§ 3. Қазақстан Республикасының аумағында
интеллектуалдық меншiк бойынша әрекет ететiн
халықаралық конвенциялар
Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық заңнаманың бiр бөлiгi ғана емес, кей жағдайларда ұлттық заңнамадан да басым түсетiн бiрқатар халықаралық келiсiмдер, шарттар, конвенциялар iс әрекет етуде.
1993 жылы 16 ақпанда қабылданған өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес Республика аумағында өнеркәсiптiк меншiк саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтiн төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етедi, олар:
1. 1883 жылғы 20 наурыздағы €неркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы1.
2. 1891 жылғы 14-сәуiрдегi Тауар таңбаларын халықаралық тiркеу туралы Мадрид келiсiмi2.
3. 1967 жылғы 14 шiлдедегi Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiктi қорғау ұйымы конвенциясы;
4. 1970 жылғы 19 маусымда қабылданған Патент кооперациясы туралы келiсiмшарт.
1995 жылдың 5 қарашасынан бастап елiмiздiң аумағында 1994 жылдың 9 қыркүйегiнде Мәскеуде қол қойылған Еуразиялық патенттiк конвенция әрекет етуде.
Бұл халықаралық келiсiмдердiң жасалуына өткен ғасыр бойы ұлттық заңнамалардағы айырмашылыққа байланысты өнеркәсiптiк үлгiнi қорғау құқығын бiр уақытта бiрнеше елде алу қиындығы себеп болды. Сонымен қатар, қорғау құжатын алу үшiн өтiнiштер бiр елде жариялануын болдырмау үшiн және өзге елдерде өнертабыстың жаңашылдығын айырмау үшiн, барлық мемлекеттерде бiр уақытта берiлуi тиiс.
Өткен ғасырдың екiншi жартысында көптеген мемлекеттер өнертабыстарды қорғау жүйесiн жасады, сонымен қатар, мемлекетаралық технологиялық айырбас дамып, халықаралық сауда өстi. Өнеркәсiптiк меншiк туралы заңнаманы халықаралық деңгейде унификациялау қажеттiгi туындады.
Париж конвенциясы өнеркәсiптiк қорғау саласындағы халықаралық көпжақты әмбебап шарт болып саналады.
Өнеркәсiп меншiк объектiлерiне байланысты мәселелердi реттейтiн негiзгi халықаралық келiсiм болып табылады. (1-тарау). Конвенцияның басты мақсаты – өнертабыстар, өнеркәсiп үлгiлерiн патенттеуде және бiр мемлекет фирмалалары, ұйымдары мен азаматтарына өзге мемлекеттерде тауар белгiлерiн тiркеуде артықшылықты жағдайлар жасау.
Конвенцияға 1883 жылдың 20 наурызында Парижде қол қо-йылды. Кейiн ол 1900, 1911, 1925, 1934 жж. конвенцияларда, ал соғыстан кейiнгi жылдары, 1958 жылы Лиссабонда және 1967 жылы Стокгольмде қайта қаралып, толықтырылды.
Қазақстан Республикасы аталған конвенцияға 1993 жылдың 16 ақпанында қабылданған Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес қосылды.
Аталған Конвенцияның 1,3-баптарына сәйкес конвенция мүшелерi өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi Халықаралық Одақты (Париж Одағы) құрайды. Оған Россия, Украина, Беларусь т.б. сияқты 105 мемлекет мүше.
Мемлекет қай баспаны ратификациялағанына сәйкес, әр түрлi мүше мемлекеттер үшiн конвенция түрлi баспаларда әрекет етедi. КСРО Париж конвенциясына 1965 жылдың 1 шiлде-сiнен бастап, барлық баспаларына қосылды, ал оның Сток-гольмдiк мәтiнiн 1968 жылдың 19 қыркүйегiнде ратификациялады.
Артықшылыққа құқық негiз болатын бiрiншi өтiнiш күнiне дейiн үшiншi тұлғалардың алған құқықтары Одаққа мүше әрбiр мемлекеттiң заңнамаларына сәйкес қорғалады.
Артықшылық мерзiмiн есептеу күнi болып табылатын бiрiншi өтiнiм Одақтың тиiстi мемлекеттегi бiрiншi өтiнiш объектiсiне келесi өтiнiм есептелуi тиiс. Келесi өтiнiш берiлген күнiне дейiн алғашқы өтiнiм жарияланбай қайтарып алынса, қозғаусыз қалдырылса немесе одан бас тартылса, сонымен қатар, оған қатысты ешқандай құқықтар жүзеге асырылмаса және артықшылыққа құқықтық негiз болмаса, сонда ғана бiрiншi өтiнiм артықшылыққа құқық негiз бола алмайды.
Алғашқы өтiнiш негiзiнде артықшылықтар қолданғысы келетiн кез келген тұлға өтiнiмдi берген күнiн және жасалған мемлекетiн көрсетуi тиiс.
Одақтың ешқандай мемлекетi өтiнiш берушi бiрнеше артықшылыққа, сонымен қатар, әр түрлi мемлекеттерде бекiтiлген артықшылыққа үмiттелуi негiзiнде немесе бiр я бiрнеше артықшылыққа ие өтiнiште артықшылық сұратылып отырған өтiнiш немесе өтiнiштерде көрiнiс таппаған элементтерге қатысты – кейiнгi өтiнiш беру қалыпты жағдайдағы артықшылық құқығын туындатады.
Париж конвенциясы оған мүше мемлекеттiң бiреуiнде берiлiп, өзге де мемлекеттерде әрекет ете алатын халықаралық патент жасауды көздемейдi. Өнертабыс Халықаралық Одақтың қандай болмасын мемлекетiнде патенттелмеген болса, онда ол ешқандай сыйақы төленбестен еркiн қолданыста бола алады. Сол сияқты конвенция халықаралық тауар белгiсiн жасауды өзiне мақсат етпейдi.
Париж конвенциясының негiзгi принциптерiнiң бiрi болып ұлттық режим принципi табылады. Конвенция өнеркәсiп меншiгiн қорғауда берiлген мемлекеттiң заңнамасы бойынша өз азаматтарына берiлетiн немесе болашақта берiлуi мүмкiн дәрежеде оған мүше кез келген мемлекеттiң азаматтары мен фирмаларына берудi көздейдi (2-бап). Одаққа мүше мемлекеттердiң бiреуiнде тұрғылықты жерi немесе әрекет етушi және шынайы өнеркәсiптiк немесе сауда ұйымы бар Одаққа мүше емес мемлекеттердiң азаматтары Одаққа мүше мемлекеттердiң азаматтарымен теңдестiрiледi.
Аталған мемлекеттердiң азаматтары осы конвенциямен қорғалады және өзiнiң азаматтарына қатысты талаптарын сақтамаса, онда олар өз құқықтарын заңмен көрсетiлген қорғау құралдарын қолдануға мүмкiндiк алады. Алайда, қорғау талап етiлетiн мемлекеттерде тұрғылықты жердiң немесе ұйымның болуы туралы шарттар өнеркәсiп меншiк құқықтарын қолдану үшiн алғышарттар ретiнде одаққа мүше мемлекеттiң азаматтарына қо-йылмайды.
Өнеркәсiп меншiк туралы заңдардың негiзiнде сақталуы тиiс өнеркәсiп меншiгiне құқықтарға қатысты Одаққа мүше мемле-кеттердiң әрқайсысының заңнамаларының ережелерi соттық, әкiмшiлiк процедураларға және соттық, әкiмшiлiк органдардың құзыреттерiне, сонымен қатар, тұрғылықты жердi таңдау немесе iске сенiмдiнi тағайындауға қатысты қатынастарды реттейдi.
1891 жылғы «Таңбаларды халықаралық тiркеу туралы» Мадрид келiсiмi қазiргi уақытта тауар белгiлерiн қорғауда аумақтық қағидасын жеңуге бағытталған негiзгi халықаралық шарт болып табылады. Қазақстан Республикасы бұл келiсiмге 1993 жылы қосылды. Бұл келiсiмнiң мәнi – интеллектуалдық меншiк халықаралық бюросында (Женевада) тiркелген тауар таңбасы келiсiмге қатысушы мемлекетте ол жерде тiкелей өтiнiм бергендегiдей, қорғау алады. Бұл Мадрид келiсiмiнiң барлық қатысушы мемлекеттерде тауар таңбасының бiртұтас құқықтық режимiн құрмайтындығын көрсетедi, тек тауар таңбасын әрбiр елде тiркеу қажеттiгiнен болатын, көптеген елде қорғау алу процедурасын жеңiлдетедi. 1996 жылдың 1 сәуiрiнен бастап келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң бәрiнде әрекет ететiн бiртұтас қорғау құжатын алу мүмкiндiгi пайда болды.
1891 жылы Мадридте қабылданған Тауар таңбаларын халық-аралық тiркеу туралы келiсiм жағдайды жақсартуда маңызды қадам болды. Келiсiмге сәйкес шығындар құнын елеулi түрде төмендетуге көмектесетiн қатысушы мемлекеттердiң барлығында танылатын ұлттық және халықаралық тiркеу үшiн бiртұтас тауар таңбасын беру мүмкiндiгi ашылды. Алайда Мадрид келiсiмiнде ақаулықтар да болды. Бiрiншiден, ол қабылданған кезде елдердiң көбiсiнде тiркеу таңбаны зерттемей-ақ өткiзi-летiн. Бұл факт келiсiмнiң бiрқатар ережелерiнде көрiнiс тапты. Ең алдымен, тiркеудiң екi кезеңдi процесi туралы ереже-лерiнде: алдымен ұлттық, кейiн халықаралық деңгейде, таңбаның егжей-тегжейлi зерттелуi өтетiн немесе оның тiркелуге дейiн тәжiрибелiк қолданылуы мiндеттi мемлекеттен өтiнiм берушi тиiмсiз жағдайға ұшырайды. Екiншiден, ұлттық тiркеу инстанцияларының тiркеуден бiр жыл iшiнде ғана бас тарта алу фактiсi тауарды зерттеуге берiлетiн мерзiмдi тыңғылықты жұмыс жүргiзу үшiн өте қысқа етедi. Үшiншiден, ұлттық қызметтегi тiркеу жөнiндегi қызмет құнының төмендiгi өтiнiмнiң дұрыс зерттелуiн жүргiзуге кеткен шығындарды қамти алмайды. Төртiншiден, алғашқы тiркеу елiндегi тiркеудi жарамсыз деп тану барлық мемлекеттерде тауар таңбасының жарамсыздығына алып келетiн бiрорталықтандырылған шағымдану жүйесi таңбалардың шағымдануы жиi болатын мемлекеттердiң өтiнiм берушiлерiн қанағаттандырады. Осыған байланысты тауар таңбаларымен қамсыздандырылған ең үлкен тауар нарығы бар АҚШ Мадрид келiсiмiне кiрмейдi.
«Патент кооперациясы туралы келiсiмшарт» (РСТ) – өнеркәсiптiк меншiк жеке объектiлерiн (өнертабыстарды) құқықтық қорғауға алуына көмектi қамтамасыз ететiн келiсiм. Бұл келiсiмшартты жасасу идеясы 1960 жылы өнертабыстарға өтiнiмдердi қараумен байланысты патенттiк ведомстволардың жұмысын қиындататын мәселелердi шешу қажеттiлiгiмен байланысты туындады. Ол мәселелердi атап айтсақ, мыналар:
– патенттiк ведомстволар жұмысында қайталамаларды жою;
– өтiнiштерге сараптама жүргiзудi тездету;
– сарапшы есепке алуы қажет құжаттама көлемiн шектеудi қамтамасыз ету;
– жаңа техникалық жетiстiктер туралы ақпараттың таралуын жеңiлдету;
– өтiнiмдердi шетел мемлекеттерiне беру процедураларын жеңiлдету.
Мүдделi мемлекеттердiң бiрiккен күшiмен ғана жететiн атал-ған проблемалер шешiмiн iздеу қызметтестiктiң жаңа нысанына – патенттiк iздеудi және патенттiк-құқықтық саладағы халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң басымдылығын пайдалануға негiзделген өтiнiм берiлген шешiмдерге сараптама жүргiзуде халықаралық кооперацияға алып келдi1.
Халықаралық кооперациясын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау мақсатында 1970 жылы 19 маусым күнi Вашингтонда Дипломатиялық конференцияда осы келiсiмшартқа қол қойылып, оған сәйкес Патенттiк кооперациясы Одағы құрылды. Париж конвенциясы сияқты, бұл келiсiмшарт Патент кооперация-сы одағына мүше мемлекеттердiң өнертабысқа патент беру немесе беруден бас тартуға байланысты құқықтарын реттемейдi. Келiсiмшарттың негiзгi ережелерi: халықаралық өтiнiм, халық-аралық iздеу (РСТ 1-тармағын қараңыз) және халықаралық алдын ала сараптама туралы (РСТ 2-тармағын қараңыз) нормалары болып табылады. Келiсiм тарауларындағы ережелердi сақтау мүше мемлекеттердiң барлығы үшiн мiндеттi болып сана-лады.
Патент кооперациясы туралы келiсiмшарт БИМҰ-халықаралық бюросына бiр өтiнiм беру жолымен барлық қатысушы елдердегi өнертабыс құқықтық қорғауды бiр мезгiлде алуды жеңiлдетедi2.
Еуразиялық патент конвенциясы барлық қатысушы-мемлекеттер аумағында әрекет ететiн бiртұтас еуразиялық патент негiзiнде патент құқығы объектiлерiне қорғау алуды көздейтiн Еуразиялық патент жүйесiн қалыптастырады. Бұл жүйе ұлттық қорғау жүйесiн жоққа шығармайды, мемлекеттер олардың дамуына байланысты толық егемендiктi сақтайды (ЕАПК 1-бабын қараңыз). Ал Еуразиялық патент конвенциясының 21-бабында бұл актiнiң кез келген мүше мемлекеттiң ұлттық патент беру құқығын қозғамайтындығын және оның кез келген халық-аралық ұйымға кiруiн және өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы халықаралық қызметтестiк дамуына ықпал етуiн шектемейтiндiгi айтылған.
Еуразиялық патент жетiстiктерiне баж төлеу мөлшерi мен тәртiбiн, сонымен қатар, өтiнiм берушiлердiң әр түрлi категориялары үшiн артықшылықты тарифтердiң болуын жатқызуға болады. Патенттеудiң еуразиялық немесе ұлттық процедурасын таңдаудың экономикалық дұрыстылығы олардың әрқайсысы бойынша мына факторларға әсер ететiн шығындарды салыстырумен анықталады:
– өтiнiш берушiнiң тұрақты орны немесе тұрғылықты жерi;
– ЕАПК мүше мемлекеттерi жасаған өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы әрiптестiк туралы екi жақты келiсiмдердiң болуы мен олардың мазмұны;
– патенттеу елдерiнiң саны мен құрамы.
Жалпы айтқанда, ТМД-ға мүше мемлекеттердiң норматив-тiк құқықтық актiлерiнде шетелдiк өтiнiм берушiлер (2-категория) үшiн патенттiк баж мөлшерi ұлттық өтiнiш берушiлер (1-категория) үшiн бекiтiлген бажға қарағанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, Беларусь Республикасында өтiнiм беру кезеңiнде шығындар ұлттық өтiнiм берушiлер үшiн 0,5–0,75 төменгi еңбек-ақыны, ал шетелдiктер үшiн – 100–150 АҚШ долларын құрайды, ал сараптама сатысында ұлттық өтiнiм берушiлер үшiн 4–10 төменгi айлық төлемiн және шетелдiктер үшiн 800–2080 АҚШ долларын құрайды.
Атап өтiлген конвенциялар қазақстандық интеллектуалдық меншiк жөнiндегi заңнаманы қалыптастыруға және дамытуға елеулi ықпал еттi, өйткенi бұл конвенциялар көптеген елдердегi осы тақылеттес жүйелердi дамытуға қажеттi халықаралық параметрлер мен шоғырландырылған ұлттық тәжiрибенi жинақтаған.
Достарыңызбен бөлісу: |