Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
46
Бошманға қосылды. Бұны көріп, Еділ бойындағы уақ ұлттар: башқұрт, алан,
бұлғарлар да бас көтерді. Бошманның үлгісінің өте қауіпті екенін түсінген Бату
әскерінің қолбасшысының бірі Мөңке Бошманды тез ұстауды бұйырды.
Бірақ
Бошман ұстатпады. Оның қатары күннен-күнге көбейе түсті. Бошман қатары
көбейген сайын, монғолдардан да береке кете бастады, жоқ жерден шабылған
көрен
1
, бүлінген жасақтар саны молайды. Бошманды ұстаймын деп енді Мөңке
қаһарына мінді, ал аяулы ер Еділ бойының қалың ағашының арасына кіріп ап,
басқыншылар шебіне тиісумен болды. Ақырында Мөңке інісі Бөшек екеуі әр
кемеге жүз
қарулы жауынгер отырғызып, екі жүз желкенменен Еділ бойымен
төмен ағып, өзеннің екі жағын бірдей қарап шықты. Бошман бұған да ұстатпады.
Еділдің ортасындағы ат көрінбес анақурайлы бір аралға бекініп ап, жағасына жау
желкендерін жуытпады. Мерген Қыпшақтар желкен үстіндегілердің басын
көтертпеді. Қарсы жағы Бошманды ала алмайтындарына көздері жетіп, енді әрі
қарай жүрмек боп тұрғандарында кенет адам айтқысыз қатты жел тұрып, аралдың
бір жағындағы суды қуып, біраз жерін қарайтып тастады. Мөңке осы күтпеген
қара қатқақ жол арқылы аралға бар әскерін төкті. Мың қаралы жауынгерлерімен
Бошман батыр қолға түсті. Монғолдың бір нояны
Мөңкенің жарлығы бойынша
Бошманды балтамен қақ жарып өлтірді.
Елін шапқыншыларға көтере білген Бошман батыр өз ісін істеп кетті. Оның
көтерілісі біткенмен іле-шала Баян мен Жықу атты бұқарадан шыққан кісілерінің
бастауымен Қыпшақ жігіттері тағы күреске шықты.
Қазтуған жырау осы көтерілістің барлығын еміренте, бір жалынды үнмен жыр
етіп мақтана толғай берді.
Әбілқайыр жыр басталғалы алтын тағынан қозғалмай, қара сұр жүзі сәл
қуқылданып үн-түнсіз тыңдап отыр... Ашу қысып тына қалғанын хан сырын
білетін дос-қасы тегіс түсінуде... Тек Қазтуған жырау ғана өзгеріп кеткен хан
келбетін аңғарар емес. Ел шапқаннан гөрі, елін қорғаған Қыпшақтың ерлігін жыр
еткенде дарыны енді шын ашылып, кісендеулі құлашы жаңа ғана жайылғандай,
толғауын аңқылдап соғып отыр...
Кезекті енді Қотан жырау алды.
— Құс ұша түзеледі,
бетің жаңа жөнделді, Қазтуғаным, —деді ол, — сен
бастаған әуенді мен ұлғайта түсейін...
Ашына сарнаған қобыз үніне қосылып, қарт жырау енді бір алуан уақиғаларды
бастап кетті...
Шыңғысхан тағына Күйік отырған кезде Батудың қарамағында монғолдың бар
болғаны төрт мың ғана жауынгері қалған. Бүкіл Шығыс Европаны жаулап алған
айбынды әскері өзіне бағынышты елдердің дені Дәшті Қыпшақ жігіттерінен
құрылған-ды. Бұндай әскермен қарамағындағы жұртты билеу де қиын және бұның
өлімін күтіп отырған, жүз мың қолы бар Күйікпен бетпе-бет келу де оңай емес.
Сондықтан Бату сенімді одақтас іздеді. Бұл — Алтын Орда ханының сол кездегі
көкейтесті арманының бірі еді. Міне, осы тұста Новгород князьдары Александр
мен
Андрейдің әкесі Ярослав, бұрыннан уәделесіп келген Күйіктің ордасына
келісім сөзге барған жерінде монғолдардың қолынан қаза табады. Батудың көктен
сұрағаны жерден табылады. Новгород князьдары Александр мен Андрей Күйіктен
ат құйрығын шарт кесіп бөлінеді де, Батумен бітімге келеді. Новгород князы
1
К ө р е н — монғолша, бекінген әскер, лагерь.