Тапсырма
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қарлығаш қарағанда өзге құсқа,
Барынша жұмысына тым-ақ ұста.
Балшықтан
бөбегіне бесік жасап,
Өзгеге өрнегімен болған нұсқа.
Ұясы дөп-дөңгелек тостағандай,
Тап-таза, кіршік қиқым қоспағандай.
Бөленіп ақ бесікке алты бала,
Ұйқыдан әлі көзін ашпағандай.
Ақ үрпек балапандар аузын ашқан,
Өмірге күндей өсіп қадам басқан.
Ас
беріп ата-анасы асырайды,
Мәпелеп балапанын бала жастан.
Тоғайдан, ойдан, қырдан жем іздейді,
Жүрекке жем іздеумен ем іздейді.
Шырқырап құс та болса баласы үшін,
Шөлдедім, қарным ашты дегізбейді.
Мекендер сол араны шұбар жылан,
Қашаннан құс жанына құмар жылан.
Иісін балапанның біліп, сезіп,
Келеді жемек болып сусап бұған.
Қарлығаш ата-анасы екі жұбай,
Жем іздеп жерді кезген тынбай ұдай.
Жем алып ұясына ұшып келсе,
Таянып қалған екен жылан сұмырай!
Жыланды қарлығаштың көрді көзі,
Мынауың қиянат дер бар ма сөзі?!
Аймалап балапанын қанатымен,
Айбат қып сұм жыланға көрді өзі.
38
Жыланға қарлығаш қарсылық көрсетеді.
Сұр жылан ұяға жақындап қалған.
Саздан балапандарына ұя жасайды.