Мазмұны
1-ТОҚСАН 4
Бөлім: Тыңдалым және айтылым 4
Бөлім: Оқылым 9
Бөлім: Жазылым 17
2-ТОҚСАН 20
Бөлім: Тыңдалым және айтылым 20
Бөлім: Оқылым 24
Бөлім: Жазылым 34
3-ТОҚСАН 37
Бөлім: Тыңдалым және айтылым 37
Бөлім: Оқылым 41
Бөлім: Жазылым 50
4-ТОҚСАН 54
Бөлім: Тыңдалым және айтылым 54
Бөлім: Оқылым 59
Бөлім: Жазылым 66
1-ТОҚСАН
Бөлімше 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық
сұрақтар қою және жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтін бойынша ашық сұрақтар қояды және жауап береді
Тапсырма
Мәтінге сүйеніп кестені толтыр.
Жұптық жұмыс
Кестеге сүйеніп, мәтін бойынша жұбыңа ашық сұрақтар қой.
Жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер.
Дескриптор Білім алушы
|
|
Бөлімше 1.2 Шығарманы мазмұндау
|
Оқу мақсаты
|
|
3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
|
Бағалау критерийі
|
|
Білім алушы
Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен әңгімелейді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Ертегіні мұқият тыңда және мазмұнын айт.
Арыстан күшігін асыраған мысық
Бір мысық қаңғырып жүріп, өліп жатқан арыстанға тап болады. Оның жетім қалған күшігін емізіп асырайды. Арыстанның күшігі өсіп, азулы аң болады. Өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді.
Бірде ашыққан арыстан өзін асыраған мысықты жемек болады. Мысық ағаштың басына өрмелеп шығып кетеді. Сонда арыстан:
О, менің ақ сүтін беріп, өсірген асыраушым! Бар ақылыңды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? - депті.
Сонда мысық:
О, қайырымды балам! Сені кішкентайыңнан бауырыма басып өсірдім.
Білген ақыл-айламның бәрін үйреттім. Бірақ ашқарақтығыңнан қорқып, бір өнерімді айтпап едім. Соны бүгіп қалғаным ақыл болған екен,- депті.
Ертегінің кейіпкерлерін ата.
Мысықтың сөзін қалай түсіндің?
Ертегіден қандай ой түйдің?
|
Дескриптор
|
Білім алушы
ертегінің мазмұнын жүйелі баяндайды;
сөздерді мағынасына сәйкес орынды қолданады;
сұрақтардың негізінде ой қорытады.
|
Бөлімше 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау
|
Оқу мақсаты
|
|
3.1.3.1 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс- әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
|
Бағалау критерийі
|
|
Білім алушы
Оқиғаның негізінде сюжеттің дамуын болжайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
Мысалды мұқият тыңда. Құмырсқа қандай әрекет жасайды деп ойлайсың? Оқиғаны әрі қарай жалғастырып көр.
Құмырсқа және бидай дәні
Егінді түгел жинап алғаннан кейін бидайдың жалғыз дәні жерде қалып қойған еді. Қыс түспей тұрып, өзіне топырақ астынан пана іздеуді ойлады. Осы кезде қасынан өтіп бара жатқан құмырсқа бидайдың дәнін көрді де, қуанғаннан бұл олжасын илеуіне қарай домалатып ала жөнелді. Қабырғасы қайысып, көп азапқа түскен құмырсқаға бидай дәні:
- Әй, құмырсқа, сен бұлай бейнетке бата бермесең қайтеді. Мені таста да кете бер, - деді.
Жұптық жұмыс
Құмырсқа мен бидай дәнінің арасындағы диалогті тыңда. Диалогті жалғастырып айт.
- Мен сені тастап кетсем, қыста азықсыз қаламын ғой. Біз көппіз.
Осылай әрқайсымыз бір-бірден дән - Егер мені тастап
апарсақ, қысқа көп азық жинап кетсең, келесі жылы ....
аламыз.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
оқиғаның соңын болжап айтады;
тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады.
|
Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту
|
Оқу мақсаты
|
|
3.1.4. 2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану
|
Бағалау критерийі
|
|
Білім алушы
Әңгімелеу барысында сәйкес суреттерді қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Кішкентай құс
Мұқаш таңертең күшігімен үйдің сыртындағы бақша ішін аралап келе жатты.
Ол топ гүлдің ығында бұғып отырған балапанды көріп, тоқтай қалды.
Жақында ғана ұшуға жараған бозторғайдың балапаны екен. Әбден жаңбыр өткен, екі қанаты салбырап, дір-дір етеді. Ала күшік балапанның қасына жүгіріп барды. Балапан өзіне жетіп келген үлкен аңнан қорқып кетті. Салбыраған қанатын сүйрете, топ гүлді сырт айнала берді. Бірақ ол кәдімгі бозторғайдай жүгіріп кете алмай, жығылып қалды.
Мұқаш балапанды жерден көтеріп алды.
Мәтіннің мазмұны бойынша сурет сал немесе сәйкес суреттер таңдап ал. Суреттерді қолданып, мәтіннің мазмұнын айт.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
мәтінді жүйелі мазмұндайды;
сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады.
|
Бөлімше 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру
|
Оқу мақсаты
|
|
3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
|
Бағалау критерийі
|
|
Білім алушы
Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Көлдің беті кілегей, Жер сап-сары бірегей.
Тырау- тырау тырналар Түстікке бетті бұрды олар. Қара суық жел есті, Күннің көзі көмескі.
Бастап егін орады, Бұл қай кезде болады?
Бұл қай кезде болады? Белгіле ().
қыста көктемде жазда күзде
Өлеңге сүйеніп, берілген сөздердің мағынасын түсіндір.
кілегейлену бірегей түстік көмескі
Көркем сөздерді қолдана отырып, күз мезгілін сипаттап айт.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
өлеңде сипатталған жыл мезгілін анықтайды;
берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
күз мезгілін сипаттауда көркем сөздерді орынды қолданады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |