Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
82
Әбілқайырға дер кезінде жеткізіп тұрған. Одан кейін Әбілқайыр мен әбусейіт
Самарқантты алғаннан соң да, тағы бір мейіршапқат ақыл берген.
Ұлықбектің Жошының тұқымынан алған Шахарбек атты бәйбішесінен өзі
өлгенде Рабиу-Сұлтан-Бегім есімді он бес жасар қызы қалған. Адамзаттан емес,
көктегі періштеден туғандай, гүлін жарған қызғалдақтай
жадыраған сұлу және
Шығыстың әйелге деген қыспағына қарамай әкесі Ұлықбек жеті жасынан
медресеге беріп, парсы, түрік, араб тілін үйреттірген. Рабиу-Сұлтан-Бегім әйелден
шыққан өз заманының ақылдысы да, бір мінезді, табандысы да болған. Оспан-
Қожа дәйекші Әбілқайырға «Егер Самарқанттан еліңе алтын әкететін болсаң,
алтынның шынайы қызылы және ең тазасы осы Рабиу-Сұлтан-Бегімді әкет» деген.
Қырыққа таяп қалған, жас иіс құмар хан қызды бір көргеннен ұйқы-күлкісінен
айырылған. Есіл-дерті Рабиу-Сұлтан-Бегім болған да тұрған.
Ақыры төртінші
әйелі етіп алып, көңілі тынған. Самарқант бекзадалары қызды ырғалтып-
жырғалтып, үстіне дүрия мен қамқадан тартылған балдахин орнатылған ақ пілді
бас етіп, асыл қазына жасаумен қырық құл, қырық күң беріп ұзатқан. Бұл қырық
күң мен қырық құлдың тең жартысы, жас ағашта өсіп тұрған әлі құрт түспеген
өріктей, кілең балбыраған албырт жастар еді. Рабиу-Сұлтан-Бегіммен бірге Оспан-
Қожа дәйекшінің өзі де ере жүрген.
Осы кездегі астанасы Сығанаққа келгеннен кейін, Әбілқайыр оны өзіне
дәйекші етіп алған.
Міне, содан бері он төрт жыл өтті. Сол он төрт
жылдың ішінде Оспан-Қожа
пақыр ханды бір рет алдап, не тілегін теріс орындап көрген жоқ. Хан басына туар
қауіпті ол өзгеден бұрын сезетін, хан көңілі қалар істі де ол алдын ала болжайтын.
Хан абыройын төгер жамандықты сезсе оны ханның құлағына тезірек жеткізетін.
Әбілқайырдың оң иығында отырған Жәбірайыл періштедей, бұрыс жолдан
әрдайым сақтап қалатын. Ал Рабиу-Сұлтан-Бегім болса ханға арыстай екі ұл
тауып берген. Өзінің ақылымен, парасаттылығымен, көркіменен Әбілқайырдың ең
сүйікті әйелі болып алған. Сөйткен Оспан-Қожа мен Рабиу-Сұлтан-Бегім ханды
көк мұзға отырғызып кетті. Бірі ханның көзіне шөп салды-мыс, екіншісі сол көзіне
шөп салған ханның қас жауын аңқаулық істеп қашырып жіберді. Расыменен-ақ
Оспан-Қожа аңдамай қалды ма? Оспан-Қожа тәрізді өмір-бақи хан қызметінде
жүрген адамның мұндай өз басына қауіп туғызар істе салақтық етуі мүмкін бе?
Мүмкін емес. Ұрыны аңдыған алады, не аналар Оспан-Қожадан қулықтарын шын
асырып алдап соқты. Не сақ құлақ дәйекшінің өзі солармен бірге... Бірақ
неге бірге
болады? әлде бір жағдайда маған ренжіп қалды ма? әлде ақшаға сатылды ма? Жоқ,
сатылуы мүмкін емес. Оспан-Қожаның алтынға қызыққанын көрген жоқ. Сан рет
көңілім түсіп кетіп, көп олжадан үлесін молырақ етіп бергенімде өзіне тиістісінен
артығын алмайтын. «Хан қызметінде жүрген кісі дүние шіркінге құмар болмауы
керек. «Адам болғалы опасыздықтың бәрі де осы дүниеқоңыздықтан туған»
дейтін. Сөйткен Оспан-Қожа... Демек, мұнда бір гәп бар... Сол үшін де оны
зынданға салғызарымда күнәсін өзім тексерем деп едім ғой, қалай ұмытып
кеткенмін?... Ұмытпасқа мұрша болды ма... Жәнібек пен Керей ойраны басқа іске
көңіл бөлдірді ме?»
Үйге Бақты-Қожа уәзір кірді.
— Хан ием, Оспан-Қожа жүзіқараны алып келдік.
Әбілқайыр сәл ойланып қалды. «Жүзіқара! Оның жүзінің қара екенін бұл
қайдан біледі? Хан солай қараған соң, бұл да солай қарап тұр ғой... Әйтсе де осы