Н-2, бөлім -2,бет 39-45
Сабақ №7
1.Сабақтың тақырыбы: Жұмсақ массамен тіс қатарынан қалып алу. Ғаныштан мүсін құю.
2.Сағат саны: 1 сағат 45 мин(100%)
3.Сабақ түрі: теориялық
4.Сабақтың мақсаты:
-
оқыту: Қалыптық материалдардың түрлерімен, жікктелуімен, құрамы және қасиеттермен таныстыру және оқыту.
-
тәрбиелік : Жұмсақ массамен тіс қатарынан қалып алуға машықтану, қалыптық қасықтарды дұрыс таңдау және оларды қолдану амал-әдістерін меңгеру.
-
дамыту : Жұмсақ массамен жұмыс істеу ережелерін меңгеру, жоғарғы және төменгі жақтардан толық және жартылай анатомиялық қалып алу әдістерін меңгеруді жетілдіру, дамыту.
5.Оқыту әдісі: Ситуациялық есептер
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекті және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б)оқыту орны:
7. Әдебиеттер:
Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.
Негізгі:
1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы» (Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)
2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)
3.Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)
Қосымша:
1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )
2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)
3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)
8. Ұйымдастыру кезеңі 5мин(6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 20мин(22%)
1.Төменгі сүйір тістердің анатомиялық пішіні.
2. Жоғарғы және төменгі сүйір тістердің анатомиялық пішінінің айырмашылықтары.
3.Төменгі кіші азу тістердің анатомиялық пішіні.
4.Жоғарғы және төменгі кіші тістердің анатомиялық пішінінің айырмашылықтары.
5.Ғаныштан төменгі жақтың сүйір тістерін мүсіндеу.
6.Ғаныштан төменгі жақтың кіші азу тістерін мүсіндеу.
10.Жаңа сабақты түсіндіру. 40мин(44%)
Ортопедтік стоматологияда гипс көмекші материалдардың арасында ерекше орын алады. Өйткені гипс тіс протезін дайындау кезеңдерінің барлық сатыларында қолданылады. Гипсті қалып-өлшем алуда, бет әлпетінің көшірмесін алуда, мүсіндерді окклюдаторға, артикуляторға немесе кюветаға бекітуде, тіс пртезінің бөлшектерін дәнекерлеуде және қалыптық материал ретінде қолданылады.
Гипсті қалып материал ретінде, дәнекерлеуде және мүсіндерді кюветаға мүсіндеу үшін қолдану манипуляциялары осы оқулықтардың кейбір тарауларында қарастырылған.
Осы тарауда жақ сүйектерімен тіс қатарларының мүсіндерін дайындау, оларды окклюдаторға немесе артикуляторға бекіту, дубликаттау және отқа төзімді мүсіндерді алу процестері жазылған.
Жақ сүйектерінің мүсіндерін гипстен дайындау. Әр түрлі тіс протездері мен аппараттарды дайындау, жақ сүйектерінің тура және мықты гипс мүсіндерді дайындауды талап етеді.
Мүсін(модель) – қандай да бір бұйымды дайындау үшін оның тура пішінін қайталайтын үлгі.
Жақ сүйектерінің мүсіні – протез орналасатын аймақтың және онымен шекаралас орналасқан қатты және жұмсақ тіндердің беттерінің дәлме-дәл көшірмесі.
Протез орыны немесе төсемі термині: тіс протезімен тікелей жанасатын мүшелер мен тіндер, деген ұғымды білдіреді.
Жақ сүйектерінің мүсіндерінің жіктелуі, олардың қолдану мақсаттарына байланысты:
-
Диагностикалық келешек тіс протезінің құрылымын анықтау үшін;
-
Бақылаушы, ауыз қуысының емдеуге дейін, емдеу кезіндегі және одан кейінгі жағдайларын сараптау үшін арналған, оларды басқаша: сериялы, яғни бір-біріне жалғасып жатқан түсінік ретінде де айтады;
-
Жұмысшы, оларда тіс протездері аппараттарды дайындайды;
-
Көмекші қарсы тіс қатарынан алынған мүсін болып бөлінеді.
Жақ сүйектерінің мүсіндерін дайындау үшін әртүрлі гипстер қолданады.
Мүсіндерді дайындау шарттарына байланысты төмендегінше жіктеледі:
-
Біртұтас, біртекті немесе әртүрлі гипстен бірден құйылатын мүсін. Мысалы, тіс қатарын IV класс гипсімен құйса, мүсін табанын III класс гипсімен құяды. Бұл мүсінді комбинирленген біртұтас мүсін деп атайды. Әдетте мұндай мүсіндер қалып өлшемді альгинатты массалармен қолданады. Осы әдіс құрамалы мүсін алуда негізі болып табылады;
-
Құрамалы мүсіндерді тіс технигі дайындайды;
-
Отқа төзімді, мүсін гипс мүсіндерді арнайы кюветаға дубликаттаудан кейін дайындалады. Отқа төзімді мүсіндер металл қоспаларын ертіп құюда қолданылады.
Жақ сүйектерінің құрамалы емес және біртұтас мүсіндерін гипстен алу әдісі
-
Қалып өлшемге дәрігер тарапынан баға беру;
-
Қалып өлшемді мүсін құюға дайындау.
-
Ол үшін қалып өлшем ағын судың астында жуылып, залалсыздандырылады, қалып өлшем материалындағы ішкі кернеуді кетіру мақсатында және гипстің жақсы ағып жығылуы үшін, оны арнайы сұйықтыққа батырып, сияқты заттармен өңдейді;
-
Гипсті дайындау үшін гипс ұнтағы мен суды араластырады. Араластыруды қолмен, вакуумды араластырғышпен жүргізуге болады;
-
Қалып өлшемді гипспен толтыру. Толтыру кезінде қол көмегімен қасықты соққылау арқылы немесе виброүстелді қолданады.
-
Гипс мүсіннің цоколдерін жасау, шпатель көмегімен жүргізіледі. Ол үшін үстелдің үстінде аздап гипс үйіліп, оған гипс толтырылған қалып өлшемді аударады, қасықтың табаны үстел бетіне параллель болуы керек.
-
Жетілдрілген заманауи артикулятордың құрамына кіретін артикуляциялық цоколь элементтерін қолдану арқылы да, мүсіннің цоколь қабатын дайындайды.
Қалыптық қасықпен бірге қалып өлшемді гипс мүсіннен ажырату, гипстің кристализациясы толық біткеннен кейін жүргізіледі:
-
Егерде эластикалық қалып өлшем материалдары қолданылса, онда шпательдің, скальпельдің, пинцеттің көмегімен қасықты ажыратып, өлшемдік массаны бөлшектеп кесу арқылы мүсінді ашады;
-
Егерде термопластикалық масса қолданылса, онда оны алдын ала қызыдырып, қалып өлшем массасымен бірге қасықты мүсіннен ажыратады.
Жақ сүйегі гипс мүсінінің механикалық өңдеуін – кесу құрал саймандарын және арнайы қондырғының көмектерімен бірқалыпты қалыңдық және бүйір қабырғаларына параллельдік береді.
Осылайша, жақ сүйектері мен тіс қатарларының құрамалы гипстік мүсіндерін дайындаудың негізгі үш әдісі болады:
-
Штифтсіз, мүсіннің полимерлі цоколін қолдану;
-
Штифттер мен мүсіннің полимерлі цоколін қолдану;
-
Штифттер мен мүсіннің гипстік цоколін қолдану.
11.Жаңа тақырыпты бекіту. 15мин(16%)
1.Қалыптық материалдар, құрамы, қасиеті, қолданылуы
2. Қалыптық материалдардың жіктелуі.
3.Жоғарғы жақтан қалып алу ерекшеліктері.
4.Төменгі жақтан қалып алу ерекшеліктері.
5.Мүсін құю және оған қойылатын талаптар.
12.Сабақты қорытындылау. 5мин(6%)
- оқушылардың білім деңгейін бағалау;
- келесі сабақтың тақырыбын бағалау;
13.Үйге тапсырма беру. 5мин(6%)
Н-1, бөлім -2,бет 92-93
Н-2, бөлім -4,бет 116-118
Қ-1, бөлім -3,бет 37-58
Сабақ №8
1.Сабақтың тақырыбы: Жасанды темір сауытқа мойнын сызу. Балауызбен мүсіндеу. 2.Сағат саны: 1 сағат 45 мин(100%)
3.Сабақ түрі: теориялық
4.Сабақтың мақсаты:
-
оқыту : Оқушыларды тіс протездерінің түрлерімен және оларды қолдану көрсеткіштерімен, дайындау технологиясымен таныстыру және балауызбен дайындау техникасының маңыздылығы мен клиникадағы орынын түсіндіру және оқыту.
-
тәрбиелік : Балауызбен жұмыс істеуге арналған құрал- жабдықтармен дұрыс және сауатты қалай жұмыс істеу керектігімен таныстыру.
-
дамыту : Тістердің анатомиялық пішіндерін балауызбен мүсіндеу технологиясын үйрену,балауызбен жұмыс істеуге арналған құрал- жабдықтар мен оларды қолдану амал-әдістерін меңгеруді жетілдіру,дамыту
5.Оқыту әдісі: Муляждар, фантомдар
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар:компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекті және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б)оқыту орны:
7. Әдебиеттер:
Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.
Негізгі:
1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы»(Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)
2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)
3. Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)
Қосымша:
1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )
2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)
3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)
8. Ұйымдастыру кезеңі 5мин(6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 20мин(22%)
1.Қалыптық материалдар, құрамы, қасиеті, қолданылуы
2. Қалыптық материалдардың жіктелуі.
3.Жоғарғы жақтан қалып алу ерекшеліктері.
4.Төменгі жақтан қалып алу ерекшеліктері.
5.Мүсін құю және оған қойылатын талаптар.
10.Жаңа сабақты түсіндіру. 40мин(44%)
Жасанды тіс сауыттарының жасалу технологиясы. Жасанды тіс сауыты, тістің клиникалық сауыт бөлігін жауып тұратын және оның анатомиялық қалпын, көлемі мен қызметін қалпына келтіретін тіс протездерін айтады.
Жасанды тіс сауыты тістің клиникалық сауытының бетін жауып тұратын көлеміне байланысты толық, жартылай, экваторлық, сақиналы деп бөлінеді.
Атқаратын міндеттеріне қарай оларды қалыпқа келтірушілер, тіреуіштер, бекітушілер деп бөледі.
Даярлау тәсілдеріне қарай штампталған, дәнекерленген және құймалы деп бөлінеді.
Жасалған материалдарына қарай алтын, күміс палладийлі, пластмассалық, фарфорлық, құрамдастырылған болып бөлінеді.
Бұдан басқа жасанды тіс сауыттары уақытша, егелген тісті қорғау, ортодонтикалық аппараттарды бекіту үшін және тұрақты көпір тәріздес протездерге тірек элементтері ретінде немесе жартылай алынбалы протездерге бекітетін кламмерге сүйеніш ретінде қолданылады.
Жасанды сауыт келесі талаптарға сай болу керек:
1)Қалпына келтіретін тіс пішініне дәл сәйкес келу керек.
2)Жақсы жетілген экваторы болу керек.
3)Тіс мойнын тығыз қамтып,қызыл иек қалтасына 0,2-0,3мм ену керек.
4) Көрші тістермен жанасу керек.
5) Төменгі жақ қимылдары кезінде кез-келген окклюзия түрінде тіс қатарының түйісуіне кедергі келтірмеу керек.
Жасанды штампталған тіс сауытын дайындаудың технологиясы.
-
Егелген тістен алынған қалып өлшемнен мүсін құю, оны оккладаторға бекіту;
-
Мүсіндегі егілген тісті сауытқа арнап балауызбен мүсіндеу;
-
Мүсінделген тістен гипстік және екі металл штамптар алу;
-
Контрштамп дайындау;
-
Метал гильзаны «Самсон» аппаратынан өткізіп, термиялық өңдеу, оны алғашқы және соңғы штамптаудан өткізу.
Мүсіндерді орталық окклюзия жағдайында окклюдаторға бекіткеннен кейін, химиялық қарындашпен, тістің, қызыл иек қырының сызығын сызады. Осыдан кейін тістің анатомиялық пішінін орнына келтіру үшін, тіс тұқылының бетіне ерітілген балауыздың қабатын біртіндеп құю жолымен мүсіндейді. Тек тіс мойнының кеңдігі ұлғаймас үшін, осы тұсқа балауыз 1 мм жетпей жатады. Мүсінделген тіс келешек тіссауытынан металл қалыңдығына аз болуы керек. Шайнау беттері антогонист тістер бойынша мүсінделеді.
11.Жаңа тақырыпты бекіту. 15мин(16%)
1.Тіс протездері, түрлері, қолданылуы.
2.Жасанды сауыт,анықтамасы, қолдану көрсеткіштері.
3.Жасанды сауыттардың түрлері,оларға қойылатын талаптар.
4. Жасанды темір сауытқа мойнын сызу.
5. Балауызбен мүсіндеу.
12.Сабақты қорытындылау. 5мин(6%)
- оқушылардың білім деңгейін бағалау;
- келесі сабақтың тақырыбын бағалау;
13.Үйге тапсырма беру. 5мин(6%)
Н-1, бөлім -2,бет 51-69
Н-2, бөлім -9,бет 136-137
Қ-1, бөлім -4,бет 67-90
Сабақ №9
1.Сабақтың тақырыбы: Ғаныштан штамп кесіп алу. Клиникалық тіс мойнын тереңдету, айқындату.
Достарыңызбен бөлісу: |