Қалыптасқан қазақстан 2050 стратегиясы



бет17/17
Дата25.02.2016
өлшемі1.24 Mb.
#21063
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

СТУДЕНТТЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Айдаш ӘЛИАРЫСТАНОВА, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дын студенті.
Ғаламтор құбылысына

жастар жауапкершілікпен қарауға тиіс
АҚШ-тан бастау алған интернет жүйесі казір барлық елге тарады. Ол ешкімге бағынбайтын жүйе. Әсіресе, әлеуметгік желілер жастар санасына кері әсерін тигізіп жатқаны жасырын емес. Алайда, мұндай желілер пайдалы мақсатга игеру кажет. Жуырда «Студенттер сарайында» еткен облыс әкімінің лекциясы осы кезекті мәселелерге арналған еді. Аймақ басшысының кезекті дәрісі өте мазмұнды, кызықты деректерге толы болды.

Қазір кеңістік-ақпараттық технологиялардың уақыты. Қоғамда орын алған жайтгарды алдымен интернеттен оқимыз, көреміз. Себебі, ақпарат алмасудың ең жылдам түрі осы құрал. Өңір басшысы Қырымбек Елеуұлы өз дәрісінде ғаламтордың пайдалы тұстарын жастарға жан-жакты түсіндіріп, инновацияны ғылымға негіздеу аркылы жақсы білім алып, өміріміздің инфрақұрылымын дамыту мақсатында аянбай еңбек етуге шақырды.

Сонымен бірге, интернетгің жастар санасына тигізер кері әсері бар екендігін де нақты мысаддармен атап өтгі. Оның мұншалықгы жылдам дамуы әрине, әрбір жеке адамның, жалпы қоғамның әлдекайда тиімді, әрі өнімді жұмыс істеуіне, шығармашылық мүмкіндіктерді шексіз кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазіргі қазақстандық интернеттің ахуалы, соның ішінде қазақ тіліндегі веб-сайггардың жағдайы да дәріс барысында қамтылды. Интернет ресурстарының журналистикаға, ақпарат тарату саласына тигізетін әсері де айтылды. Кең ауқымда өрбіген лекция жалпы, ғаламтор құбылысына жастарды азаматтық жауапкершілікке, ұлтжанды ұстаныммен тереңірек қарауға шақырды.

//Сыр бойы.-2013.- 8 маусым.-3б.


Жайна Шерниязова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың ІІІ курс студенті

Қарттарға көңілді кеш сыйлады

Өткен аптада медицина қызметкерлері күні «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйінде» атап өтті.

Интернат үйінде бүгінде 180 қария тұрады. Мұнда барлығы 168 қызметкер жұмыс жасайды. Олардың 3-уі жоғары санатты дәрігер, ал 22 мейірбеке мен 2 психолог күнделікті қариялардың қасынан табылып келеді. Салтанатты шарада сөз алған мекеме басшысы Сафура Қожантайқызы, медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, онға жуық өызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады. Тынығушы Әбдісадық Дәуітов ардагерлер атынан сөйлеп, ақ халаттарға құттықтау лебізін білдірді. Содан соң, жергілікті өнерпаздардың өнерін тамашалады. Соның ішінде Жарылқасын Оразқұлов пен Алмас Қожахметов сынды өнер иелерінің әсем әндері кеш көркін кіргізді.

Көңілді концерттік бағдарламаны ұйымдастырған қалалық мәдениет үйі, клубтар жәнехалықтық ұжымдар қазыналық кәсіпорын аға әдіскері Райкүл Сәрсембаеваға қарттар алғыстарын білдірді.

//Ақмешіт апталығы.- 20 маусым.-4 б.

Н.Жеңісбекқызы, ҚМУ-дың студенті

Тілге тірек болғандар
Аптаның бейсенбі күні облыстық тілдерді дамыту басқармасының мәжіліс залында аймақта мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау мақсатында жыл басында жарияланған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқаудың қорытындысы шығарылды. Үстіміздегі жылдың 10-қаңтары мен 20-мамыры аралығында еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту мақсатында өткізілген байқауға Арал, Қазалы, Шиелі аудандық газеттерінің, қалалық, облыстық қазақ және орыс тілді басылымдардың, телеарналар мен интернет газетінің журналистері мен басқа сала мамандары да қатысты. Байқауға түскен мақалалардың дені мемлекеттік тілдің қазіргі жай-күйі, оның қолданылу аясы, үштұғырлы тіл саясатының жеткізетін биігі мен көлеңкелі тұстары, латын әліпбиіне көшудің жетістігі мен келтірер залалы жайында ой қозғайды, келелі пікірлер, келісті ойлар өрбітеді.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшсы Ержан Уәйіс аймақтағы ақпарат құралдары өкілдерін алдағы мерекелерімен құттықтап, өңірде мемлекеттік тілдің әл-ахуалына тоқтала кетті.

- Елбасының «Сыр - Алаштың анасы» деп айтуының өзінде үлкен мән жатыр,- деді басқарма басшысы- Тұрғылықты халқының 96 пайызы жергілікті ұлт болып табылатын Сыр өңірі ана тілдің де, қазақи болмыс пен ділдің діннің де орталығы саналады. Содан да болар байқауға түскен материалдардың саны да, сапасы да өзгеше болды. Байқауға түскен материалдарды сұрьштап, олардың әрқайсысына өзіндік баға берген қазылар алқасы өз шешімін жария етті Алқа төрағасы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ардагер-журналист Өтеген Жаппархан екшеген мақалалардың жетістігі мен кемшілігін айта келіп, баспасөзде әлі де болса мемлекеттік тіл мәселесінің олқы соғып жатқан тұстарына тоқталды.

Сонымен байқау қорытындысымен қазақ және орыс тілді баспасөз бойынша «Үздік мақала» номинациясын облыстық «Сыр бойы» газетінің бљлім меңгерушісі Жолдасбек Ақсақалов пен «Кызылординские вести» газетінің журналисі Айнагүл Манабаева, «Үздік телеарна бағдарламасы» номинациясын «ҚоғамТВ» жургізушісі, редактор Елена Рыбина мен «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының жүргізушісі, редактор Ғалымжан Жуманазар, «Үздік сайт мақаласы» номинациясын сот актілерін орындау департаментінің баспасөз хатшысы Гулнәз Бейсен иеленді. Сондай-ақ, бір топ журналистер «Тіл жанашыры» номинациясын иеленсе, тағы бір тобы басқарманың ынталандыру сыйлықтарын еншіледі. Олардың қатарында облыстық «Сыр бойы», «Халық», «Ел тілегі», Арал, Шиелі аудандық газеттерінің қызметкерлері бар. Байқау жеңімпаздарына басқарманың арнайы дипломдары табыс етеіп, бағалы сыйлықтары тапсырылды.

Облыс жеңімпаздарының мақалалары республикалық байқауға жолданды.

//Сыр бойы.-2013.- 8 маусым.-3б.


Талшын Сабырова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң 1 курс студенті



Туризмнің жайы қалай?
Өткен аптада «Руханият жаңғырту» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «сыр еліндегі тарихи-танымдық туризмді дамытудағы өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстел өткізді. Онда Қызылорда облысындағы тарихи-танымдық туризмнің қазіргі жағдайы, даму мүмкіндіктері және кедергі факторлар, сонымен қатар туризмді дамытудағы нақты ұсыныстар және мәселелерден шығу жолдары талқыға салынды.

Дөңгелек үстелге «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Нұрмаханов, жоба жетекшісі тарих ғылымдарының магистрі Асхат Сайлау, тарихшы ғалымдар Дастан Сатбай, Бауыржан Енсепов, Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Әмірғали Көшекбаев, сонымен бірге «Гүлнәр Тур» туристік компанияның басшысы Сәуле Ізмаханова және «Арбат» кешенінің менеджері қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Режим мәліметтерге сүйенсек, облыстың туризм инфрақұрылымы 11 қонақ үй, 2 сауықтыру орны, 8 балалар сауықтыру лагері, туристерді орналастырумен айналысатын 21 жеке кәсіпкер, 8 мұражай, 543 тарихи архитектуралық ескерткіш және табиғи ресурстарымен қамтылған.

Шара барысында тарихшы ғалым Дастан Сәтбай өңіріміздегі тарихи ескерткіштердің орнын қорғаудың бастау керектігін, жарнама агенттігінің жақсы жұмыс жасау қажеттігін атап өтті. Сөз соңында ұйымдастырушылар мемлекеттен өаржы бөлінсе, туризмді одан әрі дами түсетінін жеткізді.


//Ақмешіт апталығы.-2013.-20 маусым.- 4 б.

Исламбек БАХРАДИН, Қорқыт ата атъндағы ҚМУ-дің студеяті


Сыр балуандары Астанаға аттанады
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақша күрестен өтетін «Қазақстан барысы» турнирінде Сыр өңірінін намысын қорғайтын балуандар сейсенбіде соңғы дайындығын пысықгады. Олар бірер күңде Елордаға аттанады. Ұлан Рысқұл мен Айбек Серікбаевқа жерлестері мол сенім артып отыр.

Естеріңізде болса, Ұлан Рысқұл аталмыш турнирдің ең бірінші алтын белбеуін тағынған еді. Ал, Айбек Серікбаев — атағы тарала коймаған жас балуан. Бірақ, ол кешегі іріктеу турында Ұланнан айласын асырып, басты үміткерлердің қатарына енді. Сонғы дайындық шарасына облыстық туризм, дене шынықгыру және спорт басқармасының басшысы Садық Шоңмұрынұлы мен аймағымыздың ардагер спортшылары қатысты. Олар балуандарға сәттілік тілеп, айтулы додадан жеңімпаз атануына тілектестігін білдірді.

//Халық .- 2013.- 20 маусым.- 13 б.

Азамат ЖОЛДАСБЕКОВ, Қорқыт ата атъндағы ҚМУ-дің студеяті
«Астананың» сапы айқындалды

«Джиро д Италия» додасында үздік нәтиже көрсеткен «Астана» клубын «Турде Франс» бәсекесі күтіп тұр. Казақстандық команда бұл додадан да жүлделі болуға дәмелі. Жуырда осы көпкүндік жарыс барысында елордалық ұжымның туы астында өнер көрсететін велошабандоздардың есімі айқындалды. Бізге мәлім болғандай, команда кұрамына үмітті ақгайды деген сеніммен 13 спортшы енді. Олар - Якоб Фульсанг (Дания), Асан Базаев, Андрей Кашечкин, Алексей Луценко, Дмитрий Муравьев (Қазақстан), Янец Брайкович (Словения), Энрико Гаспаротго, Франческо Гавацци, Якопо Гуарниери (Италия), Андрей Гривко (Украина), Фредрик Кессякофф (Швеция), Кевин Зельдраерс (Бельгия) және Егор Силин (Ресей). «Тур де Франс» команда сапында 9 шабандоз өнер көрсететін болады.. Ал бізде іріктелініп алынған 13-тің 4-еуі алдағы уақытта тізіміннен түседі.

//Халық .- 2013.- 20 маусым.- 13 б.
И.Бахрадин, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің студенті

Жастар белсенділік танытуы тиіс

«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты мен жастарға сенемін, - деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, егеменді еліміздің іргесін нығайтар жастарымыз каншалықты осы сенім үдесінен шығып отыр? Елбасының бастауымен жастарды қолдау мақсатында елімізде әртњрлі әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Осы бағдарламалар, шын мәнінде, жастарға жағдай жасауда ма? Осындай мәселелер аймақгың белсенді жастары мен қоғамдык ұйымдардын басқосуында кең көлемде талқыланып, Елбасының жастарға артар сенім үдесінен шығу жоддары каралды. Аталмыш жиын қаладағы №5 орта мектепте өтгі. Бүгінде білім куып ауылдан қалаға ағылған жастардың басым көпшілігінің басында баспаналары жоқ, тұрақты жұмыс табу өз алдына бір қайғы. Жастарды қолдауды осыдан бастау керек сықылды. Облыс орталығында жастардың қалтасына ауыр тимейтін жатақханалар қажет-ақ.

Әрине, облысымызда жастар жатақханасы салынады дегенге біршама уақыт болды. Жастар кутуден шаршамайды, жергілікті билік «саламыз» деуден жалықпайды. Шолақ уәдеге сенуден басқа амал бар ма? Бұл бір. Екінші мәселе жастар мемлекеттік бағдарламаларға үн қосуға келгенде мүдделік танытпайды. Елбасы да жастарға үлкен үміт артады. Алайда олар әліде масылдық дертген арылмай келеді. Президент айткандай игілікке жетудің алдамшы формуласы - «аз жұмыс леп, көп табыс табу», «ауадан ақша жасау» әрбір жастың бойынан табылады. Мәселен, күш-жігерін жұмсап жұмыс істеудің орнына жастарымыз таксист болып, жан баққанды қалайды. Бұл кешілік қой? «Есектің артын жуып ақша табу» керек дегенмен, жастардың еңбексіз нан табуы қынжылтады. Есесіне Елбасының мұрьндық болуымен қабылданған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы жастарға мол мүмкіндік ашып отыр. Алайда олар осы бағдарлама арқасында білікгілігін арттырып, жұмыс жасаудан қашкақгайтын сыңайлы. Казақта «еңбегіне қарай өнбегі» деген бір жақсы сөз бар. Бұл бағдарлама бойында қауқары бар жастарға жұмыс береді. Тіпті, білікгілігін де артгаруға жәрдемдеседі. Мамандар осындай пікірде.

- «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы іске қосылғалы айтарлықтай біршама жумыстар жургізіліп келеді. Бул бағдарлама аясында 2011 жылы кђсіптік даярлауға 927 адам, элеуметтік жумыс орындаршда 15 адам, жас тар практикасына 10 адам оқуға жолданып, 1 адам жоғары оқу орнында білімін жалғастыруда. Қайта даярлау курсын 443 адам бітіріп, оның ЗЗІ-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал 2012 жылы кәсіптік даярлауда 278адам оқыса, қайта даярлау курсында 396 адам оқуын , аяқтады. Оның іиіінде 158-і турақты жұмыспен қамтылған. Әлеуметтік жұмыс орнына ІЗ адам, жастар тәжірибесі бойынша 4 адам оқуға жолданды, - деді калалық жұмыспен қамту орталығының директоры Ернұр Ақылбекұлы.

Бұл төмен көрсеткіш емес. Дегенмен, жастардың бағдарламаға белсене араласуы қажет-ақ. Себебі, жастар ертеңгі еліміздің жарқын болашағы десек, олар белсенді түрде жүзеге асып жатқан әрбір бағдарламаға үлес косулары керек.


//Халық .- 2013.- 20 маусым.- 14 б.


ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ – ЭКСПО-2013
Даулет Данияров,

Достижения науки и техники на выставке

«Беларусь ЭКСПО–2013»

Сотрудники Фонда науки изучили достижения науки и техники партнера Республики Казахстан по Единому Экономическому Пространству (ЕЭП) Республики Беларусь. Сегодня можно с уверенностью говорить о поступательном развитии партнерских взаимоотношений между двумя республиками. В ходе официального визита Премьер–министра Республики Казахстан в апреле 2013 года в Республику Беларусь Фондом науки был подписан Соглашение о научном сотрудничестве с Белорусским Республиканским Фондом Фундаментальных Исследований (БРФФИ). В рамках соглашения запланировано проведение мероприятий по интеграции и совместному развитию научно–исследовательской деятельности.

На национальной выставке «Беларусь ЭКСПО–2013» была выставлена продукция более 130 предприятий. Посетители могли ознакомиться с последними разработками машиностроения Беларуси – БелАЗами, тракторами «Беларусь» и комбайнами. На выставке также были представлены достижения фирмы «Атлант» по производству крупной и мелкой бытовой техники. Десятки предприятий выставляли изделия из дерева, строительные материалы и иные товары.

В работе выставки приняла участие белорусская делегация во главе с заместителем премьер–министра Беларуси, председателем белорусской части межправительственной белорусско–казахстанской комиссии по торгово–экономическому сотрудничеству Михаилом Русым. В ходе официальной церемонии открытия выставки, прошли рабочие встречи с Министром по чрезвычайным ситуациям Казахстана Владимиром Божко, а также межправительственные переговоры с участием первого заместителя Премьер–министра Казахстана – Министром регионального развития Бакытжаном Сагинтаевым. Стороны обсудили ход реализации достигнутых на высоком уровне договоренностей о расширении белорусско–казахстанского научного и экономического сотрудничества.


//Класс тайм .-2013.-7 июня.-С.1

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,



Күн энергиясын өндіретін зауыт

Былтыр 25 желтоқсанда Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Аstana Solar» фотоэлектрлі модульдер шығаратын зауыт ашылды. Бүгінде өндіріс ошағын іске қосу, жолға қою жұмыстары аяқталып қалды. Келесі жылы толық зауыттық қуатына көшуді жоспарлап отырған жобаның алғашқы адымдарымен танысып қайтқан едік.

«Аstana Solar» зауыты – «Қазатомпром» ұлттық компаниясының баламалы энергия көздерін дамыту жөніндегі тізбекті өндіріс желісі – KazPV жобасының соңғы буыны. Алғашқы өндірісі – Талдықорғанда орналасқан «KazSilikon» металлургиялық комбинаты болса, екіншісі – Өскеменде іске қосылатын «Kazakhstan Solar Silikon» фотоэлектрлі ұяшық қалыптар жасау зауыты. Үш кәсіпорын тұтас кластер құрып, күн энергетикасы саласындағы баламасы жоқ өндіріске айналмақ.

Тұран даңғылы бойында орналасқан үш қабатты зауытты бетке алып келеміз. Нысанды алыстан-ақ фотоэлектрлі модульдер ( ел аузында «күн батареялары» деп те аталып кеткен ) өндіретін кәсіпорын екенін аңғаруға болады. Зауыттың төбесі түгел күн көзін бойына жинақтап, қуат өндіретін панельдермен қапталған. Ал ауласында сырты зымыранға ұқсайтын төрт қондырғы тұр. Әрқайсысына жапсарлас фотоэлектрлі модульдер орналасыпты. Есік аузынан бізді қарсы алған кәсіпорынның менеджері Нүркен Қожабековтен ауладағы құрылғылардың қандай қызмет атқаратынын сұрап жатырмыз. Сөйтсек, бұл атақты қазақстандық академик Альберт Болотовтың желден энергия өндіретін жел роторлы турбинасы екен. Әлемде баламасы жоқ қондырғының ерекшелігі – желдің қай бағытта, қандай жылдамдықта соққанына қарамастан, энергия өндіретінінде. «Біз өзіміз тұтынған энергияның төрттен бірін осы құрылғыдан аламыз», дейді менеджер. Ал зауыт төбесіндегі күн тақталарының ұзын ырғасы 600-ге жуықтайды екен. Бұл да өндіріс қуатын үнемдеуге әжептәуір көмек көрінеді.

Менеджер бізді негізгі өндіріс орны – цехқа бастап жүрді. Жолай «Алғашқы қазақстандық модуль! Құттықтаймын! Н.Назарбаев» деп қол қойылған күн тақтай­шасына көзіміз түсті. Былтыр зауыттың ашылу салтанатында Мемлекет басшысы фотоэлектрлі модульдер өндіретін мекемеге экологиялық таза энергияға бағытталған ең озық кәсіпорын деген баға беріп, осы бірінші өнімге қолтаңбасын қалдырғаны есімізде.

Цехта қызу жұмыс жүріп жатыр екен. Адамдарда да, техникаларда да дамыл жоқ. Жұмысшыларға әлденелерді түсіндіріп тұрған жас жігітті әңгіме тарттық. Өзін автоматтандырылған басқару жүйесінің инженері Бауыржан Игіліков деп таныстырған ол осында 30 адам жұмыс істеп жатқанын айтты. Олардың ішінде тәжірибесімен бөлісуге келген Франция және Испания мамандары бар екен.

–Бүгінде зауытты іске қосу, құрал-жабдықтарды сынап көру, мамандарды даярлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірше екі ауысыммен 60 адам еңбек етеді. Олардың барлығы жоғары білімді. Кейбіреулері шетмемлекеттерден біліктілігін жетілдіріп келді. Енді үшінші, төртінші ауысымда еңбек ететін мамандар қабылдап жатырмыз. Бас-аяғы түгелденгеннен кейін зауыт жылына 100 мегаваттық өндірістік қуатына еніп, 24 сағат бойы үздіксіз жұмыс істейтін болады. Ал биылша 50 мегаватт фотоэлектрлі модуль өндіруіміз керек, – дейді инженер.

Фотоэлектрлі модульдер шығаратын зауытты бірегей өндіріс желісінің соңғы буыны деп бекер айтқан жоқпыз. Алматы облысы жақтағы Сарыкөл кен орнынан қазып алынған кварц ұнтағынан жоғарыда аталған металлургиялық комбинат (өндірістің алғашқы желісі) жоғары сұрыпты кремний өндіреді. Әзірше отандық кремний Францияда өңделіп, ұяшық қалыптар жасалып, зауытқа жіберіледі. Ал егер Өскемендегі өндірістің екінші бөлігі пайдалануға берілсе, онда ұяшық қалыптар өзімізде жасалып, зауыттың өнімі 100 пайыз өзіміздікі болады екен. Әрі фотоэлектрлі модульдердің бағасы да арзандайтын көрінеді. Бүгінде Қазақстан шикізаты – кремнийден бастап, дайын өнім – күн батареяларға дейін шығаратын әлемдегі АҚШ, Жапония, Канада, Қытайдан кейінгі бесінші мемлекет болып отыр. Астанадағы зауыт күніне 160 фотоэлектрлі модульден шығарып отыр. Оның әрқайсысы – 230 ватт. Күн тақтайшаларының ұзындығы 1,6м., ені – 1 м. Салмағы –19,5 кг.

Цехқа жеткізілген 156 мм. төртбұрыш ұяшық қалыптарды фотоэлектрлі модульдерге айналдыратын заманауи қондырғылар конвейерлік сипатта жасалған екен. Шетелдік құрал-жабдықты басқару жүйесі автоматтандырылған, адам қолымен басқарылады. Әр құрылғы өз қызметін екі минутта атқарып тастайды. Әуелі кесілген күйі әкелінген пластинкалар бір-бірімен тізбектеле жалғанып, «IC-40» машинасымен дәнекерленеді екен. Бұдан кейін тақтайшалар арнайы әзірленіп қойған әйнектерге алты-алтыдан 10 қатар болып орналасады. Электр таратушы сымдар өткізілген панельдер «EL-Test» деген қондырғыға жөнелтіліп, сапасы тексеріледі. Егер ешқандай жарықшақ, сынық түспеген болса, онда ламинатор аппаратына қапталуға жіберіледі. Этилвинилацетат (EVA) пленкасымен нығыздала қапталған модульдерге ауа, ылғал, шаң-тозаң кірмей, ұзақ сақталады екен. Аса күтімнің де қажеті жоқ. Панелдің беті тегіс, жылтыр шыны болғандықтан тазалануы да оңай.

– Біз өнімімізді «Astana Solar» деген брендпен тек Қазақстан аумағына ғана емес, халықаралық рынокқа да шығаруды жоспарлап отырмыз. Сондықтан модульдеріміз қай жағынан да жоғары талаптарға сай, бәсекеге қабілетті болуына айрықша мән беріп отырмыз. Өндірісте оның сапасы бірнеше деңгей бойынша тексеруден өтеді, – дейді инженер Бауыржан Игіліков.

Келесі жылдан бастап қазақстандық фотоэлектрлі модульді шетелге шығару көзделген. Қазірдің өзінде алдын-ала жасалған келісім-шарттар бар, меморандумдарға қол қойылған.

Күннің көзін энергияға айналдыратын тақтайшаларды тек өндірістер ғана емес, ауылшаруашылық салаларында, шалғай ауылдарда, тіпті жекелеген үйлерде де қолдануға болады. Зауыт өніміне қызығушылық танытып отырғандар өзіміздің елде де баршылық. Бір жер үйді жарықпен толық қамтамасыз ету үшін шамамен 230 ваттық 15 фотоэлектрлі модуль қажет болады екен. Экономистер өнімнің түбегейлі нарықтық бағасын шығара қойған жоқ. Әзірше 1 ватт 394 теңгеге есептеліп отыр. Демек, 230 ваттық бір модуль 90 620 теңгені құрайды. Бұл баға әлі арзандайды, дейді мамандар.

Күн тақтайшаларына зауыт 5 жыл кепілдік береді. Ал модульдердің жарамдылық мерзімі – 25 жыл.



Күн энергетикасы әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан сала. Бұл жарық көзі арзан әрі қауіпсіздік жағынан да талапқа сай. Еліміздің энергия қуатын күн нұрынан алуға ұмтылып отырғаны да сондықтан. Қазақстан мен Франция арасындағы жасалған келіссөздер аясында жүзеге асырылып жатқан осы өндірістік желі Елбасы айтқандай, инновациялық өркендеу жолындағы ұлы іс, жарқын болашаққа арналған игілікті қадам екені анық.
//Егемен Қазақстан.-2013.-18 маусым.-


А. Утепов, руководитель Центра энергоэффективных технологий АО «Казахстанский центр модернизации и развития ЖКХ»
«ЗЕЛЕНАЯ ЭКОНОМИКА» — путь к эффективному взаимодействию

С древних времен до момента превращения средств производства в финансовый капитал, т.е. по крайней мере в течение 4-5 тысячелетий развития человечества, мировая экономика пожинала плоды природы и человеческого труда. Цивилизация в мире рождалась, расцветала и приходила в упадок, сменилась культура производства и управления, на смену одного верования приходило другое. Но в течение этого длительного периода человечество проживало в единстве с природой. Это означало, что природа есть плоть человека, с которой он жил в постоянном согласии. Тем более природа — единственный первоисточник всех материальных благ человечества. В течение последних 400-500 лет существования и развития товарно-денежных отношений мировая экономика возросла несколько раз, и финансовый капитал сделал такой скачок в использовании природных ресурсов, что природа оказалась на обочине развития человеческой цивилизации. Произошло то, что более 400 лет тому назад говорил великий английский материалист Френсис Бэкон: человек станет полновластным хозяином природной среды. Правда, не без помощи финансового капитала. Природа не сумела выдержать натиск финансового капитала и сейчас серьезно больна. Частое землетрясение, опутывание дна первого в мире по площади Аральского моря, кислотные дожди, образование дыр в озоновом слое атмосферы, потепление из-за задержки парниковыми газами инфракрасных лучей и многое другое – признаки этой болезни, которая является следствием развития финансового капитала. Не только специалистам-экологам, но и любому рядовому гражданину мира становится ясно, что финансовый капитал растет и расцветает в ущерб окружающей среде и здоровью людей: наркомания и алкоголизм не уменьшается, на смену побежденным болезням приходят новые более опасные болезни (СПИД, с недавнего времени пневмония). Загрязнение атмосферы воздуха индустриально развитых городов мира приводит к таким болезням населения, как ангина, бронхиальная астма, катар верхних дыхательных путей, туберкулез легких, рак органов дыхания, гипертония, стенокардия, аллергия. Загрязнение воды и продуктов питания – желудочно-кишечному расстройству, заболеванию крови, из-за шумового загрязнения – нарушается слух и т.д. В итоге разрушена гармония между человечеством и природой: природа теряет первоочередную красоту, а люди – свое здоровье. Если простое товарное производство опиралось на согласие человека с природой, то, по мере дальнейшего развития товарно-денежных отношений, погоня за финансовым капиталом привела к небывалому росту экономики, в основном, за счет природных ресурсов. Наука приобрела производительную силу, научно-технические открытия следовали одно за другим. Очень короткий исторический срок ускорения финансового капитала (за менее 300 лет) характеризовался несколькими научно-техническими революциями: создание паровых машин, открытие электричества, создание автомобильной и авиационной техники, телерадиокоммуникаций, робототехники, информационной и другой высокоэффективной технологии. Ожидаются ускоренное развитие биотехнологии, генной инженерии, автоматизированной технологии управления экономикой, коммунально-жилищным и домашним хозяйством. Многократно возросли и растут производительность экскаваторов, скорость и грузоподъемность автомашин, летательных аппаратов и самолетов, поездов и электричек, скорость передачи информации. Интенсивно сокращаются сроки внедрения новой техники и высокой технологии. Чтобы паровая машина заняла свое место в производстве, ушло 100 лет, на внедрение электричества – 40-50 лет, на внедрение двигателя внутреннего сгорания – 30 лет. А на внедрение ЭВМ и компьютеров в производстве и управлении – менее 20 лет, Интернета – менее 8-10 лет. Еще короче сроки морального устаревания программных продуктов – 1-2 года. Научно-технические достижения начали потеснять физическую составляющую труда в объеме выпускаемых товаров и услуг, в особенности в решающих секторах экономики. В итоге мировая экономика стала развиваться высокими темпами. Нетрудно заметить, что основная доля этого роста приходится на долю сырьевых отраслей производства. Так, при росте населения мира за тридцать лет (1960-1990гг.) в 1,6 раза мировое производство природоэкс-плуатирующих отраслей возросло по основным товарным позициям от 2 до 5 раз. Однако прогресс в росте жизненного уровня людей не происходит, а разрушение экологии продолжается. Я не беру в учет, что большая часть доходов мировой экономики идет на вооружение (не менее 20 тыс. долларов на одного солдата против 400 долларов на одного школьника). Необходимо отметить, что производство нефти, газа, черных и цветных металлов, цемента и других видов сырья, добываемых в промышленности, сами по себе не обеспечивают рост благосостояния людей. Они теряют в увеличении природо- и материалоемкости (энергия, топливо и т.д.) производства ВВП, преимущественно развивающихся и слаборазвитых странах мира. Но радикальное решение проблемы сохранения жизненно необходимого уровня развития природной среды возможно, причем без сокращения объемов производства в природоэксплуатирующих отраслях экономики, даже без перевода их на интенсивные или другие способы применения высокой технологии. Не приведет ли сокращение совокупного выпуска сырья, топлива и энергии к снижению ВВП, а следовательно к снижению уровня жизни населения стран и темпов экономического роста? Экономический анализ показывает, что такой опасности нет и задача эта вполне разрешима. Именно такое ее решение является важнейшим условием целенаправленного роста благосостояния населения всего мира. Дело в том, что сокращение объемов производства – понятие относительное. Смысл его состоит в том, чтобы оптимизировать структуру экономики путем изменения характера общественного производства, переориентации его с выпуска преимущественно промежуточных продуктов (уголь, руда, нефть, цемент) на выпуск преимущественно продуктов конечного потребления, соответствующих потребностям и удовлетворяющих людей по своим качествам (продовольствие, одежда, обувь, жилье, комфортные условия проживания, предметы домашнего и культурного обихода, здравоохранение и т.д.). Возможность такой переориентации экономики обеспечивается использованием достижений научно-технического прогресса, позволяющего сократить материально-, энерго- и ресурсоемкость относительно роста ВВП, товаров и услуг конечного потребления, резко уменьшить расточительное использование природных ресурсов, снизить поступление загрязнений в окружающую среду. Резервы сокращения промежуточного потребления в мировой экономике огромны. По моему мнению, для перехода к «зеленой экономике» необходимо в первую очередь инвестирование в ключевые секторы экономики: сельское хозяйство, жилищно-коммунальное хозяйство, энергетику, промышленность, транспорт и управление водными ресурсами. Модернизация жилищно-коммунального хозяйства позволит существенно снизить потребление энергии и воды и повысить качество и безопасность жилья, сократить расходы на его содержание. Устойчивое управление пастбищными ресурсами поможет в борьбе с опустыниванием земель, повысит и сделает устойчивыми доходы фермеров. Модернизация систем управления водопользованием позволит снизить существующие большие потери воды и повысит эффективность сельского и коммунального хозяйства. Уже сегодня Казахстаном предпринимаются конкретные шаги для «озеленения» экономики – приняты законы об энергосбережении, о ветроэнергетике, утилизации промышленных и твердых бытовых отходов. Одним из важных условий создания «зеленых» городов, является модернизация зданий, так как отопление, освещение, охлаждение и вентиляция зданий – один из главных в мире источников выбросов парниковых газов в атмосферу. Переход к использованию современных инновационных технологий планируется при строительстве новых и ремонте существующих многоквартирных домов, в рамках Программы модернизации 2011-2020 годы являются подготовкой к проведению международной выставки ЭКСПО-2017 – «Энергия будущего», инициируемой Главой государства и являющейся важным шагом перехода Казахстана к идее развития «зеленой экономики». Данная инициатива вытекает в более масштабные по значимости проекты: создание «Энергоэффективного микрорайона» и «Энергоэффективного квартала», где вопросы энергосбережения уже будут рассмотрены в более широком смысле. Будут решены вопросы с дворовым и междворовым благоустройством и созданием единого внешнего облика и фасада. Задачами реализации данного проекта также являются: - диспетчеризация (дистанционный съем показаний счетчиков тепла, воды и др.); - внедрение информационной системы «Доверие» (проведение онлайн-собраний собственников квартир, онлайн-наблюдение расходов по обслуживанию МЖД, онлайн-управление финансами ОУОК); - отработка механизмов ЭСКО (внедрение энергосберегающих технологий, оплата которых покрывается за счет сэкономленных средств при внедрении энергосберегающих мероприятий); - формирование качественного менеджмента «Умный дом – эффективный собственник»; - внедрение эффективной системы управления твердо-бытовыми отходами (внедрение системы раздельного сбора, использование вторичного сырья для нужд микрорайона и др.). Реализация данного пилотного проекта позволит отработать прообраз лучшего микрорайона, который станет ориентиром для реализации Программы модернизации ЖКХ, разработать типовые технологические и финансовые решения в сфере энергоэффективности для тиражирования в других регионах РК. Улучшение комфортных условий проживания граждан и снижение расходов семьи на оплату жилищно-коммунальных услуг в среднем на 15-25%, а также снижение расходов городского бюджета на оплату энергоресурсов на 15-25% также будет налицо. Одним из значительных эффектов реализации проекта будет снижение вредных выбросов, загрязняющих окружающую среду на 10-15% к базовому уровню. Необходимо отметить, что поэтапный переход к принципам «зеленой экономики» в жилищно-коммунальном секторе, инициируемый АО«Казахстан-ский центр модернизации и развития ЖКХ», идет в ногу с нынешними мировыми тенденциями развития в данной сфере. Готовится подписание к Инициативе Европейского Союза «Соглашение мэров», посредством которого у акимов городов появится возможность узнать и внедрить успешные проекты и решения, принятые градоначальниками-подписантами из других стран. Таким образом, предложения Главы государства Президента РК Н.Назарбаева в социальной сфере, в секторе промышленного производства, в области энергетики и ЖКХ, высказанные в Послании народу Казахстана, а также предпринимаемые меры по модернизации жилищно-коммунального хозяйства полностью соответствуют параметрам концепции «зеленой экономики». А это значит, что фактически к 2050 году Казахстан станет государством с полностью сбалансированной системой экономических, социальных и политических ценностей.

//Кызылординские Вести.-2013.-18 июня.- С.3




Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Жасыл» экономикаға «жасыл жол»
Тұрар Рысқұлов ауданындағы Каменка ауылында қуаты 2,3 мегаватты құрайтын Қарақыстақ су электр стансасы іске қосылды. Аталған жобаның құны 1 миллиардтан астам теңгені құрайды. Инвесторы – «ЭнергоСтройПроект» жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігі.

Қарақыстақ су электр стансасы облыстағы «жасыл» экономикаға жол ашатын кезекті жобалардың бірі болып табылады. Осыдан 3 жыл бұрын Меркі ауданында қуаты 1,5 МВт құрайтын су электр стансасы іске қосылса, Қордай ауданында қуаты 1,5 МВт болатын жел электр стансасы пайдалануға берілген. Бұл жел электр стансасының қуатын алдағы уақытта 10 МВт-қа дейін арттыру жоспарланып отыр.

Ал өткен жылдан бастап Қордай ауданындағы Отар ауылында күн электр стансасы жұмыс істей бастады. Қуаты 0,5 МВт құрайтын өнеркәсіптік деңгейдегі бұл стансаның қуатын инвесторлар алдағы уақытта 7 МВт-ға жеткізуді көздеп отыр.

«Жасыл» экономикаға ашылған «жасыл жолға» облыс әкімі Қанат Бозымбаев осымен нүкте қояйын деп отырған жоқ. Биыл Шу ауданында қуаты 9,2 МВт құ­райтын Тасөткел су электр стансасының жобасы ойдағдай жүзеге асырылғанын күні кеше ғана қуана хабарлағанбыз. Ал үстіміздегі жылы «Vista International» ЖШС жалпы қуаты 21 МВт құрайтын Қордай жел электр стансасының 4 МВт құрайтын алғашқы кезегінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр екен.

Сондай-ақ, француздардың «Fonroche Energie» компаниясы қуаты 24 МВт күн электр стансасының, ал Ресей инвесторлары 19,8 МВт қуаты бар Мерке су электр стансасы каскадының құрылысын бастауды жоспарлап қойыпты. «Central Asia Green Power» компаниясы болса, шалғайдағы Сарысу ауданы аумағынан қуаты 100 МВт құрайтын Жаңатас жел электр стансасының құрылысын бірер жылдар бедерінде қолға алмақ.

//Егемен Қазақстан.-2013.-21 маусым.-



Владимир ВОРОБЬЕВ

СТИЛЬ БЫВАЕТ И У ЮМОРА

На сцене Кызылординского областного музыкально-драматического театра им. Н. Бекежанова прошёл вечер юмора. Свою программу показали известные в Казахстане команды КВН «Назар аудар» (Уральск), «Демеушiміз болашак» (Астана) и «Аралас» (Аральск). Игра этих команд неизменно привлекает любителей юмора и сатиры. Каждое воскресенье, когда по каналу ТВ-Казахстан транслируют встречи ведущих КВН-щиков, экраны телевизоров притягивают большое количество зрителей. Рассказывать о том, что происходило на сцене, нет смысла, это надо видеть. Но уверенно можно сказать – вечер юмора удался на славу, зрители остались довольны. В свою очередь, гостям понравилось в Кызылорде. По словам президента республиканского молодёжного объединения «Союз КВН Казахстана» Есена Елеукена, в Кызылординской области игры КВН очень популярны. Здесь много сильных команд, у которых высокий уровень игры. Немало кызылординских ребят успешно выступают в высшей лиге КВН. Например, Аральская команда «Аралас» в 2011 году становилась лидером среди КВН-щиков страны. — Мы знали, что нас в Кызылорде встретят радушно, и не ошиблись, — сказал мой собеседник, — ребята играли с удовольствием и азартом. Программа нашего вечера в этот раз была, в основном, развлекательной. Главная тема вечера – молодёжная жизнь сквозь призму юмора. У каждой команды свой стиль. Ребята из Уральска креативные, постоянно ищут что-то новое и оригинальное. Аральцы тяготеют к сюжетам с местным колоритом, стараются показывать жизнь родного края. Астанинцы играют в классическом стиле. В итоге зрители увидели интересный весёлый концерт.



//Кызылординские Вести.-2013.-8 июня.- с.11







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет