Қалыпты физиология кафедрасы



бет3/5
Дата30.11.2023
өлшемі0.67 Mb.
#484997
түріЛекция
1   2   3   4   5
Лекция Жүрек физиологиясы

Жүрек циклы (оралымы)

Жүректің жиырылуы систола, босауы диастола,систола мен диастолаға кететін мерзім жүрек қызметінің оралымы (циклы)деп аталады

Жүрек минутына 70-72 рет соғады, жүрек оралымы 0,8-0,9 секундке тең болады

Жүрек оралымы жүрекше систоласынан басталады Жүрек циклы келесі кезеңдерінен тұрады:

1 – жүрекшелер систоласы: - асинхронды жиырылу, изометрлік жиырылу кезеңдері;

2-қанды айдау кезеңі: - жылдам және баяу

3-қарыншалар диастоласы: протодиастолдық , изометрлік босаңсу, қанға толу: жылдам толу және баяу толу, пресистола

Систолалық және минуттық көлемі

  • Систола кезінде әр қарыншадан шыққан қан мөлшері жүректің систолалық қан көлемі деп аталады, ересек адамдарда 70-80 мл - ге тең болып табылады
  • Жүрек минутына 75 рет соқса, ал систолалық қан көлемі 70 мл болса, жүректің минуттық көлемі 5,25 л болып табылады

Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері

Жүректің жиырылып, босауы миокардтың қызметіне жатады

Жүрек етінің негізгі қасиеттері:

қозғыштық

қозуды өткізу

жиырылу

автоматия

Жүрек етінің қозғыштық кезеңдері

  • Жүрек етінің қозғыштығы қаңқа еттерінен төмен, ал бірінғай салалы еттерден біраз жоғары
  • Жүрек етінің қозу табалдырығы қаңқа еттерінен жоғары, ал бірінғай салалы етінен төмен болады Жүрек етінің қозғыштығы үш кезеңнен тұрады (абсолюттік,салыстырмалы рефрактерлік,супернормалдық)

Жүректің қозуды өткізгіш жүйесі:

  • 1- синоатриалдық түйін (СА) немесе Кис-Фляк түйіні қозуды өткізеді, Оны білектегі тамыр арқылы білеміз. Ж.ж.ж. (пульс) – минутына 60-80 соққы.
  • Егер импульстерді қабылдамаса, онда:
  • 2 - атриовентикулярлық (АВ) немесе Ашофф-Тавар түйіні іске қосылып, Ж.ж.ж. төмендейді. Минутына 40 соққы.
  • 3 - Гисс шоғыры (оң және сол жақ аяқшалары) іске қосылып, Ж.ж.ж. - минутына 25-30 соққыға дейін төмендейді.
  • 4 – Пуркинье талшықтары немесе Гисс сабақтары іске қосылып, Ж.ж.ж. - минутына 20 соққыға дейін төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет