Қалыптастыру және нығайту жөніндегі ақпарат (2013 жылдың III тоқсанына) Зырян ауданының әкімі Е. Б. Сәлімовтің 2011 жылғы 10 маусымдағы «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің



жүктеу 38.66 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі38.66 Kb.
Зырян қаласы әкімі

аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің оңды имиджін

қалыптастыру және нығайту жөніндегі

ақпарат

(2013 жылдың III тоқсанына)

Зырян ауданының әкімі Е.Б. Сәлімовтің 2011 жылғы 10 маусымдағы «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, Зырян ауданыны әкімінің ресми wеb-сайттарына орналастыру үшін ақпарат ұсыну туралы» №1-598ө өкімінің 2 –тармағының 1) тармақшасын орындау мақсатында Зырян қаласы әкімі аппараты қызметшілерінің оңды имиджін қалыптастыру және нығайту бойынша нақты жұмыс жүргізіледі.

«Зырян қаласы әкімінің аппараты» ММ 2013 жылы Қазақстан Республикасының негізгі бағдарламалық құжаттарын, Президенттің Қазақстан халқына арналған Жолдауын ақпараттық-насиахатау жұмысын жалғастырды.

Әкім аппаратында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан -2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының толық мәтіні және тұрғындар үшін қажетті басқа ақпарат орналастырылған безендірілген ақпарат тақталары бар. Ақпараттық-насихаттау жұмысының негізгі түрлері мен әдістері кездесулер, жиындар және азаматтарды жеке қабылдау болып табылады.

2013 жылдың шілде айынан бастап қала әкімі аппаратының мамандары Зырян қаласының тұрғындарымен үйлерге іргелес аумақтарды абаттандыру, үйлерді жылыту кезеңіне дайындалу мәселелері бойынша жиындар өткізеді.

2013 жылдың 01 –шілдесінен бастап 01 –тамызына дейін қала аумағында «Көше күні» ісшарасының шеңберінде Зырян қаласының көп пәтері тұрғын үйлерінің арасында «Үлгілі аула» атауына конкурс өткізілді. 2013 жылдың 15 –тамызында конкурс қорытындысы шығарылды, Шахтостроителей көшесі, 47 бойынша орналасқан үй жеңімпаз атанды.

2013 жылдың 03 –тамызында Зырян қаласында қашықтықтан басқарылатын машиналар жарысы өткізілді, осы ісшараның демеушілеріне қала әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Ағымдағы жылдың 06 –қыркүйегінде Зырян қаласының әкімі «Республикалық әйелдер кеңесі» ҚБ ұйымдастырылған «Отбасы. Ұрпақтардың әлеуметтік әділдігі» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Зырян қаласы әкімінің аппараты Зырян ҚАІІБ, Зырян ауданының МСЭПБ, Зырян ауданы-Зырян қаласы бойынша салық басқармасымен, аудандық кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы бөлімдерімен айына 2 рет рұқсат берілмеген жерлерде сауда сататын тұлғаларға тексеру жүргізіп отырады. Рейд барысында жеке кәсіпкерлерге қаулымен белгіленген сауда сату орындары, абаттандыру ережелері түсіндіріледі.

Жылдың басынан бастап ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан -2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын түсіндіру бойынша 1810 қамтыған 38 кездесу өткізілді.

«Зырян қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында тұрғындар үшін ШҚО бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік басқармасының Тәртіптік кеңесіне және ҚР Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтары бойынша комиссияға шағымдар мен ұсыныстарды жинауға арналған жәшіктер орналастырылған, «сенім телефоны» бар. Қала әкімінің аппаратында әкім және әкім орынбасары айына 2 рет азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді. Барлық өтініштерге түсініктемелер беріледі, шешімдер қабылданады, өтініш берушілерге белгіленген мерзімде жауаптар беріледі.

Барлық өткізілетін ісшаралар бұқаралық ақпарат құралдарында және Зырян ауданы әкімінің ресми сайтында жарияланады. Бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп жұмыс істеу және ақпараттандыру мақсатында Зырян қаласының әкімі апта сайын әр жұмада БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізіп отырады, барысында тілшілердің барлық қызықтыратын сұрақтарына жауаптар беріледі және өткізілетін ісшаралар бұқаралық ақпарат құралдарында және Зырян ауданы әкімінің ресми сайтында жарияланады.

Зырян қаласында құқық қорғау органдарымен және жұртшылықпен бірігіп жұмыс атқаратын ерікті халық жасақтарының жұмысы жалғасуда. Жұмыстың осы бағаты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

ЕХЖ қызметі заңдылық, адамгершілік, адамның құқықтары мен бостандығын құрметтеу принциптеріне негізделген. ЕХЖ негізгі міндеттері: азаматтардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындарды құқық бұзушылықтардың алдын алуға және болдырмауға белсенді қытыстыру.ЕХЖ өз қызметін патрульдеу және көшелерге, алаңдарға, шағын аудандар мен басқа қоғамдық жерлерге посттар тұрғызу, Зырян қаласының аумағындағы құқық бұзушылықтарды анықтау үшін рейдтер өткізу, құқық бұзушылық жасаған тұлғалармен профилактикалық жұмыс жүргізу, кәмелетке толмағандармен тәрбие жұмысын жүргізу, азаматтарға ҚР қолданыстағы заңнамасын түсіндіру арқылы іске асырады.

Полицияның қоғамдық көмекшілері куәлігіктерін (бекітілген үлгідегі) ұсынған жағдайда Зырян қаласының аумағындағы қоғамдық көліктермен тегін жүре алады. Жеңілдік беру мақсатында ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Зырян қаласының әкім аппараты Зырян қаласының жолаушы тасымалдаушыларымен ЕХЖ көмекшілеріне тегін жол жүру құқығын беруге әлеуметтік серіктестік шеңберінде меморандум жасады.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоішілік ісшаралар жоспарына сәйкес «Зырян қаласы әкімінің аппараты» ММ құқықтық мәселелер жөніндегі әкім кеңесшісі сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар мен құқықбұзушылықтарға қатысты БАҚта шыққан барлық сыни мақалаларға тұрақты мониторинг жүргізеді, нақты қабылданған шаралар туралы тұрғындарға БАҚ арқылы хабарланады. Осы бағытта атқарылған жұмыс туралы ақпарат аудандық ішкі саясат бөліміне және жалпылау үшін ШҚО талдау және болжам жасау ақпараттық орталығына жолданып отырады.

Ұйымдастыру-кадрлық және құжаттамалық жұмыс бөлімінің басшысы

Э. Гаязова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет