Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


§ 5. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын реттейтiн ұлттық заңнама



бет110/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   141
annotation9411

§ 5. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын реттейтiн ұлттық заңнама

Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы доминанты нарықтық қатынастарға өтумен және әлемдiк қауымдастыққа интеграциямен байланысты экономикалық реформалар болып табылатын жан-жақты реформалаудың тарихи кезеңiнен өтуде. Республикамыздың жиырма жылдық егемендi дамуы iшiнде реформалар базасы құрылып, дамуда. Бүкiл экономикалық қатынастар спектрiн реттеудiң құқықтық iргетасы болып Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi танылады.


Шаруашылықтың жаңа талаптарына интеллектуалдық мен-шiк, заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың субъективтi құқықтары мен мiндеттерi саласында құқықтық қатынастарды реттеу өзгердi.
Бұдан 1999 жылдың 16 шiлдесiнде патент құқығы субъектi-лерiнiң арасындағы құқықтық қатынастарды реттеуге бағыттал- ған Қазақстан Республикасының Патент Заңы қабылданды. Бұл акт өз кезегiнде аталған құқықтық қатынастарды алғашқы реттеу бойынша мiндетiн атқарған 1992 жылдың 24 шiлдесiнде қа-былданған Қазақстан Республикасы Патент Заңының орнына келдi.
Қазақстан Республикасында патент қатынастары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң бiрiншi тобын ҚР Конс-титуциясы құрайды. Конституцияның 20-бабы шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк бередi. Бұл норма интеллектуалдық меншiк туралы заңнама дамуының құқықтық негiзiн құрайды.
Өкiнiшке орай, ҚР Конституциясында «интеллектуалдық меншiк» терминi көрiнiс таппаған. Мысалы, 1993 жылдың 12 жел-тоқсанында қабылданған Ресей Федерациясы Конституциясының әдеби, көркем, ғылыми, техникалық және өзге де шығармашылық түрлерiне арналған 44-бабында «интеллектуалдық меншiк заңмен қорғалады» деген ережесi бар. Құқықтық жүйенiң өзге бөлiктерiнiң құқықтық саясаты мен дамуы үшiн негiзгi заңның фундаменталдық маңыздылығын ескере отырып, ҚР Конституциясы 20-бабының 1-тармағын «интеллектуалдық меншiк заңмен кепiлдендiрiледi» деген сөздермен толықтыру қажет.
Патент құқығының объектiлерiне қатысты құқықтық қатынастарды Конституциямен бiрге, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi де ( 49, 52 тарауларды қараңыз) реттейдi.
Аталған саладағы заңнама жүйесiнiң негiзi болатын ҚР АК 1999 жылдың 1 шiлдесiнде оның Ерекше бөлiмi әрекетке енген кезде ғана толықтай қалыптасты. ҚР АК (Интеллектуалдық меншiк құқығы» деген 5-бөлiмi) интеллектуалдық меншiк құқы-ғының жеке объектiлерiн құқықтық қорғау режимiн реттейтiн комплекстi заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң болуы мен дамуы үшiн құқықтық iргетасы болып табылады1. Бұл бөлiм интеллектуалдық меншiк құқығының жалпы сұрақтарын реттейтiн 78 баптан тұрады. Бұл уақытқа таман 1992 жылдан әрекет еткен Патент Заңы мен Тауар таңбалары туралы Заң қайта қаралып, олардың жаңа баспалары 1999 жылдың шiлдесiмен белгiленедi.
Яғни, АК-нiң Ерекше бөлiмiнiң 5-бөлiмi кешiрек жасалды, сондықтан ол қазiргi уақыт бойынша әрекетi ұзақ патент заңнамасы мен комплекстi заңдар түрiнде тауар таңбалары жөнiндегi заңнаманың жалпылануы, ал жалпы айтқанда – интеллектуалдық меншiктi құқықтық қорғаудың мүлтiксiз жүйесiн жасау бойынша жұмыстың жалғасы болып табылады.
ҚР АК-нiң қарастырылып отырған бөлiмi елiмiздiң арнайы заңнамасының дамуының iргетасы болып табылатын интеллектуалдың меншiк объектiлерi бойынша қағидалы, жалпы ереже-лердi бекiтуге бағытталған.
Бұл бөлiмнiң баптарында интеллектуалдық меншiктi құқық-тық реттеу саласындағы әлемдiк жетiстiктер бекiтiлген, елiмiз қатысып отырған маңызды әлемдiк конвенциялар, сонымен қатар, болашақта қатысатын келiсiмдер талаптары ескерiлген.
ҚР АК-нiң 5-бөлiмi өз мазмұнымен ерекше және ТМД елдерi Үлгiлiк Азаматтық кодексiнiң сәйкес бөлiмдерiнен принципиал-ды бағыттарымен ерекшеленедi. Атап айтқанда, интеллектуалдық меншiк иесiнiң айрықша құқығын, қызметтiк шығармашылық режимдерi мен өзгеде ерекшелiктерiн көрсетуге болады.
Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылдың 16 шiл-десiнде қабылданды.
Аталған заң өнертабыстар, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi жасау, қорғау және пайдаланумен байланысты қатынастарды реттейдi. Олардың жалпы атауы үшiн «өнеркәсiп меншiгi» терминi қолданылады.
ҚР-ның жаңа Патент Заңын қабылдау қазақстандық заңнаманы ҚР-ның Бүкiләлемдiк сауда ұйымына кiруiн талап ететiн Интеллектуалдық меншiк құқықтарының сауда аспектiлерi туралы келiсiмi (ТРИПС) талаптарына сәйкестендiру қажеттiлiгiмен негiзделедi.
Қазақстан Республикасының Патент заңын сегiз тарау құрайды:
1– «Жалпы ережелер»;
2– «Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң патентке қабiлеттi-гiнiң талаптары»;
3– «Авторлар мен патент иеленушiлер»;
4– «Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға ерекше құқық»;
5– «Қорғау құжатын алу тәртiбi»;
6– «Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және қалпына келтiру»;
7– «Авторлардың, өтiнiш берушiлердiң және патент иеле-нушiлердiң құқықтарын қорғау»;
8– «Қорытынды ережелер».
Қазақстан Республикасы Патент Заңының құрылысы жоғары деп бағалауға болады, себебi бұл актiдегi нормативтiк материал патенттiк құқықтық қатынастардың даму кезектерiмен және цивилистика жетiстiктерiн есепке алу арқылы анықталған.
Қазақстан Республикасы Патент Заңының 1-бабында Заңда қолданылатын негiзгi түсiнiктер мен терминдер мазмұны ашыл-ған. Осылай, атап айтқанда, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсiптiк үлгiлер жатқызылған. Аталған объектiлердiң бiр түсiнiкке жиналуы олардың ұқсастығымен негiзделедi. Әрине, олардың арасында айырмашылықтар бар. Осының негiзiнде өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi әрқайсысының патентке қабiлеттiлiгi талаптары жеке нормаларда ашылған (ҚР Патент Заңының 6-8 баптары).
1992 жылғы ҚР Патент Заңынан кейiн бұл заң патенттiк құқықтық қорғаудан рационализаторлық ұсыныстарды алып тастады.
Жаңа Патент Заңымен бiрге патент саласын құқықтық реттеуге өзгерiстер енгiзiлдi:
– қызметтiк өнертабыстар құқықтық режимi бiршама өзгер-тiлдi,
– патенттiк құқық объектiлерiне қорғау құжаттарының әрекет ету мерзiмi өстi;
– қорғау құжатын алуға өтiнiмнiң тапсырылған күнi мен берiлген күнi айқындалған және бөлiнген;
– авторлар мен патент иеленушiлердiң өнертабыстың жаңашылдығы мен өнертапқыштық деңгейiне әсер етпейтiн оның мәнiн ашу мерзiмдерiне талаптар қатаңдалған;
– мәнi бойынша сараптама жүргiзу туралы сұрау салу мерзiмi қысқартылды;
– соңынан пайдалану құқығы енгiзiлдi.
38 баптан тұратын Қазақстан Республикасының Патент Заңы кешендi нормативтiк құқықтық акт болып табылады, себебi оны халықаралық-құқықтық (37-бапты қараңыз), азаматтық-құқықтық (11–15-баптарды қараңыз), азаматтық-iс жүргiзушiлiк (33-бапты қараңыз), әкiмшiлiк (25–29-баптарды қараңыз), еңбек (8-баптың 2-тармағын қараңыз) сияқты әр түрлi саладағы қатынастар құрал ретiнде қолданылады. Аталған актiде патент құқығы объектiлерiне әлемдiк патенттiк-құқықтық тәжiрибе шеңберiнде таралған талаптар (патентке қабiлеттiлiк талаптары), сонымен қатар, берiлетiн құқық көлемiне қарай лицензиялық шарттардың көп түрi және қорғау құжатын басқа тұлғаға беру мүмкiндiгi қарастырылған (14-бапты қараңыз)1.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет