Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
44
болып жауды ертіп, арттарында күтіп тұрған әскерінің қолына түсіретін әдеттеріне
салмақ боп кейін шегіне бастады. Бір тобы шегініп еді, оған өзгесі асыға қосылды.
Бұны көрген орыс полктері де кейін тым-тырақай босты. Ақырында, соңынан түре
тиген монғолдарға қарсылық істей алмай қалды. Бұл — орыс, Қыпшақ әскерінің
жеңілуінің бір себебі. Екінші себебі орыс князьдарының өздерінің ала ауыздығы
еді. Галич князі Мстислав Мстиславович Қыпшақтармен бірігіп қанды қақпаннан
қалай құтыламыз деп монғолдармен
қырылысып жатқанда, Киев князі Мстислав
Романович өзен жағасындағы биіктікте «менсіз сендердің қалай соғысқандарыңды
көрейін» дегендей, өзінің көп полкімен тұрып қалды. Ал жаулары Галич полктары
мен Қыпшақтарды жекелеп жеңіп, енді Киев полктарына келіп тиіскенде, қаптаған
монғолға Мстислав Романович төтеп бере алмады. Адырдың жан-жағынан қоршап
алып, өзіне төнген монғолдармен үш күн айқасқаннан кейін, олардың «өмірлеріңді
сақтап қаламыз» деген сөзіне сеніп екі баласымен жауына берілді. Әрине,
монғолдар алдаған-ды, қолға түсісімен князьді балаларымен бірге ай балтамен
шауып өлтірген. Қазтуған жыраудың: «әттең, әттең!» деп өкінуіне құр ғана
Қыпшақтардың қашқаны емес, монғол қандыбалақтыларының алдауына аңқау
батырлардың талайының көніп, сан ұрыста ұтқызған өкініші де бар еді.
Монғол нояндарының соғыс жүргізу әдісі де, жауын алдап түсіру айласы да
өздеріндей көшпелі ел Қыпшақтардікіне кейде ұқсағанмен,
тегінде ерекше
келетін. Монғол әскерінің оннан тоғызы бөтен ұлттардан, өздері жеңген елдердің
жігіттерінен, сатылған бұзық, қарақшылардан құрылған. Бірақ бәрі бірдей темір
тәртіпке бағынған. Темір тәртіп бұл жер сілкінткен қалың әскердің тек өзіне ғана
тән ерекшелігі. Екінші ерекшелігі оның басқа елді шабу, бағындыру, айла-
әдістерінде. Монғолдар бір елді шабар болса, ең алдымен ертөлелерін жібереді.
Олар өрт салмайды, дүние-мүлік тонамайды, тек шабатын елдің адамдарын
өлтіреді, ең болмаса қорқытып қашырады. Сөйтіп, қанқұмарлықтарымен тыныш
жатқан елдің күні бұрын зәре-құтын алады. Содан
кейін барып қалың қолмен
шабады. Бұ жолы ештеңені де аямайды. Қолға түскен қаланы өртеп, қиратып,
дүние-мүлкін талайды, тек құлдыққа сатуға, не мал бағуға, өйтпеген күнде өнер-
өрнекке жарайтын шеберлері болмаса, қатын-балаға қарамай қырады. Кешегі
салтанатты қаланың орнына күйреген кірпіш, тас-талқан болған құр сілімтірін
қалдырады. Гүл-гүл жайнаған бау-бақша, жасыл егіні жайқалған ну даланы
құлазыған қу тақырға айналдырады. Содан кейін барып өздері шауып кеткен
жерлеріне жаршыларын жібереді. Олар тығылып қалған адамдар болса,
жасырылған қазына болса, бәрін тауып нояндарына жеткізеді.
Әскер басы
баһадурлар осы жаулап алған қала, далаларына әкім етіп өздерінің адамдарын
қалдырады.
Егер қала мықты қамалға айналып, өздігімен берілмесе, монғолдар бекініс
алатын тас атқыш катапульттерін салады. Қамал қабырғалары берік боп тас
атқыштар ештеңе істей алмаса, қалаға кіретін үңгір-ладыз қазады. Сөйтіп,
күтпеген жерден түн ортасында, не таң ата шаһардың ішінен, не бекіністің арғы
бетінен шығады. Аянбай соғысады. Ал, қала
халқы тым сақ болып бұндай
жағдайға жеткіздірмейтінін білсе, қаланың жанынан ағып жатқан өзен, дарияларға
бөгет сап, су арнасын өзгертіп, халықты суға тұншықтырады.
Мединаны алғаннан кейін оның белгілі бек, хакім, би, батыр, оқыған
адамдарына рақым етпейді. «Қарсыласпай өздерің берілсеңдер сендерге тимейміз»
деп аналарды қарсылықсыз қолға түсіріп ала қалса да шетінен бауыздайды, тірі