Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т



бет116/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   141
annotation9411

3.2. Әкелік (аналық) құқықты даулау және бекіту

Заңды тәртіптің негізінде бекітілген балалар құқығына келетін болсақ, ата-аналар мен балалардың міндеттері мен құқықтары осы негізден туындап жатыр. Құқықты нақты анықтаудың маңыздылығы ата-аналардың құқықтарын дауласумен қатар, әртүрлі мемлекетке кетуші жұбайлар үшін некелі және некесіз жағдайда дүниеге келген балалар құқығын орналастыра білу1.


Баланың некелі жағдайда дүниеге келгендігі көп мемлекеттерде жұбайлардың жеке заңдылығының негізінде шешіледі (түсінік үшін азаматтық туралы немесе домицилия туралы заң деп түсіндіруімізге болады.) Мысалы, Италияда баланың дүниеге келуі ол туған сәттен оның ұлттық заңның негізінде орналастырылады. (1995 жылғы халықаралық жеке құқықтың италияндық жүйесінің реформасы туралы Заңның 33-бабы) Австрияда некелік шарт негізінде дүниеге келген баланы орнатып алу мен оған құқықты даулау Австрияның жеке заңымен (азаматтығы бар мемлекет) жұбайлар арасында бала дүниеге келгенде немесе оған дейін некені тоқтатқан сәтте анықталынып алады. Жұбайлардың үшін жеке заңдардың ішінде ең сәттісі сол деп табылады, егер неке тоқтағанда балаға да неғұрлым тиімдісі болатын заң.
Некесіз дүниеге келген балаға қатысты көптеген коллизиялық байланыстар қолданылады. Австриядағы (§25) некеден тыс дүниеге келген балаға қатысты әкелік құқықты мойындау және бекіту шарттары заңда ол дүниеге келген сәттегі жеке құқыққа сай жалпы ережемен анықталынады. Әкелік құқықты бекіткен заңға сай әкелік құқықты даулауға да құқығы бар. Жұбайлар арасындағы балаға қатысты соңғы кездегі көптеген заңдар бірнеше тармақты қамтып жатыр, мысалға некеден тыс дүниеге келген балаға сол сәттен бастап жеке заңына бағынса, ал халықаралық жеке құқық туралы Кореяның заңында сонымен қатар ол тұрғылықты мекен-жайдың жалпы заңы немесе әкенің жеке заңына бағынады. 2004 жылғы халықаралық жеке құқық туралы Бельгия заңының жаңа кодификациясы әкелік немесе аналық құқықты даулау мен орнатуды
талапкердің (ана баласын бұрын мойындаған жұбайы) жеке заңына бағындырады. 2005 жылғы Украина заңында әкелік құқықты даулау
мен бекітуді бала дүниеге келген сәттегі жеке заңға бағындырады. (Азаматтығы бар мемлекеттің заңы баланың жеке заңы болып табылады). Баланың жеке _________________
1 Семейное право Российской Федерации и иностранных государств. Основные институты.. М., 2004. Б. 193-207.
құқығына байланысты шешімдер көп орын алып кеткендігін көптеген мемлекеттерден көре аламыз, мысалы Эстонияда бала дүниеге келген жер осы мемлекет болған соң бұл құқықты мемлекеттің құқығы деп санайды.
Халықаралық келісімдердің ішінде 1975 жылғы 15 қазандағы некеден тыс дүниеге келген балалардың құқығы туралы Еуропалық Конвенцияны айтуымызға болады (оны 21 мемлекет ратификациялаған болса, ал 4 мемлекет ратификациялмаған бірақ қол қойған.) Конвенцияға сәйкес некесіз дүниеге келген бала анасымен туу туралы фактісімен орнатылады (2-бап), ал әкесімен бірге орналасу әкесінің өз еркімен немесе сот шешімінің күшімен танылады. Конвенцияның түсіндірме баяндамасында көрсетілгендей конвенцияның қосымшалары конвенцияға қатысушы мемлекеттердің (әкелік құқықты шектеуші) ішкі заңдылығымен сәйкес келмейді. Ішкі заңдылықтарда әкелік құқықты өз еркімен мойындау нысаны мен әдісі сот, нотариат, кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғайтын органдарға өтініш беру арқылы жүзеге асады. Конвенцияға сай некеден тыс дүниеге келген бала үшін ата-ана неке жағдайында дүниеге келген баламен тең құқықты қарау керек (6-бап). Отбасылық қарым-қатынасты реттейтін конвенцияның ережелеріне сай жұбайлар некеге отырғаннан бастап некелі бала мен некеден тыс дүниеге келген бала арасында тең құқықты мәртебесі орнатылады.
ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодекс қабылдануымен коллизиялық реттеулер үлкен өзгерістерге ұшырады. Осыдан бұрын ата-аналар мен балалардың, тұрғылықты мекеннен тыс КСРО Қазақстан заңның негізінде орындалса, енді әкелік құқықты орнату мен даулау бала дүниеге келген мемлекеттің негізінде анықталады (ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодесінің 276-бабы).
Бала дүниеге келген кезде ата-анасы Қазақстан азаматы болып тіркеліп тұрса, қай жерде дүниеге келгенінен тәуелсіз сөзсіз Қазақстан азаматы болып табылады. Ата-анасының азаматтығы сөзсіз баласына автоматты түрде баласының да азаматтығын анықтайды. Ата-анасының біреуі ғана Қазақстан азаматы болып табылатын балалар үшін мына заң жүреді:
1) егер де екінші ата-анасы азаматтықсыз, немесе босқын болып танылса, немесе тұрғылықты мекені белгісіз болса, онда бала дүниеге келген мекенінен тәуелсіз қазақстан азаматы болып табылады.
2) егер де екінші ата-ана шет мемлекеттің азаматы болып, ал бала Қазақстан аумағында дүниеге келетін болса, онда бала Қазақстан азаматы болып тіркеледі немесе азаматтықсыз тұлға болып табылады.
Егер де ата-аналардың екеуі де Қазақстан азаматы емес басқа шет мемлекет азаматы болып, бірақ Қазақстан аумағында тұрып жатса және бала Қазақстан аумағындаында дүниеге келсе, онда бала Қазақстан азаматы болып саналады, басқа бір мемлекет оның азаматтығына қызығушылық тудырмауы керек. Қазақстан аумағынанын табылған баланың ата-аналары белгісіз болса, онда бала табылған күннен бастап алты ай ішінде ата-аналары келмесе, онда олар Қазақстан азаматтығына өтіп кетеді. Еш азаматтықсыз жүрген ата-аналардың баласы дүниеге келген кезден бастап Қазақстан азаматтығына өтеді.
Мысалы, Алматыда некеге тіркелмеген Қазақстан азаматшасының баласы дүниеге келді және ол Қазақстан азаматы болып тіркеледі. Ата-аналардың бірігіп анасының талабымен Украина азаматы әкелік құқықты бекіту үшін тіркеуге барған сот істі Қазақстан заңының негізінде ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 276-баптың күшімен қарастырады.
Шет мемлекеттің заңын қолдану келесі жағдайлардан туындайды.
Германияда некеге тұрмаған неміс азаматшасының баласы дүниеге келді. Ұсынылып отырған баланың әкесі (Қазақстан азаматы) баланы мойындамастан отанына қайтып кетті. Баланың анасы Ақтау қаласының (тұрғылықты мекен) сотына әкелік құқықты орнату талабымен барды. Бала германия азаматы болып табылғандықтан сотта сол мемлекеттің заңы қолданылады. Егер де бала шет мемлекеттің азаматтығынан басқа азаматтыққа алмасатын болса, онда ол қабылданып отырған құқыққа еш әсерін тигізбеу қажет.
Қазақстан аумағындағы әкелік құқықты орнату мен даулау ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 276-бабында көрсетілгендей әкімшілік және соттық жолмен тағайындалады. ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 276-бабының 1,2-тармақтарына шет мемлекеттің отбасылық құқығын енгізу қарастырылған. Қазақстан аумағынан тыс жерде өмір сүретін ата-аналар некеге тұру кезінде анасымен келген балаға әкелік құқықты орнату үшін АХАЖ-да болған куәландыру негізінде Қазақстандағы консулдық мекемеге немесе дипломатиялық өкілділікке өтініш тастауына болады. Консулдағы әкелік міндетті бекіту тәртібі негізінде «азаматтардың хал-ахуалы туралы акт» негізінде қарастырылады. Алайда, заңдылық (ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодесінің 276-бабы) ата-аналардың біреуі Қазақстан азаматы болған жағдайда әкелік құқықты орнатуды ысырады.

