§5 Халықаралық есеп айырысу қатынастарына банктердің қатысуы.
Банктік жүйенің негізгі мақсаттарының бірі болып – шаруашылық субъектісіне қызмет түрлерін көрсету арқылы сыртқыэкономикалық қызметті қамтамасыз ету табылады. Оның ішінде: валюталық реттеуді қамтамасыз ету (шетел валютасын сату мен сатып алу операцияларын қосқанда); несие беру; банк кепілдіктерін беру; тараптардың есеп айырысу бойынша операцияларды жүргізу; аталған қызметтерді орындай отырып, халықаралық есеп айырысудағы сыртқыэкономикалық мәміленің тараптарына көмек көрсетеді.
Түрлі қызметтерді жүзеге асыра отырып, банк тек мәміледе тарап ретінде ғана қатысып қана қоймай, (мысалы, шотты ашуда шарт тарабы болады) құқықтық қатынастарының белгілі шеңберін бақылайтын әкімшілік-биліктік орган ретінде қатысуы мүмкін (мысалы, жүзеге асырылатын валюталық операцияларға бақылау жүргізеді).
Алғашында шетел элементімен күрделенген азаматтық-құқықтық қатынастарда банк қатысуында реттеу халықаралық жеке құқық нормалары арқылы жүзеге асырылады. Екінші жағдайда - банктің әкімшілік-құқықтық қатынастарының қатысуында ұлттық заңнамаға сәйкес әкімшілік-құқықтық нормалар қолданылады.
Халықаралық жеке құқық тарапынан банктің азаматтық-құқықтық қатынастарда банктік кепілдік сияқты мәмілеге тоқтала кеткен жөн.
Банктік кепілдік – ол банк (гарант) пен принципал (борышқор) арасында, банктің міндеттері – белгіленген ақшалай сомаларды келісілген шартта көрсетілгендей кредитордың (бенефициар) талабы бойынша төлеу.
Өзінің заңи күші бойынша банктік кепілдік өз алдына жеке мәмілені береді (сыртқыэкономикалық мәміледен тәуелсіз) және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін шаралардың бір түрі болып табылады. Әдетте, бұндай мәміле кепілдіктің төлену мемлекетінің заңына бағынады, алайда «ерік автономиясы» бойынша тараптар кез-келген коллизиялық байламды қолдана отырып, өздеріне қолайлы заңнаманы таңдауы мүмкін.
Халықаралық тәжірибеде банк кепілдігінің бірнеше түрлері қолданылады: тендерлік, талап бойынша шарттық, контрактінің дұрыс орындалуын қамтамасыз ететін кепілдік және т.б.
17Халықаралық сауда палатысымен барлық кепілдіктерге қарай, сонымен қатар тек шарттық кепілдіктерге (мысалы, тендерлік,орындаудың кепілдіктері мен төлемді қайтару кепілдіктері) қолданылатын құқықтық әдеп-ғұрыптар жүйелендірілген болатын. 1978 жылы Шарттық кепілдіктер бойынша унификацияланған Ережелер, ал 1992 жылы Бірінші талап бойынша кепілдіктердің унификацияланған Ережелері қабылданды.
1992 жылғы унификацияланған Ережелер 1978 жылғы Ережеге қарағанда тек қана шарттық кепілдіктерді реттейді: Ережеде көрсетілген кепілдіктер түрлерінің анықтамалары беріліп, бұл алдағы уақыттағы квалификацияның мәселесін шешеді. Сонымен қатар 1992 жылға ережеде бенефициардың бірінші талабы бойынша төленуге тиісті кепілдік сомасы реттелген. Бұл Ережеде берілетін кепілдіктердің реквизиттерін, төлем талаптарының мазмұны мен бенефициар алдындағы гаранттың міндеттірін реттеуші нормалары берілген.
Екі құжат та тараптарға барлық шарттарды сипаттауда үлкен жеңілдік жасайды. 1978 және 1992 жылғы Ережелердің қолданылуын тараптар шарт мәтінінде көрсетуі тиіс болып табылады.
1978 және 1992 жылғы Ережелерде кепілдікпен байланысты дауды қарастыруда құқықтың таңдалу мәселесі мазмұндалады. Екеуінде де «ерік автономиясы» қағидасы көрсетілген болатын. Егер тараптар еркі шартта көрініс таппаған болса, онда 1978 жылғы Ереже бойынша - гаранттың мекенжай құқығы қолданылады, ал 1992 жылғы Ережелері бойынша гаранттың ресми активтілік орталығының заңнамасы қолданылады.
Дәстүрлі түрде халықаралық есеп айырысу қатынастарында банктердің қызметі ұлттық валюталық және банктік заңнамада көрініс табады. ҚР есеп айырысулар жоғарыда аталған «Банктік қызметті реттеу туралы»,«2007ж Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру Ережесінде», «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы», «1997ж ҚР 1995ж Ұлттық банк туралы» заңдарымен қарастырылып реттеледі.
Қорытындылай келе, халықаралық есеп айырысу халықаралық жеке құқықтың кешенді әрі күрделі салаларының бірі екендігін айтуға болады. Себебі, оны тек қана құқықтық жағынан қарастырып қана қоймай, экономикалық салалардан да қарастырған жөн. Халықаралық есеп айырысу толықтай мемлекеттің экономикалық саясатына тәуелді болып келеді және оған сәйкес жүзеге асырылады. Бүгінгі таңдағы мемлекеттердің өзара көп салалы байланыстарға түсу салдарынан халықаралық есеп айырысудың ролі артып, оның бірыңғай жүйеге келтіріліп, оңтайлануы қаржылық қатынастардың тез әрі тиімді жүруіне жәрдем береді. Алайда әр мемлекеттің саясаты мен ұлттық заңнамасына байланысты есеп айырысуды толықтай бірыңғай жүйеге келтіру қиынға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |