Алкалоидтар µсімдік организмінде т‰зілетін, жоѓары биологиялыќ, к‰рделі табиѓи органикалыќ азот ќ±рамды ќосылыстар



бет26/52
Дата07.09.2022
өлшемі6.72 Mb.
#460403
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52
Фармакогнозия лекциялар

Жалаң миясы Бұршақтар тұқымдасы
hycyrhizaglabra L. Fabaceal (Leguminosue)

Сипаттама. Мия туысына жатаын, биіктігі 50-120 см-ге дейін жететін, көп жылдық шөптес өсімдік. Тамырлары өте тереңге кетеді. Негізгі тамырдан таралған жанама тамырлары жапыраққа көлбей де, тікте таралады. Тік кеткен тамырлары 30-50 см тереңдікке бойласа, өзен аңғарларындағылары 2-4 м-ге кетеді. Көлбей жатқан тамырлары жалғынды-аллювиальды топырақтарда 15-30 метр тереңдікке бойлайды. Ал шалғынды сазды, шалғынды-сортанды топырақтарда 1-5 метр тереңдікке кетеді. Сабағы жұмыр, қызыл-қоңыр түсті, сыртын қысқа, жабысқақ безді түктер қаптаған. Жапырағы тек қауырсын тәріздес, күрделі, үзындығы 8-20 см, әржапырағында 7-ден 17-ге дейін қысқа сағақты қаңдауыр немесе эллипс тәрізді жапырақшалары бар. Жапырақшаларының астыңғы жағы жабысқақ, шайырлы. Гүлдері шашақ шоғырын құрайды. Жеке бір гүлінде біріккен 5 тостағанша жапрақша, ақшыл-күлгінін түсті 5 күтері, 10 аталық, 1 аңалық болады. Жемісі сәл иіліп келген, сыртында жабысқан тікенектері бар, ұзынша бұршаққап. Тұқымының саны 2-ден 7-ге дейін, домалаққа пішінді, қоңыр-сұрғылт, жасылдау, ұзындығы 2-2,5 мм, ені 2 мм болады. Маусым -тамыз айларында гүлдейді.


Таралуы. Қазақстанда Балқаш көліне жақын жерлерде, Сырдария, Жайық, Шу, Іле тауларыңда, Тобыл, Есіл, Ертісте, Семей орманында, Торғай, Қаратуда кездеседі. Жалпы еліміздің европалық бөлігінде, Кавказ, Қырым, Орта Азия, Солтүстік Волга өзенінің бойында, Украинада таралған.
Дайындалуы. Дәрі жасау үшін тамырын /Raidicis Hycyrrhizal/ тамыз айынан қазаңға дейінгі уақыт ішінде дайындайды. Жер астындағы мүшесін қазып алып, топырақтан тазартпай кептіреді. Әбден кепкен тамыр бірден морт сынады. Жинау кезінде тамырының 50-75%-ін жинайды да, 25-50%-ін ары қарай даму, өсімдік жойылып кетпеу үшін қалдырады.
Сыртқы белгілер. Тамырының бөлшектері цилиндр тәріздес, әр түрлі ұзындықта, ішкіжағы күңгірт сары түсті де, сыртқы жағы ашық-сары түсті. Иісі жоқ, дәмі тәтті болады.
Химиялық құрам. Тамырының құрамында үштерпенді сапониндер (глициризин (8,4-22,1 5)), глицеритин қышқылдары, флавоноид қосылыстары бар.


Бұдан басқа стероидты, эфир майы, ащы заттар, сапониндер, кумариндер, фенолкарбон қышқылдары (ферул, синап), С витамині кездеседі.
Қолданалуы. Глициризин қышқылы тұз және су алмасуын көрсетеді. Қызыл миядан жасалған дәрілер қақырық түсіретін, қабынуға қарсы әсер ететін, іш жүргізетін, несеп айдайтын, қан тамырларын нығайтып, кеңейтетін қасиеттері бар. Жалаң миямен өкпе ауруларын, асқазан мен үлтабарда пайда болған жараларды емдейді. Мия геморройға қарсы, тыңыс жолдары қабынғанда пайдаланады. Өсімдіктен сан алуан алергиялық ауруларды емдейтін дәрілер дайындайды. Ол әсіресе тыныс жолы демі өкпесіне, теміреткеге қарсы қолданады. Бұл өсімдіктің өндірістік маңызы зор, әсіресе ветеринария, парфюмерия, конфет дайындауда, сыра, лимонад, квасс, басқа сусынның тәттілген арттыруға араластырады. Гуталин, акварель бояуларын жасағанда қосады. Мия гүлінен бал жинайды.
Дәрі-дәрмектер. Флакарбин, халкорин, ликвиртон, сұйық, құрғак, кою экстрактар, түңба, қайнатпа. Қақырық түсіретін, асқазан қоспаларының, май дәрілерінің, линимент, эмульсия құрамында енеді.
Сақталу мерзімі 10 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет