Аллергия «Аллергия (грек allos – «басқаша», және erson – «әрекет, жауап») – организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиатрлары К



бет3/9
Дата17.02.2022
өлшемі1.08 Mb.
#455449
1   2   3   4   5   6   7   8   9
аллергиясы бар науқасты зерттеу

АЛЛЕРГИЯ ТУҒЫЗАТЫН ЖЕТІ ТАҒАМ

Тағамға деген аллергия адамдарда көп кездесе қоймағанымен, ол ересектердің 2, балалардың 10 пайызында кездеседі, кейінгі кезде гендік инженерияның көмегімен жасанды жемістер мен көкөністер, басқа да тағам түрлері шығарыла бастағандықтан, бұл ауру да арта түсуде.

Нақты зерттеулердің қорытындысы бойынша, көбінесе аллергия туғызатын тағамдар мыналар:

1) жұмыртқа; 2) сүт; 3) соя; 4) орман жаңғағы, жер жаңғақ; 5) бидай; бидай өнімдері; 6) балық; 7) шаяннан жасалған тағамдар.

Зерттеушілер бұл тағамдардың құрамында кей адамға аллергиялық әсер ететін ақуыздардың барын айтады да, тексеру қорытындысында шоколодтан аллергия болмайтыны анықталғанын мәлімдейді. Яғни, аллергияны шоколад емес, оның құрамындағы сүт пен ақуыз екен туғызатын.

Олай болса, тәттіні көп жегенде терінің қышуы, бөртпелердің, есекжемнің шығуы, дененің әр жерінің қызаруы тәттіден емес, ақуыздан. Қант қаншама тәтті болғанымен, көмірсудан тұрады ғой. Көмірсу аллергия туғызбайды. Тек ол асқазандағы тағамның ашу процесін (үдерісін) тездетеді. Мұнан пайда болған зиянды заттар қанға өтеді де, адам дертке ұшырайды... Естісеңіз, қантты көп жемеңіз.

Дәрігерлер алкогольді ішімдіктерден де аллергиялық реакция болатынын, оның өмірде сирек кездесетінін баяндайды. Ішімдікті ішкенде кейбір адамдардың беті қызарса, денесі қышып, бөртсе, ісінсе, соңы демікпеге ұласса, спирттің (арақ-шараптың) құрамында түрлі химиялық заттар мен бояулардың барынан, оның адам ағзасына зияны тиюінен.

Тағамнан аллергиялық реакция (әсер) туғанда байқалатын белгілері: 1) қышыма; 2) есекжемнің асқынуы; 3) дененің ісінуі; 4) асқазан-ішек жолдарының зақымдануы; 5) жүректің айнып, құсуы; 6) іштің өтуі; 7) құрсақта ауырсынудың басталуы, шаншып ауыруы; 8) түшкіру; 9) кеңірдек тарамдарының түйілуі; 10) көмейдің ісінуі.

Тағамнан болатын аллергияға немқұрайлы қарамау қажет. Оның соңы өлімге әкеліп соқтырған жағдайлар ақ емес. Дәрігерлер балаларда аллергияның жиі кездесуін иммундық жүйесінің дұрыс жетілмеуінен, асқазан-ішек жолдарының әлсіздігінен көреді. Өмірде ана сүтін ембеген сәби кейін сүт ішіп, жұмыртқа жесе, ағзасында аллергиялық әсер пайда болып, ауыртады. Әсіресе, балалар 3 жасында осындай ауруды басынан жиі өткізеді де бірте-бірте аллергиялық әсері бәсеңдей түседі.

Дәрігерлер ересектерде болатын тағамдық аллергия дертін толықтай емдеп, жазу мүмкін емес, дейді. Сол себепті, мұндай адамдар өздерінің ас мәзірінен аллергия туғызатын тағамдарды алып тастап, ем-дәм ұстануға тиіс. Тағамнан болатын аллергияны мамандар ғана анықтай алатындықтан, ешкімнің де өзіне диагноз қоймағаны дұрыс. Тек аллергия ауруының белгілері білінісімен-ақ дәрігерге қаралып, тағайындаған емін бұлжытпай орындаған жөн.

Мамандардың мәлімдеуінше: «Асқорыту ағзаларының аллергиялық зақымдануларының шығу тегі тағамдық, дәрі-дәрмектік, бактериялық және тағы да басқа жағдайлардан болады. Олар: кейбір көкөністер, жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар, сирек жағдайда теңіз және балық өнімдері. Аллергия кейбір дәрі-дәрмектерден де (антибиотиктерден, сульфаниламидті препараттардан, гидрациндерден, атофиннан, пиразоланнан, тағы да басқаларынан) болады». Мұның сыртында тыныс жолдары арқылы ағзаға гүл тозаңы, щаң, химиялық заттардың булары тәрізді аллергендер түскенде де асқорыту жүйелері зақымданып, аллергия туады. Асқазан-ішек жолында өмір сүретін шельминттер, бактериялар ыдырағанда түзілетін ақуыздық антигендер де аллерген болып зиянын тигізеді. Аллергиялық әсерді адамның ауруы, психикалық жағдайы, метеорологиялық фактор, әйелдерде етеккір айналымы күшейтіп жіберуі мүмкін екен. Мұны дәрігерлер атады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет