Тапсырма
Мәтін мазмұнын түсініп, рөлге бөліп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Соны айтады.
Әлі көк қой, – дедім. – Әрі көріп қойса ұят болады.
Көрмейді.
Өзенбай атай осы жаққа қарап тұр ғой.
Жақындағанда белгі беремін. Түсіріп алған болып шелекті тастап жібер. Сонан соң жерге түсесің де, қарбызды шелекке салып, әпере қоясың...
Көк болса ше? – деймін.
Жәлелдің тапқырлығына қайран қалдым. Қалай ойлап таба қояды?! Лажсыз келістім. Қонақты ренжітуге болмайды. Атам солай деген.
Жәлел белгі берді. Мен шелекті тастап жібердім. Қалтырап есектен түсе алмадым. Жәлелдің өзі секіріп түсіп, қарбызды әп сәтте шелекке салды да, маған әперді. Ештеңе болмағандай тізгінді қайта ұстады. Бақша күзетшісі Өзенбай атай қолын көлегейлеп қарап тұрған. Көрген жоқ шығар, байқаса, дауыстар еді ғой.
Мәтіннің кейіпкерлерін ата.
Олар не істеді?
Жәлелді тапқыр деуге бола ма? Неліктен?
Өзенбай атай балаларды көрмей қалды деп ойлайсың ба?
Кейіпкердің орнында болсаң сен не істер едің?
|