Экзогендік аллергендер:
өсімдіктердің тозаңдары,
жануарлардың түбіті
қайызғағы,
үй шаңы
кіржуғыш ұнтақтар,
кейбір тағамдық заттар,
дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, дәрумендер, т. б.),
микробтар мен вирустар,
өндірістік өнімдер.
Эндогендік аллергендер: олар көптеген жағдайда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суықтың, ыстықтың, улы химикаттардың, иондағыш сәулелердің әсерінен организмнің өзінде пайда болады.
Аллергендер ағзаға түскенінде иммундық жүйеге әсер етеді де, оның соған сезімталдығын күшейтеді. Кейін аллергендер қайталанып түскенде, аллергиялық ауру пайда болады.
Аллергияның кең тараған түрлері:
бронхиалдық демікпе,
есекжем,
Кванке ісінуі
поллиноздар (грек. pollen – «шөп тозаңдарынан» дамитын ауру)
және анафилаксиялық шок.
Аллергиямен ауырған адам аллерголог дәрігердің бақылауында болуға тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: |