Пайда болу себептері: Емдеу жэне профилактика үшінқолданылатын кез-келген дәрі анафилактикалық шоктың пайда болуына әкеледі. Шоктың пайда болу жинап дәрініңқасиетіне, қолдану жиілігіне, организмге ену
Пайда болу себептері: Емдеу жэне профилактика үшінқолданылатын кез-келген дәрі анафилактикалық шоктың пайда болуына әкеледі. Шоктың пайда болу жинап дәрініңқасиетіне, қолдану жиілігіне, организмге ену жолына байланысты.
Пайда болу себептері: Емдеу жэне профилактика үшінқолданылатын кез-келген дәрі анафилактикалық шоктың пайда болуына әкеледі. Шоктың пайда болу жинап дәрініңқасиетіне, қолдану жиілігіне, организмге ену жолына байланысты.
Себеші факторларына келетін болсақ - бұл аллергиясы бар науқастарда және науқас дәріні екінші рет қайта қабылдағанда байқалады.
Клиникасы: Клиникалық симптомдары әр науқаста әр түрлі және оның айқындалуы бірнеше секундтан немесе минуттан 2 сагатка дейін созылады. Кейбір наукастар дәрі егілген соң "нашар сезініп жатқанын" айтуға үлгеріп, есін жоғалтады. Ал кейбіреулерінде — бірден әлсіздік пайда болып, кеудесі сығылып, басы ауырып, айналып, денесі бірден ысып кеткендей болады. Осылармен қатар тынысы кенеттен тарылып брохоспастикалық синдром белгісі дамиды, қорқыныш үрей ceзімi туып, көзінің көpyi, кұлағының ecтyi нашарлап, көңілі айнып, құсып, құрсақта ауру пайда болып, үлкен және кішi дәретке шығуы тездегендей болып, кенеттен бүкіл денесі қызып, қышып кетеді. Осы белгілерден соң, бipaқ барлық уақытта емес науқас есін жоғалтады.
Обьективті қарағанда: Денесі суық тер басқан, көзінің қарашығы кеңейген, тырысу ұстамасы байқалады, ауыз қуысында көпіршік, терісінде цианоз немесе гиперемия, бертпелер анықталады. Пульс өте әлсіз, жиі, қан қысымы төмен, өкпесіндеде құрғақ сырылдар, жүрек тондары бәсең. Ауыр жағдайда коллапс симптомдары байқалады, яғни аяқ-қолдары мұздай және қан қысымы мен пульс анықталмайды. Ауыр формадағы коллапс кезінде — науқас есін жоғалтып, комаға түсіп, бірнеше минуттан соң өліп кетуі мүмкін. Кейде анафилактикалық шок симптомдары дәрі егілгеннен соң, өліп кетуі мүмкін. Кейде анафилактикалық шок симптомдары дәрі егілгеннен соң 20-40 минут өткеннен кейін байқалады. Мұндай жағдайда науқасқа дер кезінде көмек көрсетілмесе, науқасты жоғалтып алуымыз мүмкін.