Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


Еуро Одақ мемлекеттерінен басқа мелекеттерде рұқсат етілетін теңдеме жүк салмағы



бет83/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   141
annotation9411

Еуро Одақ мемлекеттерінен басқа мелекеттерде рұқсат етілетін теңдеме жүк салмағы – 50кг дейін, қол жүк – 5 кг дейін.
Еуро Одақ мемлекеттерінде теңдеме жүк салмағы – 45 кгдейін, қол жүк – 4,5 кг дейін
Әлемдегі ең қымбат жеке ұшақ:
БАӘ-нің ханзадасы Аль-Валид бин Талал бин Абдул Азиз аль-Сауд өзін әлемдегі ең қымбат ұшақтың иесімен десе де болады, Бұл ең үлкен A 380 Airbus-ның ішінде бассейн, сауна, мраморланған асхана, спортзал бар. Ең қызығы ұшақ қанаттарына алтын жалатылған. Ұшақтың өз құны 300 млн. болса, оны алтынмен аптау 58 млн. АҚШ долларын құрайды.
Әлемдегі ең үлкен ұшақ:
жолаушы тасымалдайтын Airbus А 380 ұшағы. А-380 ұшағының Тактикалық-техникалық мінездемесі
Салмағы - 300 тонн
ұзындығы - 73 метра
сыйымдылығы - 550 ден 840-ге дейін жолаушы сыйады;
ұшу ұзақтығы – 15 000 километр.
Әлемдегі ең қымбат әскери ұшақ:
АҚШ ӘӘК-нің көрінбейтін бомбалаушысы В-2
"Spirit". ("Stealth") ұшағы.
Құны 1,2 млрд. АҚШ доллары.


§4 Халықаралық теңіз тасымалын материалды-құқықтық және коллизиялық-құқықтық реттеу

Халықаралық тасымалда материалды-құқықтық және коллизиялық-құқықтық нормалары, көптеген халықаралық шарттарда бар. Олардың реттеу пәні болып, тасымалдауды жүзеге асырған кездегі, тасымалдаушының міндеттерінің регламентациясынан, құқық бекітетін құжаттарға ұсынылған талаптардың алдын-ала жазылуынан, авария кезіндегі шығындарды бөлу тәртібінен және т.б туындайтын мәселелер.


Халықаралық тасымалдаудың аясындағы материалды реттеудің барлық мәселелері қарастырылмағанын ескере отырып, кемдікті толтыратын коллизиялық қағиданы атап көрсету қажет:

  • Жүк жөнелту жер заңы (жүк және жолаушы)

  • Жолдың бағыт заңы;

  • Белгіленген орынның заңы;

  • Жалау заңы (lex flagi);

  • Транзит елінің заңы.

Жоғарыда келтірілген мысалдардан басқа, халықаралық тасымалда, коллизиялық қағиданы да атап өтуге болады, олар: шартта жасасқан ел заңы (lex loci contractus), сот заңы (lex fori), тасымалдаушының негізгі әрекет ету орны (тіркелген орны мен тұрғылықты жері (lex domicilli)).
Халықаралық тасымалдауды жүзеге асырған кезде, тараптардың «автономиялық еркі» қағидасын қолданады, өйткені халықаралық тасымалдау шарты, сыртқы экономикалық мәміленің бір түрі болып табылады және көптеген мелекеттердің заңнамасы бойынша тараптардың келісімімен реттеледі.
Сонымен қатар, lex fori (сот елінің заңы) атты коллизиялық норманы ерекше атап өту қажет, өйткені әр түрлі құқықтық қатынастарын реттейтін өз кезегінде «құтқару шеңбері » болып табылады. lex fori қолдану тек ұлттық заңнамамен немесе мемлекеттердің құқық қолдану тәжірибиесімен ғана емес, сонымен қатар оның тиісті халықаралық конвенцияларда бекітілуімен жүзеге асады. Халықаралық тасымалдау саласындағы әрекет ететін коллизиялық қағидалар мемлекеттердің ұлттық заңнамасында, халықаралық әмбебап конвенцияларда және екі жақты (аумақтық) келісімдерде бекітілген.Тиісті коллизиялық норманы таңдау кезінде белгіленген «иерархияны» сақтау тиіс: халықаралық коллизиялық нормалар ұлттық нормалардан басым болады. Халықаралық әмбебап және халықаралық аумақтық нормалар арасында коллизия пайда болған кезде, ереже бойынша, аумақтық норманың пайдасына таңдау жасалынады. Алайда бұл нақты ереже болып табылмайды және мәселені шешкен кезде келесідей факторларды ескеру қажет: жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігі, халықаралық шарттың күшіне енуі және ратификация күні. Соңғы кезде қабылданып жүрген халықаралық келісімдердің сараптамасы көрсеткендей, әмбебап шарттардың коллизиялық нормалары екі жақты келісімшарттардағы коллизиялық нормаларға тең болып табылады. Бұл әмбебап және аумақтық нормалар арасындағы коллизияларды жояды.
Ең күрделі құқықтық мәселелер халықаралық теңіз тасымалдауында туындайды.Кейбір аталып кеткен мәселелер конвенцияларда материалды –құқықтық нормалар негізінде заңдастырылды. Мысал ретінде, 1924 жылғы коносамент туралы кейбір ережелерді унификациялау туралы Брюссель конвенциясын келтіруге болады (Гаага ережелері). Бұл конвенцияда, кеменің жағдайын қамтамасыз ететін тасымалдаушының міндеттерін бекітетін материалды нормалары; коносаментті толтыруға байланысты қойылатын талаптар; шығындар туралы хабарламаны жіберудің тәртібі; тасымалдаушыны жауапкершіліктен босату негіздері бар. Осы Конвенцияға сәйкес, тасымалдаушы, кемені рейстің алдында сәйкесінше жабдықтап, теңізде жүзу жағдайына келтіру қажет. Жүкті қабылдап алғаннан кейін, тасымалдаушы, кеме капитаны немесе тасымалдаушының агенті, жүк жіберушінің талабымен коносамент беруге міндетті. Коносаментте жүктің сыртқы түрі мен жағдайы туралы ақпарат болуы керек.
Көптеген мемлекеттердің заңдылықтарында жүкті теңіз тасымалдауына қай елдің заңы қолдану керектігін қарастыратын коллизиялық нормалар жоқ. Бұл мәселелер сот тәжірибесімен шешіледі. Ұлыбритания және Франция соттарында (француз заңдылығына сәйкес) кеменің жалдау заңы қолданылады, ал Германия соттарында мүлікті қабылдаған жердің заңы қолданылады. Польша елінің заңына сәйкес тараптардың еркіндік заңы қолданылады.
Халықаралық теңіз тасымалын реттейтін халықаралық заңнамалар мен ішкі заң
Теңіз көлігі сыртқы сауда жүктерін тасымалдаудың негізгі құралы болып табылады. Теңіз көлігінде оны пайдаланудың негізгі екі түрі қалыптасты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет