Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
92
қазір Қорасан мен Иракты тегіс жаулап алам деп жорықта жүргенінде, Самарқант
билігін қолыма түсіруге жәрдем беріңіз. Мұндай ыңғайлы сәт екінші мәртебе
кездесе ме, онысын білмеймін. Ал қазір ең қолайлы шақ...
Әбілқайыр баяу езу тартты.
— әбусейіт те әбділлахтан
әмірлікті алар жолы, дәл сен тәрізді ішке кіре
келген...
— Ақсақ Темір ұрпағының бәрі әбусейіттей опасыз бола бермес. Егер
Самарқант әмірінің тағына отырғызсаңыз, өмір-бақи сізді әке етіп, айтқаныңызды
екі етпей өтуге қолыма құран алып ант етуге бармын.
— әке еткеніңнің маған керегі жоқ. Әкесі болар балаларым жетеді. Алда-жалда
Самарқант тағына отыра қалсаң әмірімді екі етпеймін деп серт берсең құба-құп.
— әміріңізді екі етпеске міне құран, міне нан.
Әбілқайыр үндемей қалды. Ол ұзақ уақыт тілсіз отырды да, бір мезетте:
— Самарқант уәлиетінің жерінде ұрысқа жарайтын қанша жауынгер пілдер
қалды? — деп қарсы отырған жігітке тесіле қарады.
Бұрын Дәшті Қыпшақ, Мауреннахр жерлерінде соғыста піл қолданылмайтын.
Ақсақ Темір Иран мен Үндістанның шетін алғаннан кейін барып,
пілді кей
жағдайларда Орта Азия хандары жауын қорқытуға аздап пайдалана бастаған. Бір
кезде Самарқант, Бұқар уәлиеттерінде піл әжептәуір қоқан-лоққы күшке айналған.
Ал Әбілқайыр үнемі Мауреннахр жеріне шабуылға шыққанда, қойға шапқан
қасқырдай, ол әдетте хандарының бөтен елге жорыққа кеткен кезін аңдып
тұратын. Қалаларын жау алған соң, пілдер де ештеңе істей алмайтын. Демек,
Самарқант, Бұқарда дәл біз айтып тұрған шақта жауынгер пілдер бітуге айналған-
ды. Бірақ әзірге өлмеген азғантай пілдердің өзінен де, бұрын мұндай ашулы алып
хайуандармен айқасып көрмеген көшпелі ел сыпайларының зәре-құты қалмайтын.
Самарқантты бағындырам деп аттанған баяғы алғашқы ұрысында өздеріне қарай
дүрсе қоя берген үш пілден бүкіл Қыпшақ жігіттері жөңки қашқан. Әскердің арт
жағында
келе жатқан Әбілқайыр, ұзын тұмсығын оңды-солды сілтеп, кіші-гірім
үйдей боп өзіне қарай тап берген алып пілді көргенде, не істерін білмей,
қолындағы найзасын жерге түсіріп алған. Тек ажалдан астындағы жүйрік ақ боз
аты құтқарған. Содан бері Ақсақ Темір әміратына жататын қаланы шаппақ болса,
ең алдымен «жауынгер пілдері жоқ па екен?» деп сұрайтын. Жылан шаққан адам
ала жіпті аттауға қорқады. Бір рет өлердей боп шошып қалған Әбілқайыр бұ жолы
да
сол дағдысына салып, піл жайын тәптіштеп сұрап отырған-ды.
— Бүкіл Самарқант, Бұқар, Гератта үш-ақ піл бар, — деді Мұқамет-Жөкі, — о
да жорыққа шыққанда Көреханның шатыры мен гаремін алып жүреді.
— Өзге пілдері қайда?
— Пілді соғысқа пайдалану үшін оларды жұмсай алатын адамдар керек...
Бұрын бұл қызметті Иран мен Үндістаннан алып келген есірейлер атқаратын.
Олардың өлгені өлді, өлмегені ебін тауып өз жеріне қашып кетті. Иесіз қалған
пілдерді әбділлах қастары у беріп өлтірді.
— Бұлары дұрыс болған екен! — Әбілқайыр Ордасының әшекейлеп сыр-
ланған қабырғасына қарады. «Қан төкпей істейтін ісіңді қан төкпей істе. Қан төгіп
істер ісің болса алла-тағала өзі жәрдем берсін» деген қабырғаның жоғар-
ғы ернеуіне оюлап жазылған хадистің төменгі жағына көз жіберді. Қабырғада
самсаған қару-жарақ ілулі тұр. Болат наркескен, қисық алдаспан, көк құрыш сүйір
ұшты найза,
шойын басты шоқпар, жақтың бірнеше түрі... Әне, анау Исфаған