§ 4. Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылық институттары


1989 жылғы бала құқықтарын қорғау Конвенциясына сәйкес «Бұл конвенцияға қол қоюшылар баланы асырап алу жүйесiнiң өмiр сүрiп жатқандығын мойындайды және ең бiрiншi ретте баланың мүддесiнiң қамтамасыз етiлуiн көздейдi» делiнген. Сонымен қатар ол:


1) бала асырап алынуды тек қана сол мемлекеттiң баланы асырап алу туралы мәселенi шешетiн iстi органдары шешуi тиiс.
2) баланы басқа мемлекетке асырап алуға беру бұл Конвенция бойынша балаға жағдай жасаудың балама түрi болып табылады және бұл тек қана бала сол мемлекеттiң өзiнде асырауға берiле алмайтын болған кезде ғана қолданылады;
3) баланы бiр мемлекетте асырап алу баланы асырап алу туралы мемлекеттiң өзiнде қолданылатын ереженiң қолданылуын анықтайды;
4) баланы асырап алғанда осы балаға байланысты пайда табу мақсаты ешқандай да тараптың бiрiнде болмауы тиiс.
«Неке және отбасы туралы» Кодексінің ережелерiне сәйкес шетелдiктердiң Қазақстан Республикасында бала асырап алуы, сонымен қатар, шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстанның азаматы болып табылатын баланы асырап алынуы мүмкiн. Мұндай бала асырап алу Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша анықталады. Аталған асырап алуды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының тиiстi органының рұқсатын алуы керек.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алу Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда асырап алушылар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаса, атқарушы органның келiсiмiн сұрауы тиiс болып табылады.
Жеке адамдар мен мемлекеттiк емес ұйымдардың бала асырап алу жағдайында делдалдық қызметтермен айналысуына жол берiлмейдi.
Бала асырап алу үшiн бала асырап алушыға бiрқатар талаптар қойылады. Бала асырап алушы баланы өз мемлекетiнде асырап алуға құқылы екендiгiн куәландыратын құқықты көрсетуге мiндеттi.
Қорғаншылық пен қамқоршылықты орнату егер азамат өз әрекетерiне басшылық жасай алмайтын жағдайларда орнатылады және мұнда ҚР АК басшылыққа алынуы тиiс. Ал 1980 жылдың соңында шетел азаматтарының басқа елдерден бала (қыз) асырап алуы әлемдiк деңгейде, қалыпты тәжiрибеге айналған болатын. «Халықаралық бала (қыз) асырап алу» алғаш рет осы кезде орын алған болатын. 1965 жылы қабылданған Гаага конвенциясының болуына қарамастан шетел азаматтарының бала (қыз) асырап алу тәжiрибесi өте кең қолданыста болып келдi. Алайда, бала (қыз) асырап алудың құқықтық және iс жүргiзу жақтары жеткiлiктi дәрежеде толық реттелмеген болатын. Сол себептен де, халықаралық деңгейде жаңа Конвенция қабылдау қажеттiлiгi пайда болды. Оның басты себептерiнiң бiрi бала (қыз) асырап алудың халықаралық құқықтық ережелерiн әлемнiң басқа мемлекеттерiнiң мойындауына ықпал жасау. 1988 жылы Гаага конвенциясының тұрақты бюросы бала (қыз) асырап алудың халықаралық құқықтық ережелерiн реттейтiн ал-ғашқы Конвенция жобасын жасап шығаруға мiндеттi болып табылады. Бұл халықаралық Конвенция 1993 жылдың 29 мамырында қабылданды.
Гаага конвенциясының ережелерi бойынша бала (қыз) асырап алу 18 жасқа дейiнгi азаматтарға ғана қолданылады.
§ 5. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы аясында реттеу (20.11.1989ж) және Балалдарды ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алу мен тәрбиелеуге беру жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясы аясында реттеу (3.12.1986ж)
Отбасы-қоғамның негізгі түбірі екенін ескере отырып, бала құқықтарын қорғау,баланың толық көлемде дамуына жағдай жасау,баланың өмір сүру жағдайын жақсарту,осы салада халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында,баланың өмір сүру деңгейін күшейтуде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын ескере келе,Адам құқықтары туралы Жалпы декларацияда адам құқықтарының діни , саяси,әлеуметтік деңгейіне,тілі мен түсіне қарамастан құқықтары шектелмейтінін ескере келе, Азаматтық және саяси құқықтары туралы Халықаралық пакт,1924жылғы Бала құқықтары туралы Женева конвенциясына сүйене отырып “Бала құқықтары туралы” Конвенция қабылданған болатын.Осы конвенцияға сәйкес 18 жас мөлшеріне жетпеген адамзат баласы “бала” болып танылады делінген (1бапқа сәйкес)Әр бала өмір сүруге құқылы.Осы Конвенция ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар құқығы мен бала асырап алу мәселесіне 20-21 баптарда тоқталған.Тұрақты немесе уақытша ата –ана қамқорлығынсыз қалған балалар мемлекеттен арнайы қорғау мен көмек алуға құқылы.(20б. 1т. сәйкес) Әр мемлекет өз ұлттық заңнамасына сәйкес мұндай балаларға қақорлық жасайды.Мұндай қамқорлық,мұсылман құқығы бойынша “кафала” тәрбиелеуге беріледі,асырап алу немесе бала қамқорлығымен айналысатын арнайы мекемеге орналастыру болып табылады.(20б. 3т. сәйкес) Бала асырап алу жүйесіне рұқсат етілетін мемлекеттер,бірінші кезекте бала мүдделерін қорғауды қамтамассыз етеді.Олар:

  • асырап алу тек өкілетті билік органдарымен рұқсат етілуін қамтамассыз етіледі

  • кейбір мемлекеттерде бала асырап алу балаға қамқорлық жасаудың альтернативті әдісі ретінде қарастырылады деп танылады,егер балаға өз мемлекетінде сәйкес тәрбие беру мүмкіндігі жоқ болса , ол шетел азаматы арқылы асыралынып алынады.

  • басқа мемлекетте бала асырап алынатын болған жағдайда,ішкі мемлекеттік асырап алу қатынасына қолданылатын нормалар мен кепілдіктердің болуын қамтамассыз етеді.

Бала өз аиа-анасының қамқорлығы мен жауапкершілігінде өсуінің тиістілігін ескере, қарулы қақтығыстар, экономикалық кризис, әлеуметтік мәселелер, табиғи опаттар,ішкі дағдарыс салдарынан ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардың санының көбеюін ескере,асырап алу немесе тәрбиеге беру процедураларының бала мүдделері қорғау үшін екенін ескере, әлемдік негізгі құқықтық жүйеде әртүрлі пайдалы альтернативті институттаврдың бар екенін,мысалы мұсылман құқығы бойынша “кафала” ескере,Экономикалық,әлеуметтік,мәдени құқық туралы Халықаралық пакт,Жалпы адам құқықтары туралы Декларация,Дискриминация түрлерін жою туралы Конвенцияға сүйене отырып БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында осы құжат қабылданған болатын.Ата-аналар бала қамқорлығына міндетті. Егер бала ата-ана қамқорлығынсыз қалса ол оның туыстарына, басқа отбасына тәрбиелеуге,асырап алу ға,арнайы мекемелерге орналастырылады(5б. сәйкес) Бала тегі мен азаматтығынан айрылмайды.(8б сәйкес) Баланы тәрбиелеуге беру заңнамалармен реттеледі.Өкілетті орган тәрбиеленуге берген бала үшін жауапты.(11б. сәйкес) Асырап алудың басты мақсаты баланы тұрақты отбасымен қамтамассыз ету.(13б.сәйкес) Баланың ата-анасы,асырап алушы ата-ана баланың болашақ тағдырын шешуді тездету мақсатында консультациялармен қамтылады.Үкімет шетелгеи асыралынып кеткен балалар үшін саясат немесе заңнама бекітуі тиіс.(18б. ) Баланы ұрлау немесе заңсыз әкетуге тиым салу мақсатында саясат немесе заңнама бекітуі керек.Асырап алу процессі тек өкілетті органдар арқылы жүргізілуі тиіс.Шетелге асырап алу,баланы асырап алуға еш заңи кедергінің болмағаны кезінде қарастырылады.Егер бала мен асырап алушы ата-ананың азаматтығы бөлек болатын болса,екі мемлекеттің заңнамалары сәйкестендіріледі.Бұл кездерде баланың мәдени және діни тәрбиесі мен мүддесі ескеріледі. Әр мемлекет отбасы мен баланың әлеуметтік жағдайына басты көңіл бөлу керек.Баланың басқа отбасында тәрбиеленуі кәмелет жасқа толғанша өз туған ата-аналарына қайтарылуына кедергі болмайды.(11б.) Бала асырауға берілетін кезде баланың өсіп жетілуіне жақсы жағдайлар жасалатыны ескеріледі.Қамқорлық немесе қорғаншылыққа беретін орган асырап алушы ата-ана мен бала арасындағы өзара арақатынастарын қадағалайды.Заңнама асыранды баланың сол отбасында заңды мүше болуын қамтамассыз етеді.(1б.)Егер балаға өз мемлекетінде сай тәрбиеге беру немесе асырап алу процессі жүргізілу мүмкіндігі болмаған жағдайда альтернативті әдіс ретінде шетелде асырап алу жүргізілуге рұқсат етіледі.(17б сәйкес)Шетелдік асырап алу процессін рәсімдеу ішкі мемлекетте асырап алуға қолданылатын кепілдіктер мен нормалар негізінде өкілетті орган арқылы жүргізілуі тиіс.Шетелдік асырап алу пайда табудың көзі болмауы тиіс.(20б.) Бала шетелге кеткенде қабылдаушы мемлекет үшін асырап алудың заңи күші болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет