Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет89/102
Дата04.06.2024
өлшемі1.59 Mb.
#502314
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
176 
Темірбек ханзадаларға тамаша құрмет көрсетіп, қызмет істей бастаған. Бұл
жағдай Әбілқайыр әулетіне жаны қас жауы, қай жерден қос бөрі шыға қалар екен 
деп құлағын түріп отырған Айбақ ханға, моғол Ахмед хан мен Аббас бекке 
жеткен. Бұлар көп әскермен Хаджитарханға қарай шыққан. Соғысуға күші 
жеткіліксіз Қасым хан Темірбек пен Қарашыңды шақырып алып, екі ханзаданы 
Хаджитарханнан Мауреннахрға қашырған. 
Жолай бұларға Әбілқайыр тағына берілген бірнеше сұлтандар, батырлар 
қосылып, өздерін қоршап алған Айбақ ханның әскерімен соғысады. Осы айқас- 
та Мұхамед-Шайбани, Махмуд-Сұлтан, Қарашың үшеуі ханның інісі мен бір 
баласын өлтіріп қоршаудан шығады. Соңынан қуып жеткен Ахмед ханның 
қолбасшыларының бірі Қоныш-Қыпшақ батыр басқарған мың адаммен айқасып, 
олардан тағы құтылып кетеді. Бұл айқаста әсіресе Мұхамед-Шайбанидің інісі 
Махмуд-Сұлтан, Бахтияр сұлтанның балалары әлік пен Хамзе, Әбілқайырдың 
баласы Сүйіншік аса ерлік көрсетеді. 
Осы адамдармен ол Түркістан уәлиетіне келеді. Бұл мезгілдегі Түркістан 
уәлиетінің әміршісі Ұлықбектен туған Мираншох-мырзаның немересі, Сұлтан 
Ахмед, Яссы қаласының хакімі моғол Мұхамед-Мазит-тархан, Отырардың хакімі 
оның баласы Құлмұхамет-тархан, Ташкент уәлиетінің әміршісі Сұлтан Махмуд-
тархан көптен көп Көк Ордаға мейлінше дос-жар адамдар. Бәрінде де қазақ 
хандары жеңіп, билігімізден айырылып қаламыз ба деп зәре жоқ. Бұларға хакімі 
әмір әбдуәли-тархан, қосшы әміршісі Ақсофы батыр қосылып, Мұхамед-Шайбани 
мен Махмуд-Сұлтанды ту қылып көтеріп, құрып кеткен Көк Орданың шаңырағын 
қайта көтеруді ойлаған. Бұлар Мұхамед-Шайбаниды Дәшті Қыпшаққа хан етіп 
көтеріп, өздерінің қастары қазақ пен Жағатай хандарына қарсы күш етіп 
пайдаланбақ болды. Осындай саясаттың арқасында осыдан екі-үш жыл бұрын 
қашқын боп жүрген ханзадалар Дәшті Қыпшаққа қауіпті күшке айналды. Оның 
үстінде Мұхамед-Шайбанидың өзінің жеке басының қасиетін, ер жүректігін, 
ақылдылығын, оқығандығын қоссақ, шынында да, Дәшті Қыпшаққа бүгін болмаса 
ертең нағыз қатерлі күн тууы сөзсіз еді. Осы қауіп іс жүзінде айқындала бастады. 
Бұрындық Сарайшық жағына серуендеп кеткенде, Мұхамед-Шайбани Сығанақты 
басып алды. Мұхамед-Шайбани жаққа шыққан қала ақсақалдары көмегімен, 
осының алдында ғана Яссыға жорық салып, ештеңе өндіре алмай келген Жиренше 
сұлтанға да Саураннан айрылу қаупі туды. Көп кешікпей ол да Саураннан 
айырылды. 
Ақ Орданың — қазақ Ордасының екі бірдей бұрынғы астанасын жоғалтуы 
Жәнібек пен Бұрындыққа, Жәнібектің баласы Махмұд-Қамбар, Қасымдарға Дәшті 
Қыпшақтың күншығысында қандай қауіптің туғанын анық көрсетті. 
Бұл әрекеттердің бәрі де, тоқ етерін айтқанда, күшейіп келе жатқан қазақ елін 
қайтадан басқа ұрып, кейін шегіндіру еді. Түркістан өлкесін кім алса, Дәшті 
Қыпшаққа сол үстемдігін жүргізеді. Осы себептен Түркістан қалаларының
маңайында тағы төрт хандық түйісіп, қырғын басталуға жақын қалды. 
Қазақтар Түркістан өлкесі арқылы өзінің ежелгі жері мен қалаларын қор- 
ғап, хандық дәрежесін жоғалтпағысы келсе, Моғолдар бұл өлкені өздері басып 
қалып, Жетісудан қазақ елін тайдыруды ойлады. Ал Темірдің быт-шыт бола 
бастаған әмірлері Түркістан арқылы өздерінің бұрынғы Ақсақ Темір кезіндегі 
патшалығын сақтап, Дәшті Қыпшақты қарамағында ұстап, сауда-саттығын
өркендетуді арман етсе, Әбілқайыр тұқымдары бұл өлкені қолына алып, бүкіл 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
177 
Дәшті Қыпшақты қайтадан басқармақ болды. Осындай қарама-қарсы келген төрт 
ниеттің тағдыры осы Түркістан өлкесіне кеп тірелді. Мұндай жағдайда Жәнібек 
Жайық бойында қала алар ма? Кеше ғана өзі қожа бола бастаған Түркістаннан 
айрылғысы келмеді. Түркістаннан айырылуы қайтадан қазақ хандығын жоғалтуы 
еді. 
Сондықтан 
Жәнібек 
Сарайшықты 
тастап, 
қайтадан 
бұрын- 
ғы қонысына көшуді ойлады. Түркістанды жаулап алу үшін құр ғана әскер емес, 
ол жерді жайлайтын, бауыр басып қалатын ел керек. Сол себептен де ұлы жырау 
Асан Қайғының: 
«Қырыңды киік жайлаған, 
Суында балық ойнаған. 
Оймауыттай тоғай егіннің 
Ойына келген асын жейтұғын 
Жемде кеңес қылмадың. 
Жемнен де елді көшірдің 
Ойыл деген ойыңды 
Отын тапсаң тойынды 
Ойыл көздің жасы еді, 
Ойылда кеңес қылмадың, 
Ойылдан елді көшірдің», 
деп толғай ұрысуына қарамай, хандығының келешегін ойлаған Жәнібек бұл жолы 
да өз айтқанынан қайтпады. 
Жәнібек жорық үшін қайтадан қоныс етпек болған Шу, Сарысу бойын Асан 
Қайғы жамандап: Мына шіркіннің екі жағы борбас екен; баланың іші 
қуырылмайтұғын, пышағы қынынан суырылмайтұғын, еркегі ат болатын, 
ұрғашысы жат болатын жер екен» деп, не болмаса Жәнібектің көп елі жайлай 
бастаған Қаратауды көріп: «Көкектен басқа құсы жоқ, көк шөптен басқа ісі жоқ, 
жер азғыны мұнда екен, қатыны семіз, ері арық ел азғыны мұнда екен, аты 
бестісінде қартаятұғын, жігіті жиырма бесінде қартаятұғын жер екен» деп Еділ 
мен Жайық бойын тастамауды айтса да, Жәнібек көнбеді. Түркістаннан айрылса, 
Дәшті Қыпшақтан айрылатынын, Ордасы жоқ, ошағы жоқ, азық-түлік, сауда-
саттығы жоқ, бөтен жұртпен байланыс жасай алмайтын көшпелі елді 
күншығысындағы Әбілқайыр ұрпағы мен Темірлан тағы, күнбатысындағы 
Ноғайлы, Астрахань, Қазан хандықтары бөлшектеп жұтып жіберетініне көзі 
жеткендіктен өз дегенінен таймады. Ол енді ештеңеге қарамады. Өз жолының жөн 
екенін біліп тұрғандықтан, Асан Қайғының дегеніне көнбеді. Бүкіл жұртты 
шұбырта тағы көшті. Келе сала Сығанақ үшін Мұхамед-Шайбанимен соғысуға 
дайындалды. Бірақ бұл кезде Мұхамед-Шайбани әжептәуір күшейіп алған-ды. 
Екі жақ Сауран мен Яссының ортасындағы кең жазық далада кездесті. Бұ жолы 
ешкім де жекпе-жекке шықпады. Жәнібек бастаған қалың әскер екінді кезінде 
Мұхамед-Шайбанидың шебіне ат қойды. Жау жағы да қарсы шапты. Бірақ 
Мұхамед-Шайбани қулығын асырды. Қазақ әскерінің мақсаты қан майданда 
жауын жалпы жеңу болса, Әбілқайыр Ордасының ойлағаны хан Жәнібекті құрту 
еді. Бетпе-бет кеп тұра қашқан бір топ әскерді қуа түскен Жәнібек пен батыр Саян 
кенет өздерінің Мұхамед-Шайбани мен Ақсофы батыр басқарған қосшы 
омағының ер жүрек он сан жауынгерлерінің ортасына қалай түскендерін білмей 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет