Ауыл шаруашылығы



жүктеу 19.99 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі19.99 Kb.
Ауыл шаруашылығы

Аудан көлемінде 3822,6 тонна ет, 20089,3 тонна сүт, 1287,2 мың дана жұмыртқа, 255,6 тонна жүн өндірілді. Өткен жылғымен салыстырғанда ет 6,2%-ға, сүт 7,6%-ға, жұмыртқа 1,0% - ға, жүн 1,5% - ға артты.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2555 млн теңге, бұл сәйкес мерзімдегіден 6,7% - ға артық.

Ірі қара саны 79543 басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда (77048 бас) 103,2% болды. Жылқы 15030 бас болып, өткен жылғымен салыстырғанда (13368 бас) 12,4%-ға артты. Қой-ешкі саны 170347 бас болып, өткен жылғыдан (188284 бас) 9,5%-ға кеміп кеткен. Құстар саны 53618 басқа жетіп, өткен мерзіммен салыстырғанда (48065 бас) 11,6%-ға артты.


Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 744,5 млн теңге, бұл өткен жылғы сәйкес мерзіммен (613,0 млн теңге) салыстырғанда 48,5%-ға немесе 131,5 млн теңгеге артық. Өнім көлемі жоспар-тапсырмадан (806,1 млн теңге) кем, дегенмен жыл қорытындысында орындалады.


Шағын кәсіпкерлік

Тіркелген шағын және орта кәсіпорындар саны - 66, өткен жылы - 72, жұмыс істеп тұрғандарының саны 35, былтырғы жылы 41 болған, белсенді кәсіпорындар саны 2010 жылдың соңындағы 28-ден биылғы жылы 1 шілдеге 29-ге жетті.


Инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2356,1 млн. теңге, өткен жылы 6 айда инвестиция көлемі 1301,2 млн. теңге болған.


Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі

Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 970,1 млн теңге болды, бұл сәйкес мерзімдегіден (78,3 млн теңге) 12,4 есе артық.


Бюджет

Шығындар жоспары 1447,9 млн. теңге, орындалғаны 1442,4 млн. теңге немесе 99,6 пайызды құрайды.

Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 195,2 млн. теңге, орындалғаны 220,3 млн теңге немесе 112,9%.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру

Жыл басынан тіркелген жұмыссыздар саны 356 адам (2010 ж – 298 адам), 1 шілдеге тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 180 адамды (2010 ж – 180 адам) құрады.

Есепті мерзімде 252 адам (2010 ж – 297 адам) жұмысқа орналастырылды.

Жаңадан 136 жұмыс орны (2010 ж – 114 орын) ашылды.


Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 867 ш.м. болды, былтыр 2164 ш.м.
Білім саласы

Ауданы бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 78,5%-ы мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамтылған (былтыр – 53,0%). Оқушылардың 91,2%-ы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген (2010 жылы 86,5%).


Денсаулық сақтау

Нәресте өлімінің деңгейі 10,4 болды (былтыр 6 айда – 27,6). Ана өлімі тіркелмеген.



Туберкулезбен 2010 жылы 6 айда 42 адам ауырған, биылғы жылы 27 адам.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет