Бактериалды, саңырауқұлақты аллергенді анықтау үшін — тepi ішіне жіберу тесті анықталады. Тест дене терісінің зақымданбаған жеріне, яғни білектің ішкі жағына, арқаға, қарынға қойылады. Teріні 70%-тi спиртпен тазалап, үстіне көлемі 1 см 2 марлыньң бөлігін қойып, оны қозғалмайтындай етіп, лейкопластырмен бекітеді Марлы тексеретін ерітіндіге малынған болады. Осымен қатар салыстырып бақылау үшін, екінші қолға марлыны изотоникалык, ерітіндіге малып қояды. Осы апликационды тepi байқауыньщ нәтижесін 20 минут немесе 5-6 сағат, 1-2 тәуліктен соң бақылайды. Науқаста, егер қышыну немесе күйгендей сезім болса, онда марлыны алып тастап, орнын спиртпен сүртіп тастау керек.